Материалдар / Ашық сабақ "Оңтүстік Қазақстан сақтары. Алтын адам. Есік обасы"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Оңтүстік Қазақстан сақтары. Алтын адам. Есік обасы"

Материал туралы қысқаша түсінік
5 сыныптың Қазақстан тарихы пәнінен Оңтүстік Қазақстан сақтары. Алтын адам. Есік обасы тақырыбында ұстаздарға ашық сабақ өткізуге болатын материал ұсынылып отыр. Жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес барлық талаптар сақталынған. Әр тапсырмаға дескриптор, бағалау парақшасымен бірге ұсынылған. Оқушыларды бағалаудың жаңа тәсілі жапондық үлгісі көрсетілген.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Желтоқсан 2017
1874
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады




Сабақ: Қазақстан тарихы

Мектеп: Ұзынағаш орта мектебі

Күні: 14.12.2017 жыл

Мұғалімнің аты-жөні: Нұрсейітова Ж.О.

Сынып: 5 Б сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Сабақтың

тақырыбы:

Оңтүстік Қазақстан сақтары. Есік обасы. Алтын адам.

Сабақ негізделген оқу мақсаты

5.2.3.1 – қазақстандық ғалымдардың археологиялық жаңалықтарын білу;

5.2.2.4 «Алтын адам» жәдігерін өнер туындысы ретінде сипаттау


Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар істей алады:

- Сақтардың әйгілі археологиялық ескерткіштерін атайды;

- Есік обасынан табылған «Алтын адам» кім болғандығын анықтайды

Оқушылардың көпшілігі істей алады:

- Қазақстан жерінде табылған үш алтын адамның табылған жерлерін картадан көрсетеді;

- Археологиялық олжаның ерекшеліктерін көрсетеді.

Кейбір оқушылар істей алады:

- Қазба жұмыстар жүргізу нәтижесінде табылған археологиялық деректердің маңызын дәлелдейді

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Білу, түсіну,талдау

Бағалау критерийлері

- Есік обасының археологиялық олжаларын біледі;

- Археологиялық ескерткіштің неліктен «Алтын адам» деп аталатынын түсінеді

Пәнаралық байланыс

жаратылыстану, бейнелеу өнері

Құндылықтармен байланыс

- шығармашылыққа баулу;

- ізденіс қабілеттерін арттыру;

- көптеген ғасырлар бойы адамдар жинақтаған жалпы адамзаттық құндылықтарға баулу;

- өз елінің тарихи құндылықтарын құрметтеуге үйрету

Тілдік мақсат

Оқушылар:

«Алтын адам», күміс тостаған, ақинақ, көсем, патша, археология, оба деген сөздер бойынша түсінік қалыптасады

Негізгі сөздер мен тіркестер (пәнге арналған сөздік және терминология):

Ақинақ, көсем, патша археология, қорған, оба, қорым

Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер

1. Алтын адам туралы естулерің бар ма?

2. Алтын адам деген кім?

3. Алтын адамның макетін Алматы қаласына барғанда көрдіңдер ме?

Алдыңғы білім

Сақтар туралы жазбаша деректер туралы біледі

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар ескертпелерді жазыңыз

Ресурстар

Сабақтың Басы









5 мин.










Ұйымдастыру шаралары: (Сәлемдесу түгендеу)

Сергіту сәті: Жұмыр қылыш биі

Үй тапсырмасын сұрау:

Презентациядан арнайы дайындалған сұрақтар оқушыларға қойылады.

Дескрипторлар:

1. Сұрақтарға нақты, әрі мүдірмей жауап беру.

2. Басқа жауаптармен шатаспау

Бағалау: Бағдаршам әдісі арқылы

Жаңа білім:

Қызығушылықты ояту кезеңі

Сынып оқушылары «Алтын адамның» баскиімі, камзолы, белбеу, тостағаны суреттері арқылы 3 топқа бөлінеді. Сонымен қатар тақтада осы суреттер жинағын қосып қою арқылы оқушылардың жаңа тақырыпқа қызығушылығы артады.

СУРЕТТЕР ЖИНАҒЫМЕН ЖҰМЫС:


1.Суреттерде не көріп отырсыздар?
2.Не ерекше болды?
3.
Осы жәдігерлер туралы не білесіздер?
4. Тақырыпты болжап көріңіз....

Болжамдарын негіздейді.

Есік обасында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары бейнеленген ғаламтордан алынған фотосуреттер, карточкалар, кескін карта, стикерлер, маркерлер, флипчарт







Ортасы


10 мин.



































10 мин.








































15 мин.
















Түсіну:

Сақтар тақырыбы бойынша бейнематериал көру.

Мәтінмен жұмыс. Джигсо әдісі арқылы әр топқа ұсынылған материалдарды топта оқып талқылап белгіленген уақыт біткен кезде бір топ мүшесі келесі топқа барып түсіндіреді. Қысқаша сызба сызса болады.

Дескрипторлар:

  1. Мәтінді түсініп оқиды

  2. Оқылған мәтінді топта талқылайды

  3. Қысқаша ақ параққа сызба түсіреді

  4. Келесі топқа мәтінді анық етіп түсіндіреді

  5. Өз тобында барлық түсінген ақпаратпен бөліседі

Бағалау критерийі:

«Алтын адам» жәдігерін өнер туындысы ретінде сипаттау

«Алтын адамның бас киімі» тобы

Бас киімі кейінгі қазақ киімі үлгілеріне ұқсас, биік, шошақ төбелі, ұзындығы -70 см шамасында. 150 - ге жуық әшекей заттармен безендірілген. Бас киімі әшекейлердің орналасуына байланысты үш бөліктен тұрады: көк әлемі, жер әлемі және жер асты әлемі. Арқардың алтын статуэткасы бас киімнің ең ұшында орналасқан. Ол таудың мәңгілік қар - мұз басқан шың құздарын мекендеуші жануар тәңірге бір табан жақын, «кіршіксіз» деп есептелген.

«Алтын адамның камзолы» тобы

Үстінде үшбұрышты алтын жапсырмалармен тағылған қысқа қамзол, көкірегінің тұсы, жеңі алтын тағалармен өрнектелген. Камзол қызыл күдеріден тігілген. Бұл жапсырмалардағы басты идея – көк аспан идеясы, яғни күн нышаны мен кульминациясы.

«Алтын адамның белбеуі» тобы

Белбеуге аңға ұқсас бейнелер, сонымен қатар 16 тоға бұғы бейнесінде жапсырылған. Белдікті безендірген шығыршық және алтын белдік бас. Оған барыс бейнесі және иіріліп жатқан қасқырды бейнелеген. Қасқыр мен барыс басқа әлемді бейнелейтін және жендеттік жасайтын жыртқыш болып есептеледі.

«Күміс тостаған» тобы

Есік қорымынан алтын киімді сақ жауынгерімен бірге түрлі ыдыс-аяқтар және осы жазуы бар күміс тостаған табылды. Тостаған «Назарбаев Орталығында» сақтаулы тұр. Жасы б.з.д IV-V ғ.ғ деп есептеледі. Тостағанның сыртында екі жолға жазылған 26 таңба орналасқан. Оны белгілі түркітанушы-ғалым Алтай Аманжолов оқыған. Мағынасы: «Аға саған бұл ошақ! Бөтен ел адамы тізеңді бүк! Халықта азық-түлік мол болғай!» .


Бағалау: Жапондық әдіс

Алтын адам туралы бейнеролик көрсету. Бейнероликті көргеннен кейін оқушыларға жұптық тапсырма беру.

Жұптық жұмыс:

A-тапсырмасы:

1. Алтын адам қай жылы табылды?
2. Алтын адам киімінде неше мың әшекей бар?3. Алтын адам қай жерден табылды?4. Алтын адамды кім тапты?5. Алтын адам киіміндегі әшекей бұйымдар қай стильге жатады?6. Алтын адам қазір қай жерде сақтаулы тұр?

Дескритор:Берілген сұрақтың әр дұрыс жауабына 1 балл қойылады.

Б-тапсырмасы: Есік обасынан табылған маңызды үш заттың тізімін жасап, сипаттаңыз.

1-зат..........................................................................

2-зат..........................................................................

3-зат.........................................................................

Дескриптор:Берілген тапсырма бойынша үш затты атап сипаттайды. Әр дұрыс затты атауы мен сипаттауына қарай 1 балл қойылады.

С-тапсырмасы:

«Алтын адам» археологиялық жәдігерінің ашылуының маңызы зор» деген тұжырымды қолдайтын 3 дәйек келтіріңіздер.

Дескрипторлар:

1. Біздің жерімізден табылған «Алтын адам» құнды жәдігер екенін айтады.

2. Әлемдік археологиялық мәдениет топтамасына кіретінін айтады.

3. Сақ тайпасы мәдениетінің жоғары деңгейде болғандығын дәлелдейді.

Бағалау: Ұсынылған Дескриптор бойынша оқушылар өзің-өзі бағалайды. Өзің –өзі бағалау парақшасында.



Сақтар мәдениеті (мәтін)



































Соңы



5 мин.






Тақырыпты бекіту сұрақтары:

Иә-1. Жоқ-0

Тұжырым

Иә-1. Жоқ-0

«Алтын адам» 1970ж. ашылды


«Алтын адамды» ашқан - К. Ақышев


«Алтын адамда» аң стилі басым.



Алтын адам көшірмесі Бәйтерекке орнатылған


Алтын адамда барыс бейнеленбеген


Күміс тостағанда 26 таңбалы жазу бар


Үй тапсырмасын беру: «Алтын адам» - сақ патшасы» тақырыбына әңгіме жазу



Кері байланыс:

1.Пікір

2.Мысал

3.Дәлел

4. Қорытынды.









Қосымша ақпарат


Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері, денсаулық, АКТ-мен байланыс.

1. Топтық, жұптық жұмыстар арқылы оқушыларға өзара қолдау, көмек көрсету жүзеге асырылады.

2. Барлық оқушыларға «Алтын адам» ескерткішін анықтау себептерін білу тапсырмалары беріледі. Сынып оқушылары теорияны практика жүзінде көрсетеді, көру, есте сақтау қабілетін дамытады.

1. Оқушылардың қажетті білімдерін білу мақсатында ашық сұрақтар беріледі. 2.Топтық жұмыс арқылы оқушылардың бірлескен әрекетін бақылау.

3. Кері байланыс (ауызша)

4. Ой қозғау.

5. Әр оқушының оқу мақсатына жеткендігін анықтау үшін бағалау критерийлері мен дескрипторлар қолдану.

АКТ қолданған кезде оқушылардың қауіпсіздік ережелері сақталды.

Рефлексия

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

- Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?

- Бүгін оқушылар не білді?

- Сыныптағы ахуал қандай болды?

- Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

- Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

- Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?



































Бағалау парақшасы:

Аты – жөніңіз:


Тақырыпты бекіту сұрақтары:

Иә-А. Жоқ-Б

Тұжырым

Иә-А. Жоқ-Б

«Алтын адам» 1970ж. ашылды


«Алтын адамды» ашқан - К. Ақышев


«Алтын адамда» аң стилі басым.



Алтын адам көшірмесі Бәйтерекке орнатылған


Алтын адамда барыс бейнеленбеген


Күміс тостағанда 26 таңбалы жазу бар



Неше дұрыс жауап :



Жеке жұмыс:

A-тапсырмасы:

Дескритор:Берілген сұрақтың әр дұрыс жауабына 1 балл қойылады.



Б-тапсырмасы: Есік обасынан табылған маңызды үш заттың тізімін жасап, сипаттаңыз.

Дескриптор:Берілген тапсырма бойынша үш затты атап сипаттайды. Әр дұрыс затты атауы мен сипаттауына қарай 1 балл қойылады.

С-тапсырмасы:

«Алтын адам» археологиялық жәдігерінің ашылуының маңызы зор» деген тұжырымды қолдайтын 3 дәйек келтіріңіздер.

Дескрипторлар:

1. Біздің жерімізден табылған «Алтын адам» құнды жәдігер екенін айтады.

2. Әлемдік археологиялық мәдениет топтамасына кіретінін айтады.

3. Сақ тайпасы мәдениетінің жоғары деңгейде болғандығын дәлелдейді.

Бағалау: Ұсынылған Дескриптор бойынша оқушылар өзің-өзі бағалайды. Өзің –өзі бағалау парақшасында.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!