Материалдар / Ашық сабақ. Қабдеш Жұмаділов «Тағдыр» романы І курс
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ. Қабдеш Жұмаділов «Тағдыр» романы І курс

Материал туралы қысқаша түсінік
* Студенттерге ұлтымыздың біртуар тұлғасы Қабдеш Жұмаділов өмірі мен шығармашылығы туралы жалпы түсінік беру. Адамгершілік, ақындық қасиеттерін таныту және тіл шеберлігін ұғындыру. Қазақ әдебиетінің романы «Тағдыр» мен жалпы шығармаларының мән-мағынасын ұғындыру; * Қабдеш шығармаларын талдай отырып, білімдерін жүйелеу, жинақтау және шығармашылық жұмыстар арқылы Қабдешті жан-жақты таныту; * Студенттердің ой тұжырымдарын, әдеби тіл байлықтарын, есте сақтау қабілеттерін, көркем сөз оқу шеберлігін дамыту. Сөздік қорын молайту және тіл дамыту; * Студенттерді адамгершілікке, имандылыққа, асыл қасиеттерге тәрбиелеу және туған жердің тарихы мен тілінің қадір-қасиетін ұғындыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Ақпан 2022
1857
43 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ жоспары



Пән оқытушысы: Махмутова Акнур Ермуханбетовна

Пәні: Қазақ әдебиеті Курсы: І

Сабақтың тақырыбы

Қабдеш Жұмаділов «Тағдыр» романы

Сабақтың мақсаты

* Студенттерге ұлтымыздың біртуар тұлғасы Қабдеш Жұмаділов өмірі мен шығармашылығы туралы жалпы түсінік беру. Адамгершілік, ақындық қасиеттерін таныту және тіл шеберлігін ұғындыру. Қазақ әдебиетінің романы «Тағдыр» мен жалпы шығармаларының мән-мағынасын ұғындыру;

* Қабдеш шығармаларын талдай отырып, білімдерін жүйелеу, жинақтау және шығармашылық жұмыстар арқылы Қабдешті жан-жақты таныту;

* Студенттердің ой тұжырымдарын, әдеби тіл байлықтарын, есте сақтау қабілеттерін, көркем сөз оқу шеберлігін дамыту. Сөздік қорын молайту және тіл дамыту;

* Студенттерді адамгершілікке, имандылыққа, асыл қасиеттерге тәрбиелеу және туған жердің тарихы мен тілінің қадір-қасиетін ұғындыру.

Оқып үйренудің

нәтижесінде

  1. * Ақын өмірі мен шығармашылығы жайлы толық біледі.

* Талдау жұмысын жүйелі әрі нормаға сай орындай алады.

* Ақын шығармаларының тақырыбын, идеяларын, көркемдік ерекшеліктерін өзге ақындардан ажырата алады.

* Ақын өлеңдерін оқу арқылы елін, жерін, Отанын сүюді, халқын құрметтеуді үйренеді.

* Студенттердің сөздік қоры молаяды.

* Студенттердің тіл байлығы дамиды.

* Студенттердің ой-қиялы дамиды.

* Әдептілік, ұстазын сыйлау, адамгершілік сияқты қасиеттерді бойына сіңіреді.

Үйрену мақсатында бағаны қоса бағалау

* Табыс критерий арқылы оқушыны үнемі бағалау

* Зерттеудегі өзіндік үлесін бағалау

* Тақырып нәтижесінің нақтылығын бағалау

Әдіс-тәсілдер

* «Жүректен жүрекке» (Жылы сөз) әдісі

* «Ұяшық» әдісі

* «Bilimland» сайты

* «Миллион кімге бұйырады» әдісі

* "Рефлексия" әдісі

Алдыңғы білім


Ұ.Есдәулетов «Біз түркілерміз»

Жоспар

Сабақ кезеңдері

Оқытушының іс-әрекеті


Студенттің іс-әрекеті

Ресурстар

Қызығушылықты ояту


І. Ұйымдастыру кезеңі (2мин)

*студенттермен амандасу;

*топты түгендеу;

*оқу құралдарын тексеру;

*сыныптың тазалығына көңіл бөлу;

*студенттердің зейінін сабаққа аудару.


Психологиялық ахуал туғызу.

«Жүректен жүрекке» әдісі арқылы студенттер бір-біріне жылы сөз, тілек айтып, жақсы көңіл-күй тілейді.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

* Ұ.Есдәулетов «Біз түркілерміз»


І. *мұғаліммен сәлемдеседі;

*оқу құралдарын дайындайды;

*зейіндерін сабаққа аударады.


ІІ. Студенттер

үй жұмыстарын талданады, ауызша сұралады.










Ұ.Есдәулетов шығармалар жинағы.

Мағынаны тану




ІІІ. Жаңа сабақ:

Кері байланыс. Өткен тарауды қайталау

«Ұяшық әдісі»

Жаңа тақырыпты ашу мақсатында жүргізіледі:

1.Жүрeгімнің түбінe тeрeң бойлa,

Мeн бір жұмбaқ aдaммын, мұны дa ойлa.

Соқтықпaлы соқпaқсыз жeрдe өстім,

Мыңмeн жaлғыз aлыстым, кінә қоймa(А.Құнанбаев)

2. Жүсіпбек Аймауытов қай жерде дүниеге келген? (Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты бұрынғы «Қызыл ту» деген жерде)

3. 1939 жылы 6 желтоқсан күні Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы (бұрынғы Гурьев облысы), Оңды ауылының Мырзайыр деген жерінде дүниеге келген жазушы? ( Әбіш Кекілбаев)

4. Әбіш Кекілбайұлының алғашқы өлеңдер жинағы «Алтын шуақ» қай жылы басылып шықты? (1962 жылы)

5. Жүсіпбек Аймауытов Мұхтар Әуезовпен бірге қандай

мақалалар басып шығарды? ( «Абайдың өмірі және қызметі», «Абайдан кейінгі ақындар»)

6. Әбіш Кекілбайұлының қандай романдары қазақ әдебиетінің үлкен табысы ретінде бағаланып, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығын алды? ( «Үркер» (1981), «Елең-алаң» (1984) )

7. Абайдың шын есімі? (Ибраһим)

8. Абайдың неше қарасөзі бар? (45)

9. «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі - ішсем, жесем, ұйықтасам деп туады. Бұлар - тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды. Һәм өзі өспейді, қуат таппайды… » деп басталатын нешінші қарасөз? (жетінші)

- Сонымен, студенттер, біздің сабағымыздың тақырыбы өздеріңіз көріп отырғандай Қабдеш Жұмаділовтің "Тағдыр" романы болып табылды.

Құрметті студенттер, бүгін сіздер қарасөздің қарагері, Қазақстанның халық жазушы Қабдеш Жұмаділовтің өмірі мен шығармашылығымен танысатын боласыздар. Олай болса, бүгінгі жаңа тақырыпты ашу үшін экранға назар аударайық (Қабдеш шығармашылығын ашу мақсатында видеоролик көрсетіледі).

Студенттер, мінекей Қабдеш Жұмаділов туралы бейнебаянды тамашаладық. Жалпы Қабдеш ағаның жазушылығына келгенде замандастары нағыз қазақы сөздің қарагері, қазақи сөздің тарланбозы, тағдырында көптеген тарихи оқиғаларды басынан кешірген жазушы ретінде ерекше бағалайды. Солардың бірі,

- Слайдтан біраз мағлұмат алдық деп ойлаймын, студенттер. Олай болса, келесі тапсырмамызға кезек берсек. «Bilimland.kz» сайтындағы сұрақтар.


Алғашқы қадамын поэзиядан бастап, шағын жанр арқылы романға келген Қабдеш Жұмаділов – қазақ әдебиетінің дамуында өзіндік орны бар қаламгер. Жазушыны өз замандастары «қара сөздің Қабдеші», «тағдыры бөлек тарланбоз», «тағдырлы тұлға» деп атаған. Қабдеш Жұмаділовтың көпшілікке кеңінен таныс «Тағдыр» романы – Шығыс Түркістандағы қазақ тарихы негізінде жазылған тарихи роман. Бұл романда жазушы Қытайдағы екі мың жылдан аса уақыт өмір сүрген монархиялық патшалық өкіметтің 1911 жылға дейінгі тарихи жағдайларына байланысты қазақтардың өмірін, күресін қайраткер тұлға Демежан арқылы көрсетеді.

Ендеше балалар, «Тағдыр» сөзін

қалай түсінесіздер?

Романның қысқаша тарихи сипатына тоқталық өтейін. Роман 1988 жылы жазылған. Романның оқиғасы ХIX ғасырдың аяғындағы жер бөлінісі жайында. 1884 жылы Шәуешек хаттамасының мазмұнында Ресей патшайымы мен Цинь империясының арасындағы болған жер бөлінісі шығарманың негізгі арқауы болып отыр. Бұл жердегі басты мәселе тек ғана жер бөлінісі емес, сол жерде мекендеп отырған қазақ халқының ауыр тағдыры деуге болады. Халық өзінің ата қоныс жерінде отырып, екі бірдей алып империяның құрамына бодан болып кете барды. Яғни, сол жерде мекендеп отырған Шығыс Түркістан аумағының қазақ халқы өз елінде отырып, жат елге қарап қалды.

Осыған қарап отырып, біз романның тақырыбын екі бірдей алып империяның құрсауында қалған қазақ халқының ауыр тағдыры десек, ал идеясында осындай қиын қыстау кезеңде елі мен жұртына еңбек етіп, қайтсем халқымды бодандықтың құрсауын құтқарам деп Елім айлап еңіреген Демежандай кейіпкердің тұлғасын танимыз.

  • Ендігі кезекті, роман туралы айтылған бейнебаянға кезекті берейік. (Бейнеролик)

Ал, балалар, жаңа өздеріңізге көрсетілген таныстырылымнан көргендей, шығарманың мазмұнына арқау болып отырған оқиғалар тізбегі, тарихи жағдайлар, сол тарихи жағдайлар барысында назарға ілінген кейіпкердің тағдырын көріп тамашаладыңыздар. Енді, ең басты айта кететін нәрсе Демежан жайында болып отыр. Шығарманың композициялық құрылымындағы төрт бөлімнің төртеуі де кейіпкердің оқиғасымен байланысты болып отыр. Басты кейіпкер Демежан тарихи кейіпкер дейміз. Бұл Қытай диаспорасы арасынан шыққан қоғам қайраткері. Бала кезінен Тарбағатай аймағындағы губернатор Ши Амбының қолында жүріп, оқу оқып білім алады. Сол елдегі Қытай тілін жақсы меңгереді. Демежанның әкесі де Ши Амбының қарамағындағы беделді бидің бірі болған. Сол әкесінің беделінің арқасында Демежанның өсу жолы байқалады. Дегенмен, Демежан таңдаған жол мүлде басқа арнаға бұрылады. Ол губернатордың көмекшісі, тілмаштық қызметті атқарады. Ол 1884 жылы Шәуешек хаттамасына қатысты оқиғаға қатысады, шекара бөлінісі мәселесінің бел ортасында жүреді. 1895 жылдары Демежан елі үшін мешіт, медресе, мектептер салуға кіріседі. Халықтың оқығанын, сауатты болғанын қалайды. Сол үшін аянбай, еңбек етеді. Тек ғана халықтың ағарту саласында ғана емес, қоғам қайраткері болып, елдің егіншілік кәсібіне де ден қояды. Қара үңгір салаларынан су мәселесі бойынша үлкен беделге ие болады, солай жүріп Қытай халқының қалдайларының наразылығына ұшырайды. Қалдайлар деп отырғанымыз сол кездегі Қытай халқындағы шекара қызметін атқарушы кісілер. Міне, осы мәселе халықтың нарызылығын тудырып, елде алауыздық мәселесі орын алады. Елі үшін еңбек еткен кейіпкердің тағдырына балта шабады. Осы жағдайлардың барлығы халықтың арасында оны бүлікші етіп көрсетеді, Демежанға жазықсыз жала жабылып, оны дарға асады. Оқиғаның осылай аяқталғаны үлкен өкініш тудырады. Бұл жердегі басты назарға алатын мәселеміз ұлттық мүддесі үшін, қазақ халқы үшін ерінбей тер төккен Демежан бейнесі біз үшін үлгі. Романды оқу барысында жазушы Қабдеш Жұмаділов қарасөз шеберлігін айқын көре аламыз. Ұлттық мүддені қорғаған, тарихта болған Демежан Керімбайұлының болғанын, тарихи кейіпкер ретінде қалың оқырманға танылуын осы жерден көріп отырмыз.

  • Енді кезекті айтылған мәліметтерді қалай игергенімізді айқындау мақсатында «Миллион кімге бұйырады» әдісіне берсек. Ол тапсырманы бастамас бұрын, студенттер, теледидардан көріп жүргеніміздей, сұрақтарға мүдірмей жауап беруіміз қажет. Бәрі түсінікті болса, бастайық.


- Өте керемет, барлығыңызға үлкен рақмет. Олай болса, назарымызды интерактивті тақтаға аударсақ. «Тағдыр» романындағы тарихи деректілік туралы сөзімізді әдебиеттанушы ғалым Шериаздан Елеукеновтың роман жайындағы сөзімен түйіндесек: «Тағдыр» – ұлтжанды қаһарманды биік  өреге көтерген роман. Ол – қазақ әдебиетінің өз қойнауынан шыққан туынды. Басқа тілдерге аударылғанда ғана бағы ашылатын кейбір шығармалардай, батыс я Латын Америкасы роман үлгісі бойынша пішілмеген. «Тағдырды» оқып отырғанда қазақтың кең даласына сүңгіп кеткендей рахат кешесің» – дейді. Осы аталмыш романның толық нұсқасымен «Kitap.kz», Bilimland.kz сайтындағы қазақ әдебиеті хрестоматиясы деген бөлімінен таныса аласыздар.

Ендеше, сабақтан алған әсерімізді Рефлексия әдісі арқылы білсек (студенттер ойларын ортаға салады)

Рақмет, студенттер. Барлығы түсінікті болса, үй тапсырмасын жазып алайық.

ІІІ. Берілген тапсырма бойынша студенттер өткен тақырыптарды еске түсіре отырып, ауызша

жауап береді.






































Студенттер слайдқа зер салады, тыңдайды.







































«Тағдыр» сөзіне анықтама береді

578тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!