Материалдар / Ашық сабақ "Отанға жол" 8-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Отанға жол" 8-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға «Отан», «атамекен», «туған жер» ұғымдары туралы түсінік бере отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: 1. «отан», «атамекен», «туған жер» ұғымдарын байланыстыра отырып, оқушыларға тіршіліктің біртұтастығы туралы мағлұмат беру; 2. еліне, жеріне деген мейірімділікпен жауапкершілігін сезіне,қамқорлық жасай білуге баулу; 3. оқушыларды Отанына, атақонысына риясыз парызын өтеуге, қызмет етуге тәрбиелеу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қараша 2020
805
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тексерілді: _______________

«____»______________________

Пән: Өзін – өзі тану

Мектебі: «Сасан би атындағы орта мектеп» КММ

Күні: 11.12.2018 жыл

: 15

Мұғалімі: Еркінбекова Айнаш Еркінбекқызы

Сыныбы: 8

Оқушылардың саны: 14

Тақырыбы: Отанға жол

Құндылығы: Сүйіспеншілік

Қасиеттері: Толеранттылық (кеңпейілділік), ақжарқындылық, татулық.

Мақсаты: Оқушыларға «Отан», «атамекен», «туған жер» ұғымдары туралы түсінік бере отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  1. «отан», «атамекен», «туған жер» ұғымдарын байланыстыра отырып, оқушыларға тіршіліктің біртұтастығы туралы мағлұмат беру;

  2. еліне, жеріне деген мейірімділікпен жауапкершілігін сезіне,қамқорлық жасай білуге баулу;

  3. оқушыларды Отанына, атақонысына риясыз парызын өтеуге, қызмет етуге тәрбиелеу

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

1.Самопознание.kz

2.https://botan.cc


Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

5Т – ережесі:

1. Тәртіп.

2. Талап.

3. Тыныштық.

4. Тазалық.

5. Татулық.
Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

/Оқушыларды ән үзінділері арқылы топқа бөлу/ «Атамекен», «Туған жер» топтары

Жағымды көңіл – күйге келу. Су асты патшалығына ойша саяхат. Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.Рахмет!

Үй тапсырмасын тексеру. «Қар кесегі» әдісі арқылы

1. Келесі сабақ. №15, Ш.Күмісбайұлының «Отан» мәтінін оқып келу.

Сұрақтар:

  1. Атасы немересіне Ауған жерінен оралған балалардың келген себебін қалай түсіндірді?

  2. Мұса шет елде қандай оқиғаларды бастан кешірді?

  3. Мәтінде туған елге, атамекенге деген сүйіспеншілік қалай суреттелген?

  4. Отан алдындағы перзенттік парызын қалай өтер едің?

  5. Әңгіменің негізгі түйіні қай құндылықтың көрінісі.


  1. Сабақтың дәйексөзі.

(Оқушыларға үш рет айтқызып, дәптерге жаздырту)

Дүниеде туған еліңнен артық ел де, же де жоқ.

Ғабит Мүсірепов

Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов (22 наурыз 1902 жыл - 31 желтоқсан 1985 жыл) – қазақтың халық жазушысы, драматург, сыншы, мемлекет және қоғам қайраткері.

Сұрақтар:

1. Отан ұғымы тамырымызда бүлкілдеп, жүрегіміз боп соққанда ғана біз оның толық қанды ұланы бола аламыз деген тұжырымға өз ойларыңмен бөлісіңіздер.

2. Өздерің туған жердің қасиетін қалай түсініп,бағалайсыңдар?

3. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?


  1. Оқиға айту (Мұғалім сыйы)

Бауыржан Момышұлының өз дауысымен жазылған видеоны тамашалау

Сұрақтар:

  1. Отаныңа, туған жерге, туған елге неліктен риясыз қызмет етуіміз қажет?

  2. Елін, жерін шын сүйетін азаматтың бойында қандай құндылықтар мен қасиеттер басым болады?

  3. Өзіңнің туған елдің бір бөлшегі екеніңді қалай түсінесіз?



5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

І тапсырма.

І топ «Отан» сөзіне «Бес жол өлең» синквейн құрастыру,

ІІ топ «Бэкроним» әдісі арқылы «Туған жер» сөзіне сөйлем құрастыру

ІІ тапсырма. Постер қорғау

1. Біз елімізге не береміз?

2. Біз елімізді мақтан етеміз

ІІІ тапсырма. «Менің Отаным-шұғылалы тәуелсіз Қазақстан» эссе жазу

ІҮ тапсырма «Әдеби тосап» әдісі



6. Топпен ән айту. «Атамекен» сөзі: Қ.Мырзалиев

Жaсыл жaйлaу-түкті кілeм, көк кілeм,

Көк кілeмдe көп oйнaймын, көп күлeм.

Мaңдaйымнaн сипaп өткeн сaмaлды,

Қaзaғымнын aлaқaны дeп білeм.


Қaйырмaсы:

Кaйдa жүрсeм aтaмeкeн,

Көкeйімдe жaтaды eкeн.

Күннің өзі ұясынa,

Қимaй oны бaтaды eкeн.


Жaсыл жaйлaу-түкті кілeм, көк кілeм,

Көк кілeмдe көп oйнaймын, көп күлeм.

Aсқaр тaуым, aспaныммeн aстaсқaн,

Қaзaғымнын мәртeбeсі дeп білeм.


Жaсыл жaйлaу-түкті кілeм, көк кілeм,

Көк кілeмдe көп oйнaймын, көп күлeм.

Күннің нұрын, aйдың әппaк сәулeсін,

Қaзaғымның мaxaббaты дeп білем.


7. Үй тапсырмасы.

1. №15 – сабақ. «Мен және менің Отаным» атты әдеби - музыкалық кештің бағдарламасын жасаңдар.

2. Келесі сабақ. №16, «Дала сұңқары қиырға қарайды» мәтінін оқып келу.


  1. Сабақтың қорытынды сәті.

Тыныс алуға зейін қою.

Баяу музыка қойылады.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3].

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. Рахмет!




















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!