Материалдар / Ашық сабақ: "Мен - ғарышкер боламын!"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ: "Мен - ғарышкер боламын!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғарыш, ғарышкер туралы түсініктерін қалыптастыру және мағлұмат беру. Табиғат сұлулығын сезінуге, оны қорғауға, батылдыққа, адамгершілікке, ұжыммен бірлесіп әрекет жасауға тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қаңтар 2018
7999
14 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Тақырыбы: «Мен ғарышкер боламын»

Білім беру саласы: «Таным»

Оқу іс-әрекеті: Қоршаған ортамен таныстыру

Мақсаты: Білімділігі: Ғарыш, ғарышкер туралы түсініктерін қалыптастыру және мағлұмат беру.

Дамытушылығы: Балалардың сөздік қорларын байыту. Экологиялық сана қалыптастыру және дамыту.

Тәрбиелігі: Табиғат сұлулығын сезінуге, оны қорғауға, батылдыққа, адамгершілікке, ұжыммен бірлесіп әрекет жасауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, түсіндіру, ой қозғау, көңіл-күйді көтеру, сурет бойынша әңгіме, ойын, сұрақ-жауап, қорытынды.

Көрнекілігі: слайд бойынша тақырыпқа байланысты суреттер, ғарышкерлер суреттері

Сөзік қоры: ғарыш, ғарышкер, ғалам

Билингвальды компонент: ғарышкер – космонавт - cosmonaut, ұшқыш- летчик-lechkick, скафандр- скафандр-spacesuit

Алдын-ала жүргізілген жұмыс: балаларға ғарышкерлер туралы ән мен тақпақтар жаттату

Психологиялық дайындық
Ашық менің жүрегім,
Күнде күліп жүремін
Бірге ойнап, бірге күлген
Достарым көп білемін.


Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктемде табиғат қандай құбылыстарға өзгереді?

-Көктемнің неше айы бар? Айларын атаңдар.

-Сәуір айында қандай мереке бар, естеріңе түсіріңдерші?

-Иә, бұл сәуір айында үлкен мереке бар. Ол – ғарышкерлер күні деп аталады.

Жұмбақ шешу: Ұшады қанатсыз

Зырлайды аяқсыз. /Зымыран/ - ракета- rocet

Ұшқыш емес, бірақ ол

Аспанда қалықтап ұшады

Оны кім деп ойлайсындар? /Ғарышкер/-космонавт- cosmonaut

Ғарышкерлер дегеніміз кімдер?

-Ғарышкерлер дегеніміз – олар ғарышқа, аспан әлеміне ұшатын адамдар.

-Балалар аспаннан нелерді көруге болады?


Балаларға ғарыш туралы түсінік беру.

-Мынау аспан әлемі. Аспан әлемінде көптеген жұлдыздар, шоқ жұлдыздар бар.

Аспан әлемінде 9 ғалам бар. Сол ғаламның үшіншісі Жер деп аталады. Ал біздер сол Жер ғаламында өмір сүреміз.

-Балалар сендер қандай әуе көліктерін білесіңдер?

-Иә, ғарышкер ағаларымыз ғарышқа зымыранмен ұшады екен. Оны ғарыш кемесі деп те атаймыз. (зымыран суреті мен макетін көрсету). Олар ғарышқа ұшып барып, аспан әлемін зерттейді. Біз бүгін ғарышкер ағалармен, аспан әлемімен танысамыз.

Слайд арқылы әңгімелеу. (суреттерін көрсете отырып)

Ең алғаш ғарышқа ұшқан Ресей азаматы ол Юрий Гагарин. Ол 1961 жылы 12 сәуірде тарихта тұңғыш рет «Восток» ғарыш кемесімен Байқоңыр ғарыш алаңынан ғарышқа ұшты.


Ол Мынау ғарышқа дайындалып жатқан кезі.

1991 жылы Қазақстаннан алғаш ғарышқа ғарышкер Тоқтар Әубәкіров ұшты. Екінші болып ғарышқа қазақ ғарышкері Талғат Мұсабаев ұшты. Олар ержүрек, батыр, халық қаһармандары, еліміздің мақтанышы.

Мынау Байқоңыр ғарыш айлағы. Ол Қазақстанның Қызылорда облысында Қармақшы ауданы деген жерде орналасқан. Ғарышқа ұшар алдында олар әртүрлі дайындықтан өтіп, арнайы білім алады.

Ғарышта адам демалатын ауа жоқ, көлеңке жағы қатты суық, күн түсіп тұрған жағы өте ыстық болады екен. Ғарышкерлер үстеріне арнайы киім киеді. Ол скафандр деп аталады. Ғарыш кеңістігінде ауа жоқ болғандықтан тек осы арнайы киіммен жүре алады екен.

-Балалар, біз ғарыш, ғарышкерлер туралы тақпақтар жаттап едік қой. Кәне, есімізге түсірейікші.


Ойын: «Жұлдызды аспан әлемін құрастыру»

Ойын шарты: балалардың алдына аспанда болатын және жерде болатын денелердің арасынан тек аспанда болатын денелерді табу. Мысалы: гүл жерде, ай аспанда т.б. Ойынның шарты: Балалар зымыранмен ғарышқа ұшып, жұлдыздың тапсырмасын орындап, сұрақтарға жауап береді

Үлестірмелі материалмен жұмыс: «Зымыран құрастыру.

Әртүрлі геометриялық фигуралардан зымыран құрастыру. Зымыран туралы әңгімелеу.

Сабақты қорытындылау.

- Аспан денелеріне нелер жатады?

- Ғарышқа ұшқан ғарышкерлерді ата.

- Скафандр деген не?

- Ғарышқа қандай көлікпен ұшады?

- Ғарышкер, ғарыш, Байқоңыр туралы туралы қандай тақпақ білесің?

- Міне көрдіңдер ме, балалар, сендер білімді, ақылды екендеріңді көрсетіп, сұрақтарға өте жақсы жауап беріп, жұмбақ шешіп, суретті жақсы салып, сабаққа жақсы қатыстыңдар! Жарайсыңдар

Қорытындылау.

Сұрақ-жауап арқылы оқу іс-әрекетін пысықтау.

-Балалар бүгінгі күн қалай аталады?

-Ғарышкер дегенді қалай түсінеміз?

-Біздер қандай ғаламда тұрамыз?

-Ғарышқа сынақ ретінде бірінші болып қай жануар ұшты?

-Ғарышқа ұшқан орыс азаматы кім?

-Қазақ елінен кім ғарышкерлер ғарышқа ұшты?

-Ғарышқа киетін киімді не деп атайды?

-Неге арнайы киім киеді?

Оқу іс-әрекетіне жақсы қатысқан балаларды мадақтау.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Ғарыш әлеміне жасаған алғашқы сапар, ғарыш алаңы Байқоңыр, зымыран, қазақтың тұңғыш ғарышкерлері, ғарышкерлердің киімі туралы;

Нені түсінеді: Ғарыш әлеміне тұңғыш ұшқан орыс азаматы Ю.Гагарин, қазақтың тұңғыш ғарышкерлері Т.Әубәкіров пен Т.Мұсабаев туралы мәліметтерді;

Нені меңгереді: Ғарыш әлеміне арнайы ғарыш кемелерінің ұшатындығын, ғарышкерлердің арнайы дайындықтан өтетіндігін, олардың арнайы киімдерінің болатындығын.



1жалпы білім беретін орта мектебі






Shape1










Мектепалды сыныбы Абикеева Г.М.






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!