Материалдар / Ашық сабақ (Қанның құрамы, қан жасушалары. Эритроцитттер.) 8 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ (Қанның құрамы, қан жасушалары. Эритроцитттер.) 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге арналған көмікші құрал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Наурыз 2019
1131
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы:. Қанның құрамы, қан жасушалары. Эритроцитттер.
Сабақтың мақсаты:Білімділік: Организмнің ішкі сұйық ортасы қан және қан жасушалары,

олардың қызметі туралы білімдерін жетілдіру.
Дамытушылық: Оқушыларды организмнің ішкі сұйық орталарымен

таныстырып, алған білімдерін тиянақтап топпен жұмыс жасауға

дағдыландыру, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларға қан ауруларының алдын – алуға, тазалық

сақтауға, алғырлыққа үйрету.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, плакат
І. Ұйымдастыру кезеңі:

- оқушылармен амандасу
- оқушыларды түгендеу
- сабаққа дайындықтарын тексеру

-психологиялық дайындық

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

«Зымыран сұрақтар»

  1. Адам ағзасындағы әр түрлі қозғалыстарды қамтамасыз ететін тірек-қимыл жүйесінің белсенді бөлігі. (бұлшықет)

  2. Бұлшықет ұлпасын құрылысына қарай нешеге бөлеміз? (біріңғайсалалы, көлденең жолақты, жүрек бұлшықеті)

  3. Көлденең жолақты бұлшықет талшықтарының пішіні және диаметрі? (цилиндр, 0,1 мм)

  4. Бұлшықеттер талшықтары не деп аталады? (миофибриллалар)

  5. Адам денесіндегі бұлшыұеттер саны? (600-ден астам)

  6. Қаңқа бұлшықеттерін ата? (тұлға, бас, мойын және иық, жамбас белдеулер мен аяқ-қол бұлшықеттері)

  7. Бірыңайсалалы бұлшықеттер қандай мүшелерді астарлап жатады? (ішек, қарын, қантамырлар , несепағар, қуық)

  8. Орналасуына қарай бұлшықеттердің шеті біреу немесе бірнешеге ажырауына байланысты қалай аталады? (бірбасты, екібасты, үшбасты, төртбасты)

  9. Пішіндеріне қарай бұлшықеттер қалай бөлінеді? (ромб, трапеция,алмұрт)

  10. Мөлшеріне қарай бұлшықеттер қалай бөлінеді? ( ұзын, қысқа, жалпақ үлкен, кіші)

  11. Талшықтар будаларының бағытына қарай бқлшықеттер қалай аталады? (қиғаш, көлденең)

  12. Бастың бұлшықеттері нешеге бөлінеді және не деп аталады? (2-ге, шайнау, ымдау)

  13. Тұлғаның бұлшықеттері орналасуына қарай қалай бөлінеді? (арқа, көкірек, құрсақ)

  14. Арқа бұлшықеттерінің өзі нешеге бөлінеді? (трапеция, ромб)

  15. Адам денесінің кеуде және құрсақ қуысының арасын бөліп тұратын күмбез тәрізді бұлшықет? (көкет немесе диафрагма)

  16. Мойынның бұлшықеттері қандай қызмет атқарады? (бас пен мойынды бұруға көмектеседі)

  17. Бұлшықеттердің ең басты физиологиялық қасиеті? (жиырылғыштық)

    Үй тапсырмасын қорытындылау:

Мұғалім сөзі: Сонымен балалар, бұлшықеттер адам ағзасының қимыл қозғалысын қамтамасыз етеді. Құрылысына қарай бірыңғайсалалы, көлденең жолақты, жүрек бұлшықеті деп бөлінеді.Адам денесіндегі бұлшықеттер тұлға ,бас және мойын, иық, жамбас, аяқ-қол бұлшықеттері деп бөлінеді. Адам денесіндегі жалпы бұлшықеттер саны 600-ден астам.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңі

Ағзаның ішкі ортасына қан , ұлпа сұйықтығы, лимфа жатады

.Қанның қызметі:

  • Адам ағзасында қан әрбәр мүшені, дененің әрбір жасушасын бірімен –бірін өзара байланыстырады.

  • Оттегін өкпеден ұлпаларға жеткізіп,көмірқышқыл газынан тазартады.

  • Қоректік заттарды асқорыту мүшелерінен ұлпаларға жеткізеді.

  • Ағзаның соңғы қажетсіз өнімдерін бүйрекке және т.б. мүшелерге тасымалдайды.

  • Дене температурасының тұрақтылығын сақтайды.

  • Ағзаны зиянды микробтардан қорғайды.

  • Ішкі секреция бездерінен бөлінетін гормондарды тасымалдайды.

  • Жасушаларда қышқылдың , судың деңгейін реттейді.

  • Қорғаныштық қызмет атқарады. (қанды ұйытады)

Қан дәнекер ұлпасының сұйық түрі. Ағзада болатын қанның мөлшері адамның дене салмағына байланысты 4, 5 – 5 л. Қанның құрамы – плазмадан (55%) және қан жасушаларынан (45%) тұрады .

Қан плазмасы – қанның сарғыштау түсті сұйық бөлімі.
Ыдыста тұндырылған қанның екінші және үшінші қоңыр – қызыл қабаты қан жасушалары.
Плазма

су - 90 - 92%
- глюкоза – 0, 12%
- май – 0, 7 - 0, 8%
- тұз – 0, 9%
- сүт қышқылы
- ферменттер, гармондар
- нәруыз – 7 - 8%

- альбуминдер (4, 5% )

- глобулиндер (1, 7 - 3, 5%)

- фибриногендер (0, 4%)
Фибриногендер – қанның ұюына қатысады.

Қан плазмасының нәруыздары глобулин (организмдерді бактериялардан қорғайды.) Альбумин (плазмадағы су мөлшерін реттейді). Фиброноген (қанның ұюына қатысады.)
- құрамынды фибриноген нәруызы болмайтын қан плазмасын – қанның сарысуы
(сыворотка) дейді.

Глюкоза – жасушалар үшін негізгі қуат көзі. Плазмада глюкоза мөлшері 0, 04% - дан аз болса, ми жасушалары қатты қозып, бұлшықеттер жиырылып, тырысып (судороги) қалады.

Қан жасушалары:

эритроциттер (қанның қызыл түйіршікттері)
- лейкоциттер (қанның түссіз жасушалары)
- тромбоциттер (қан пластинкалары)

Эритроциттердің құрылысы:

Эритроциттер – қанның қызыл түсті ядросыз жасушалары. Эритроциттердің пішіні – ортасы қысыңқы табақшы тәрізді , жиегі қалың , ортасы жұқарған тиынға ұқсайды. Эритоциттер өздігінен қозғалмайды, тек қан сұйықтығының ағынымен жылжиды.

-Эритроциттердің диаметрі – 7,5 мкм

-қалыңдығы 1-2 мкм

Қанның 1 мм3 –де шамамен 4,5- 5 млн, жаңа туған нәрестенің 1мм3 қанында 6-7 млн эритроциттер бар.

Эритроциттердің қызыл түсі гемоглобинге байланысты. Гемоглобин – қанның қызыл түсті пигменті.оттекпен қосылған гемоглобиндң оксигемоглобин деп атайды. Оттекке қаныққан қан алқызыл түсті артерия қаны, көмірқышқыл газына қаныққан қан күңгірт қызыл түсті – вена қаны. Адамның 100 мл қанында шамамен 15-16 г геиоглобин болады. - қанның 1мм3 көлемінде 4, 5 - 5млн эритроцит бар.
- орташа тіршілік ұзақтығы 120-127 күн.
- сүйектің қызыл кемігінде түзіледі.
- бауыр мен көкбауырда жойылып отырады.
- қызметі: өкпеден ұлпаларға оттегіні, ал ұлпалардан өкпеге көміртегіні тасымалдайды. (газ тасымалдау)
-Қандағы эритроциттер санының кемуінен, гемоглобин мөлшерінің азаюынан – қан аздық (анемия) ауруына пайда болады.

№1 тапсырма. Сенесің бе, сенбейсің бе?
□ плазма – қанның мөлдір, түссіз сұйықтығы;
жоқ
□ плазма құрамында
58 – 70 % су бар; жоқ
□ плазма құрамында
90 – 92 cу бар; иә
□ плазма құрамында
0, 2 – 1, 8 % cу бар; жоқ
□ фибриногені жоқ қан плазмасы сарысу деп аталады.
иә
□ плазма құрамында 7 – 8% нәруыз бар; иә
□ плазма барлық қанның 55% - ын құрайды; иә
□ плазма барлық қанның 65% ын құрайды; жоқ

№2 тапсырма.
Эритроциттерге тән қасиеттерді таңда.
1) Қызыл қан жасушалары;
2) 1 мм
3 қанда олардың 6 – 8 мыңы бар;
3) 1 мм
3 қанда олар 4, 5 – 5 млн болады; +
4) Сүйек кемігінде түзіледі;
6) Қызметі – қанды ұйыту;
7) Тіршілік ұзақтығы – 120
-127 тәулік;
8) Ядролық жасушалар;

№3 тапсырма. Мәтіндегі бес қатені тап, олардың астын сыз
.


Эритроциттер – қызыл қан жасушалары. Олар өте кішкентай. 1мм3 қанда олардың 10 млн болады. Бұл – өз беттерінше қозғала алмайтын, табақша пішіндес жасушалар. Жасушалардың ішінде нәруыз бен мыстың қосындысы - гемоглобин бар. Эритроциттер көкбауырда түзіліп, сүйек кемігінде жойылады. Олардың негізгі қызметі - нәрлі заттарды тасымалдау.


4 тапсырма. «Адасқан әріптер» (кестеден термин сөздерді тауып сызу).

Қорытынды: Лездік сұрақтар.
1. Плазма деген не? (қанның сұйық бөлігі)
2. Гемоглабин деген не? (қанның қызыл пигменті)
3. Организмнің ішкі ортасына
не жатады? (қан, ұлпа сұйықтығы, лимфа )
4. Қанның 1 мм³қанша эритроцит болады? ( 4, 5 – 5 млн)

5.Эритроциттредің тіршілік ұзақтығы? (120-127 тәулік)

IV Үй тапсырмасын беру кезеңі: §29. оқу, 76 – суретті салу.
V Бағалау.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!