Материалдар / Ашық сабақ Математика 4 сынып Екі айырма бойынша белгісізді табуға берілген есептер
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Математика 4 сынып Екі айырма бойынша белгісізді табуға берілген есептер

Материал туралы қысқаша түсінік
материал 4 сынып ұстаздарына, оқушыларына көмегі бар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Сәуір 2020
8681
30 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Лессон стадиге арналған сабақ

Математика №70 сабақ

Мектеп: «№17 ОМ» КММ

Күні:13.12.2019

Мұғалім: Р.Төлеубай

Сынып: 4 «Ә»

Қатысқандар саны: 24

Қатыспағандар саны: 1

Тақырыбы

Екі айырма бойынша белгісізді табуға берілген есептер / Өз өлкеңнің экономикалық қызметі

Оқу мақсаты


4.5.1.4 шамалар арасындағы тәуелділікке; пропорционал бөлуге, белгісізді екі айырма бойынша табуға берілген есептерді талдау және шығару.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

-белгісізді екі айырма бойынша табуға берілген есептерді шығара алады.

Көптеген оқушылар:

-белгісізді екі айырма бойынша табуға берілген есептерді шығара отырып талқылай алады.

Кейбір оқушылар:

-белгісізді екі айырма бойынша табуға берілген есептерді шығара отырып талқылайды және өздігінен есептер құрастыра алады.

Бағалау критерийлері:

  • Белгісізді екі айырма бойынша табуға берілген есептерді шығарады.

  • Белгісізді екі айырма бойынша табуға берілген есептердің шешу алгоритмін түсіндіре алады.

  • Белгісізді екі айырма бойынша табуға берілген есептерге шығармашылық сұрақтар қоя біледі.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

-белгісізді екі айырма бойынша табуға берілген есептердің шешу алгоритмін түсіндіре алады.

Пəндік лексика жəне терминология

Белгісізді екі айырма бойынша табуға берілген есептер.

Диалогке / жазуға қажетті пайдалы фразалар топтамасы

Талқылау:

Бұл тапсырмаларда қандай үш өлшемді шамалар бар?

Бір шаманың екі түрлі мағынасын атап көрсетіңіз.

Шаманың мәнін табу үшін берілген екі шаманың айырмашылығын білу керек.


Жазу: кесте толтыру тапсырмаларды шешу және түсіндіру.


Құндылықтарды дарыту

Бір-біріне құрмет. Бірлесе жұмыс жасау. Еңбек пен шығармашылық. Патриоттық. Өзара жағымды қарым-қатынас.

Пәнаралық байланыстар

дүниетану, әдебиеттік оқу, көркем еңбек.

АКТ қолдану дағдылары

Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу;

Алдыңғы алған білім

0-мен аяқталған санға көбейту мен бөлу

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-əрекет

Ресурстар

Қызығушылықты ояту

Ұйымдастыру кезеңі 2 минут.

Амандасу, сыныптың тазалығын, оқу құралдарын реттеу.

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де

Қуанамыз бәріміз

Арайлап атқан күнге.

Олай болса жақсы көңіл күймен сабағымызды бастаймыз.

Алдыңғы білімді еске түсіру (Ұ) Ынталандыру

1 Ауызша есепте және жауаптарын өсу ретімен орналастыр. Сонда сен Әлия тұратын қалада қандай фабрика барын білетін боласың.

32 000 : 8 000 = 4

Т

42 000 : 7 000 = 6

О

49 000 : 7 000 = 7

Қ

56 000 : 7 000 = 8

Ы

88 000 : 4 000 = 22

М

36 000 : 400 = 90

А

2 200 30 = 66 000

Ф

2 200 ∙ 40 = 88 000

А

3 000 30 = 90 000

Б

2500 · 40 = 100 000

Р

30 7 000 = 210 000

И

9 100 30 = 273 000

К

8 200 ∙ 40 = 328 000

А

990 000 : 3 = 330 000

С

9 000 ∙ 40 = 360 000

Ы

Өзектендіру 2-тапсырма. Есеп сызбасына қара.

  • Берілген мәліметтер нені білдіреді?

  • Есепте нені табу керек?

Есепті шығару жоспарын құрып, оны шығар.

  • Оның ерекшелігі неде?

Рисунок 76

90 – 60 = 30 (дана) – бұйымдар санындағы айырмашылық.

60 : 30 = 2 (м) – бір бұйымға жұмсалған мата.

60 ∙ 2 = 120 (м) – кофтаға жұмсалған мата.

90 ∙ 2 = 180 (м) – шалбарға жұмсалған мата.

Мақсат қою

Бүгінгі сабақтың мақсаты қандай?

- Белгісізді екі айырма бойынша табуға берілген есептерді шығаруды үйренгенін тексеру.

Оқулық














Мағынаны тану



(Ө) Оқулықтағы №3 тапсырманы орындауды ұсынады:

Бір көзеші 1 300 тг, ал екіншісі дәл сондай бұйым жасай

отырып 1 950 тг табыс тапты. Екіншісіне қарағанда бірінші көзеші 2 бұйым кем жасаған болса, олардың әрқайсысы қанша бұйымнан жасаған?

(М) Өзін-өзі тексеру эталонын ұсынамын.

1) 1 950 – 1 300 = 650 (тг) – екінші көзешінің артық табысы

2) 650 : 2 = 325 (тг) – бір бұйымның бағасы

3) 1950 : 325 = 6 (дана) – екінші

4 ) 6 - 2 = 4 (дана) – бірінші/1300 : 325 = 4 (дана) – бірінші

Үш таңбалы санға бөліп, мұндай қосындыны орындау оңайырақ, сондықтан осындай тәсілге байланысты есеп берілген.

Қиындықтарды түзету

(М) Тапсырманың дұрыс орындалуын тексеремін.

Кімде қиындықтар туындады?

Қай жерінде қателестіңдер?

Жіберілген қателіктің себебі неде?

Өзіндік жұмыстарыңда қиындық туындамағандар, өздеріңнің әрекеттеріңнің мақсатын тұжырымдаңдар.

(Қосымша тапсырмалар орындау).

Қиындықтарды анықтағандар, жұмыстарыңның әрі қарай мақсаты қандай?

(Қателіктерді түзету).

Қателіктерді түзету алгоритмін қолданамыз.

Әркім өзінің оқу тапсырмасын дауыстап оқиды.

Балалар дәптерде бағалау критерийі бар тапсырмаларды орындайды.

(Ж) Дәптерде орындалатын жұмыс

4-тапсырма. Шеберханада ұзындықтары 96 м және 84 м екі орам мата болды. Олардан көйлектер тігілді. Екінші орамнан бірінші орамға қарағанда 3 көйлек кем тігілді. Әр орамнан барлығы қанша көйлек тігілді?

Шешуі:

96 : ( (96 – 84) : 3) = 24 (к) – бірінші орамнан тігілді.

84 : ( (96 – 84) : 3) = 27 (к) – екінші орамнан тігілді.

немесе 24 – 3=21(к) – екінші орамнан тігілді.

Жауабы: әр бөліктен 24 және 27 көйлек тігілген.

4-тапсырманы амалдар бойынша орындауға болады.

  1. 96 – 84 = 12 (м) – ұзындықтағы айырмашылық

  2. 12 : 3 = 4 (м) – 1 бұйымға.

  3. 96 : 4 = 24 (к) – бірінші орамнан.

  4. 84 : 4 = 21 (к) – екінші орамнан

(Т) 7-тапсырма. Туристер болып ойын ойнап көрейік.

1. Көккөл – ең ірі тау сарқырамаларының бірі. Оған апаратын жолдың ұзындығы 35 км-ді құрайды. Туристер атпен 5 км/сағ жылдамдықпен жүрді.

2. Бұрхат асуына дейінгі жолдың ұзындығы 51 км. Бұл асу – Сібір мен Азияның жануарлар әлемі мекенінің шарттышегарасы созылып жатқан жер. Өтуі қиын асуда аттың жүружылдамдығы 3 км/сағ. Қай жолға туристер көбірек және қанша уақыт артық жұмсайды?

35:5=7 (сағ) – Көккөл сарқырамасы

51:3=17 (сағ) – Бұрхат асуы

17 – 7 = 10 (сағ) – қаншаға артық

10-тапсырма зерттеуге арналған.

Туристік саяхатқа бару үшін артық жанармай алып шығу

қажет. Бак өлшемі 8 м, 6 м, 4 м болатын тікбұрышты

параллелепипед тәрізді. Бактағы жанармаймен 20 литрлік

қанша канистрды толтыруға болады?

1 л = 1 дм3

Бактың көлемін тап: 8 ∙ 6 ∙ 4 = 312 м3

312 : 20 = 15 (қалд. 12), яғни 20 литрлік 15 канистрді то

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!