Материалдар / Ашық сабақ Ойын стратегиясын құрудағы дағдыны дамыту 5сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Ойын стратегиясын құрудағы дағдыны дамыту 5сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне арналған ашық сабаққа 130бұйрықпен жасалған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Мамыр 2021
1335
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР № 92


Мектеп

Шығыс Казакстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№49 жалпы білім беретін мектебі» КММ

Мұғалімнің аты-жөні

Картенов Муратбек Максутканович

Сынып

5 «А» 2-топ

Күні

23.04.2021

Қатысушылар саны:

12

Қатыспағандар саны:

0

Бөлім

7-бөлім. Ойын кезіндегі басып кіру дағдыларын түсіну және үйрету

Сабақтың тақырыбы

Ойын стратегиясын құрудағы дағдыны дамыту

Оқу мақсаттары

5.1.6.6. Қимыл-қозғалыс белсенділігімен байланысты қиындықтарды жеңу және қауіп-қатерге жауап қайтара білудің қарапайым дағдыларын білу және анықтау

Сабақ мақсаттары

Қиындықты жеңе білу және қимыл-қозғалыс белсенділігімен байланысты қауіп-қатерлерге жауап қайтара білу дағдыларын дамыту

Бағалау критерийі

Қимыл-қозғалыстардағы қиындықтарды жеңу дағдыларын көрсетеді

Тілдік мақсаттар

Оқушылар: дене белсенділігі адамның денсаулығы мен физикалық күйін қалай жақсарта алатындығы талқылайды.

Пәндік лексика және терминология мыналарды қамтиды: шабуылдау ойыны, шамадан тыс жүктелген ойындар, бейімдендірілген ойындар, футбол добы, резеңке доп, түрлі түсті таспалар, ысқырық, Дриблинг, пас, жалтару, жүгіру, лақтыру, қағып алу, қағып әкету, белгілеу, оқшаулау, шабуылдаушы, қорғаушы, қарсылас, балдар, нысаналар, ережелер, тактикалар, стратегиялар, бірлескен жұмыс, допты меңгеру, доптан айырылу, әзірлеу, құру, рөлдер: ойыншы құрастырушылар, ұйымдастырушылар, көшбасшылар, төрешілер, технологиялық картаны жасаушы

Талқылауға арналған сұрақтар:

- командалық ойынды қалай жақсартуға болады?

- сендердің командаларың жиірек доп соғу үшін қандай тактиканы/стратегияны пайдаланды?

- сендер мақсатқа жету үшін командадағы мінез-құлықты қалай өзгерттіңдер?

- сендерге жиі пас беруге тура келді ме?

- сендер команданың барлық мүшелерінің қатысуын қамтамасыз ету үшін тұрақты байланыс жүргіздіңдер ме?

- допты ұстап қалу үшін сендер қандай стратегияларды пайдаландыңдар?

- сен жеке ойыншы ретінде команданың ойынын жақсарту үшін не істей аласың?

- ойында бастаманы кім көтерді және сен өзіңе бастама алдың ба?

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық: өзара жақсы қарым-қатынас орнатады, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастырады, бір-біріне көмек көрсетеді.

Академиялық әділдік: бір-бірін әділ бағалайды, идеялары мен ой-пікірлеріне құрметпен қарайды

Өмір бойы оқу: алған білімін өмірмен байланыстырады, кері байланыс орнатады, білім алуға деген сүйіспеншілікті қалыптастырады

Патриотизм және азаматтық борыш: отанға деген сүйіспеншілікті, адалдықты, өз іс-әрекеттерімен дәлелдейді

Өзіне және өзгеге құрмет: топтық жұмыс, жұптық жұмыс кезінде жүзеге асырады

Еңбек пен шығармашылық: альтернатив ойынды ұйымдастырады, ойын барысында жеңіске талпынады

Пәнаралық байланыстар

Биология, физика, математика, қазақ тілі, өзін-өзі тану, музыка

АКТ қолдану дағдылары

Ұялы телефон, планшет, ноутбук

Бастапқы білім

Ойын стратегиясын құрудағы дағдыны дамыту

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

Сабақтың кезеңдері

Оқушының әрекеті

Педагогтің әрекеті

Оқу ресурстары

Сабақтың

басы

10 минут

Дайындық бөлімі: Оқушыларды қатарға тұрғызу. Сәлемдесу. Рапорт қабылдау. Оқушылардың спорттық киімдеріне назар аудару. Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін анықтау. Техника қауіпсіздігін ескерту. Бой жазу жаттығуларын орындау. Тыныс жолдарын қалпына келтіру.

Оқушылардың қатарда түзу тұруың қадағалау. Келмеген оқушылардың себебін анықтау. Оқушылардың сабақтың тақырыбы мен мақсатын мұқият тыңдауын қадағалау. Бой жазу жаттығуларын ережеге сай орындалуын қадағалау.

Үлкен доптар (мысалы, баскетбол добы, пластиктен жасалған доп, нетбол үшін доп), теннис доптары (таңдау бойынша). Топтың талаптарына сәйкес

Жуков М.Н. Қозғалыс ойындары: Пед. ЖОО студенттеріне арналған оқу құралы. - М. «Академия» баспа орталығы, 2000. - 160 б.

Сабақтың

ортасы

25 минут

Ойнаушылардан үш немесе төрт бағана тұрғызылады, олар параллель сап түзейді. Олардың арасындағы арақашықтық-2 м, ал бағандағы ойыншылар арасында-бір қадам. Бағандардағы бас ойыншылар қысқа секірмеден алады. Белгі бойынша олар секірменің бір ұшын артта тұрған ойыншыға береді, екі ойыншы секірмені барлық бағанның аяқ астынан алып өтеді (жіп жерге сәл тимейді). Бағанда тұрғандар жіп арқылы секіреді. Бағанның бас ойыншысы артта қалады, ал оған көмектескен ойыншы секірмені алып алға жүгіреді (екінші ойыншы). Ол секірменің бос ұшын үшінші ойыншыға береді және жіп қайтадан барлық тұрған балалардың аяқ астарынан алып өтіледі. Енді бағанның соңында екінші нөмір қалады, ал үшінші нөмір алға қарай жүгіреді және т.с.с. Ойын барысында барлық ойыншылар секірмені команда бойынша өз серіктерінің аяқ астынан алып өтулері тиіс. Ойынды басында бірінші тұрған ойыншы аяқтайды (секірмені жоғары көтеріп). Ол ойынды сол жерде аяқтайды.

Ойынды бірінші болып аяқтаған, ойыншылары жіпке аз рет аяқтары тиген команда жеңіске жетеді.

Ойын ережелері: 1. Ойыншыларға жіпке аяқ тигізуге тыйым салынады. 2. Әрбір ойыншы секірме арқылы секіруі тиіс. 3. Әрбір ережені бұзушылық үшін командаларға айыппұл ұпайлары есептеледі.

«Волейбол» ойынын ойнаңыз. Ойнау шартын сақтаңыз. Кездескен қиындықтарды жеңу жолын анықтаңыз.

Дескриптор

- ойын шартын сақтайды;

- ойын барысында қимыл-қозғалыстардағы қиындықтарды көрсетеді;

- қиындықтарды жеңу жолын анықтайды.

Сабақтың

соңы

5 минут

Сабақты қорытындылау:

Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру. Тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау.

Сипаттама: Оқушылар өз беттерінше сабақтың басында қойылған сұраққа жауап береді. Өткен тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды, оқушылар ауызша жауап береді.

Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Сабақ басында қойылған сұрағына әр оқушыдан жауап сұрайды. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен үздіктерді атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады.

Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Үздік нәтиже көрсету үшін өзіндік ойлармен бөліседі. Сабақ басындағы мұғалім сұрағына жауап береді.

ҚОСЫМША АҚПАРАТ

Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлау?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлау?

Бағалау-оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау барысында оқушылардың деңгейін анықтап, деңгейлері бойынша тапсырмалар бердім. Сабаққа белсенді қатысып тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларды ауызша мадақтау арқылы бағаладым. Деңгейі жоғары оқушылармен араластырып білім деңгейлерін көтердім.

Оқушылар бір-біріне кері байланыс берді. «Қолмен белгі беру», «Бір минуттық эссе», «Ауызша бағалау» әдісі арқылы рефлексия жасалды.

Тапсырмаларды орындау кезінде спорттық құралдардың дұрыс орналасуына көңіл бөлу. Дене қыздыру жаттығуларының орындалуына аса көңіл бөлу, икемділікті дамытуға септігін тигізеді. Дене қуатын үнемдеу шарттары. Дұрыс тыныс алу. Сабақтың барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

-Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

-Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

-Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

-Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

-Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттары жоспар бойынша нақты қойылған. Сабақ соңында барлық оқушы оқу мақсатына қол жеткізді. Сабақ соңында саралау жүргізіліп, сабақ қорытындыланды. Кіріспе бөлім 10 минут, негізгі бөлім 25 минут, қортынды 5 минут регламент сақталды. Сабақ жоспарынан ауытқулар болған жоқ

Жалпы баға

Caбaқтың жақсы өткен eкi acпeктici (оқыту туpaлы дa, oқу туpaлы дa ойланыңыз)?

_____________________________________________________________________________________________________

Caбaқты жaқcapтуғa не ықпал ете aлaды (оқыту туpaлы дa, oқу туpaлы дa ойланыңыз)?

_____________________________________________________________________________________________________

Caбaқ бapыcындa cынып туpaлы нeмece жeкeлeгeн oқушылapдың жeтicтiк/қиындықтapы туpaлы нeнi бiлдiм, кeлeci caбaқтapдa нeгe көңiл бөлу қaжeт?

_____________________________________________________________________________________________________



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!