Материалдар / Ашық сабақ Microsoft Excel 2013- электрондық кесте туралы жалпы түсінік 7 сынып

Ашық сабақ Microsoft Excel 2013- электрондық кесте туралы жалпы түсінік 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
EXCEL кестелік процессорымен, терезе элементтерімен, кесте құрылымымен және деректерді енгізу тәсілдерімен таныстыру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қараша 2018
1286
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады



«Информатика» пәні бойынша

АШЫҚ САБАҚ

Тақырыбы: «Microsoft Excel 2013- электрондық кесте туралы жалпы түсінік»


















Алматы 2018

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: EXCEL кестелік процессорымен, терезе элементтерімен, кесте құрылымымен және деректерді енгізу тәсілдерімен таныстыру.

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, жауапкершілікке, ақпараттық мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: Электрондық кесте процессорын үйрету арқылы оқушылардың логикалық-құрылымдық және ақпараттық ойлау қабілетін дамыту.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Интерактивті әдіс, түсіндіру және сұрақ жауап әдістері, тест, венн диаграммасы, кластер әдісі, инсерт әдісі

Көрнекі құралдар: Компьютер, интерактив тақта, плакаттар

Пәнаралық байланыс: алгебра , медицина саласы, орыс тілі, ағылшын тілі

Сабақтың жоспары:

1. Ұйымдастыру кезеңі

Салеметсіздерма студенттер! Бүгінгі сабақты бастамас бұрын бір бірімізге көңіл күй сыйлайық!

БShape3 Shape2 Shape1 үгінгі сабақты бағалау үшін әр студентке бағалау парағы таратылады, онда әр кезеңнің бағасын алынған фишкалар бойынша есептеп отырады.

5 бағасы 4 бағасы 3 бағасы


Оқытушы соңында бағаларды қорытындылап, есептейді.


2. Үй тапсырмасын тексеру

Үй тапсырмасын «Бинго» ойыны арқылы тексерміз (сұраққа жауап беру)


Shape4

3


- Операциялық жүйе деген не? бұл компьютер іске қосылған кезде жүктелетін және барлық құрылғылардың жұмысын басқаратын арнайы программа

Shape5

5


  • Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас: интерфейс


  • КShape6

    1

    омпьютердегі мәліметтерді уақытша сақтайтын негізгі құрылғы қалай аталады? Жедел жад

Shape7

9


  • Колонтитул: Берілген бет, тарау, параграф туралы қосымша ақпаратты қамтитын арнайы мәтін

Shape8

25


  • Компьютер: ақпараттық үрдістерді жүзеге асыратын құрал


  • АShape9

    11

    дам ақпаратпен не істей алады? Адам ақпаратты сақтай алады , өңдейді және жеткізе алады.

Shape10

13


  • Процессордың атқаратын қызметі қандай? Процессор – компьютердің ең басты бөлігі. Ол – компьютердің “миы”. Ол бүкіл компьютердің жұмысын басқарады және программалардағы барлық командаларды орындайды

Shape11

24


  • Компьютерлік вирустар дегеніміз не? Компьютердің жұмыс істеуіне кедергі жасайтын, мәліметтерді қайталап жазатын немесе жоятын бағдарламалар

Shape12

20


  • АShape13

    12

    нтивирустар дегеніміз не? компьютерлік вирустарды жұқтырған бағдарламаларды табуға және емдеуге, сондай-ақ файлдың вирус жұқтыруының алдын алуға арналған бағдарламалар
  • Нысандар қоймасы? Қапшық

Shape14

8


- Адам көзі мен монитор арасындағы арақашықтық қанша болуы керек? 60 - 70 см

Shape15

21


-Бір килобайт қанша байтқа тең? 1024 байт


Shape16

26


  • Компьютердің атасы? Чарльз Бэббидж


Shape17

7


  • Есептеуіш техникаларының қарқынды дамуы қай ғасырдан басталды? ХІХ


Shape18

18


  • ЭЕМ неше буынға бөлінеді? Бес буынға


Shape19

22


-Мәтін дегеніміз не? компьютерлік альфавит символдарының қандай да болсын тізбегі

Shape20

4


  • Мәтіннің пішінін оның параметрлері арқылы қою не деп аталады? Мәтінді пішімдеу

Shape21

16


  • Гипермәтін: бұл басқа мәтіндермен, графикалық бейне немесе дыбыстық ақпаратпен мағыналық байланыста болатын мәтін

Shape22

2


  • Абзац: мағыналық мазмұны бойынша топталған жолдар тізбегі

Shape23

10


  • Құжатқа фигуралық мәтінді қалай кірістіреміз? Вставка WordArt командасын орындау арқылы


3) Өткен тақырыптар бойынша оқушылардың білім, білік, дағдыларын тексеру.

  • Microsoft Word 2013- бағдарламасының элементтерін жазып шығу, Microsoft Word 2013- бағдарламасының мүмкіндіктерін жазу.
















4. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Жаңа сабақтың мақсаты мен міндетін анықтау




MICROSOFT EXCEL БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ТАРИХЫ

1979 жылы екі экономист студент Дэн Бриклин және Боб Френкстон үй тапсырмасын тез орындауға көмектесетін және уақытты үнемдейтін әдіс ойлап табуды шешті. Олар тарихта бірінші рет электронды кесте бағдарламасын жазып, оны Visible Calculator сөзінен қысқартылған VisiCalk (Көрсеткіш калькулятор) деп атады. Сондықтан барлық электрондық кестелер бағдарламасы, оның ішінде Excel программасы Дэн мен Бобтың арқасында жүзеге асты.

MS Excel-мен танысу

Дербес компьютер кестені пайдалану мүмкіндіктерін кеңейтеді, мәліметтерді электрондық түрде ұсынып қана қоймай оларды өңдеуге де мүмкіндік береді. Осы мақсаттар үшін пайдаланылатын бағдарламалық жасақтамалар тобы кестелік процессор немесе электрондық кестелер деп аталады.

Microsoft фирмасының Excel программасы – кестелік процессорлар немесе электрондық кестелер тобына жататын ең кең тараған программалық кестелердің бірі. Бірақ Excel жәй программа ғана емес, оны көптеген математикалық амалдарды, күрделі есептеулерді көрнекті жеңілдету үшін пайдалануға болады. Ол кестедегі мәліметтердің негізінде, түрлі – түрлі диаграммалар тұрғызып, мәліметтер базасын даярлап, олармен жұмыс істеуді, сандық эксперимент жүргізуді және т.б. қамтамасыз ете алады.

Excel-кестесінің мүмкіндіктері:

1. Кесте құру және оларға ат қойып, дискіде сақтау

2. Сақталған кестелерді ашу және оларды түзету

3. Кестеге жол, баған, ұяшық қосу

4. Кестеден жол, баған, ұяшықты алып тастау

5. Жол, баған, ұяшықтар ішіндегі деректерді көшіруді немесе орнын ауыстыру

6. Ұяшықтар ішінде деректерді өсуі немесе кемуі бойынша сұрыптау

7. Формулалар қолданып есептеу

8. Диаграмма құруға және оларды кестеге кірістіру

9. Кестеге графикалық объектілерді, суреттерді енгізу

10. Кестелерді баспаға шығару

Excel терезесінің негізгі элементтері:

Мәзір жолы – Excel командаларына қатынас құруға мүмкіндік береді.

Тақырып жолы – құжат атауы мен терезені басқару батырмаларын қамтиды.

Стандарттық тақта – Excel командаларының көпшілігіне арналған батырмаларды қамтиды.

Пішімдеу тақтасы – пішімдеу командаларына арналған батырмаларды қамтиды.

Формула жолы - ағымдағы ұяшықтардың ішіндегі барын, оның адресін немесе сілтемесін бейнелейді.

Тапсырмалар аймағы – ағымдағы тапсырмалар тізімін қамтиды.

Жолдар тақырыбы – бұл әрбір жолдың сол жақ бөлігінде орналасқан нөмірленген ентаңба.

Бағандар тақырыбы – бұл алфавит бойынша реттелген әріптік ентаңбалар, олар әрбір бағанның үстінде орналасқан.

Қалып-күйлер жолы – құжаттың ақпаратын қамтиды.

Шиыру жолақтары - құжаттың әр түрлі бөліктерін қарауға мүмкіндік береді.

Жұмыс кітабы. Жұмыс парағы. Жолдар мен бағандар

Ехсеl даярлайтын құжат Жұмыс кітабы деп аталады. Жұмыс кітабы жұмыс парағынан тұрады. Жұмыс парағының құрылымы кестенің құрылымындай және ол бір немесе бірнеше кестені қамтиды. Әрбір парақтын аты төменгі жағында орналасқан таңбашада көрініп тұрады. Осы таңбашаның көмегімен кітапты парактауға болады. Таңбашаны тышқанның батырмасымен екі рет шерту арқылы атын езгертуге болады.

Әрбір жұмыс парағы жолдар мен бағандардан тұрады. Бағандардың аты латын алфавитінің бас әріптерімен жазылады. Бір жұмыс парағы 16384-ке дейін баған санын қамти алады. Бағандар А-дан Z әріптерінің комбинацияларымен белгіленеді, ал жолдар 1-ден бастап 1048576-ға дейін нөмірленеді.

Ұяшықтар мен оның адрестері

Ұяшық – бұл баған мен жолдың қиылысы. Ағымдағы ұяшықтың ішіндегі мәліметтері мен адресі Формула жолында бейнеленеді. Ол электрондық кестенің мәліметтер енгізетін ең кіші элементі болып табылады. Әрбір ұяшықтың жол мен бағандардың белгіленуінен тұратын адресі болады. Мысалы: С22, А21, Е15, Е28.

Ұяшықтардағы мәліметтер

Электрондық кестеге мәтін енгізу әріп немесе (апостроф) таңбаларынан басталады. Ал сандар енгізу +, - таңбаларынан немесе бірден цифрдан басталады. Сондай – ақ, Excel– де кез–келген арифметикалық өрнек формула түрінде жазылады. Ол ұя адрестері мен сандардың, функциялардың арифметикалық амалдар таңбасы арқылы біріктірілген жиынынан тұрады.

Формула құрамында пайдаланылатын СУММ функциясынан басқа стандартты функцияларға мысалдар:

СРЗНАЧ (“тізім”) – тізімнен сандардың арифметикалық орта мәнін табу:

МАКС (“тізім”) – тізімнен ең үлкен санды табу:

МИН (“тізім”) – тізімнен ең кіші санды табу:

СУММ (“тізім”) –тізімнің қосындысын табу.


Сергіту сәті ( Айкуне гимнастикасын орындау).

5. Жаңа сабақты түсінгендерін тексеру

Тәжірибелік жұмыс жасау


Тапсырманы орындау

  1. MS Excel программасын ашу, Кітапқа ат беру және сақтау, бірінші бетті «тапсырма1» деген атқа өзгерту.

  • Үлгіде көрсетілген кестені құру, жасау. Автоқосынды арқылы сандардың орта мәнін табу.

  • Автоқосынды арқылы сандардың арасындағы ең үлкенін (max) табу.

  • Автоқосынды арқылы сандардың арасындағы ең кішісін (min) табу.

  • Автоқосынды арқылы сандардың қосындысын табу.

  • Кестені келесі параметрлер бойынша әсемдеу: Кестенің тақырыбы: ортаға туралау, кескіні Ж, өлшемі – 14 п, қызыл түсті.

  • Ұяшықтардағы сандарды ортаға туралау, өлшемі – 12 п.

  • Кестенің ішкі және сыртқы шекарасын белгілеу


  1. Келесі бетке көшу, бетті «тапсырма 2» деген атқа өзгерту.

  • Үлгіде көрсетілген көбейту кестесін құру.

  • А1 ұяшығына 0 санын енгіз, В1 ұяшығына 1 санын енгіз. А1 және В1 ұяшығын ерекшелеп, ерекшеленген ұяшықтың оң жақ төменгі бұрышына тышқанның сол жақ батырмасын «+» таңбасы шыққанша ұстап, батырманы басып тұрып оңға қарай 15-ші Р1 ұяшығына дейін соз.


  • А2 ұяшығына 1 санын жазып, А1 және А2 ұяшығын ерекшелеп, ерекшеленген ұяшықтың төменгі оң жақ бұрышына тышқанның сол жақ батырмасын «+» таңбасы шыққанша ұстап, төменге қарай 15-ші А16 ұяшығына дейін соз.

  • В2 ұяшығына мына формуланы енгіз = A2*B2

  • $ белгісін тең белгісінен кейін қой және В-дан кейін $ белгісін қой.

  • Enter батырмасын бас

  • В2 ұяшығын Р2 ұяшығына дейін соз

  • Ерекшеленіп тұрған ұяшықтарды төмен қарай соз.

  1. Келесі бетке көшу, бетті «тапсырма 3» деген атқа өзгерту.

Келесі кестені үлгі бойынша жасау. Үлгідегіні қосқанда 8 дәрі болуы қажет.


  • Пайданы табу үшін келесі формула бойынша есептеледі:

=(Сату бағасы- баға)*мөлшері , Enter пернесін басу.

  • Автотолтыру функциясын пайдаланып «Пайданың» қалған мәндерін табу

  • Кестені өз қалауыңша әсемдеу.



6. Бекіту

1) Тестке жауап беру

Shape24


Shape25

10

Microsoft Excel дегеніміз не? А) Операциялық жүйе Б) *электрондық кесте

ә) мәтіндік редактор

Shape26

20


Microsoft Excel жолдар саны? а)* 1048576 б) 25226 в) 1506826

Shape27

30


Microsoft Excel-де бағандар саны? А) 65568 Б) 16384 в) 16255

Shape28

40


Жол мен бағанның қиылысуы нені білдіреді? а) блок б)сызықтық кесте в) ұяшық

Shape29

50


ЭShape30

60

лектрондық кестеде жолдар қалай белгіленеді? А) кез келген б) A,B,CE в) 1,2,3,…15…

ЭShape31

70

лектрондық кесте бұл..... А) кестеге жазылған мәліметтермен жұмыс істейтін бағдарлама б) шын өмірдегі объектілерден тұратын массив в) қандай да бір шын өмірдегі нақты объектілер жайындағы мәліметтер жиыны


EShape32

80

xcel бағдарламасына енгізілген құжаттардың кеңейтілуін ата? а) .doc б) .xls в) .dbf

Exсel бағдарламасының жұмыс алаңында жолдар қалай бейнеленген?

а) нүктемен б)санмен в) әріппен

Shape33

90


EShape34

100000

xсel бағдарламасының жұмыс алаңында бағандар қалай бейнеленген?

А) нүктемен б) санмен в) әріппен

Excel бағдарламасындағы кесте ауқымдарының дұрыс белгіленуін атап көрсетіңіз? А) А:А2 Б) А1:В2 в) 23:4ДЕ


2) Сұрақ-жауап




1. Баған мен жолдардың қиылысуынан нелер пайда болады?

ұяшықтар

2. Сызықтық кесте дегеніміз не?

кестеде бір жолдан тұратын кестені сызықтық кесте деп

3. Кесте дегеніміз не?

Кесте – жолдар мен бағандарға реттелген ақпарат

4. Электрондық кестедегі формула ?

Есептеу үшін қолданылатын кәдімгі математикалық өрнектерді айтады

5. Жол дегеніміз не?

Көршілес ұяшықтардың көлденең бірлестігі

6. Тіктөртбұрышты кесте дегеніміз не?

Бірнеше жолдан және бағандардан тұратын кестені тіктөртбұрышты кесте деп атайды

7. Ұяшық дегеніміз не?

Дерек сақталатын орын

8. Электрондық кесте дегеніміз не?

Ұяшықтарында деректер жазылған кәдімгі кестенің компьютерлік бейнесі

9. Microsoft EXCEL қандай программа?

Microsoft EXCEL кестелік программа

10. Баған дегеніміз не?

Көршілес ұяшықтардың тік бірлестігі


3) 2 оқушы тақтаға шығып Microsoft Word пен Micгosoft Excel бағдарламаларының функцияларын жазып, айырмашылықтарымен ұқсастықтарын жазып шығады.

Глоссарий

Қазақша

Орысша

Ағылшынша

Электрондық кесте

Электронная таблица

Spreadsheet

Жол нөмірі

Номер строка

Number line

Бағана әрпі

Буква столбца

Letter column

Ұяшық

Ячеек

Cell

Ағымдағы ұяшық

Активная ячейка

Active cell

Блок

Блок

Block

пішімдеу

форматирование

format


7. Жаңа тақырыпты қорытындылау

Қорытынды

  Бүгiн Microsoft EXCEL электронды кестелердi өңдеу бағдарламалары әр түрлi салаларда қолданылады. EXCEL электронды кестелер бағдарламасы, бiрiншiден, сандармен жұмыс iстеуге арналған, сонымен бiрге мәтiнмен, графикпен, диаграммамен және карталармен жұмыс iстеуге кең мүмкiншiлiктер бередi. EXCEL -дi жәй есептердi шығаруға, түрлi блоктарды жасауға, графиктердi құрастыруға, және фирманың бүкiл балансын көрсетуге қолдануға болады. EXCEL -дың күштi математикалық және инженерлiк функциялары арқасында, оны ғылым мен техникада , медицинаның әр түрлі салаларында және т. б. салаларында қолданады.

8. Оқушыларды бағалау және үй тапсырмасын беру

Үйге тапсырма: Ауруханадағы науқастардың күн режимін кестеге түсіріп келу.

Бағалау: Студенттердің бағалау парақтарын жинап қорытынды баға шығару.

Инсерт әдісі: Не білемін? Не білдім? Нені білгім келеді? деген сұрақтарға ойларыңызды тақтадағы алма ағаштың суретіне таратылған стикерлерді іліп кетіңіздер.



Пайдаланылған әдебиеттер:

1. «Информатикадан 30 сабақ» Е.Қ.Балапанов, Б.Б.Бөрібаев, А.Б.Дәулетқұлов. Алматы «Шартарап» 1998ж.

2. Қазакстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендету бағдарламасы бойынша халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту жөніндегі оқу-әдістемелік құрал.

3. «Информатика негіздері» С.А. Исаев, О.С. Ахметова





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!