Материалдар / Ашық сабақ "Өмірің өз қолыңда "
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Өмірің өз қолыңда "

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға өмір, оның мәні туралы түсінік беріп, адамның өмірі өз қолында екендігін түсіндіру. -оқушыларға адам өмірінің мағыздылығы туралы түсінік беру, - оқушылардың адамгершілік қасиеттерін дамытуға ықпал ету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қаңтар 2018
733
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мақтарал ауданы. Арайлы ауылы.

С. Датұлы атындағы жалпы орта мектебі мемлекеттік мекемесі

Өзін-өзі тану пәні мұғалімі: Осимова Нұрсұлу Оспанқызы

Пәннің аты:

Уақыты:

Мұғалім

Тексерілді:

Сабақтың атауы

Өмірің өз қолыңда

Мақсаты


Міндеті

Оқушыларға өмір, оның мәні туралы түсінік беріп, адамның өмірі өз қолында екендігін түсіндіру.

-оқушыларға адам өмірінің мағыздылығы туралы түсінік беру,

- оқушылардың адамгершілік қасиеттерін дамытуға ықпал ету.


Ұйымдастыру

Шаттық шеңбері

Ұйымдастыру кезеңі

Тыныштық сәті

Нұрға бөлену «Жан ана » әнін хормен орындау.



Үй тапсырмасын сұрау

«Миға шабуыл» әдісі арқылы өтілген тақырып бойынша әр топқа сұрақтар беріледі. 1. Адам баласы өмірде қарым-қатынас жасау қажетпе?

  1. Өмір адамға несімен қымбат?

  2. Сенің өміріңдегі мақсатың қандай?

  3. Адам өмірі мәнді болуы үшін не істеуі керек?

Оқушылар сұрақтарды топпен талқылап жауап береді.

Топтастыру

DrawObject3 DrawObject1 DrawObject2

Оқушылар таңдаған фигуралардың түсіне қарай топтасады


Бес құндылық:

Ақиқат

Дұрыс әрекет

Ішкі тыныштық

Сүйіспеншілік

Қиянат жасамау

Дәйексөз

Жақсылық көрсем өзімнен

Жамандық көрсем өзімнен

Тағдыр қылды дегенді

Шығараманы сөзімнен.

С. Торайғыров


Жаңа сабақ









Өмірің өз қолыңда тақырыбында ой толғау

Абайдың «Он жетінші» қара сөзін оқу

Қайрат, ақыл, жүрек үшеуі өнерлерін айтысып, таласып келіп, ғылымға жүгініпті.

Қайрат айтыпты:

«Ей, ғылым, өзің де білесің ғой, дүниеде ешнәрсе менсіз кәмелетке жетпейтұғынын; әуелі, өзіңді білуге ерінбей-жалықпай үйрену керек, ол – менің ісім. Құдайға лайықты ғибадат қылып, ерінбей-жалықпай орнына келтірмек те – менің ісім. Дүниеге лайықты өнер, мал тауып, абұйыр мансапты еңбексіз табуға болмайды. Орынсыз, болымсыз нәрсеге үйір қылмай, бойды таза сақтайтұғын, күнәкәрліктен, көрсеқызар жеңілдіктен, нәфсі шайтанның азғыруынан құтқаратұғын, адасқан жолға бара жатқан бойды қайта жиғызып алатұғын мен емес пе? Осы екеуі маған қалай таласады?» – депті.

Ақыл айтыпты:

«Не дүниеге, не ахиретке не пайдалы болса, не залалды болса, білетұғын – мен, сенің сөзіңді ұғатұғын – мен, менсіз пайданы іздей алмайды екен, залалдан қаша алмайды екен, ғылымды ұғып үйрене алмайды екен, осы екеуі маған қалай таласады? Менсіз өздері неге жарайды?» – депті.

Онан соң жүрек айтыпты:

«Мен – адамның денесінің патшасымын, қан менен тарайды, жан менде мекен қылады, менсіз тірлік жоқ. Жұмсақ төсекте, жылы үйде тамағы тоқ жатқан кісіге төсексіз кедейдің, тоңып жүрген киімсіздің, тамақсыз аштың күй-жәйі қандай болып жатыр екен деп ойлатып, жанын ашытып, ұйқысын ашылтып, төсегінде дөңбекшітетұғын – мен. Үлкеннен ұят сақтап, кішіге рақым қылдыратұғын – мен, бірақ мені таза сақтай алмайды, ақырында қор болады. Мен таза болсам, адам баласын алаламаймын: жақсылыққа елжіреп еритұғын – мен, жаманшылықтан жиреніп тулап кететұғын – мен, әділет, нысап, ұят, рақым, мейірбаншылық дейтұғын нәрселердің бәрі менен шығады, менсіз осылардың көрген күні не? Осы екеуі маған қалай таласады?» – депті.

Сонда ғылым бұл үшеуінің сөзін тыңдап болып, айтыпты:

Ей, қайрат, сенің айтқаныңның бәрі де рас. Ол айтқандарыңнан басқа да көп өнерлеріңнің бары рас, сенсіз ешнәрсенің болмайтұғыны да рас, бірақ қаруыңа қарай қаттылығың да мол, пайдаң да мол, бірақ залалың да мол, кейде жақсылықты берік ұстап, кейде жамандықты берік ұстап кетесің, соның жаман, – депті.

-Ей, ақыл! Сенің айтқандарыңның бәрі де рас. Сенсіз ешнәрсе табылмайтұғыны да рас. Жаратқан тәңіріні де сен танытасың, жаралған екі дүниенің жайын да сен білесің. Бірақ сонымен тұрмайсың, амал да, айла да – бәрі сенен шығады. Жақсының, жаманның екеуінің де сүйенгені, сенгені – сен; екеуінің іздегенін тауып беріп жүрсің, соның жаман, – депті.

Сен үшеуіңнің басыңды қоспақ – менің ісім, – депті. Бірақ сонда билеуші, әмірші жүрек болса жарайды. Ақыл, сенің қырың көп, жүрек сенің ол көп қырыңа жүрмейді. Жақсылық айтқаныңа жаны-діні құмар болады. Көнбек түгіл қуанады. Жаманшылық айтқаныңа ермейді. Ермек түгіл жиреніп, үйден қуып шығарады. – Қайрат, сенің қаруың көп, күшің мол, сенің де еркіңе жібермейді. Орынды іске күшіңді аятпайды. Орынсыз жерге қолыңды босатпайды. Осы үшеуің басыңды қос, бәрін де жүрекке билет, – деп ұқтырып айтушының аты ғылым екен. Осы үшеуің бір кісіде менің айтқанымдай табылсаңдар, табанының топырағы көзге сүртерлік қасиетті адам – сол. Үшеуің ала болсаң, мен жүректі жақтадым. Құдайшылық сонда, қалпыңды таза сақта, құдай тағала қалпыңа әрдайым қарайды деп кітаптың айтқаны осы, — депті.

Мәтінді оқып өз ойларын ортаға салады


Оқушылар хормен оқиды.










Оқушылар өздерінің ой-пікірлерін ортаға салады














Жағдаяттарды талдау .


Оқушылар слайдтағы суреттерді көре отырып өміріндегі баршылық пен жоқшылықтың білуге үйретемін. (слайд)


Ой толғаныс






























Қызығушылықты ояту

Әңгімелеу Екі қасқыр

(аңыз)

Баяғының қарттары енді ғана ес біліп келе жатқан немерелерін алдына алып, өнегелі өсиеттерді ақылды аңыз, есті ертегі түрінде жастайынан келер ұрпақтың құлағына сіғіре береді екен. Сондай кемеңгер қариялардың бірі немересіне өмір сырын былай деп айшықтап айтып жатыр екен

Әр адамның көкірегінде екі қасқырдың өзара тайталасына ұқсас тартыс жүріп жатады. Оның бірі күншілдік, қызғаныш сияқты жаман қасиеттерді бейнелесе, екіншісі- сенім шындық, меиірім, адалдық секілді жақсы қасиеттерді бейнелейді. Бұл екі қасқыр сәт сайын, қадам сайын айқасып өмір бойы күресумен болады. Сонда зерделі немересі атасының сөзін бөліп, былай деп сұрапты:

Ал ең соңында қай қасқыр жеңеді?

Атасы сәл ойланып, немересінің пайымдылығына сүйсіне отырып, жауап беріпті:

Сен қайсысын көбірек қоректендірсең, сонысы жеңеді.

Ойын. Мақалдың жалғасын толығымен айту.

1-топ

  1. Ынтымақты елде...

  2. Халқын сүйген – халқының ...

  3. Ел үшін аянба – ерлігіңе сын , жұрт үшін ...

  4. Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті...

  5. Отан ... ыстық

  6. Жақсы сөз ...

  7. Өтірік сөз...

2-топ

  1. Тізе бүгіп тірі жүргеншеғ тік тұрып...

  2. Ер ел үшін туады,...

  3. Отан – елдің анасы, Ел...

  4. Отан үшін күрес , Егер -...

  5. Сөз тапқанға...

  6. Тіл тас жарады, тас жармаса ...

  7. Ақылды қария – ағып ....


Оқушылар берілген тапсырмаға өз ойларын жазып түсіндіріп береді.

Кері байланыс

Соңғы тыныштық сәті:


Оқушылар сабақтан алған әсерлерін «Екі жұлдыз бір тілек арқылы жеткізеді»







«Адам өз өмірінің қожасы, сондықтан өз бақытын өзі жасауы керек. Ол не нәрсеге де ұқыптылықпен қарап жиған-тергенін орынсыз шашпай, кез-келген адамға сырын ашпай өзінің мақсат мүдделері жөнінде достаымен ғана бөлісіп отыруы керек. Осылайша өмір сүрген адамның ар-ожданы таза болады» деген екен !бу Насыр Әл-Фараби




































































1-топ

  1. Ынтымақты елде...

  2. Халқын сүйген – халқының ...

  3. Ел үшін аянба – ерлігіңе сын , жұрт үшін ...

  4. Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті...

  5. Отан ... ыстық

  6. Жақсы сөз ...

  7. Өтірік сөз...






2-топ

  1. Тізе бүгіп тірі жүргеншеғ тік тұрып...

  2. Ер ел үшін туады,...

  3. Отан – елдің анасы, Ел...

  4. Отан үшін күрес , Егер -...

  5. Сөз тапқанға...

  6. Тіл тас жарады, тас жармаса ...

  7. Ақылды қария – ағып ....
























Баяғының қарттары енді ғана ес біліп келе жатқан немерелерін алдына алып, өнегелі өсиеттерді ақылды аңыз, есті ертегі түрінде жастайынан келер ұрпақтың құлағына сіғіре береді екен. Сондай кемеңгер қариялардың бірі немересіне өмір сырын былай деп айшықтап айтып жатыр екен




Әр адамның көкірегінде екі қасқырдың өзара тайталасына ұқсас тартыс жүріп жатады. Оның бірі күншілдік, қызғаныш сияқты жаман қасиеттерді бейнелесе, екіншісі- сенім шындық, меиірім, адалдық секілді жақсы қасиеттерді бейнелейді. Бұл екі қасқыр сәт сайын, қадам сайын айқасып өмір бойы күресумен болады. Сонда зерделі немересі атасының сөзін бөліп, былай деп сұрапты:





































1.«Досы көпті жау алмайды» дегенді қалай түсінесіздер?



2. Ұлы Абайдың « Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас» деген ойының ақиқаттығына мысал келтіре аласыз ба?



3. Нағыз достық, нағыз шынайы махаббат кез елген адамның өмірінде кездесе бермейді деген пікір бар. Осы пікірге сіздің ойыңыз қалай?





1.«Досы көпті жау алмайды» дегенді қалай түсінесіздер?



2. Ұлы Абайдың « Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас» деген ойының ақиқаттығына мысал келтіре аласыз ба?



3. Нағыз достық, нағыз шынайы махаббат кез елген адамның өмірінде кездесе бермейді деген пікір бар. Осы пікірге сіздің ойыңыз қалай?





1.«Досы көпті жау алмайды» дегенді қалай түсінесіздер?



2. Ұлы Абайдың « Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас» деген ойының ақиқаттығына мысал келтіре аласыз ба?



3. Нағыз достық, нағыз шынайы махаббат кез елген адамның өмірінде кездесе бермейді деген пікір бар. Осы пікірге сіздің ойыңыз қалай?







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!