Материалдар / Ашық сабақ Қазақ әдебиетінен ҚМЖ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Қазақ әдебиетінен ҚМЖ

Материал туралы қысқаша түсінік
Жүректе қайрат болмаса, Ұйықтаған ойды кім түртпек? Сен кіп-кішкене қуыршақтай едің-ау? Атым-Қайырғали, өзіңнің атың ше? Тегін аудармағансыңдар ғой, сірә? Борашты көріп жүретін шығарсың? Богданов. Тоқтаңыз. Сіздер ертеңнен бастап жұмысқа кірісесіздер. Мәжен. Ертеңнен бастап?
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
946
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы

М.Дулатов. «Шешенің баласын сүюі»

Тапсырма-лар

1- тапсырма. «Бірге ойлаймыз»

2 – тапсырма. Негізгі ойды анықта,түйін. 

3 тапсырма – «Артық болмас білгенің»

4- тапсырма. "Шарлар сөйлейді" (ашық және жабық сұрақтар)

5- тапсырма. «Ойлан, топтас, талқыла».

6-тапсырма. Жұптық жұмыс. «Сатылай кешенді талдау».

7-тапсырма. Шығармашылық тапсырма

8 – тапсырма. Жинақтау. «Ана өмір шырағы»

Сабақтың тақырыбы :    М.Дулатов «Шешенің балаларын сүюі»өлеңі

Сабақтың мақсаты:а) Оқушылардың М. Дулатұлының өмірі мен

                                      шығармашылығы туралы алған білімдерін кеңейту.  

                                      Өлеңнің мазмұны мен идеясын ұғындыру.

                                  ә) Берілген тапсырмалар арқылы оқушылардың

                                      шығармашылық ізденістерін қалыптастыру, ойлау,  

                                      сөйлеу қабілеттерін дамыту;

                                  б) Ананы сыйлауға, қадірлеуге, ұйымшылдыққа,  

                                       мейірімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: шығармашылық ізденіс сабағы.

Сабақтың әдістері: түсіндіру, топтастыру, топтық жұмыстар.

Сабақтың типі:  жаңа тақырыпты меңгерту

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих,  халықтық педагогика.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру.

Қуанамыз арайланған ақ таңға,

Қуанамыз жақсылық болып жатқанға.

Қош келіпсіздер сегізіңші сыныпқа,

Сәлем беріп бас иеміз баршаңызға.

Топқа бөлу

Сынып оқушыларын 2 топқа отырғызу (гүлдер арқылы)

Психологиялық дайындық

«Ақ тілек. Әсем күлкі».
- Көңіл – күйлеріңіз қалай?
- Керемет! (Қолдарын көтереді)
- Сабаққа дайындықтарыңыз қалай?
- Тамаша! ( Алақандарын шапалақтайды)
- Ынтаңыз ше?
- Ғажап! (Қолдарын көтереді).
- Ендеше бастайық!

Бүгінгі көңіл-күйлеріңізді іс – қимылдарыңыз арқылы көрсетіңіздерші.

Үй тапсырмасын қорыту.

1- тапсырма. «Бірге ойлаймыз»

1.Бес арыссымыздың бірі М.Жұмабаевтың өмірі туралы кім айтады?

«Түркістан» үзінді жаттау

Ой дамыт6. Cөзжұмбақ АНАЛАР


Х

А

У

А

А

Н

А




А

Й

Ғ

А

Н

Ы

М





А

Й

С

Ұ

Л

У


Ұ

Л

Ж

А

Н



Қ

А

Р

А

Ш

А

Ш






З

Е

Р

Е





Жауабы:

1.Адам атаның қасындағы ана?

2. Шоқанның әжесі?

3.Толағайдың анасы?

4.Абайдың анасы?

5.Жиренше шешенің дана әйелі?

6.Абайдың ертегі айтқан әжесі



2 – тапсырма. Негізгі ойды анықта,түйін.  (суреттер көрсету арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу)

Айқындық сұрақтар

  • Бұл суреттен не көріп, өздеріңізге не түйіп отырсыздар?

  • Ана бізге не үшін қымбат?

  • Бұл суреттердің бүгінгі сабаққа қатысы қандай деп ойлайсыздар?

Жаңа сабақ

1. М.Дулатов өмірбаянын тақтадағы плакаты арқылы оқушыларға түсіндіру.

Аты-жөні

Туған жылы

Кім?

Ақын шығармашылығы





1885 ж. 25 - қараша Қазіргі Қостанай облысы, Жангелдин ауданында, Қызбел деген жерде дүниеге келген
1897 - 1902 ж. ж. Торғайдағы 2 сыныптық орыс - қазақ мектебінде оқиды.
1905 - 1907 ж. ж. Бала оқытады.
1909 ж. Қызылжарда тілмаштық қызмет атқарады.
1910 ж. «Қазақ» газетін А. Байтұрсыновпен бірлесіп шығарады
1911 ж. маусым Семейге келгенде тұтқындалып, 19 ай қамауда отырады.
1913 - 1918 ж. ж. «Қазақ» газетінде жауапты хатшы қызметін атқарады
1922 ж. Алаш қозғалысына қатысқаны үшін қамауға алынып, Орынборға жіберіледі де қамаудан босатылады.
1922 - 1926 ж. ж. Орынборда интернат оқытушысы, Қызылжар, Семейде сот мекемесінде, Қызылордада баспасөзде қызмет атқарады.
1928 ж. Қамауға алынады.
1930 ж. Ату жазасына кесіледі, кейін 10 жыл абақтыға ауыстырылады.
1935 ж. Ақтеңіз - Балтық каналы бойындағы Сосновец лагерінде ауыр науқастан қайтыс болады.
1988 ж. 27 қазан Қазақ ССР прокуроры тексеру нәтижесінде ақтады
1992 ж. Торғай өңірінде өз есімімен аталатын ауылға сүйегін жерлейді.



М.Дулатов. «Шешенің баласын сүюі»

3 тапсырма – «Артық болмас білгенің» ( Талантты оқушымен жұмыс)

Автор туралы дайындап әкелген мәліметтерімен бөлісу

Оқулықпен жұмыс.

1.Мұғалімнің мәнерлеп оқуы.

2.Оқушының мәнерлеп оқуы.

3.Рөлдік оқуы.

4- тапсырма. "Шарлар сөйлейді" (ашық және жабық сұрақтар)

1.Өлеңнен ананың баласына деген қандай сезімі, қасиеттері танылады?

2. Ананың бала өмірі үшін қандай маңызы бар екен?

3. Өлең тақырыбының маңызы неде?

4. Еңбегімен, ерлігімен танылған аналардан кімдерді ата» аласыздар?

5. Ана сөзінің кілтін табу.

 А – дамның

Н – ағыз

А – сылы.

5-тапсырма. . «Ойлан, топтас, талқыла».

Баяу «Ана» өлеңі жүріп тұрады, оқушылар тапсырма орындайды.

1 –топ. «Даналық ойдан дән ізде» Ана туралы мақал-мәтел

2-топ. «Жыр жазамын жүрегімнен» Эссе. «Ана»

Сергіту сәті

6 -тапсырма. Жұптық жұмыс. Сатылай кешенді талдау.

Авторы: М.Дулатов.

Тақырыбы: Ананың баласына деген махабатына арналған.

Жанр түрі: поэзия /өлең/

Идеясы: ананың бар арманы, өмірінің мәні-баласы, соның амандығы.

Шумақ: аяқталған синтаксистік біртұтас ойды білдіреді. 4 шумақ

Тармақ: Өлеңнің әр шумағы тармақ. 16 тармақ

Бунақ: Әр тармақта 3 бунақтан

Ұйқас: Қара өлең ұйқасы /а-а-б-а/

Тәрбиелік мәні: Балаға ана қадірін ұқтыру, ананы сүюге, қамқор болуға, перзенттік парызын өтеуге тәрбиелеу.

7-тапсырма. Шығармашылық тапсырма

Оқушылар анасына деген жылы лебіздерін өлең

шумағымен жеткізеді.



Айналдым «ана» деген асыл аттан,

Шуағын бар әлемге шашыратқан.

Ойнап жүрген құлынын даладағы,

Үйде отырып даусынан ажыратқан.

К.Тоқтамұратқызы \

Жинақтау.

Анаға хат жазу оны ыстық орындыққа отырып оқу

8 – тапсырма. «Ана өмір шырағы»

Осы мәтін арқылы қандай ой түйіндедік?

Сынып оқушыларын аналарын жақсы сөздермен мадақтап, ортаға шығады.ленталарды біріктіреді.

Ең жақын адам

Ең қымбат адам

Отбасының ұйытқысы

АНА Мейірімді жан

Өмірдің шуағы

Қамқор жан

Тілекші

Жарық өмір сыйлаушы.

Хормен:

Ана өмір шырағы,

Ана өмір тірегі.

Ана – деген жылы есім,

Жан тербетер ұлы есім.

Ән орындау:

Мұғалім сөзі:

Ислам жолы да Ананы бәрінен артық ардақтауды талап етеді. Әділ патшаның: «Құдайдың көңілінен қалай шығуға болады?»- деген сұрағына, дана уәзір: «Анаңды қуанту арқылы», -деп жауап берген. Ендеше, «Бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербеткен» аналар аман болсын.

Бағалау. «Менің түйгенім»

Міне, балалар, сендер бүгінгі сабақтан алған білімдеріңді ортаға салдыңдар.

Берілген бағалау бетшесіне топ басшысы топтағы оқушылардың бағасын қояды. Мұғалім смайлик арқылы қорытынды бағасын қояды.





Рефлексия

Смайликтердің суреттері ілінеді.

(Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, үш заттың біріне іледі.)

Үйге тапсырма

- Өлеңге сүйене отырып, ана туралы шығарма жазу

-Өлеңді жаттау























«Беловодское орта мектебі»









Міржақып Дулатов

«ШЕШЕНІҢ БАЛАЛАРЫН СҮЮІ»





«Қазақ әдебиет» пәнінен аудандық ашық сабақ









Хинаят Кумисгуль

ІІ санатты

Қазақ тілі мен қазақ әдебиет мұғалімі













2017жыл қаңтар



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!