Материалдар / Ашық сабақ Ондық бөлшек 5 сынып

Ашық сабақ Ондық бөлшек 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ондық бөлшектер тақырыбы бойынша ашық сабақ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Қараша 2024
63
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пәні: Математика

Мектеп


Бөлім

5.3В Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану

Мұғалімнің аты-жөні


Күні


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Ондық бөлшек. Ондық бөлшектерді оқу және жазу. Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

5.1.2.25

бөлшектерді бір жазылу түрінен басқа жазылу түріне ауыстыру;

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: Ондық бөлшектерді оқып, жаза алады;

Басым көпшілігі: Ондық бөлшекті жай бөлшекке, жай бөлшектерді ондық бөлшекке айналдыра алады;

Кейбір оқушылар: Есептер шығаруда қолдана біледі.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурс-тар

Сабақтың басы













8 мин







Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу. Сыныпты түгендеу.

"Сізге не қажет, өзіңізге алыңыз"психологиялық ахуал. Үй тапсырмасын тексеру.

740 есеп. Аралас сан түрінде жазып,

қысқартыңдар:

741 есеп. Аралас сандарды ондық бөлшек түрінде жазыңдар:

Оқушыларды сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру. Сабақ барысында әрбір кезеңге атау беріп, соңында алғашқы асыл қасиет жазылған сөзді аламыз. Ең бірінші кезеңіміз «ТАЛАП» деп аталады, бұл кезеңде сендерге өткен тақырыптар бойынша сұрақтар беріледі.

  1. Ондық бөлшектер дегеніміз қандай бөлшектер?

  2. Жай бөлшектер дегеніміз қандай бөлшектер?

  3. Ондық бөлшектің жазылуында үтір қайда қойылады?

  4. Мына бөлшектерді ондық бөлшектерді жай бөлшектер түрінде жазыңдар:

4,345; 0,33; 25,25.

  1. Ондық бөлшекті жай бөлшек түрінде қалай жазамыз?

  2. Жай бөлшекті ондық бөлшек түрінде қалай жазамыз?

  3. Бөлшектің алымы, бөлімі бөлшек сызығының қай бөлігінде жазылады?

  4. Мына ондық бөлшектерді оқыңыздар:

0,013; 1,24; 12,008.






Оқушылар мұғаліммен бірге үй тапсырмасын слайд арқылы тексереді.

























Оқушылар өздерінің тақырып бойынша оқып, үйренгенін пайдаланып сұрақтарға жауап береді.




Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде белсенділік танытқан оқушыларды мадақтау сөздермен бағалайды.

«Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»















Мұғалім оқушыларды мадақтау сөздермен бағалайды.

«Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»






Слайд, үй тапсырмасы































Слайд, қайталауға арналған сұрақтар

Сабақтың ортасы

























5 мин

І. «Талап» кезеңі

Ондық бөлшекті жай бөлшек түрінде жазу үшін:

1. үтірге дейінгі цифрларды жай бөлшектің бүтін бөлігіне жазу керек;

2. үтірден кейінгі цифрларды (ондық таңбаларды) жай бөлшектің алымына жазу керек.

3. жай бөлшектің бөліміне 1 цифры және үтірден кейін неше цифр болса, сонша нөл (нөлдер) тіркеліп жазылады.

Жай бөлшекті ондық бөлшек түрінде жазу

Бөлімдерінің жай көбейткіштерге жіктелуінде 2 мен 5 сандары ғана болатын қысқартылмайтын жай бөлшектерді ондық бөлшек түрінде жазуға болады.

Бөлімдерінің жай көбейткіштерге жіктелуінде 2 мен 5-тен басқа да көбейткіштері бар қысқартылмайтын жай бөлшектер ондық бөлшек түрінде жазылмайды.

жай бөлшектерін ондық

бөлшек түрінде жазуға болады.

жай бөлшектерін ондық

бөлшек түрінде жазуға болмайды.

Бөлімдері 2, 4, 5, 8, 20, 25, 50 және 125 сандары болатын жай бөлшектерді ондық бөлшек түрінде жазуға болады.

Ол үшін жай бөлшектің бөлімі 10, 100, 1000 және т.с.с. болатындай натурал санға оның алымын да, бөлімін де көбейту керек.

Жеке жұмыс

Ондық бөлшектерді жай бөлшекке, аралас санға айналдыру.

Жай бөлшек пен аралас сандарды ондық

бөлшекке айналдыру.


Оқушылар өздерінің тақырып бойынша оқып, үйренгенін пайдаланып өткен сабаққа қайталау жүргізеді.















Оқушылар өздерінің тақырып бойынша оқып, үйренгенін пайдаланып жеке тапсырмаларды орындайды
















Мұғалім оқушыларды мадақтау сөздермен бағалайды.

«Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»



Слайд,

Ондық бөлшекті жай бөлшек түрінде жазу, Жай бөлшекті ондық бөлшек түрінде жазу ережелері

Оқулық-пен жұмыс







10 мин















ІІ. «Еңбек» кезеңі

748 есеп. Бос орындарға теңдік "тура теңдік" болатындай санды тауып қойыңдар:

749 есеп. Берілген бөлшектерді ондық бөлшек түрінде жазуға бола ма? Егер болса, ондық бөлшек түрінде жазыңдар:



«Сиқырлы қалпақ» әдісі

Сиқырлы қалпақ астында жасырылған ондық бөлшектер мен жай бөлшектерді екі бағанға жинақтау. «Жай бөлшек», «Ондық бөлшек».

0, 87 4,023 0,045 17,65


Сергіту сәті

«Математикалық фаст-фуд» әдісі

Сыныпта жасырылған аралас сандар мен жай бөлшектер және ондық бөлшектер жазылған попкорндар мен фри таяқшалары және қуырылған тауық еттерін өз қораптарына оқушылар жылдам жинауы керек.

Оқушылар бос орындарға теңдік "тура теңдік" болатындай санды тауып қояды.


Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдырады.


Жасырылған ондық бөлшектер мен жай бөлшектерді екі бағанға жинақтайды.


Сергіту сәтін жасайды.

Мұғалім оқушыларды ынталандыру мақсатында тәттілермен бағалайды.








Мұғалім оқушыларды мадақтау сөздермен бағалайды.

«Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»



Тақта, тәттілер













Слайд, «Жай бөлшек»,«Ондық бөлшек»




попкорн, фри таяқшалары, тауық еттері

Оқулық-пен жұмыс









10 мин

ІІІ. «Терең ой» кезеңі

750 есеп. Бөлшектердің бөлімдерін жай көбейткіштерге жіктеп, қай бөлшекті ондық бөлшек түрінде жазуға болатынын анықтаңдар. Оларды ондық бөлшек түрінде жазыңдар:



IV. «Қанағат» кезеңі

Жеке жұмыс

Бос орындарға тиісті сөздерді табыңыздар:

1. Бөлімдері 10, 100, 1000 және т.с.с болатын жай бөлшектерді ондық бөлшек түрінде жазуға болады

2. Санды ондық бөлшекпен жазғанда бүтін бөліктен соң үтір қойылады.

3. Жай бөлшектің ондық бөлшек түрінде жазылуында оның бөлімінде қанша нөл болса, үтірден кейін сонша цифр болады.

4. Ондық бөлшектің бөлшек бөлігінің цифрлары

ондық таңба деп аталады.

5. Бөлімдерінің жіктелуінде 2 мен 5 сандарынан басқа жай көбейткіштер болмайтын қысқармайтын бөлшектер ондық бөлшек түрінде жазылады.


Математикалық диктант

Мұғалім жай бөлшектер мен ондық бөлшектерді оқиды, оқушылар мұғалімді тыңдап, бөлшектерді санмен жазуы керек.

Екі бүтін жүзден жиырма бес;

Нөл бүтін оннан жеті;

Жиырма бестен үш;

Үш бүтін жүзден бір;

Жүзден қырық бес;

Он бестен жетпіс үш;

Нөл бүтін мыңнан жүз жиырма екі;

Мыңнан елу алты;

Жиырмадан үш;

Отыз бір бүтін жүзден тоғыз.

Бөлшектердің бөлімдерін жай көбейткіштерге жіктеп, қай бөлшекті ондық бөлшек түрінде жазуға болатынын анықтап, оларды ондық бөлшек түрінде жазады.


Оқушылар бос орындарға тиісті сөздерді жазады.



Оқушылар мұғалімді тыңдап, бөлшектерді санмен жазады.

Оқушылар бір-бірін бағалайды.









Оқушылар бір-бірінің тапмаларын тексереді.Мұғалім мадақтау сөздермен бағалайды.





Оқушылар бір-бірінің тапмаларын тексереді.Мұғалім мадақтау сөздермен бағалайды.

БShape1 ағалау парақшалары



Shape2



Shape3








Таратпа материал












Жеке жұмыс


7 мин

V. «Рақым» кезеңі

Қалыптастырушы бағалау

Оқу мақсаты: 5.1.2.25 бөлшектерді бір жазылу түрінен басқа жазылу түріне ауыстыру.

Бағалау критерийі : Білім алушы

  • Жай бөлшектерді ондық бөлшекке айналдырады;

  • Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдырады.

Тапсырма

Кестені толтырыңыз:

Жай бөлшек

Ондық бөлшек









Дескриптор: Білім алушы

  • жай бөлшекті ондық бөлшек түрінде жазады;

  • ондық бөлшекті жай бөлшек түрінде жазады.

Оқушы берілген тапсырмаларды орындайды, қиындық болса мұғалліммен бірге орындайды



Мұғалім оқушылардың тапсырмаларын тексеріп, бағалайды.

Қалыптастырушы бағалау

таратпа материалы

Сабақтың соңы



5 мин

Кері байланыс

«...Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ –
Бес дұшпаның, білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой –
Бес асыл іс, көнсеңіз...» Абай Құнанбаев


Бағалау: Оқушылар мұғаліммен бірге ондық бағалау жүйесімен өздерін бағалайды.

«Сэндвич» әдісі

Позитивті комментарий:

"Не ұнады?"

Сындарлы сын:

"Нені жақсарту керек?"

Келешекке арналған комментарий:

"Маған ұнады, бірақ келесі жолы..."

Үй тапсырмасы: №752. Сағат есебімен (ондық бөлшек түрінде) жазыңдар:

1) 6 мин; 12 мин; 15 мин; 30 мин; 45 мин;

2) 1 сағ 6 мин; 7 сағ 15 мин; 2 сағ 18 мин; 4 сағ 45мин.

«Сэндвич» әдісі арқылы оқушылар мұғаліммен сабаққа кері байланыс жасайды.


Оқушылар мұғаліммен бірге ондық бағалау жүйесімен өздерін бағалайды.








































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ