Материалдар / Ашық сабақ Металл өңдеу
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Металл өңдеу

Материал туралы қысқаша түсінік
«Сабақ-мұғалім мен оқушының біріккен ой еңбегі,табысы қарым-қатынас деңгейімен өлшенеді». Сабақты қалай оқу керек,қалай үйрену керектігін оқушыларға түсінікті етіп айта отырып,оқушылардың пікірін тыңдап,оқушылардың ынтасын бүгінгі сабаққа аудардым. Сынып оқушыларын 1 ,2 реттілік санау арқылы 2 топқа бөліп отырғыздым. Жаңа сабақ тақырыбына байланысты талқылауға арналған сұрақтар берілді.Негізінен сұрақтар оқушыға қиындық тудырмайтын сұрақтар болғандықтан, бұл сұрақтарға оқушылар жақсы жауап берді. Топтың жұмысқа «Ассосация әдісін » қолдандым.Әр топтың көшбасшысы,баяндамашысы,хатшысы,уақыт сақшысы және бақылаушысы анықталды.Топқа мәтін берілді, оны топ мүшелеріі талқылады.Әр топтың бақылаушысы өз тобының мүшелерін бағалау критерийлері бойынша бағалап шыкты. Жұптық жұмысқа өрнек салу тапсырмасы берілді: оқушылар қағаз бетіне өрнек салып,оны қаңылтыр бетіне көшірді. Жұмыс соңында жұптар бір-бірін екі жұлдыз,бір ұсыныс бойынша бағалады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қараша 2018
334
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Page 1

Арал ауданы, №21 орта
мектеп
Технология пәнінің мұғалімі Айтжанов
Батырқұл
1 сабақ
Сабақтың тақырыбы Металл өңдеу


Сілтеме Жоспар

Жалпы мақсаты Металдың түрлері туралы ақпарат беру. Металмен жұмыс
жасауды үйрету. Өзара жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже Металдың түрлерімен танысады.
Құрал саймандармен жұмыс жасай алады.
Топпен бірлесіп жұмыс жасауға үйренеді.

Негізгі идеяалар Металдан түрлі бұйымдар жасауға болады. Қағазға өрнек
салып қаңылтырға көшіреді және жұмыс кезінде қауіпсіздік
ережесін сақтау маңызды болып табылады.

Тапсырмалар Жұптық жұмыс
Өрнек салу.
Топтық жұмыс.
Мәтінді оқу

Тапсырмалар Жеке жұмыс « Денгейлік тапсырманы орындау»

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Сынып оқушыларына жағымды ақуал туғызу.(3 мин)
2.Сынып оқушыларына 1-2 реттілік санау арқылы 2 топқа бөліу.( 2 мин)
ІІ. Талқылауға арналған сұрақтар ( 5 мин)
1. Метал туралы не білеміз ?
2. Металды өңдеу кезінде қандай құрал- саймандарды пайдаланамыз?
3. Темірден түйін түйген адамды кім деп атаймыз?
4. Қаңылтырды шекімелеу өнері дегеніміз қандай өнер?
ІІІ. Топтық жұмыс. (10 минут)
Ассосация әдісі.
Топта көшбасшы, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушылар
анықталынады.
Топқа мәтін беріледі, оны топ мүшелері талқылайды. Талқыланған пікірлерді баяндамашы
хабарлайды.
Екі топқа техника қауіпсіздік ережесіне байланысты тапсырмалар беріледі.


Page 2

Бақылаушының бағалау парағы
№ Бақылау өлшемдері

Көшбасшы Уақыт
сақшысы
Хатшы Баяндамашы
1 Тақырыптың
ашылуына белсенділігі


2 Міндетін сезінуі


3 Топтық жұмысқа
қатысуы


4 Орта балл


ІІІ. Жұптық жұмыс. Өрнек салу. (15 минут)
Қағаз бетіне өрнек салып, қаңылтыр бетіне көшіру.



Page 3

Жұптар бір- бірін екі жұлдыз, бір ұсыныс арқылы бағалайды
V. Жеке жұмыс: «Деңгейлік тапсырманы орындау (10 минут)
Блум таксономиясы
Ойлау деңгейі Сұрақтар мен тапсырмалар
Білу және түсіну Металл неше топқа бөлінеді? Қара металл тобына не
жататынын түсіндіріңіз.

Қолдану Металдың тұрмыста қолдану ерекшеліктері.

Талдау Қара металл мен түсті металдың айырмашылығын
салыстырыңыз.

Жинақтау Металдардың қасиеттерін сипаттаңыз.

Бағалау Металл өңдеудің маңыздылығын бағалаңыз.

Екі жұлдыз, бір ұсыныс.
Кейінгі тапсырмалар Қалыңдығы 0,5 мм қаңылтырды дайындау. 12х12

Кейінгі оқу Металл өңдеу.


















Page 4



Рефлексиясы

«Сабақ-мұғалім мен оқушының біріккен ой еңбегі,табысы қарым-қатынас деңгейімен
өлшенеді». Сабақты қалай оқу керек,қалай үйрену керектігін оқушыларға түсінікті етіп
айта отырып,оқушылардың пікірін тыңдап,оқушылардың ынтасын бүгінгі сабаққа
аудардым.
Сынып оқушыларын 1 ,2 реттілік санау арқылы 2 топқа бөліп отырғыздым.
Жаңа сабақ тақырыбына байланысты талқылауға арналған сұрақтар берілді.Негізінен
сұрақтар оқушыға қиындық тудырмайтын сұрақтар болғандықтан, бұл сұрақтарға
оқушылар жақсы жауап берді.
Топтың жұмысқа «Ассосация әдісін » қолдандым.Әр топтың
көшбасшысы,баяндамашысы,хатшысы,уақыт сақшысы және бақылаушысы
анықталды.Топқа мәтін берілді, оны топ мүшелеріі талқылады.Әр топтың бақылаушысы
өз тобының мүшелерін бағалау критерийлері бойынша бағалап шыкты.
Жұптық жұмысқа өрнек салу тапсырмасы берілді: оқушылар қағаз бетіне өрнек
салып,оны қаңылтыр бетіне көшірді. Жұмыс соңында жұптар бір-бірін екі жұлдыз,бір
ұсыныс бойынша бағалады.
Жеке жұмыс «деңгейлік тапсырманы орындауда» блум таксономиясы боойынша
білу,түсіну қолдануға барлық оқушылар оңай жауап бере алатындай сұрақтар
қамтылды.Талдауға сыни тұрғыда жауап беретін ашық сұрақтар берілді.
Сабақ барысында: 1)Қалай оқу керектігін үйрену; 2)сыни ойлауды үйрету;3)АКТ
қолдану,4) Талантты және дарынды балаларға білім беру жұмыстары болды.
Сабақ қорытындысы.
Сабақтың жағымды жағы:
1) Оқушылардың топқа бөліну арқылы жұмыс жасауы, оқушылардың топта ұйымдасып,
бір-біріне көмектесіп жұмыс істеуі;
2)Сабаққа көп араласпайтын,үндемей отырғанды жақсы көретін оқушылардың сабаққа
қызыға араласуы;
3)Оқушылардың өз пікірін айтуға дағдылануы;
4)Мұғалімнің жоспарланған уақытын ұтымды пайдалануы;
5)Мұғалімнің оқушыларға жылы шырай танытып,жұмсақ сөйлеуі оқушылардың білгенін
айтуға,сабаққа жақсы араласуға мүмкіндік береді.
6)Әр топтағы сарапшыларды топтағы мүшелерге дұрыс баға бере алуы;
Сабақта жіберілген кемшіліктер:
1) Жұптық жұмыста уақыт жетпей қалуы;
2)Оқушыларды жұмыс жасау кезінде уақытпен санауға үйрету.






Page 5


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!