Материалдар / Ашық сабақ "Ортақ іс табысы" 4 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Ортақ іс табысы" 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін-өзі тану пәнінен өтілген ашық сабақ осы салада қызмет етіп жүрген мамандарға пайдам тиер деген ниетпен салдым. Іске сәт!
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
602
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мектеп: Б.Түлкиев Мерзiм: 14.12.2017жыл

Тақырып: Ортақ іс табысы

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: достық, ынтымақ, бірлік

Мұғалiм: А.Омарова Сынып: 4 «А» Оқушылар саны:22


Сабақтың мақсаты: оқушылардың «еңбек», «сыйластық», «ынтымақ» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

  • ынтамақ, бірліктің адам өміріндегі маңызын түсіндіру;

  • бірлесіп жұмыс істей білу іскерліктерін дамыту;

  • өзара көмекке, достыққа тәрбиелеу.


Сабақ барысы: Сәлемдесу Оқушыларды түгендеу

  1. Ұйымдастыру кезеңi. 1минут

  2. Ертеңгілік шеңбері 1 минут

Қол алысып, қәне біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

  • Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

  1. Топқа бірігу. Күннің бетінен бұлттарды алу арқылы топқа бөліну 1 минут

  2. 5 Т ережесі 1 минут

  3. Тыныштық сәтi. 2 минут

Су асты патшалығына ойша саяхат. (Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).

Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

  • Рахмет, тыныштық сәтінен қандай әсер алдыңдар?

Ресурстар: оқулық

Плакат ,маркер,топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар,стикер



Шаттық шеңбері








1-топ: Ынтымақ

2-топ: Татулық

3-топ: Бірлік


5 Т ережесін еске түсіру


Аудиомузыка






































  1. Үй тапсырмасын тексеру. 7 минут

«Мақтаншақ жолбарыс» әңгімесін сахналау

  • Жолбарыс бұлбұлдан не үшін кешірім сұрады?

  • Сендерде осындай жағдай болды ма?

Сабақ барысын талқылау:


  1. Электронды оқулықтан ребус шешу. 2 минут

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл»

Тақырыпты ашу, талқылау

  1. Әңгiмелеу (сұхбат). 7 минут

М.Төрежановтің «Көп біріксе - береке» әңгімесін электронды оқулықтан тыңдау

1-топ:М.Төрежановтың «Көп біріксе – береке» әңгімесін оқу

2-топ: Оқылған әңгіме бойынша түсінік айту

3-топ: Берілген сұрақтарға жауап беру

  • Мектеп жанындағы ағаштардың ну орманға айналуының себебі неде деп ойлайсыңдар?

  • «Көп біріксе - береке» дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Көпшілікпен бірге еңбектенген ортақ істерін туралы естеріңе түсіріп, айтып көріңдер.

Сұрақтарға жауап беру


Топпен жұмыс

  1. Дәйек сөз. 2 минут

«Келісіп істесе, көп іс бітеді»

Құтып

1. Дәйексөзден не түсіндіңдер?
2. Сыныптастарыңмен жасаған ортақ істеріңнің нәтижесін көргенде қандай көңіл күйде болдыңдар?

Дәйексөзді талқылау

Дәптерге жаздыру

  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. 10минут

1-топ: Суретке қарап, әңгіме құрастыру.

«Ортақ іс табысы» тақырыбына постер қорғау

2-топ: Сурет бойынша сахналау

3-топ: Бірлік, ынтымақ тақырыбында мақал-мәтелдер арқылы үй құрастыру

Топпен жұмыс

  1. Топпен ән айту. 2 минут

«Бала тілегі»

Сөзі: С.Молдасанұлы

Әні: Ф.Жолдасова

Электронды оқулықпен бірге ән айту

  1. Үй тапсырмасы. 1 минут

М.Мақатаевтің «Анам маған...» өлеңін жаттау.

15 сабақ 78 бет

Күнделіктеріне жазып алу

13. Соңғы тыныштық сәті. 1 минут. Баяу әуен қойылады. Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. «Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бар жерде, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік» бүкіл әлемде.

АКТ-ны пайдалану.

  1. Бағалау. 2 минут. Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларлы мадақтау.


Стикерге сабақ туралы өз ойларын жазады.































Тыныштық сәті



Балалар ,ыңғайланып,еркін отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдарда болады.

Бізге күн жарқырап,сәулесін мол төгіп тұр. Ауа тап таза. Көгілдір аспан. Құстар сайрап даланың сәнін келтіріп тұр. Осылардың бәрі өз жақсылығын барлық адамға, барлық тіршілік иелеріне бірдей көрсетіп тұр. Адамдар да сондай болса екен,шіркін... Әрбір тірі жан иесі: кіп-кішкентай құмырсқалардан бастап құстар да,аңдар мен жануарлар да,адамдар да өзінің өмірі үшін құлшынып ,ұрпағы үшін тіршілік етіп жүр. Бәрі де осы ашық аспан аясында,бейбіт елде өмірге келгеніне қуанышты,болашағына сеніммен қарайды . Осындай жақсы ниетпен бұрынғы қалпымызға келейік.











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!