Материалдар / Ашық сабақ. Миуалы ағаш 5 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ. Миуалы ағаш 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ. Миуалы ағаш 5 сынып 5.2.1.1- мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсіну, анықтау 5:ӘТН3.Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді,көп мағыналы сөздер,омоним,антоним,синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдану.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қараша 2021
1112
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бөлім:

4-бөлім. Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі

Педагогтің аты-жөні:

Сейтхан А.С

Күні:

29.11

Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Миуалы ағаш

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

5.2.1.1- мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсіну, анықтау

5:ӘТН3.Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді,көп мағыналы сөздер,омоним,антоним,синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдану.



Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін: Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді, көп мағыналы сөздер, омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай біледі. Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды.Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді,көп мағыналы сөздер,омоним,антоним,синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай сипаттайды. Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстарменжұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді, көп мағыналы сөздер, омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолданады.Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Құндылықтарға баулу:

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.



Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

7 мин.

І.Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Оқушылардың көңіл-күйлерін анықтау.

Психологиялық жағымды ахуал туғызу үшін «Жүректен жүрекке» әдісін пайдаланып, оқушылар бір- біріне жақсы тілектер айту арқылы жасанды жүрек лақтырады.



Сап түзеп тұру арқылы Белсенді болу.


Оқушылар бір- біріне жақсы тілектер айту арқылы жасанды жүрек лақтырады.





Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі қолданылады. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.



«Жүректен жүрекке» әдісін

Жаңа сабаққа кіріспе








Рисунок 23

(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды.Сыныптастырының пікірін толықтырады.

Өз ойымен бөліседі.


«Ашықмикрофон» әдісі арқылы үй жұмысына байланысты сұрақтар қойылады, пысықтайды.

1.Еліміздің аумағында ағаштар бар ма?

2.Олардың ішінде қандай емдік ағаштар бар?

3.Емдік қасиеттерінің себебі неде?

Оқушыларды сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийімен таныстырамын

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.


  1. Бір-бірін тыңдау, өз пікірімен ашық бөлісу, басқалардың пікіріне құрметпен қарау.

  2. Уақыт шегінде жұмыс жасау.


Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.


Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

26 мин.

Оқылым. 1-тапсырма. « Ойлан, топтас, талқыла» әдісі. Мәтінді оқып,мазмұнын түсінуге, нақты ақпаратты анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырыңдар.

Талқылауға арналған сұрақтар:

1. Жамбыл ата неге мәуелі долана ағашын « киелі ағаш» деді ?

2.Әлімжан неліктен ағашты балтамен шапты?

3.«Қасиетті орын», «қасиетті ағаш» деген сөз тіркестерін қалай түсінесіңдер?


Оқылым: Тиімділігі: Бұл тапсырманы орындау арқылы оқушыда әдеби сөздік қоры көбейеді, оқу жылдамдығы артады.

Жеке жұмыс: 1 тапсырма, 48бет

Мәтінді рөлге бөліп оқиды, Мәтіннің тақырыбын анықтайды

1 ашық, 1жабық сұрақтар құрастырады.

Дескриптор: Жалпы - 4балл.

-мәтінді оқиды;

-мазмұнын түсінеді;

- ақпаратты анықтауға байланысты сұрақтар құрастырады;

Оқулық, жұмыс дәптері

Жеке жұмыс

49 беттегі №2-тапсырманы орындатады. 2-тапсырма. Берілген сөз тіркесінің мағыналарын түсіндіріңдер. Оларды қатыстырып, сөйлем құраңдар.

Сабасына түсу – ашуы тарқау

Қисық мінез – қырсық адам

Мерт болу – қайтыс болу

Жеңді білектей – жуан

Төрт құбылаға жайылу – жан-жаққа жайылып өсу

Балта шабу – шауып тастау

Тәрбиеге көнбеу – айтқан ақылды тыңдамау

Үлгі: Оның кесірінен сабасына түсті.

ЖАЗЫЛЫМ.

Берілген сөз тіркестерінің мағыналарын түсіндіреді.


Тура, ауыспалы сөздерді анықтайды.


Тақтада жұмыс жасау.


Дескриптор: Жалпы – 2 балл.

-сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіреді;

-Сөйлем құрайды;

Оқулық, жұмыс дәптері

Жеке жұмыс

«Кім тапқыр?» (жазылым)49 беттегі №3-тапсырманы орындатады. Мәтіндегі қою қаріппен жазылған сөздердің антонимдерін табу.


Оқылым мәтініндегі қою әріппен берілген сөздерді мәндес, қарсы мәндес сөздерді тауып, сөйлем құрап жазыңдар.

Мысалы: күнгей- күнсіз, жаяу-атты, қасиетті-қасиетсіз, жақын-ұзақ, денің сау-ауру, жуан-жіңішке, өтірік-шын, теріс-оң, ыстықта-суықта, қисық-түзу, ұзақ-жақын, зәулім-аласа.

Жазылым: Тиімділігі: Бұл тапсырманы орындау арқылы оқушының сыный ойлана білуге, өз ойын еркін жеткізе алуға, өзгенің пікірін құрметтеу керектігіне дағдыланады.

3 тапсырма, 49 бет . Мәтіндегі қою қаріппен жазылған сөздердің антонимдерін табуады

Дескриптор: Жалпы – 2 балл.


мәндес және қарсы мәндес сөздерді табады;

-берілген сөздерді қатыстырып,сөй-лем құрастырады ;



Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.


Рефлексия «Шығу билеті» әдісі. 1. Бүгін не үйрендіңіз? 2. Тағы нені білгіңіз келеді? Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?

Бүгін оқушылар не үйренді?

«Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.


Мақсаты:Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі:Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.


Үй тапсырмасы: 6-тапсырма, 50-бет.

«Жердің көркі –ағаш» деген тақырыпта айналада өсіп тұрған ағаштар туралы әңгіме (сөз саны – 40 ) жазыңдар.


Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.


Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.

Рисунок 23

Саралау. Саралау –оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеттіоқушыға тапсырманықалай түрлендіресіз?

Бағалау – Оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».


Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.

«Мадақтау сөз» әдісі. 1-10 баллдық жүйе бойынша бағаланады.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?

1:

2:









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!