Ашық сабақ “Мектепке дейінгі балаларға жолда жүру ережесімен таныстыру”

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ “Мектепке дейінгі балаларға жолда жүру ережесімен таныстыру”

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге, жолда жүру ережесімен таныстыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қызылорда облысы, Арал ауданы, Сазды елді-мекені, « Балауса» балабақшасы
 

Жетекеева Гүлжанат Абилхановна

 Тақырыбы:  “Мектепке дейінгі балаларға жолда жүру ережесімен таныстыру”

Мақсаты: Балаларды жолда жүру ережесімен таныстыру. Жол белгілерін айыра білу дағдыларын қалыптастыру,  жол ережесін білудің маңызы екенін түсіндіру. Есте сактауға үйрету, жол қауіпсіздігін өз өмірлерін сақтай білуге  тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Бағдаршам жол ережелеріне байланысты суреттер. Түрлі – түсті қарындаш, ақ бет т. б.

Ұйымдастыру кезеңі :

Армысың – Алтын Күн,

Армысың – Көк аспан

Армысың – Жан досым

Жылуыма жылу қос.

Міне менің қолым бос,

Жарқырасың күніміз.

Тәрбиеші : Балаларға сұрақ қояды

Қазір жылдың қай мезгілі?

Қазір жылдың күз мезілі

Күз айларын кім айтады?

–  Қыркүйек, қазан, қараша

Тәрбиеші: Балаларға жұмбақ жасырады

Үш көзі бар қаз-қатар

Кезек-кезек ашады

Үшеуінен байқасам

Үш түрлі нұр шашады.  Ол не?

Ол бағдаршам

дұрыс

Осы кезде бағдаршамды тақтаға ілеміз

Балалар бұл бағдаршам. Оны біз қай жерден көріп жүрміз?

–  Көліктер өтетін жолдан көреміз.

Оның қызметі қандай?

–  Жол тәртібін реттеуші

–  Қай жолмен жүреміз?

–  Жиек ақ жолмен

–  Қоғамдық көліктерге қай жерден отырамыз?

–  Аялдамадан отырамыз

–  Ендеше балалар тақпақтар айтайық:

1 – бала:

Ашса кезек үш көзін,

Айтты деп ұқ үш сөзін.

Тоқта сақтан жол ашық,

Жүрме жолға таласып

Қызыл көзін ашқанда

Сынық сүйем баспа алға.

2- бала:

Қызыл жанды тоқтағын,

Көрдің жұрттың тосқанын.

Сары жанды дайындал

Айналаңа қарап ал

Жасыл жанды тыңдағын,

Жолың ашық тұрмағын.

3 –  бала:

Мен көшеде өтерде,

Бағдаршамға қараймын.

Қоймаған ғой бекерге,

Жәрдемшісі ол талайдың.

Ия,  Балалар бағдаршам бізге жол қиылыстарынан өтуге көмектеседі.  Жаяу жүрушілерді жол апатынан сақтайды. Жолдан өтерде өте мұқият болу керек. Жолдан өтуге болмайды. Бағдаршамның үш көзі – үш түрлі.  Бағдаршам бар қиылыс  жолдарда адамдар өтетін ақ жолақтар болады. Бағдаршамның қызыл көзі  жанса көліктер тоқтайды, ал адамдар жаяу жүрушілер ақ жолақтармен өтеді.  Ал ортадағы сары көзі жанса көліктер дайындалады. Ал  жасыл көзі жанса, жол ашылады көліктер жүреді. Біздің өмірімізді сақтайтын осы бағдаршам. Олай  болса көшеден өткенде арнайы ақ жолақтардан  өту керек. Көшелерде жолдарда доп ойнауға,  шаңамен сырғанап ойнауға  болмайды.

Кім данышпан ?”  ойынын ойнайық

Балалар қане сұрақ- жауаптар қояйық:

Бағдаршамның неше көзі бар?

Қандай түсті ?

Адамдар қай жолмен жүру керек?

Біздің қаламызда бағдаршам бар ма?

Сергіту сәті:

Қызыл көзін жағады ( қозғалмай тұру)

Сары көзін жағады (қол шапалақтау)

Жасыл көзін жағады (бір орында тұрып жүру)

Өте жақсы балалар сендер данышпансыңдар,  жолда жүру ережесімен таныстыңдар!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.12.2020
517
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі