Материалдар / Ашық сабақ Қан топтары Қан құю 8-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Қан топтары Қан құю 8-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ беретін мұғалімдер үшін кажетті сабақ болып табылады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қараша 2018
877
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



















Маңғыстау облысы

Бейнеу ауданы

Манашы орта мектебі

Биология пәні мұғалімі





Күн жады:

Пәні: Биология Сыныбы: 8 «А»

Сабақтың тақырыбы: Қан топтары Қан құю Резус фактор

Сабақтың мақсаты: Қан топтары Қан құю Резус фактор жайлы оқып үйрену Білімділігі: Білім маңыздылығын түсініп, қажетті іс-әрекетті белсене және өз бетінше орындауға, тапсырмаларды өзі таңдап, іздеп табуға, құр мәлімет алумен шектелмей, сабақ барысында өз пікірін ашық айтып, сұқбат жүргізуге, рухани және әлеуметтік жағынан білімдерін көтеру. Дамутышылығы: Баланың дүниетанымын кеңейтіп, рухани өсуіне, жеке тұлға ретінде өзіндік пікірін қалыптастыруға жағдай жасау. Тәрбиелілігі: Денсаулықтарын аса ұқыптылықпен қарап, аялап күтуге және салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу. Көрнеклілігі. Үлестірмелер, плакат, муляж, слайд, бейнеролик, кестелер, тірек сызбалар, тест тапсырмалары,суретпен жұмыс Сабақтың түрі. Аралас сабақ, топқа бөлу, постер қорғау Пән аралық байланысы. Геграфия, тарих, химия, физика, гигиена, математика валеология, биология салауаттылық негізі журналы Сабақтың әдісі. Түсіндіру, сұрақ жауап, биологиялық диктант, кесте, СТО стратегияларының түрлері, сәйкестендіру тесті, тест сұрақтары. Сабақтың барысы. Ұйымдастыру кезең. (І,ІІ,ІІІ топқа бөлу) Өткен сабақты қорытындылау: 1.Лимфоциттер барлық лейкоциттердің қанша %-ын құрайды?

А) 10-15 % Ә) 12-13 % Б) 20-40 %

2.Лимфоциттердің пішіні қандай?

А) сопақша Ә) жіпше Б) шар

3. Лимфа қозғалысы өте баяу –минутына ... мм

А) 0,1мм Ә) 0,2мм Б) 0,3мм

4.Дене еңбегі кезінде лимфа ағысының жылдамдығ... есеге артады

А) 7-9 Ә) 8-9 Б) 10-15

5. Лимфа түйіндерінің мөлшері ... мм -ден ... см-ге дейін жетеді

А) 2мм-ден 6,1см Ә) 3мм-ден 7,2см Б) 1мм-ден 7,5 см

6. Лимфа түйіндерінің пішіні қандай?

А) үшкір, жіпше, сопақша Ә) сопақша, жарты ай, домалақ

Б) сопақша Ә) домалақ Б) үрмебұршақ

Жаңа сабақ

  • Жарақаттанғанда, зақымданғанда көп қан жоғалту адам өміріне қауіпті. Мұндай жағдайда адам өмірінсақтап қалу үшін қан құяды. Бұл кезде кез келген адамның қанын құюға болмайды. Түрлі адамдар қан құрамындағы айрықша заттарға байланысты ерекшеленеді сондықтан олардың қандары бір-біріне сәйкес келмеуі мүмкін. 1901 жылы австриялық ғалым К. Ланддштейнер қанның үйлеспеушілігін зерттеу барысында кейбір жағдайда бір адаиның қан плазмасының эритроциттерін басқа адамның эритроциттерімен араластырған кезде олардың желімделіп, бірігіп қалатынын байқады. Кей жағдайда басқа адамдарда бұл құбылыс байқалмайды. Өзінің зерттеулерінің негізінде ол адам қанының төрт тобын ашты: І, ІІ, ІІІ және ІҮ топ.Осы еңбегіне байланысты 1930 жылы К. Ландштейнер Нобель сыйлығын алды. Эритроциттердің бірігіп қалуын аглютинация деп атайды. Аглютинация қанның ұйып,ұсақ тамырлардың бітеліп қалуына, адамның көз жұмуына себеп болады.Қан құю кезінде қан топтарының сәйкестігін ескеру өте маңызды. Құюға арналған қанды донордан алады. Донор дегеніміз-өз еркімен қан беретін адамды айтады. Реципиент деп донордан қан алатын адамды айтады. І топтың қанын кез келген топтағы адамға құюға болады.Сондықтан қан тобы І адамды әмбебеп донор деп атайды. Қаны ІҮ топ адамға барлық төрт топтың қанын құюға болады. Қан құю кезінде ескерілетін қан ьтоптарының үйлесімі. Бағдаршалар донордан рециепиентке және өз тобының шетіндегі бағытты көрсетеді. Шамамен, барлық адамдардың 40%-ының қан тобы І, 40%-ы ІІ топ, 14%-ы –ІІІ топ, 6%-ы ІҮ топқа жатады. Қан тобы-тұқыс қуалайтын белгі және адамның бүкіл өмірінде өзгермейді. Резус-фактор. Резус-фактор-ерекше нәруыздық зат. Оны ең алғаш 1940 жылы К.Ландштейнер макака-резус маймылының қанынан анықтаған.(атау осыдан алынған) Адамдардың 85 %-ының қанында резус-фактор бар, оларды оң резусты (Rh)деп атайды. Ал адамдардың 15 пайызында резус-фактор жоқ, оларды теріс резусты (Rh –) дейді. Егер құрамында резус-фактор бар қанды резус –факторы жоқ адамға құйса,онда осы бөгде нәруызға қарсы ерекше антиденелер түзіледі. Резусы теріс адамға резусы оң қанды қайталап құйғанда, эритроциттер бірігіп қалуы мүмкін(агглютинация). Осының салдарынан жүйке қызметі, қанайналым бұзылып, адам қайтыс болады.Сондықтан қан құю кезінде қанда резус-фактордың болу-болмауын ескеру керек. Әсіресе үйленетңн жастар резус-факторын анықтауға қан тапсыруы қажет. Анасының резусы-теріс, әкесінікі-оң резусты отбасында дүниеге келетін нәрестенің өміріне қауіп төнуі мүмкін. Қан жасушалары, лейкоцит (бейнеролик) Қан топтарына анализ жасау

I топ «Сангвинг» -бұл топқа жататын адамдар ырымшылдыққа қарсы, жігерлі, табанды, әзіл-сықаққа бейім, өмірдегі құбылыстарға көзін ашып қарайтын, айқындықты ұнататын болып келеді.

II топ «Халерик» - сезімтал, сәл нәрседен көңілі қалғыш, сырттай қарағанда ұстамды әрі байсалды болып көрінгенімен, жүйкесі жұқалау, өзін-өзіне талап қойғыш, өз іс-әрекеттерін мұқият бақылап отырады.

III топ «Меланхолик» - секемшіл,өзін қоршаған ортаға сезікпен қарайды, сары уайымға жиі салынғыш, бірақ сабасына тез түсіп, болған жәйтті тез ұмытады.

IV топ «Флегматик» - көздеген мақсатына жетуге жан-тәнімен аямайды, басқа адамдарды өз мақсатына пайдалануға шебер, жағымды болу мәселесінде шыдамсыз әрі табансыз.

Білгенге  маржан Қан кеткенде киізді жағып, қыздырып жараға басса, қан лезде тоқтап, жараның аузына микроб туспейді екен, себебі киіздің құрамында күкірт бар.

Бекіту тапсырмалары: 1. Қанның сұйық құрамы қалай аталады? /Плазма/ 2. Ағзаның ең негізгі сұйық ортасы деп нені айтады? /Қан/ 3.Тромб неден түзіледі? /фибрин/ 4. Қан ұюына қатысатын қан жасушасы қалай аталады? /тромбоцит/ 5. Фибрин түзілу үшін қажет нәруыз? /протромбин/ 6. Жарақат жерін тарылтып,қан ағуын тоқтататын зат? /серотонин/ 7. Қанды неге негіздеп құяды? /қан тобына/ 8. Қан беретін адам? /донор/ 9. Қан құйдыратын адам ? /реципиент/ 10. Адамда қан ұйымайтын ауру? /гемофилия/ 11. Ағзаның ішкі ортасын құрайтын үш сұйықтық ? / қан,лимфа,жасуша сұйықтығы/

12. Ядросы жоқ қанның қызыл түйіршігі ? / эритроцит/

13. Эритроцит құрамындағы нәруыздық зат ? /гемоглобин/

14. Эритроцит пішіні /ортасы қысыңқы диск тәрізді/

15. Ақ ядросы бар қан жасушасы / лейкоцит/

16. Гемоглобин құрамындағы қанға қызыл түс беретін зат /глобин/

17. Қан ұюына қатысатын қан түйіршігі /тромбоцит/

18. Қан құрамында не болады? /плазма және қан жасушалары/

Сұрақ жауаптар: /пәндермен байлансы/ Химия: Қанның құрамында қандай газдар болады? Математика : Адамдардың І –ІІ – тобына жататындар өмірде қанша % кездеседі?

Өсімдіктану. Ботаника. Жүрек – қан тамырлары жүйесі ауруларына өте пайдалы өсімдік

Тарих. Резус – фактор –ерекше нәруыздық зат. Оны ең алғаш К. Лайндштейнер макака – резус

маймылының қанынан қай жылы анықтады?

География. ЖИТС қоздырғышы ең алдымен қай елдерде табылды?

Физика. Су жасуша мембранасы арқылы қанға қалай өтеді?

Математика. Дені сау адамда қанша қан жасушалары болады?

Тарих. Кіші қан айналым шеңбері қай жылы ашылды, кім ашты?

Физиология. Қан тамырларының жарақаттанған жерін тарылтып, қанның ағуын тоқтататын зат.

Кесте:

Қан тобы

Мынадай топқа қан беруге болады

Мынадай топтағы қанды қабылдай алады

І ІІ

ІІІ

ІV

І ІІ ІІІ ІҮ

ІІ ІҮ

ІІІ ІҮ

ІҮ

І

ІІ І

ІІІ І

ІҮ ІІІ ІІ І

Сақтандыру 2017 ж жайлы бейнеролик Проблемалық сұрақтар 1. «Қан-дәнекер ұлпа». «Қан-өмір сыйлаушы» дегенді қалай түсінесің? 2.  «Адам денсаулығы қанның құрамын зерттеу арқылы анықталады» дегенді қалай түсінесің? 3.  Қан аркылы берілетін ауруларды білесің бе? 4. Қазақ жеті атадан қыз алмаған, оның сыры неде? Сұрақ жауаптар 1. Реципиент дегеніміз не? 2. Әмбебап донор дегеніміз не? 3. Әмбебап реципиент дегеніміз не? 4.Резус-фактор дегеніміз не? 5. К. Ландштейнер нешінші жылы макака –резус маймылының қанын анықтаған? 6. Агглютинация дегеніміз не? 7. Қан тобы дегеніз не?

Үй тапсырмасы Қан топтары Қан құю Резус фактор Өз қан топтарыңызды біліп келу
















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!