Ашық сабақ "Натурал және бүтін көрсеткішті дәреже" 7 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Натурал және бүтін көрсеткішті дәреже" 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдер сабақ жоспарына кіріктіру арқылы пайдалануға болатын әдіс
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Натурал және бүтін көрсеткішті дәреже.

Сабақтың мақсаты:

1. Натурал және бүтін көрсеткішті дәрежелердің қасиеттерін қайталай отырып, есеп шығаруда дағды қалыптастыру, қосымша мәліметтер беру.

2. Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, Саттар шығармаларының математикамен байланысын көрсету

3. Оқушыларды ұқыптылыққа, сауаттылыққа, нақтылыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: қорытынды сабақ

Сабақтың әдісі: топтық жұмыс, хан тағы, сұрақ – жауап

Сабақтың көрнекілігі: слайд, кеспе қағаздары, түсіндірме плакаттары

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру - 3 мин

ІІ Үй тапсырмасын тексеру - 2 мин

ІІІ Ауызша сұрақ – жауап - 5 мин

ІV Оқулықпен жұмыс - 8 мин

V Хан тағы (Сергіту сәті) - 3 мин

VІ Шығармашылық тапсырмалар - 5 мин

VII Қорытынды - 2 мин

VIIІ Үйге тапсырма №57 №58 2 мин

IX Бағалау 2 мин

І Ұйымдастыру Оқушылар өздеріне ұнаған фигураларды таңдау арқылы топқа бөлінеді, топқа басшы сайланады. Фигураларға байланысты мінездеме беріледі.

Үшбұрыш: билікке ұмтылыс, қайткен күнде де жеңіске жету, өзіне деген сенімділік, еңбекқорлық, тапқырлық, көпшілдік осы жандардың мінезінен табылады.

Төртбұрыш: білуге құштар, барлық жаңалыққа жаны құмар, батыл, бейбітшіл, тыныш өмірді қалайтын осы жандар.

Шеңбер: жақсы қарым – қатынас орната білетін, өзгелерге қолы ашық, қамқор, байсалды, сенгіш,әділетсіздікке қарсы тұруда батыл, қоғамдық жұмысқа белсене араласатын, таныстары мен достары көп жандар.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру

(оқушылар бір – бірімен дәптер ауысады, тақтадағы көрсетілген есептің жауабы бойынша тексереді. Топ басшы үй тапсырмасы бойынша есеп береді).

53. Төмендегі сөйлемдерді математикалық белгілер арқылы жазыңдар:

  1. және 4b сандарының қосындысының квадраты;

  2. және 4b сандарының квадраттарының қосындысы.

54. ; ; ; сандарын өсу ретімен;

; ; ; сандарын кему ретімен жазыңдар.

ІІІ Ауызша сұрақ – жауап

Натурал және бүтін көрсеткішті дәрежелерге байланысты әр топтың мүшелеріне сұрақтар қойылады. Әр топқа 6 сұрақтан 18 сұрақ

1) Дәреже дегеніміз не? 7) (-5)3= 13) 27=

2) a0= 8) m4·m6= 14) 128=

3) 0,12= 9) 0,5-2= 15) 64=

4) 2-3= 10) a4:a-5= 16) 4·0,52=

5) (-3)4= 11) (a2)3= 17) -8=

6) = 12) (2-1)-4= 18) =

ІV Оқулықпен жұмыс

55 Есептеңдер:

  1. 3)

  2. ; 4)

56 1) Егер санның квадраты ; болса, онда осы санның кубын;

2) егер санның кубы ; болса, онда осы санның квадратын табыңдар.

V Хан тағы (Сергіту сәті)

Ортаға бір оқушы шығып, хан тағына отырады. Ханға берілген сілтеме бойынша жасырын сөзді таба білуі керек. Жасырын сөздер: геометрия, Әл – Фараби, сызықтық функция, Саттар Ерубаев

Мұғалім: Саттар Ерубаев есеп –қисапқа өте жүйрік адам болған, оны есепке үйреткен ағасы Есім болатын. Саттардың бұл қабілеті шығармаларында да көрініс тауып отырған. Алдымызда тұрған тапсырмалар Саттар Ерубаевтың шығармаларынан үзінді ретінде алынған. Үзінді бойынша тапсырмаларды топпен бірлескен түрде орындаймыз.

VІ Шығармашылық тапсырмалар

1. Химия элементтерінің атомдық салмағы 14,008, неонның салмағы – 20,173, радийдікі –225,97. Бұл салмақтардың айырмасын білу үшін бір бірімен салыстыруымыз керек …

1) Үзінді қай шығармадан алынған?

2) Үзіндідегі математикалық шамаларды санның стандарт түрінде жазыңдар.

2. Қазақстанда пішен шабу жұмысы өте шабын жүріп келеді. Оңтүстік Қазақстан 480,200 гектардың орнына 240,400 гектар, Алматы 557,100 гектардың орына 241,100 гектар, Батыс Қазақстан 113,800 гектардың орнына 76,790 гектар ғана шауып отыр.

1) Үзінді қай шығармадан алынған?

2) Үзіндідегі математикалық шамаларды санның стандарт түрінде жазыңдар.


3. 7 август күні Бладивостоктан 200 миль жоғары Совет атты порттың жанында ашық теңізде 10 000 тонналық 3 крейсер, бір авионосецтен құрылған жапон эскадрасы көрініп қалды. 1 миль = 1609,344 м

1) Үзінді қай шығармадан алынған?

2) Үзіндідегі математикалық шамаларды санның стандарт түрінде жазыңдар.

VIII Қорытынды

Ертеңгі күннің сауатты да, саналы ұрпағы болып жетілу біздің және елбасымыздың талабы. Бүгінгі сабақта біз сендермен натурал және бүтін көрсеткішті дәреженің қасиеттерін есептер шығаруда қолдана білдік. Математиканың қажеттілігі жылдан жылға артып келе жатыр. Тек қана бізге осы сабақта ғана емес, өмірде де керек болады. Санның стандарт түрде жазылуы физика, химия, астрономия ғылымдарында жиі қолданылады. «Математика – барлық ғылымдардың патшасы», - деп текке айтылмаған.

VII Үйге тапсырма №57 №58

IX Бағалау

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
04.01.2018
467
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі