Ұйымдастырушылық-ізденістік
|
Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын
тауып көріңдерші:
Тіркеп алған үйлері
бар,
Қара тұлпар көшіп жүр.
(пойыз)
Олай болса балалар осы пойызбен біз
орманға саяхатқа шығайық. Пойызға отыру үшін бізге, балалар билет
керек. Ол билеттер менде бар, сендерге билет таратамын, сол билетте
бейнеленген пішін түстерін таңдап өз орындарыңа
отырасыңдар.
Ал, паравоз баста
алға,
Бәрімізді басқар
да!
Пш — пш, пш — пш!- біз
кеттік
Чуһ-чуһ-чуһ,
чуһ-чуһ,
Орманға біз
барамыз,
Әсем әнді
саламыз.
Бип-бип,пыш-пыш,
Бірте-бірте тез
дейміз,
Тез жетуді
көздейміз.
Бип-бип,
пыш-пыш,
Қызық болды, кеп
қалдық,
Енді жайлап
тоқтаймыз.
Міне балалар біз пойызбен орманға келіп
жеттік.
Қанеки вагоннан түсіп жолға түсіп
қыдырайық.
Мына жерде не екен
балалар?
Бұл жер көгал екен, бұл жерде
түрлі-түсті гүлдер өсіп тұр екен.
-Балалар, гүлдер қандай түсте
екен?
-Қызыл, сары, көк,жасыл түстер
екен.
(көбелектер ұшып
келді)
-Балалар мына жерге көбелектер ұшып
келді, қане, үрлейікші көбелекті, көңілдірек
ұшсын.
Сөздік жұмыс:
көбелектер, гүлдер.
-Балалар, көбелектер шаршады, гүлдерге
қонсын.
Орманға саяхатты әрі қарай
жалғастырамыз.
Мына жерде су ағып жатыр екен,
балалар.
-Бұл судан қалай өтеміз, аяғымыз су
болмау үшін?
-Аттап өтеміз.
Қоян құсап
секіріп.
(Алдарынан ну орманға кездеседі,
жылаған баланың дауысы естіледі)
-Естідіңдер ме,
балалар?
-Біреу жылап отырған секілді
ме?
-Кім екен жылап
отырған?
Бұл Маша екен балалар. Машаны біз қай
мультфилмнен кездестіреміз?
Маша орманға жидектер мен саңырауқұлақ
теруге келіпті, ол сүрініп құлап себеттеріндегі жидек,
саңырауқұлатарын шашып алыпты. Осы жидектерін Машаға жинап
берейік.
Саңырауқұлақты бір себетке, жидектерді
бір себетке жинап берейік.
Қорбаңдаған
аюдың,
Құлпынайы көп
екен,
Теріп-теріп
алайық,
Себеттерге
салайық.
Машаның әлі де көңіл-күйі жоқ сйяқты,
неге екенін сұрап білейік.
Балалар, жаңа жидек теріп жүріп құлап
қалған кезде Машаның моншақтары үзіліп
қалыпты.
Моншақтарын тізіп беруге көмектесеміз
бе?
Балалармен жеке
жұмыс.
Моншақтарды жіпке
тізу.
Балалардың еңбектерін
бағалау.
Балалар, сендерге Маша көп-көп рахметін
айтып жатыр. Сендердің көп көмектерің тиді Машаға. Маша сендерге
ризашылық білдіріп, сендермен бірге ойын ойнағысы келіп
тұр.
Қимылды ойын: «Күн мен
жаңбыр»
Енді оған ата-әжесінің үйіне баратын
жолды көрсетіп, Машамен қоштасайық.
|
Балалардың
жауаптары.
Әр балам өз
түстерін тауып вагондарға
жайғасады.
Қимыл-қозғалыстар
жасайды.
Жалғыз аяқ
жолға түсіп жүреді.
Балалардың
жауабы.
-Қызыл.
-Сары.
-Көк.
Көбелектерді
үрлеп ұшырады.
Балалар бір-бір
көбелектерден ұстап қалаған гүлдеріне
қондырады.
Өздерінің
қандай түсті гүлге қондырғандарын
айтады.
Қоян жайлы, аю
жайлы тақпақтарын айтады.
Балалар,
жидектерді жинап себеттерге
салады.
Жеке-жеке
балалар жіпке моншақтар
тізеді.
|