Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ашық сабақ Қарама-қарсы сөздер
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Күні: 23.11.17
Пәні: қазақ тілі 4 «Ә»
Мұғалім: Осипова Бахиткуль Кайроллиевна
Сабақтың
тақырыбы: Мағыналары қарама-қарсы
сөздер
Сабақтың
мақсаты:
Білімділік:
Оқушылардың сөз жән оның мағынасы туралы
білімдерін тереңдете түсу. Мағынасы қарама – қарсы сөздер туралы
түсінік беру
Дамытушылық:
Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, сол
арқылы сөз байлығын арттыру, сөйлеу дағдыларын
жетілдіру
Тәрбиелілік: Оқушыларды ұлтжандылыққа, табиғатты сүюге тәрбиелеу
Типі:
жаңа білімді меңгерту
сабағы.
Әдіс –
тәсілдері: 7 модуль.
сұрақ - жауап, түсіндіру, талдау - жинақтау,
түсіндірмелі.
«Ыстық орындық»
әдісі , «Баспалдақ »
әдісі, топтастыру әдісі, халық
даналығы, дидактикалық ойын
әдістері,
Көрнекілігі:
интерактивті сабақ, слайдтар, жұмбақ,
жаңылтпаш, мақал-мәтел жазылған қағаздар.Үлестірмелі
қағаздар.
Сабақтың
барысы.
I.
Ұйымдастыру
кезеңі:
Оқушылардың зейінін сабаққа
аудару.
II. Психологиялық
дайындық.
Оқушылар шеңберге жиналып
алдымен келген қонақтармен амандасады.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз.
III.Қызығушылықты ояту 3 мин
Оқыту мен оқудағы жаңа
әдіс-тәсілдер
/Диалогтік
оқыту/
1-топ (синоним):
2-топ(антоним):
3-топ (омоним):
Сабақтың
ұраны:
«Көп білсең , білім шыңына жетерсің» -осы айтылған ұранымызға сәйкес мынадай баспалдақтардан өтсек, білім шыңына жетеміз.
Оқушыларға баспалдақ атауларымен таныстыру.
Бөлінген топтар бойынша орындарына отырып, араларынан топ басшысын сайлайды.Сол оқушыға бағалау парақшасы тапсырылады.
Топқа бөлу: Жұптасып отыру
Күнді, сынып жұмысын,сабақтың тақырыбын жазу.
Қараша қараша
1-баспалдақ
«Қайталау-білім
анасы»
Өткен материалды еске түсіру.
3мин.
Осыдан кейін шеңберге жиналып, «Ыстық орындық» ойынын ойнайды.
IV. Үй тапсырмасын тексеру
Мұғалім бастайды:
1. Сөз дегеніміз не?
2. Сөздер неден құралады?
3. Сөз және оның мағынасын неше топқа бөліп қарастырамыз?
4. «Ашық» деген сөздің басқа мағынасына мысал келтір.
5. Қыстырма сөздер дегеніміз не?
6. Cөйлемнің бірыңғай мүшелері дегеніміз не?
7. Бастауыш дегеніміз не?
Оқушылардың жауаптары:
1. Адамдар бір-бірін тіл арқылы түсінісетін болса, сол тілдің басты құралы — сөз. Сөз дегеніміз — заттың, түрлі құбылыстың, қимыл-әрекеттердің атауы.
2.Сөздер дыбыстардан құралады.
3.Сөз және оның мағынасын 3 топқа бөліп қарастырамыз.
4.Терезе ашық немесе мінезі ашық.
5.Қыстырма сөздер сөйлемде үтір арқылы бөлінеді: а) сөйлемнің басында келсе,үтір одан кейін,
Ә) ортасында келсе, екі жағынан,
Б) соңында келсе,одан бұрын қойылады.
6.Бірдей сұраққа жауап беріп, сөйлемнің бір ғана мүшесімен байланысып тұрған сөздерді сөйлемнің бірыңғай мүшелері дейміз.Бірыңғай мүшелердің арасына үтір қойылады. Әсемнің әжесі мейірімді,кеңпейіл,ақкөңіл жан.
Сөздің мағынасын дұрыс түсініп, білетін болсаңдар, қоршаған ортаны да жақсы біліп
«бас бармақ»
(формативті бағалау)
V. Жаңа сабақты түсіндіру 6 мин
/Жас ерекшеліктеріне сай оқыту/
/АКТ-мен жұмы
Сөздердің қарама-қарсы мағыналарын тап.
Жұппен жұмыс
Аласа ... Алыс ... Күн ...
Кең ... Суық ... Тәтті ...
Ауыр ... Ұзын ... Батыр ...
Қатты ... Кәрі ... Үлкен ...
Ерте ... Жіңішке... Биік ...
Жылы ... Ащы ... Жұмсақ...
Ақ ... Жуас ... Қалың ...
Жуан ... Кіру ... Жаз ...
«қол шапалақтау» (формативті бағалау)
Есіңе
сақта!
Антоним грек тілінен
аударғанда anti-қарсы,
onima-есім деген мағынаны білдіреді.
Антоним сөздер де синонимдер сияқты біздің тілімізді бай, көркем,
мазмұнды ете түседі.
Антонимдер көбінесе мақал-мәтелдер мен жұмбақтарда кездеседі.
Өйткені мақал-мәтелдер мен жұмбақтар да сөз аз, ал халық даналығы
көп болады.
Мағынасы қарама-қарсы сөздерді
антоним сөздер дейміз. Ағылшынша-ANTONYM
Антоним сөздер де синонимдер сияқты біздің
тілімізді бай, көркем, мазмұнды ете
түседі.
VI.Мағынаны тану: 22 мин
-Абай Құнанбайұлы кім?
- Қай жылы өмірге келді?
-Қандай өлеңдерін білесіңдер?
Жауаптары: Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер. Қазақтың ұлы ақыны Абайдың жыл мезгілдеріне шығарылған өлеңдерінен антонимдерді табайық.
(жұппен жұмыс)
Жазғытұры
Безендіріп жер жүзін тәңірім шебер,
Мейірбандық дүниеге нұрын төгер
Анамыздай жер иіп емізгенде,
Бейне әкеңдей үстіңе аспан төнер.
Жаз
Жоғары-төмен үйрек, қаз
Ұшып тұрса сымпылдап.
Қыз-келіншектер үй тігер,
Бұрала басып былқылдап.
Күз
Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.
Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,
Жапырағынан айырылған ағаш, қурай
Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат
Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат,
Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат.
Арзан, жалған күлмейтін, шын күлермін
Ер табылса, жарайды қылса сұхбат.
Мағынасы қарама-қарсы сөздер: Аспан-жер, ана-әке
Мұғалімнің қортындысы: Ұлы ақын өз шығармаларында елді өркениетке жеткізер жалғыз жол — оқу-білім екенін көзі қарақты жастарға түсіндірді.
«бас бармақ» (формативті бағалау)
2-баспалдақ
«Ізденген жетер
мұратқа»
Оқулықпен
жұмыс.
Жеке жұмыс.
1-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазып, қарамен жазылған сөздердің мағынасын салыстыру.
-
Жел әкелгенді сел әкетер. 2. Тау жақтан баяу жел соқты. Қатты желдің екпіні қайықты аудара жаздады. 3. Бүлдіру – оңай, түзету – қиын. 4. Дос сыртыңнан мақтар, дұшпан көзіңе мақтар.
Оқушылардың жауабы: әкел-әкет, баяу-қатты,бүлдіру-түзету,дос-дұшпан.
- Қарамен жазылған сөздер қандай мағынада айтылған екен?
3-баспалдақ
«Ойлы болсаң, озып
көр»
Тақтаға келесі жаттығуды
жеке-жеке орындату.
Оқушыларды сыни ойлай отырып, дәлелдеуге үйрету.
Жеке жұмыс.
2 – жаттығу. Көп нүктенің орнына қарама – қарсы мағыналы сөздерді жаз.
қатты – жұмсақ
жүру- тоқтау
кіру – шығу
таяз-терең
жылы – суық
кию – шешу
кең – тар
сөйлеу-үндемеу
VII.Сергіту сәті 2 мин . АКТ-мен жұмыс. Көшбасшылық модулі
Мұғалім көшбасшылығымен сергіту сәтін орындаттару.
«Ойын» «Суреттер сөйлейді» әдісі
«қол шапалақтау» (формативті бағалау)
4-баспалдақ
«Тапқыр болсаң, тауып
көр»
Талантты және дарынды
оқушылармен жұмыс.Сыни тұрғыдан ойлау
модульдері.
Жұппен жұмыс
3 – жаттығу.
Қарама – қарсы мағыналы сөздерді сөз таптарына бөліп жаз.
Зат есім: жаз – қыс, күн – түн.
Сын есім: ақ – қара, түзу- қисық, ыстық – суық, ащы – тәтті.
Етістік: айту – тыңдау, қону – ұшу, сату – алу
Бұл – мағынасы қарама-қарсы сөздер, өйткені
олар бір сөз табына жатады, бұлардың мағынасы бір-біріне қарама-қарсы
Сонымен, мағыналары қарама-қарсы сөздерде сөз таптарынан жасалады.
5-баспалдақ
«Білгенге
маржан»
Оқушылардың сыни
ойлауы
4-жаттығу Топпен жұмыс ( плакатқа)
Мәндес сөздер: Еріну-жалқаулану, есептеу- санау, қайталау-пысықтау
Қарама-қарсы сөздер: Ақырын-шапшаң, апару-әкелу, бастау-аяқтау, тоңу-жылыну
3-4 сөзбен сөйлем құрау.
6-баспалдақ «Білгенге маржан»
Оқушылардың сыни ойлауы
Жұмбақтар
Түнде бармын,
Күндіз жоқпын. (жұлдыз)
Асты тігілген,
Үсті сөгілген. (қап)
Жаңылтпаштар
Ақ тайлақ ақ па,
Қара тайлақ ақ па?
Мақал-сөздің мәйегі деп тегін айтылмаған.Мына мақал-мәтелдерге назар аударыңдар.
1.Дос басқа қарайды
Дұшпан
аяққа қарайды.
2. Батыр бір рет
өледі.
Қорқақ мың рет
өледі.
3. Жаман сөз жылатады,
Жақсы сөз жұбатады.
1 .Туған жердің ..........де ыстық, ....... де ыстық (күні түні )
2........ шөп батады, ......... сөз батады. (жаманға жақсыға)
3. ....... бала қызық, ........бала күйік. (жақсы жаман)
4. Ер жігіт ел үшін.......... (туады)
Ел үшін ............ (өледі).
5. .............тыңда, .................сөйле. (көп аз )
6. Өтірік қаңбақ, ................салмақ. (шындық)
7 ...............дос көбейтеді,
...........мал көбейтеді. (Жомарт Сараң)
Мағыналары қарама-қарсы сөздер жаңылтпаштарда, жұмбақтарда, мақалдарда кездеседі. Өйткені, мақал - мәтелдер мен жұмбақтар да мағыналары қарама-қарсы сөздер салыстырмалы түрде айтылады.
7-баспалдақ
«Ұйымдасып орындаймыз, басқа топты
қолдаймыз»
Сыни тұрғыдан ойлау модулі
( плакатқа антоним деп топтастыру жазу)
Ойды бейнелі түрде жеткізу
Мақал-мәтелде
Жұмбақтарда
Жаңылтпаштарда
Сөз табынан жасалады (зат есім, сын есім,етістік ,үстеу)
-Бес асыл мен бес дұшпан
-Абай атамыз халқының қамын жеген, тағдырын ойлаған адам. Бүгінгі күнде Қазақ халқының қамын жеп, қайтсек. Мәңгілік Ел боламыз деп жүрген Елбасымыз кім?
-Тұңғыш Президент күні тойланды.
Қорытынды: .Үйге тапсырма: 5-жаттығу, 93 -бет
Кері байланыс /Рефлексия/: 2мин
Бағалау. Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау
Бүгінгі күн терезеден,
Бізге күліп тұр қарап
Сондай жақсы көңіл күймен
Аяқталды бұл сабақ
Өзіңді бағала!
Сабақ Мен сабақта... Қорытынды
1. Қызықты 1. Жұмыс істедім 1. Сабақты түсіндім
2. Көңілсіз 2. Демалдым 2. Көп түсіндім
3. Айырмашылығы жоқ 3. Басқа оқушыға 3. Түсінбедім
Көмектестім