Материалдар / ашық сабақ Қанатты достарым.Қараторғай. Жүсіпбек Аймауытов
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ашық сабақ Қанатты достарым.Қараторғай. Жүсіпбек Аймауытов

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге көмегі бар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Сәуір 2021
340
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мұғалімнің аты-жөні:

Орынғалиева Айкоркем

Пән/Сынып:

3 сынып

Қай аптаның нешінші сабағы

6-шы сабақ

Тарау немесе бөлім атауы:

Жанды табиғат

Сабақтың тақырыбы:

Қанатты достарым.Қараторғай. Жүсіпбек Аймауытов.

Оқу мақсаты:

3.2.4.1 – өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіменің жанрлық

ерекшеліктерін анықтау;

3.2.6.1 – кейіпкерлердің портретін сипаттау, оның іс-әрекеті, мінез-

құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып бағалау;

3.1.2.1 – шығарманың мазмұнын бірлесе құрастырған жоспар бойынша

немесе өз сөзімен толық, таңдауына қарай мазмұндау, сахналау.

Бағалау критерийі:

  • Мұғалімнің көмегімен мәтінді бөліктерге бөледі

  • Әр бөлікке ат қоя алады

  • Қажетті ақпараттар табады, табиғатқа қамқорлық жасауды біледі.

  • Мәтін бойынша жоспар құрастырады

Кезеңдері

Тапсырма

Ресурстар



Сабақ мақсаты:

  • Мәтінді бөліктерге бөліп ат қоясыңдар;

  • қажетті ақпараттарды таба аласыңдар

  • Мәтін бойынша жоспар құрастырасың


Жаңа сабақ


1-тапсырма: Табиғатты қорғау дегенді қалай түсінесің?

Табиғатты қорғау: Ағаштарды кеспеу,гүлді жұлмау, Жан-жануарларды аялау,,құстарға қамқорлық жасау, Өз ортаңды ластамау,

2-тапсырма. Тыйым сөздерді құрастыр және оның мағынасын түсіндір. Өз ойымызды дәлелдеп көрейік.

Құстар туралы видеоролик

Құстар туралы не білеміз? Құстар –жануарлардың ең көп тараған түрі . Олардың түрлері көп.

Үй құстары,жабайы құстар болып бөлінеді. Пайдасы: зиянкестермен күреседі.

Құстар- біздің досымыз.

Сирек кездесетін түрлері«Қызыл кітапқа» енгізілген. Құстар табиғат көркі.Оларды қорғау керек . Қажетсіз атуға ,оларды ұстауға болмайды.. Құстар табиғатқа сән береді. Олардың әуені табиғатты құлпыртып, адамдардың көңіл – күйін көтереді. Құстардың түрлері көп. Оның ішінде жыл құстары туралы әңгімелесек Халқымыз құстардың келуіне, кетуіне қарап болжамдар жасаған. Мысалы: қарлығаш төмен ұшса , күн жылы болады Құс жүнін үрпитсе, жаңбыр жауады. Жыл құсы қаптап келсе, көктем ерте келеді. Жаңбыр жауарда қарғалар у-да шу болады екен.

Жыл құстары дегеніміз – салқын түсе жылы жаққа ұшып кетіп, көктемде қайта ұшып келетін құстар. Ол құстарға көкек, қарлығаш, аққу, қараторғай, бұлбұл, тоқылдақ, үйрек, қаз,тырна.

Жұмбақ шешіп көрейік

Ұзақ тектес құс,

Шіркей жеп.

Ауыл маңынан

Ұзап кетпес құс. (Қараторғай)

Бүгінгі тақырыбымыз Жүсіпбек Аймауытовтың «Қараторғай» әңгімесі

Автормен танысу айдары.

Жүсіпбек Аймауытов- жазушы, ғалым.

Павлодар облысы Баянауыл ауданы қазіргі Жүсіпбек Аймауытов ауылында туған. Ол 13-14 жасынан қисса , дастан жаттап, өлең шығара бастаған. Олай болса Ж. Аймауытовтың Қараторғай әңгімесін бірге оқиық.

Мәтінді оқу. Мәтінді слайдқа қоямын

Қараторғай

Көктем күнінің жылы, жарық сәулесі жерге түсіп,қар еріп жатыр. Күнгей жақтың қары ери бастады. Қарға ұзақ қарқылдап жүр. Қамбар ата бірдеңе істеп отыр. Қасында балалар жүр.

-Ата, не істеп жатырсыз?

-Қонағыма үй істеп жатырмын.

-Сіздің қонағыңыз кім?

-Қонағымды көрерсің.

-Қонағыңыз қандай?

-Қонағым қол басындай, мінезі қорғасындай,-деп қарт жымияды.Қарттың сөзін түсіне алмай, балалар тұрып-тұрып тарасты.

Қар кетті. Көк шықты. Күн шықты. Бір топ қараторғай ұшып келе жатыр.Ауылдың үстіне келіп жалт бұрылды,олай-бұлай айналды.

Биік ағаштың басында Қамбар атайдың кішкене үйшігі қалқиып тұр.Қараторғайлар ұшып ауылға келді. Біреуі барып үйшіктің аузына қонды. Жан-жағына жалтақтап қарады да, үйшіктің дөңгелек тесігінен ішіне кіріп кетті.

Өзге торғайлар да ағаш –ағаштың басынан орын алып, ұшып-қонып жүр. Бауда көк шөптің арасында жыбырлап қоңыздар жүр еді.Қараторғайлар ағаштанн түсе-түсе қалып, қоңыздарды теріп жей бастады.Шалшықтан су ішіп, демалуға ағаш басына барып қонды. Тынығып алған соң, ән салды.

Манағы үйшікке кірген торғай сонда мекендеп алды. Күзге шейін кетпеді. Қамбар атай шөп шапса, қараторғайы шегіртке қырады.

Құрт,шегіртке,инелік, маса, шыбын-бәрі де егіннің жауы ғой. Сол жаулардың бәрін қараторғай құртады. Қараторғайдың пайдасы ұшан-теңіз.

Қамбар атайдың «қонағым қол басындай, мінезі қорғасындай» дегені-сол қараторғай екен.


Тәжірибе


: Әңгімеде қонақ сөзінің мәнін түсін, қараторғай пайдасы туралы не айтылғанын айт.

Ойланып көр.

Мәтінді оқиға желісіне қарай бөліктерге бөліп көрейік.

1.Атаның сөзі.

2.Қараторғайлардың ұяға ұшып келуі

3.Қараторғайлардың пайдасы.


Бекіту




Бекіту

Мәтінді түсініп оқы,мазмұны бойынша сұрақ құрастырып көр.Менің құрастырған сұрағыммен салыстырып көрейік.

1.Қамбар ата қонағы туралы қандай сөз айтты?

2.Қараторғайлар қандай пайда келтіреді?

3. Қамбар атайдың «қонағым қол басындай, мінезі қорғасындай» деген сөзін қалай түсіндіңдер?


Жеке тапсырма ұсыну

Мәтінге сүйеніп кейіпкерлер арасында диалог құрастыр.

Қараторғайдың суретін сал.

Кері байланыс SMS жазу арқылы ұстазыңмен жеке жұмысыңды талқыла.











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!