Жеңіл
атлетикамен айналысу кезінде. Оқытушы сынып ішінде жарақаттанудың
алдын алу үшін қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықты
жүргізеді.
Оқушылар
жұптарға бөлініп, төменгі сөре қалпынан жүгіру техникасын
орындайды.
Сөрелік
сызықтан шығатын 4 қадамдық жүгіру қашықтығында сызық сызыңыз.
Келесі жүгіруде 10-20 м қашықтықты
белгілеңіз.
Оқушыларды
бірнеше топқа бөліңіз. Оқушылар өздеріне берілген рольдерді
орындайды. (бағалаушы, төреші). 60 м, төменгі сөре қалпынан оқытушы
командасы бойынша, қашықтыққа жүгіреді. Оқушылар жұптарда бүкіл
жүгіру кезеңдерін бағалайды (сөре, сөре екпіні, қашықтық бойынша
жүгіру және мәреге жету)
Оқушылар
жұпта мәреге жетудің дұрыс техникасын жетілдіреді. Олар 30 метрлік
қашықтықта жол ортасына конустарды орналастырады. (Конустар
қашықтығы 5- 10 м) Жұптарда, бір-біріне қарама-қарсы шеттерде
тұрған оқушылар іргелес жолдардың бойымен ортадағы нүктеге
жүгіреді. Барлық оқушылар жүгіруді орындағаннан соң жұпта мәреге
жетудің техникасын талқылайды.
Оқушылар
бірнеше топқа бөлініп тапсырмаларды үш реттен орындайды. Әр бір
өткізілген тапсырмалардан соң кері байланыс беріңіз. Оқушылар түзу
орналасқан жүгіру алаңын 100 метрді бірқалыпты жылдамдықта
орындайды. Айнала жүгіруде жылдамдыққа 100 метр жүгіріп қайта түзу
жолда бірқалыпты жылдамдыққа ауысады. Топпен жүгірудің техникасын
жүгіру қалыптарын талқылаңыз. Жүгіруге дейін және одан кейін
оқушылар тамыр ырғағын өлшейді.
Оқушылар
жақсы денсаулық қалпы олардың орта және ұзақ қашықтыққа жүгірумен
байланысын қарастырып, алдында оқыған жақсы денсаулық
компоненттерін бекітеді Демалыс кезіндегі тамыр ырғағы, жұмыс
ырғағы, қалыпқа келу ырғағы.
Оқушыларды
бірнеше топқа бөліп 800-1500 метр қашықтықты уақыт есебімен
орындаңыз.
800-1500 м
жүгіруде оқушылар алғашқы 100 м өз жодарымен жүгіргенде,
жүгірушінің мақсаты – жиек бойындағы орынды бірінші болып алу үшін
осы бөлікті тез арада жүгіріп шығу.
Бұл жерде
белгілеуге болады:
1)
Бастапқы екпіннің өзін, әдетте 15-20 м
алады;
2)
Белсенді жүгіру, әдетте ол спортшының бірқалыпты жылдамдыққа
жақындайтын ортақ жолға шыққанына дейін жалғасады. Әдетте 800 м
қашықтықта алғашқы 100 м жылдамдығы басқа жол бөліктерінің
жылдамдығына қарағанда жоғары болады, тіпті мәреге жету кезінде
де.
3) Мәреге
жету. Мәреге ұмтыла жүгіру кезінде техника сәл өзгереді: дененің
алдыға еңкеюі артады, қолдардың белсендірек қозғалысы байқалады.
Қашықтықтың соңғы метрлерінде қозғалыс техникасы бұзылуы мүмкін,
өйткені шаршағандық басталады.
Дескриптор Білім алушы
Оқушылар қажеттіліктеріне
қарай, жүгіру қабілеттерін, дағдыларын
дамыту.
|