«Бекітемін» _____________________
оқу ісінің
меңгерушісі Г.Б.Абидоллаева
Бөлім
|
6.2. 3D - баспа
|
Педагогтың
аты-жөні
|
Серік Бағлан
Дарханұлы
|
Күні
|
12.12.2023
|
Сынып: 6
ә
|
Қатысушылар
саны
|
Қатыспағандар
саны
|
Сабақтың
тақырыбы:
|
Объектілердің 3D
модельдері
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту
мақсаттары
|
6.3.1.5 3D-редактордағы
объектілердің модельдерін құру
|
Сабақтың
мақсаты:
|
- 3D редактордағы объектілердің модельдеріне
анықтама
береді;
- 3D редактордағы объектілердің модельдерін
құрады;
- 3D редакторында жұмыс
жасауда 3D моделінің үш өлшемді кітапханасын пайдаланып жұмыс
жасайды.
|
Сабақтың
барысы:
Сабақтың кезені/
уақыт
|
Педагогтың
әрекеті
|
Оқушының
әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың
басы
11
минут
1
мин
2
мин
2
мин
1
мин
3
мин
2
мин
|
Ұйымдастыру.
Оқушылармен амандасу,
түгендеу.
«Анти-жалқаулық»
тренингі
Оқушыларға сыныпта жағымды
психологиялық ахуал жасау үшін арнайы дайындалған жақсы сөздер
витаминдер ұсынылады. Оқушылар өздеріне берілген витаминдердегі
сөздерді оқып, сабақ бойына сол сөздерді
ұстанады.
«Flippity» арқылы топқа
бөлу
Онлайн генератор көмегімен
топқа бөлу. Генератор ішінде оқушылардың аты-жөні жазылады және
автоматты түрде бөледі.
Оқушыларға бағалау парағын
таныстыру
Genially платформасын
қолдану арқылы
«Боулинг викторина» әдісін
ұйымдастырамын
Өткен сабақты
пысықтау
Кроссенс
әдісі арқылы сабақтың тақырыбын
ашу –
Өтілетін тақырыпқа байланысты
9 сурет дайындалады және ортасына сұрақ белгісі
қойылады
|
Мұғаліммен
амандасады.
Берілген витаминдердегі
сөздерді оқиды және сол сөздерді сабақ бойында ұстану
керек
Әр оқушы өзің қай тізімнен
көреді, сол топқа жиналу керек
Оқушылар бағалау парағымен
танысады.
Оқушылар
Genially платформасында шыққан
сұрақтарға жеке-жеке жауап береді.
Оқушылар сабақтың
тақырыбын ашу мақсатында экранда көрсетілген суреттерге мұқият
қарайды. 9 суретті ортақтастырып, сабақтың тақырыбын
ашады.
|
Дескриптор:
- сұрақтарға жауап берген
оқушылар бағалау парағында өзін-өзі бағалау арқылы ұпайларын
қояды.
|
«Анти-жалқаулық»
витаминдері
Flippity платформа
сілтемесі
https://flippity.net/rp.php?c=
Бағалау парағы
үлгісі
Genially
платформасы
https://view.genial.ly/656dfa998ea79a001452c36c/interactive-content-j-tapsyrmasy-3d-model
9 сурет
үлгісі
|
Сабақтың
ортасы
2
мин
3
мин
5
мин
|
Жаңа
тақырып
Барлық үшөлшемді
объектілердің белгілі бір қасиеттері бар.
Үшөлшемді объектіде
жасалу жолына қарамастан төмендегідей оқиғалар
болады:
1.
Аты – программа жасалып
жатқан үшөлшемді объектіге автоматты түрде атау
беріледі.
2.
Көріну – үшөлшемді объектінің
құжатта көріну-көрінбеу жағдайларын басқаруға
болады.
3.
Жағдай – кез келген объектіні
тізімге қосуға немесе тізімнен алып
тастауға болады.
Объектіні алып тастағанда, осы объект компьютерде
көрінбейді.
4.
Түс – үшөлшемді объектінің
түсін көрсетеді.
Көрсетілім
You Tube арнасынан түсіндірме
бейнені қарап шығу
1-тапсырма
Жұптық
жұмыс
Объектінің 3D моделі ретінде
«Хауыз» моделін, SketchUp программасының
көмегімен оның кеңістіктегі моделін
жасайсыңдар.
|
Мұғалімді
тыңдайды
Түсіндірме бейнені
қарайды
Бейнекөрсетілімде көрсетілген
қадамдар бойынша хауыздың 3D моделін
жасайды.
|
Дескриптор:
- SketchUp бағдарлама-сын іске
қосады;
- қадамдар-мен танысып
шығады;
- сол қадамдар бойынша
хауыздың 3D моделін
жасайды.
Бағалау парағы қолдану
арқылы өзін-өзі бағалайды
|
Интербел-сенді
тақта
презентация
https://youtu.be/RBfYA-ROBAQ
Ноутбук, ютуб
сілтеме
|
3
мин
|
2-тапсырма. Топтық жұмыс.
Baamboozle платформасын қолдану арқылы
ұйымдастыру
Платформада жаңа білім бойынша
бірнеше сұрақтар шығады. Сол сұрақтарға топпен ақылдаса отырып,
жауап беру керек
|
Тапсырманы топпен
орындайды, яғни құралдардың атауы мен қызметін табады. Әр тапқан
жауапқа ұпайлар беріліп отырады.
|
Дескриптор:
- құралдар-дың атауын
табады;
- құралдардың қызметін
атауымен бірге айта алады.
Бағалау парағына
тиісті ұпайларын жазады.
|
Baamboozle
платформасы https://www.baamboozle.com/game/1963584
|
6 мин
|
3-тапсырма.
Топтық практикалық
жұмыс
«3D қалам»
әдісі
Оқушылар 3D қаламды қолдану
арқылы «Көзілдіріктің 3 D моделін»
жасайды.
|
Әр топ оқушыларына
3D қаламдар беріледі. Оқушылар қауіпсіздік ережесімен танысып,
практикалық тапсырманы жасауға кіріседі.
|
Дескриптор:
- Көзілдіріктің моделін
құрастырады;
- көзілдіріктің 3D моделін
құрастырады. ;
- құрастырылған модельді
көрнекі түрде көрсетеді.
Бағалау парағына
тиісті ұпайларын жазады.
|
3D қалам, көзілдіріктің 2D
суреті
|
Сабақтың соңы
4 мин
|
Рефлексия
«Білім заряды»
әдісі
Бәрі
түсінікті
Сұрағым
бар
Қиналдым
|
Тақырып бойынша не білетінін,
не білгісі келетінін, неден қиналған
көрсетеді.
|
|
Презентация
|
Үй
тап-сырмасы
1
мин
|
Дәптерге өз үйлерінің моделін
салып келу.
|
|
|
|
Оқушының өзіне сенімін
арттыру, белсенділіктерін арттыру мақсатында мұғалімнің әр сабағы
әр түрлі, жан-жақты болуы керек. Сондықтан әр оқушының өз бетімен
жұмыс жасауына, шығармашылығын одан әрі арттыруына бағыт беру
керек. Осы мақсатта «Объектілердің 3D модельдері» тақырыбындағы
өткізген сабағыма тоқталып өтейін. Бұл сабақтағы менің
мақсатым 3D редактордағы объектілердің модельдеріне
анықтама беруге, 3D редактордағы объектілердің модельдерін құруға,
3D редакторында жұмыс жасауда 3D моделінің үш өлшемді кітапханасын
пайдаланып жұмыс жасауға дағдыландыру. Оқушылардың сындарлы білім
алуына ықпал тигізе алатындай әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, өз
бетінше оқуға жетелеу. Алған білімдерін өмірде қолдана білуге
дағдыландыру. Осы мақсаттарға сүйене отырып, сабағымды бастап
кеттім. Сабағыма кіріп, оқушылармен амандасып, түгендеп,
оқушылардың көңіл-күйлерін сұрап, сыныпта жағымды ахуал
қалыптастырудан бастауды жөн көрдім. Өмірмен байланыстыру ретінде,
оқушылардың сабақ бойында өздеріне мотивация болуы үшін
«Антижалқаулық» әдісін қолдандым. Оқушылар өздеріне берілген витаминдердегі
сөздерді оқып, сабақ бойына сол сөздерді ұстанамыз деп өз сөздерін
айтты. Оқушыларды сабақта топпен бірге жұмыс жасату мақсатында
«Flippity» платформасы арқылы топқа бөлдім. Бұо топқа бөлудің бір
ерекшелігі «автоматтылығында». Яғни оқушылар компьютердің берген
нұсқасы арқылы топқа бөлінеді. Әр сабақтың ең маңызды бөлігінің
бірі – бағалау. Сол бағалау әділ, шынайы болуы үшін, оқушыларға
өзін-өзі бағалау парағын ұсындым. Бағалау парағында жеке, жұптық
және топтық жұмыс бойынша ұпай сандары жазылып тұрды. Оқушылардың
мақсаты әрбір орындаған тапсырмалары бойынша өздерінің ұпайларын
бағалау парақтарына жазып отыру болды. Оқушылардың қызығушылығын
арттыру барысында үй тапсырмасын сұрау
мақсатында Genially платформасын қолдану
арқылы «Боулинг викторина» әдісін ұйымдастырдым. Интербелсенді
тақтадан үй тапсырмасына арналған сұрақтар боулингке арналған ойын
тақтасында шығып отырды. Оқушылар ойданып, сұрақтарға жеке дар
жауап берді. Оқушы сұрақтарға дұрыс жауап берсе, анимациялық доп,
боулинг тақтасындағы таяқтарды құлатты. Осыны көрген басқа оқушылар
келесі сұраққа қызыға, белсенді жауап беруге тырысты. Сабақтың
келесі кезеңінде «Кроссенс» әдісі арқылы сабақтың тақырыбын ашуға
тырыстым. Мақсатым – сабақтың тақырыбын оқушыларға миға шабуыл
арқылы аштыру болды. Интербелсенді тақтада өтілетін тақырыпқа
байланысты 9 сурет дайындалды және ортасына сұрақ белгісі қойылды.
Оқушылар сабақтың тақырыбын ашу мақсатында экранда көрсетілген
суреттерге мұқият қарады және 9 суретті ортақтастырып, сабақтың
тақырыбын ашты. Сабақтың тақырыбы ашылған соң, оқушыларға жаңа
тақырыпты түсіндіруге тырыстым. Өз сөзіммен бірнеше маңызды
ақпаратты айтып, соңында пракатикалық жұмысқа байланысты өзімнің
жеке ютуб каналымнан бейнетүсіндірме арқылы көрсеттім. 1 тапсырма
бейнекөрсетілімнен көрген білімдерін нақтылау үшін жоспарланды.
Объектінің 3D моделі ретінде «Хауыз» моделін,
SketchUp программасының
көмегімен оның кеңістіктегі моделін жасау керек болды. Оқушылар
компьютер құралында жұптық жұмыс жасады. Практикалық жұмысты
аяқтаған соң бір-бірінің жұмысын бағалады. Бағалауларын қолдарына
берген «Робот» бағалауына және бағалау парақтарына жазып отырды. 2
тапсырма оқушылардың бейнекөрсетімнен және практикалық жұмыстан
алған білімдерін жинақтау мақсатында жоспарланды. Осы білімдерін
жинақтау мақсатында Baamboozle платформасын қолданып, жаңа білім
бойынша бірнеше сұрақтар қойылды. Сол сұрақтарға топпен ақылдаса
отырып, жауап берді. Тапсырманы топпен орындады, яғни құралдардың
атауы мен қызметін тапты. Әр тапқан жауапқа ұпайлар беріліп отырды.
3 тапсырма осы уақытқа дейін алған білімдерін өмірде қолдану үшін,
яғни компьютермен емес шынайы өз қолдарымен 3D модель жасауға
бағытталды. Тапсырманың атауы «3D қалам» ә