Сабақтың тақырыбы:
М.Жұмабаев "Түркістан"
өлеңі.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік:М.Жұмабаевтың
"Түркістан"өлеңін мәнерлеп
оқу,талдау
идеялық тақырыптың негізін,ой
астарын түсінуге үйрету,тереңіне
бойлату.
2.Дамытушылық: Сөйлеу мәдениетін
жетілдіру,сөздік
қорын,дүниетанымын
байыту, өз ойын
тұжырымдауға,тиянақты,жүйелі сөйлеуге
үйрету.
3.Тәрбиелік:Оқушылардың
дүниетанымын,адамгершілік қасиеттерінің
көзін
аша отырып,рухани
ізденіске,іскерлікке,таным белсенділігіне
тәрбиелелеу.
Сабақтың
типі: шығармашылық - ізденіс
сабағы.
Пәнаралық
байланыс: Тарих,
география.
Қолданылған
технология: СТО технологиясы,оза
оқыту.
Сабақтың
жабдығы: интербелсенді
тақта,кестелер,слайд,үлестірмелі,бағалау
парақтары.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен
амандасу
2
.Сабаққа әзірлігін
бақылау
І. Үй тапсырмасы: "Кім"
сұрағына жауап алу.
Жүрегін шырақ етіп
жандырған кім? Жырымен жан сусынын
қандырған кім?
Ерте оянып,ойланып,ер
жеткен кім? Талабын тас қияға
өрлеткен кім?
Арманын аттандырып келешекке,
Бізбенен осы күнге тілдескен кім?
ІІ. "6
НЕЛІКТЕН"стратегиясы"бойынша
орындайық.
1.
Неліктен Мағжан өмірін оның
поэзиясымен тоғыстырамыз?
2.
Неліктен Мағжанды ұлы ақын
дейміз?
3.Неліктен лирик,сыршыл ақын
аталу себебі неде?
4.Неліктен Мағжан- эпик ақын
?
5.Неліктен
Мағжанды мөлдір лириканың хас
шебері дейміз?
6.Неліктен "Сарыарқасы"жүрек
жарды жыры болды?
ІІІ.Қызығушылықты
ояту кезеңі.
"Ой шақыру"
әдісі:
![Shape1](https://api.ust.kz/storage/files/materials/docx/image/2018/july/d12/1531382576_html_dd50822b58ef3bae.gif)
Осы жерде Алаштың абзал
азаматтары Шыңғыс хан, Асқақ Темір, Ұлықбек, Ибн Сина Әбуғали, Әл –
Фараби, Қасым хан, Есім хан, Тәуке, Абылай секілді даналарын
сүйсіне еске алып, ұрпағына үлгі етеді.
IV.Жаңа сабақ. "Түркістан"
өлеңі.
![Shape2](https://api.ust.kz/storage/files/materials/docx/image/2018/july/d12/1531382576_html_7228b5c98a8908bd.gif)
Тақтадан көне Түркістан
суреттерін көрсету.
«Түркістан» өлеңін мәнерлеп оқып беру, жекелеген
шумақтарына түсінік беру.
Түркістан
– екі дүние есігі ғой,
Түркістан
– ер түріктің бесігі ғой.
Тамаша
Түркістандай жерде туған.
Түріктің
Тәңірі берген несібі ғой.
Тұранға
жер жүзінде жер жеткен бе?
Түрікке
адамзатта ер жеткен бе?
Кең ақыл,
отты қайрат, жүйрік қиял
Тұранның
ерлеріне ер жеткен бе?
Ақынның еліне, жеріне деген
нағыз шынайы перзенттік сезімін осы жолдардан байқауға болады.
Түркістанға, Тұранға оқушыны ынталандыру үшін дыбыстардан керемет
өрнек, сурет жасаған.
Ол Алашын алаламай, Түркістан,
Тұран – тұтас түндік, бәрі – түрік жері, қазақ жері деп есептеген.
Мұнда мекендеген халықтар бір кіндіктен жаралды деп
таныған.
V. Оқулықпен жұмыс:
"Түркістан" өлеңін 4 оқушыға мәнерлеп
оқытамын.
VI.
"Кубизм"стратегиясы. Екі топқа үш тапсырмадан
беріледі.
1-қыры."Ойланыңыз"Жоспар
құру:1.Асыл қан- қасиетті түрік
қаны.
2.Арқаның ардагері- қалың
алаш. 3.Данышпан,тұнғиық ой,болат
жігер.
4.Тұранның ғажайып
таулары. 5.Жер жүзінде от шашқан-Ақсақ
Темір.
6.Тұранда ер түрігім
туып-өскен.
2-қыры."Зерттеңіз" Зерттеу
сұрақтары."Түркістан"өлеңі.
20,21,22-
шумақтар.Хандары.Хандар ұстаған жол.
3-қыры."Қолданыңыз"М.Жұмабаевтың өмірі жайында
шағын көрініс көрсетіңіз.
4-қыры."Түсіндіріңіз" 19-шумақ Тұран-қара
шаңырақ.
5-қыры
"Ізденіңіз" 12-шумақ.Ақынның мақтаныш
сезімі.Оқы, тұсіндір.
6-қыры."Талдаңыз"
1 шумақтың өлең құрылысына
талдау жасау. Өлеңде 1 шумақ, 4 тармақ, 12 бунақ
бар. Өлең 11 буынды, қара өлең
ұйқасымен жазылған.
Өлеңнің
көркемдік тіліне талдау жасау.
Эпитет: Ер
түрік, кең ақыл,
отты қайрат,
жүйрік қиял.
Метафора: от
болып туған,
отқа ұқсап,
Арқаның ардагері – қалың алаш,
Алаштың арыстаны.
VII.Дәптермен жұмыс:
"Пәнаралық байланыс"
а)
6,7-
шумақта өзен-көлдері айтылады. Осы тұста жер-су аттарына
беріледі.
Оқыс- Яқсарт,Жейхун-Сейхун,
Амудария-Сырдария.
ә)
8-шумақ.
Тұран таулары.Тянь-Шаньдай,Хантәңірі, Тарбағатай, Памир, Алтай,
Қазықұрт
Түсіндірме
сөздік: Тұран, несібі, ұсап, алаш,
енші алысу.
VIII. Тапсырма. "Екі түрлі
түсіндірме күнделігі" стратегиясы.
Өлеңнен
үзінді
|
Үзінді жайлы
пікір
|
Ой-тұжырым мазмұнға сәйкес
мақал-
мәтел
|
Тұранда ер түрігім
туып-өскен
|
|
Ер айтса ел айтқаны,Елдің қамын жеп
айт
қаны.
|
Киелі сол екі су
жағасында,Табасың қасиетті бабаң
бейітін
|
|
Тау мен тасты су
бұзар,Ер арасын қу бұзар.
|
Сырласқан үйде отырып
аспан-көкпен Білгіш аз жеткен жүйрік
Ұлықбекке
|
|
Жақсының жақсылығын айт
нұры тасысын! Жақсы,
ай мен күндей, Баршаға
бірдей.
|
Тұранның теңіз дерлік
көлдері бар, Шалқыған егі-шетсіз
Теңіз,Арал
|
|
Балық іздесең, көлге
бар, Береке іздесең, елге бар
|
IX.
Бекіту кезеңі: " Ой-толғау" "Түркістанға
саяхат"
Ұйымшылдық жұмыс (плакатқа бейнелеу және
қорғау)
X. Қорытындылау: Кері байланыс
парағын толтыру.
-
Сабақтан қандай әсер
алдыңыз?
-
Сабақ барысында қандай қиындықтар
туындады?
-
Қай тапсырма орындауда қызықты
болды?
-
Біліміңізді қай тапсырманы орындағанда
толық жеткізе алдыңыз?
Оқушылар парақшаларға өз ойларын жазып,
"Ғажайып саябаққа" орналастырады. Сіз осыдан сабақтың қандай
деңгейде өткендігін бағамдауға мүмкіндік
аласыз.
Сабақ соңында топ басшылары тобындағы
оқушылардың жауабын талқылап, ұпай сандары бойынша бағалайтын
болады.
XI. Үйге тапсырма: "Түркістан"
өлеңін жаттау.
Өлеңге толық талдау
жасау.