ашық сабақ Ойын техникасын жетілдіру.Футбол

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ашық сабақ Ойын техникасын жетілдіру.Футбол

Материал туралы қысқаша түсінік
ашық сабақ Ойын техникасын жетілдіру.Футбол дене шыныктыру панине комекши курал пайдаланып кориниз рахмет
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР № 8


Бөлім

2-бөлім. Спорттық командалық ойындар арқылы бірлесе әрекет етуі

Педагогтіңаты-жөні

Әлқуатова Ақтүйме

Күні


Сынып

7 А Ә Б В Г Ғ

Сабақтың тақырыбы

Ойын техникасын жетілдіру.Футбол. Ойын ережелері.ӨҚН

Оқу мақсаттары

7.1.1.1 Кең ауқымдағы арнайы спорттық қимыл-қозғалыс әрекеттерінің дәлдігін, бақылауды және икемділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдыларын жетілдіру

Сабақ мақсаттары

Түрлі арнайы спорттық қимыл-қозғалыс әрекеттерін орындау кезіндегі дәлдікті, бақылауды және икемділікті дамыту

Бағалау критерийі

Қозғалыс әрекеттерін бақылайды. Қимыл-қозғалыс үйлесімділігін сақтайды

Тілдік мақсаттар

Оқушылар: ойындар олардың жеке де, сондай-ақ командалық та физикалық дағдыларын дамытуға көмектесетіндігі туралы өз түсініктерін көрсете және сипаттай алады. Пәндік лексика және терминология мыналарды қамтиды: кері серпу, ұшып келіп ұру, допты беру; допты лақтыру, қағып алу, алып жүру (қолмен/аяқпен), ұру; қарсы тұру, шабуыл, қорғаныс; тактика, проблема, шешім; қауіпсіздік; рөлдер және қалыптар: қорғаушы/шабуылдаушы, ойыншы, гол соғушы/қақпашы, орталық/бүйірлік, байланыстырушы; дәлді; орталық.

Талқылауға арналған сұрақтар:

- сендер бұл ойында қандай тактиканы қолдандыңдар?

- сендер допты ұстап қалу немесе доппен ілгері жүру үшін қандай тактикаларды пайдаландыңдар?

- бұл ойынды жақсырақ ойнау үшін, сендерге нені жетілдіру қажет – жекен немесе командалық дағдыларды ма?

- сендер өз ойындарыңа қатысты қазір, қарсылас командаға қарсы ойынның бастапқы тәжірибесі болған кезде қандай шешімді басқаша қабылдар едіңдер?

- сендер ойын ережесін сақтадыңдар ма?

- ойындардағы қауіпсіздік туралы неліктен хабардар болуымыз керектігін айта аласыңдар ма?

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық: өзара жақсы қарым-қатынас орнатады, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастырады, бір-біріне көмек көрсетеді.

Академиялық әділдік: бір-бірін әділ бағалайды, идеялары мен ой-пікірлеріне құрметпен қарайды.

Өмір бойы оқу: алған білімін өмірмен байланыстырады, кері байланыс орнатады, білім алуға деген сүйіспеншілікті қалыптастырады.

Патриотизм және азаматтық борыш: отанға деген сүйіспеншілікті, адалдықты, өз іс-әрекеттерімен дәлелдейді.

Өзіне және өзгеге құрмет: топтық жұмыс, жұптық жұмыс кезінде жүзеге асырады.

Еңбек пен шығармашылық: альтернатив ойынды ұйымдастырады, ойын барысында жеңіске талпынады.

Пәнаралық байланыстар

Биология, физика, математика, қазақ тілі, өзін-өзі тану, музыка

АКТ қолдану дағдылары

Ұялы телефон, планшет, ноутбук

Бастапқы білім





САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

Сабақтың кезеңдері

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру

Кезеңі

Қызығушылықты ояту

8 мин


Оқушылардың қатарда түзу тұруың қадағалау. Келмеген оқушылардың себебін анықтау. Оқушылардың сабақтың тақырыбы мен мақсатын мұқият тыңдауын қадағалау. Бой жазу жаттығуларын ережеге сай орындалуын қадағалау.

Эстафета. Командалық жұмыс

(Ж, С, К) «Көшбасшының ізінен жүр».


«Қолмен белгі беру»











«Ауызша бағалау» әдісі













«Бір минуттық эссе»












Ысқырық, фишкалар, бор

Сабақтың

ортасы

30 минут

Эстафеталарда топтардың саны сыныптағы балалардың санына, жолдардың, секунд өлшегіштердің санына, сондай-ақ мұғалімнің сабақтағы уақытына байланысты. Уақытты үнемдеу үшін топтар бір рет жинақталады-осы ойынды зерттеу басында-және одан әрі топ құрамы өзгермейді. Алайда жекелеген ойыншыларды бір топтан басқасына ауыстыруға болады. Топтарды аралас етуге болады (ұлдар мен қыздар бірге), қалған отрядтарда ұлдар мен қыздар жеке-жеке ойнайды.

Қайталаулар саны кезең ұзындығына байланысты: 30 м кезінде-1-2 рет, ал 60 м-3-4 рет. Тынығу кідірістері мұнда қысқа, ал жүгіру жылдамдығы жоғары, нәтижесінде балалардың ағзасына үлкен жүктеме түседі..

Шағын топтарға бөлініп, шеңбермен жүгіру кезінде эстафеталық таяқшаны беру техникаларын көрсетіңіз.

Дескриптор

- шеңбер бойынша жүгіреді;

- қозғалыста таяқшаны береді/алады;

- жеңіл жүгіріп, таяқшаны береді/алады.

Сабақтың

соңы

7 минут









Сабақ бойынша рефлексия

-Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

-Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

-Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

-Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

-Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?




Үй тапсырмасы

Жалпы дамыту және бой жазу жаттығулары



























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.00.2021
422
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі