ашық сабақ "Менің отбасым" 1 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ашық сабақ "Менің отбасым" 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
түрлі дереккөздерді зерттеу негізінде «Отбасы» ұғымын түсіну және мәнін түсіндіру; отбасы мүшелеріне қатысты туыстық байланыстар жүйесіндегі өз орнын анықтау.Отбасы ұғымының мағынасын анықтайды. Отбасы мүшелерге қатысты туыстық атауларын ажыратады. Туыстық қатынастарда өз орнын анықтайды.Үйіне, өз отбасына, өзінің қауымдастығына қатынасы бойынша өз ойлары мен сезімдерін, уақыт өте келе отбасы мен қоғамдық өмір қалай дамығанын сипаттайды.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Пән: Дүниетану Мектеп: Жаңақала мектеп-гимназиясы


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Менің отбасым және достарым


Күні: 24.11.2017ж. Мұғалімнің аты-жөні: Амантаева.Б.А.


Сынып: 1 Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

    1. Менің отбасым


Оқу мақсаты:

1.1.1.1 түрлі дереккөздерді зерттеу негізінде «Отбасы» ұғымын түсіну және мәнін түсіндіру;

1.1.1.2 отбасы мүшелеріне қатысты туыстық байланыстар жүйесіндегі өз орнын анықтау

Сабақ мақсаты:

Барлық оқушылар: Дереккөздер негізінде отбасы ұғымын сипаттайды

Оқушылардың көбі: Отбасы ұғымының мағынасын анықтайды.

Кейбір оқушылар: Отбасы мүшелерге қатысты туыстық атауларын ажыратады. Туыстық қатынастарда өз орнын анықтайды.

Тілдік мақсаттар:

Үйіне, өз отбасына, өзінің қауымдастығына қатынасы бойынша өз ойлары мен сезімдерін, уақыт өте келе отбасы мен қоғамдық өмір қалай дамығанын сипаттайды.

Пәнге тән лексикалық және терминологиялық сөздер:

Отбасы – cемья – family, туыстық атаулар, шежіре ағашы, ата-дедушка- грандфаза , әже-бабушка- грандмаза , әке-папа-паза , ана-мама- маза , бала-мальчик- бой

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Талқыланатын мәселелер:

  • Отбасы деген не?

  • Қандай туыстық атауларды білесің?

  • Отбасының басқа адамдар тобынан айырмашылығы неде?

  • Отбасының үлкені кім?

  • Оған отбасы мүшелері қалай қарайды?

Құндылықтарды дарыту:

Құрмет, ашықтық, ынтымақтастық, Қазақстандық отан сүйгіштік және азаматтық жауапкершілік, өмір бойы білім алу.

Ашықтық пен адалдық қағидаларын қалыптастыру Отбасынының, достарының алдындағы жауапкершілік.

Пәнаралық байланыстар:

Өзін-өзі тану, сауат ашу,орыс тілі, ағылшын

АКТ қолдану дағдылары:

Интерактивті тақта

Бастапқы білім:

Оқушылар өз мектебі туралы және мектеп ережесін қалай сақтау керек екені туралы, сыныптас құрбылары мен олардың қарым-қатынасы жайлы таныс.

Сабақ барысы

Сабақтың

жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин








3 мин






Ұйымдастыру кезеңі:

Ширату жаттығу:

Көтеріліп шаңырақ,
Уықтары шаншылар.
Керегелер керіліп,
Өрімдей боп өрілер.
Бәріміз жүрсек айналып,
Киіз үй болып көрінер.

«Ыстық доп»

(Ұ) Ұжымдық жұмыс.

Өз ойларын ортаға салады.

/доп лақтыру әдісі арқылы оқушылар бір-біріне өткен сабақ бойынша сұрақ қойып, пысықтау жұмысы орындалады/

Сұрақтар:

- Мектеп туралы пікірің қандай?

Сенің досың бар ма?

- Мектеп ережелеріне нелер жатады?

- Сыныпта бір-біріңмен қандай қарым-қатынаста болуларың керек?

- Мектеп ережесі сақталмаса не болуы мүмкін? т.б


ҚБ - «Жалауша» арқылы оқушылар бірін-бірі бағалайды.










Доп











Shape5 Shape6 Shape3 Shape1 Shape2 Shape4

Сабақтың ортасы

3 мин





2 мин













3 мин
















2 мин












3 мин








3 мин













2 мин













3 мин
































4 мин


Тыңдалым

(Ұ) Ұжымдық жұмыс:

«Миға шабуыл» әдісі

Оқушыларға отбасы туралы бейнефильм көрсетіледі. Бейнефильм арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын өздері табады.


Кел, талқылайық!

  • Бейнефильмде кімдер бейнеленген?

- Бұл адамдарды біріктіретін не?

- Отбасының басқа адамдар тобынан айырмашылығы неде?

- Дұрыс айтасыңдар.
Бүгінгі біздің тақырыбымыз өз отбасымыз туралы болмақ.


ҚБ - мұғалімнің ауызша кері байланысы. Жарайсың! Бәрекелді! Өте жақсы!


Жаңа сабақты меңгерту:

Сүйіспеншілігі мол, бір - біріне ыстық ықыласпен, аялы сезіммен қарап отырған дастархан басындағы отбасы мүшелерін көріп отырмыз.

Отбасындағы адамдарды отбасы мүшелері деп атайды.Олар: Әке, ана, ата, әже, аға, әпке, іні, сіңлі т.б.

Әр отбасының өз тарихы, яғни өткен өмірі болады. Оны отбасы шежіресі деп атайды. Отбасы шежіресі өткен өмір мен бүгіннің жалғасы болғандықтан,оны ағашпен салыстыруға болады. Сондықтан, отбасылық шежіреміз шежіре ағашымен сипатталады. Отбасы мүшелерін отбасылық дәстүрлер біріктіреді.

Оқулықпен жұмыс:

  • Өз отбасы туралы әңгімелейді

  • Отбасының үлкені кім?

  • Оған отбасы мүшелері қалай қарайды?

Сен білесің бе?

15 мамыр Халықаралық отбасы күні. Қазақстанда Отбасы күнін қыркүйекте мерекелейді.


ҚБ – мұғалімнің ауызша кері байланысы.


Жазылым

Дәптермен жұмыс:

«Отбасылық шежіреге» Отбасыңның және өзіңнің суретіңді желімде.


ҚБ - «Аялдама» әдісі оқушылар бірін-бірі смайликтер жапсыру арқылы бағалайды.


(Ж) Жұптық жұмыс:

«Кэрролл» диаграммасына салу

(Әр оқушы өзінің және жанұясының суреттерін жапсырады.)


Ер адам

Ер адам емес

үлкен

Ата, әке суреті

Әже, ана суреті

кіші

бала

қыз


ҚБ - «Гүл шоғы» әдісі арқылы жұптар бірін-бірі бағалайды.


Сергіту сәті. «Дұрыс дұрыс емес» ойыны.

- Балалар, қазір мен сөйлемдер айтамын, егер ол сөйлем дұрыс болса, сендер шапалақтайсыңдар, ал қате болса, аяқтарыңды топырлатасыңдар.

Немерсінің жасы атасынан үлкен.

Інісі апасынан кіші.

Әжесі немересінен кіші.

Әкесінің жасы ұлынан кіші.

Анасы қызынан үлкен.

Отбасының ең жасы ол -атасы.

Отбасының ең үлкені - әжесі.


(Ж) Жеке жұмыс.

Саралау тапсырма:

Өлеңді мұқият тыңдаңыз.

Отбасы – ол ата-ана,

Отбасы – ол балалар.

Отбасы – ол туыстар,

Отбасы үлкен шаңырақ.


Өлеңге қатысты суретті тауып, белгілеңіз. «Отбасы» дегенді қалай түсінесіз?





1 2 3

А.Өлеңге қатысты суретті табады, белгілейді.

В. Отбасы бейнеленген суретті табады. Суреттің атауын айтады.

С. «Отбасы» тақырыбындағы суретке әңгіме құрастырады.


ҚБ - фигуралар арқылы мұғалімнің кері байланысы.


Топқа бөлу

«Шаңырақ» әдісі арқылы топқа бөлу

(Шаңырақтың уықтарына ата-әже, әке-ана, аға-апа деп түрлі түсті таспаларға жазылады. Таспалардың түсіне қарай 3 топқа бөлінеді.)


(Т) Топтық жұмыс: «Дыбыстау» әдісі

Оқушылардың өздеріне таныс дәстүрге байланысты бейнефильмнен үзінді дыбыссыз көрсетіледі,соны оқушылар рөлге еніп, дыбыстау тапсырылады.


ҚБ - «Сырға тағу» әдісі арқылы топтар бірін-бірі бағалайды.




Бейнефильм

«Отбасы»








































Shape7


Shape8








































Shape9

Shape11 Shape10







Бейнефильм («Шашу», «Бата», «Тұсау кесу»).


Сабақтың соңы

3 мин


























2 мин

(Ж) Жеке жұмыс.

«Жасырын сөзді тап» әдісі

Бағалау критерийі:

Білім алушы

  • Отбасы мүшелеріне қатысты туыстық

атауларды ажыратады.

  • Туыстық қатынастарда өз орнын анықтайды


Сызбаны өзіңізге қатысты отбасы мүшелерінің атауларымен толықтырып жазыңыз.

Дескриптор: Білім алушы

- туыстық атауларды дұрыс жазады (ата);

- туыстық атауларды дұрыс жазады (нағашы әже);

- туыстық қатынастарда өз орнын анықтап жазады (немере);

ҚБ - Мұғалім жұлдызшалар жапсыру арқылы бағалайды



Рефлексия «Блоб» әдісі

Оқушылар алдарындағы блоб ағашына бүгінгі сабақ бойынша қай деңгейде тұрғандарын бояу арқылы бағалайды. (Өте жақсы түсінгендер ағаштың басын, орташа түсінгендер ағаштың ортасын, түсінбегендер ағаштың төмен жағын бояйды)



























Парақшалар




Саралау тапсырмалары арқылы оқушылардың деңгейін анықтау мақсатында төмендегідей тапсырмалар ұсынылды:


А.Өлеңге қатысты суретті тауып, белгілеңіз.


С. «Отбасы» тақырыбындағы суретке мәтін құрап әңгімеле.

Оқушылардың материалды меңгеру

деңгейін анықтау мақсатында қолданылған

ҚБ әдістері:



Мұғалімнің ауызша кері байланысы

«Жалауша»

«Аялдама»

«Гүл шоғы»

«Фигуралар»

«Сырға тағу»


Денсаулық және қауіпсіздік

техникасының сақталуы



Интербелсенді тақтаны шамадан тыс пайдаланбау, партада отыру ережесін еске салу. Саусақ моторикасын дамыту.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
737
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі