Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ: Мұхит суларының қозғалысы

Материал туралы қысқаша түсінік
7-сыныпқа география пәнінен сабақ беретін ұстаздарға бір көмегі болар. Мұхит суларының қозғалысы тақырыбы бойынша ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:Гидросфера Мектеп: «А.Орманбетов атындағы шағын жинақты негізгі орта мектебі» КММ

Күні:

Сынып: 7 сынып Мұғалімнің аты-жөні: Бахытбекова Н.Б.

Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Мұхит суларының қозғалысы.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сəйкес)

7.3.3.6.Мұхит суларының қозғалысын жіктеп, түсіндіреді.

Сабақтың мақсаты

Оқушылар дүниежүзілік мұхит суларының қозғалысы, түрлерін, қалыптасу себептерін, таралу аймақтарын біледі. Климатқа әсерін түсінеді.

Барлығы: Мұхит суының қозғалысын, ағыстарды біледі.

Басым бөлігі: Ағыстар мен толқындардың туындау себептерін біледі. Ағыстар мен толқындарды салыстырады.

Кейбір оқушылар: Ағыстардың маңызын және климатқа әсерін біледі. Қалқыма мұздардың дрейфі туралы айтады және картадан көрсетеді.

Күтілетін нәтижелер:

Мұхит суының қозғалысын түсінеді. Ағыстардың түрлерін, туындау себептерін біледі.

Ағыстар мен толқындарды салыстырады.Ағыстардың маңызын және құрлық климатына әсерін біледі.Толқын элементтері мен ағыс ерекшеліктерін сипаттай алады; негізгі ағыстардың таралу аймақтарын анықтайды, картадан көрсете алады.



Негізгі ұғымдар мен терминдер:


Толқын қыры, табаны, биіктігі, ұзындығы, жылы ағыс, суық ағыс, бейтарап ағыс, көтерілу толқындары, толқынның маңызы. Дрейф.

Бағалау критерийі

Түсіну: Судың қозғалу себебін түсіндіреді. Толқын элементтерін көрсетеді.

Қолдану: Дүниежүзілік мұхиттағы ағыстарды картадан табады.

Жинақтау: Ағыстар мен толқындарды салыстырады.Ағыстар маңызын, құрлық климатына әсерін біледі. Қалқыма мұздардың дрейфі туралы айтады және картадан көрсетеді.

Тілдік мақсаттар

Оқылым-айтылым: Мәтіндегі негізгі ойды бірлесе оқиды,тапсырмаларды орындау барысында оқушылар топтық талқылаулар арқылы бір бірімен пікір алмасады,пікірталас, диалогқа қатысады.

Тыңдалым-жазылым:Ойларын ортаға салады, дәлелдейді, картамен жұмыстарын жүргізеді.Дәптерге терминдерді жазып алады.

Құндылықтарға баулу

«Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы». Қазақстандық патриотизм азаматтық жауапкершілік, құрмет, ынтымақ-тастық,еңбек пен шығармашылық, ашықтық, өмір бойы оқып үйрену. Өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарауға, тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығына баулу. Əрбір нағыз патриоттың парызы – мемлекеттік тілді білу жəне отандастарымызға оны меңгеруге көмектесу.Сонымен қатар, Қазақстандағы барлық ұлттың тілдерін дамыту үшін жағдай жасау, үштілділік қағидатын енгізу демаңызды.


Пəнаралық байланыс

Физика-конвекция ұғымын қалыптастыру. Экономика- шаруашылықта пайдалану.Экология – ағыстардың ластанудың таралуына әсер етуі.

Алдыңғы білім

Мұхиттардағы судың қозғалысын біледі.


Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Cабаққа қажетті ресурстар

Сабақтың басы

10 мин



  • Оқушылармен амандасып, түгендеу; психологиялық жағымды ахуал тудыру; Ұнаған сөйлемге шапалақтан тұратын салют. Оқушылар ұнаған сөйлемдерге шапалақ ұрып, сабаққа деген көңіл – күйлерін көрсетеді.

  • Мен мектепте сабақтамын

  • Мен қазір сабақ оқи бастаймын

  • Мен барлаушы сияқты барлығын байқап отырамын

  • Менің есте сақтау қабілетім мықты

  • Мен сабақта зейінді боламын

  • Менің көңіл- күйім жақсы

  • Менің оқығым келеді

  • Мен жұмыс істеуге дайынмын

  • Үй тапсырмасы: 1) тест тапсырмалары (тест тапсырмаларын ноутбукта (ақылды кітап) орындау); 2) жеке тапсырма: «Дүниежүзілік мұхит суындағы бағалы химиялық шикізаттар және оларды өндіру»

Қалыптастырушы бағалау: геометриялық фигуралар (өзін -өзі бағалау)

  • Сабақтың тақырыбын анықтау. Ақылды кітаптың (ноутбук) жұмыс үстеліндегі суреттер бойынша жұпқа бөлу.

(Толқындар, жылы ағыстар, суық ағыстар, цунами)

Бүгін сабаққа қандай мақсатпен келдіңдер? Сабақ мақсаты туралы пікірлерін айтады.

Сабақтың тақырыбы және мақсаты анықталады.














АКТ

Электронды оқулық,

Геометриялық фигуралар

Сабақтың ортасы

24 мин

Тапсырма: №1. (С)

1. Визуальді көру арқылы есте сақтау мақсатында bilimland.kz сайтынан бейнеролик көрсету: «Толқындар, мұхиттық ағыстар»

Дескриптор:

  • Бейнероликтен ағыстар туралы және толқынға тән элементтер туралы мәлімет алады.

  1. Мәтінмен жұмыс: оқушылар «Мұхит суларының қозғалысы» тақырыбы бойынша мәтінмен танысады.

Дескриптор:

  • Мәтіннен мұхит суларының қозғалыстары мен ағыстары туралы мәлімет алады;

  • Мұхит сулары мен атмосфера арасындағы байланысты біледі.

  • Тақырып бойынша негізгі ұғымдарды біледі.

Тапсырма: №2 (ЖЖ)

1 жұп:Мәтінді мұқият оқып шығып, толқынға және ағысқа тән белгілер мен айырмашылықтарын , таралу аймақтарын , климатқа әсерін Венн диаграммасына толтырыңдар (топтық жұмыс):

Толқын Ағыс

Oval 1 Oval 2





Бейнеролик

(bilimland.kz)

Оқулық мәтіні,

оқулық суреттері,

қима қағаздар



Дескриптор

  • Толқын мен ағыстың анықтамаларын айтады;

  • Мәтіннен толқын мен ағысқа

тән белгілерді ажырата алады;

  • Ұқсастықтарын атап бере алады.

Қалыптастырушы бағалау: бас бармақ


2 жұп: Берілген мәтін бойынша толқын өлшемдерін сызбаға түсіріңдер.

Толқын қыры н\е жалы

Толқын биіктігі

Толқын табаны

Толқын ұзындығы

Дескриптор:

  • Толқын элементтерін мәтіннен таба алады:

  • Толқын өлшемдерін атай алады;

  • Суретке толқын элементтерін жазады.

Қалыптастырушы бағалау: Бағдаршам әдісі

3- жұп: Кестені толтырыңыз.


Мұхит

Ағыстар

Тынық мұхиты


Атлант мұхиты


Үнді мұхиты


Солтүстік Мұзды мұхиты


Оңтүстік мұхит



Дескриптор: - Мұхит аумағынан өтетін ағыстарды жазады;

Қалыптастырушы бағалау: қолпаштау


4- жұп: Сәйкестендіру. Терминдермен жұмыс (аудару) (интербелсенді тақтада орындау)

Дескриптор:

  • Тақырып бойынша берілген негізгі ұғымдар мен терминдерді анықтау;

  • Терминдердің аудармаларын сәйкестендіру;

  • Интербелсенді тақтада орындау.

Қалыптастырушы бағалау: мадақтау ( жарайсың, жақсы, талпын)

Сергіту: Мұхиттағы тіршілік (Нектон, планктон, бентос)(қалқыма, кезеген-жүзетін, тереңдік)




Ватман, түрлі түсті маркерлер



































Интербелсенді тақта, териндр жазылған қима қағаздар






Тапсырма №3. (Ж)

Атлас картаны қолданып, мұхит ағыстарының құрлықтың климатына тигізетін әсерін сипаттап, кескін картаға мұхит ағыстарын түсіру.







Д ескриптор:

  • кескін картаға мұхит ағыстарын түсіреді;

  • мұхит ағыстарының әсерінен құрлықтағы болатын климаттық өзгерістерге мысалдар келтіріп, сипаттайды.

Қалыптастырушы бағалау: қолпаштау

Тапсырма №4 (Т) Bilimland.kz сайтынан топтық тапсырмалар орындау. 1 топ- толқындар; 2- топ ағыстар

Дескриптор:

  • топпен жұмыс жасайды;

  • интербелсенді тақтада қатесіз орындайды


Атлас карта, кескін карта, оқулық
















Интербнлсенді тақта, Bilimland.kz сайты

https://bilimland.kz/kk#lesson=14028

https://bilimland.kz/kk#lesson=14026

Сабақтың соңы

6 мин








Сабақтың мақсатына жеттік пе?

Үйге тапсырма беру: 1) тақырыпты оқу, мазмұндау, кескін картаға ағыстарды түсіру;

2) Тақырып бойынша негізгі ұғымдар мен терминдердің анықтамасын жазу, аудару;

3) Толысу мен қайту құбылысын игеру туралы мәліметтер.




Саралау – Сіз қандай тəсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық жəне қауіпсіздік техникасын сақтау

Оқушылардың жеке қабілетіне қарай саралап тапсырмалар беру. Қабілеті жоғары оқушыларға салыстыру және ағыс пен толқынды пайдалануға тапсырмалар берілді. Карталарды салыстыру арқылы ағыстардың климатқа әсерін анықтайды.

Үйге тапсырма оқушылардың деңгейіне байланысты беріледі.


Қорытынды жасату;

Кесте , сызба түрінде ұсыну;

Анықтама терминмен жұмыс:

Сұрақ жауап;

Тест тапсырмалары

Bilimland.kz сайтынан видеоматериалдар мен тапсырмалар

Қалыптастырушы бағалаулар

Сабақ жоспарын әзірлеу үшін физика және экология пән мұғалімінің кеңесі қажет болды.АКТ- мен жұмыс жасау. Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолдану,оқушылардың денсаулығы мен

қауіпсіздігiне қатер төндірмейді

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма жəне неліктен?


Қорытынды бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

Сабақтың бұданда жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нəрсеге назар аудару қажет?


Shape3



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.10.2018
1668
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі