Материалдар / Ашық сабақ Модель түрлері 6-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Модель түрлері 6-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: Модель түрлері Мақсаты: Объектінің ақпараттық және графикалық модельдерін құрастыра алуға, айырмашылықтарын ажырата білуге үйрету Оқыту нәтижесі: оқушылар ақпараттық, графикалық, материалдық модельдер ұғымдарын меңгереді, деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы білімдерін толықтырады Ресурстар: оқулық, танымдық сұрақтар, светофор белгілері, АКТ, ғаламтор материалдары Әдіс-тәсілдер: : «Сұрақ-жауап», «Ақпараттық диктант», «Альтернативті тест», жұптық, топтық жұмыс әдістері. Сабақтың барысы 1. Сабақтың басталуы  Шаттық шеңбер. Танысу, өзінің жақсы қасиетін айтып өтеді.  Топқа біріктіру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қаңтар 2019
393
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Информатика

6 сынып

Тақырыбы: Модель түрлері

Мақсаты: Объектінің ақпараттық және графикалық модельдерін құрастыра алуға, айырмашылықтарын ажырата білуге үйрету

Оқыту нәтижесі: оқушылар ақпараттық, графикалық, материалдық модельдер ұғымдарын меңгереді, деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы білімдерін толықтырады

Ресурстар: оқулық, танымдық сұрақтар, светофор белгілері, АКТ, ғаламтор материалдары

Әдіс-тәсілдер: : «Сұрақ-жауап», «Ақпараттық диктант», «Альтернативті тест», жұптық, топтық жұмыс әдістері.

Сабақтың барысы

1. Сабақтың басталуы

  • Шаттық шеңбер. Танысу, өзінің жақсы қасиетін айтып өтеді.

  • Топқа біріктіру.


2. Үй тапсырмасын сұрау.

1. Модель. Нақты бір қарапайым нысанның кішірейтілген нұсқасы.

Оқушылар өз қалауынша құрастырған қандай да бір объектінің моделін көрсетеді. Қалай жасағанын дәлелдейді.

3. Үй тапсырмасын қорыту.

1-тапсырма

Альтернативті тест (ия, жоқ)

1.Модель – бұл глобус және әлем картасы, жердің тартылыс күшінің формуласы, көрме стендіндегі зымыранның макеті, мектептегі биология кабинетіндегі көрнекі құралдар, әйгілі суреттердің көшірмесі. (ия)

2.Нақты нысандарды (түпнұсқа) зерттеу мақсатында адамның қолымен жасалған нысан – модель деп аталмайды. (жоқ)

3.Модель – нақты нысанды, құбылысты немесе үдерісті қарапайым етіп түсіндіреді. (ия)
4. Модельдеудің кезеңдері: есептің қойылымы, модельді құру, компьютерлік модель, модельдеу нәтижесін талдау. (ия)

5. Модельдеу кезінде алдымен нысанның немесе қандай да бір үдерістің қасиеттерін білу, сонымен қатар модельдеу кезеңдерін жоспарлау д қажет емес. (жоқ)

2-тапсырма (1-топ)

Ақпаратты диктант

  1. Модель – бұл .................................................................................................................................. ...........көшірмесі.


2.Нақты ..................... (түпнұсқа) зерттеу мақсатында адамның қолымен жасалған нысан – .................... деп аталады.


3.Модель – нақты нысанды, құбылысты немесе үдерісті................................ етіп түсіндіреді.

4. Модельдеудің кезеңдері: ...................................................................................


5. Модельдеу нәтижесін талдау барысында алынған нәтиженің мақсатқа сәйкес ......................... немесе мақсатқа ....................................... талданады


2-тапсырма 2-топ

Сәйкестендіру кестесі


1.Модель - бұл да нәтиже 1-3

2.Модельдеу - есептің қойылуы, модель құру, компьютерлік тәжірибе, модельдеу нәтижесін талдау. 2-4

3. Модельдеудің кезеңдері - нақты нысанды, құбылысты немесе үдерісті қарапайым етіп түсіндіреді. 3-2

4. Анықталған қате - нысандарды , үдерістердің және құбылыстарды зерттеу үшін модель құру. 4-1


Сабақтың ортасы.

  • Ой толғау.

  • Тақырыпты айқындау.

  • 1-топ

  • 1. Мысықтың баласы - марғау

  • 2. Біздің мектептің бақшасында өсетін көкеніс түрі -орамжапырақ

  • 3. Баскетбол, волейбол ойнауға арналған құрал - доп

  • 4. Ең төзімді жануар - есек

  • 5. "Арыстан" сөзінің орысша аудармасы- лев

  • 6. Жіңішкелік белгісі -

  • 2-топ

  • 1. Қу жануар - түлкі

  • 2. Кішкентай сөзіне антоним сөз - үлкен

  • 3. Теннис ойнауға арналған

  • құрал -ракета

  • 4. Ешкінің төлі - лақ

  • 5. Ең берік ағаш -емен

  • 6. "Кемпірқосақ" сөзінің орысша аудармасы -радуга

Жаңа сабақ Модель түрлері:

  • Мәтінмен жұмыс. Әр топ оқулықтан мәтінді оқып, түсінуі керек және жаңа сабаққа кластер жасау, қорғау.


Модельдер келесі белгілер бойынша жіктеледі:

Қолдану аймағы (оқулық, ойындық, тәжірибелік, имитациялық және т.б)

Уақыт факторын ескеру (статистикалық және динамикалық)

Көрсету немесе ұсыну тәсілі.

Оқу моделіне - оқыту программаларын жатқызуға болады.

Динамикалық модель - уақыттың өтуіне байланысты нысан қасиеттерінің өзгерісін көрсетеді.

Берілу тәсіліне бойынша модельдеудің жіктелуін толығырақ қарастырайық.

Ақпараттық модель дегеніміз-нысанның, үдерістің, құбылыстың қасиеттері мен күйін сипаттайтын ақпарат жиынтығы және сыртқы әлеммен өзара байланысы болып табылады.

Таңбалық модельдерге сурет, мәтін, график, сызбалар мысал бола алады.

Компьютерлік модель деп программалық орта көмегімен жүзеге асатын модельдерді айтады.

Компьютерлік модельдеу кезінде программалардың компьютерде жұмыс істеу технологиясын жақсылап меңгеру қажет.

Сергіту сәті:

Жаңа сабақты түсінгенін тексеру.


Компьютерде тәжірибелік жұмыс орындау

А,В,С деңгейі


Бекіту.

Фишбоун (Балық скелеті) әдісін қолдану.


Өзіңді тексер!

1-топ 1-2 сұрақ 1-с, 2-в.

2-топ 3-4 сұрақ 3-в, 4-в.


Бағалау.


Сабақтың аяқталуы

Не үйрендік, нені түсінбедім.


Балалар, сабағымыздың тақырыбы қандай еді?

Біз тақырып бойынша не білуіміз керек еді?

Мақсатымызға жеттік пе? Неліктен?


Кері байланыс. Стикерге жазу




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!