400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Қазақстан жазықтары"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан жер бедерінің ерекшелеіктерін еске түсіре отырып, Қазақстан жазықтарының географиялық орны, табиғи шекаралары, ерекшеліктері, тау жыныстары туралы оқып үйренеді; картамен жұмыс істейді.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Бекітемін:

Сабақтың тақырыбы

Қазақстанның жазықтары


Сабақтың мақсаты

Қазақстанның жер бедерінің ерекшеліктерін еске түсіре отырып, Қазақстан жазықтарының географиялық орны, табиғи шекаралары, ерекшеліктері, тау жыныстары туралы оқып үйренеді; картамен жұмыс істейді.

Күтілетін нәтиже









Қазақстанның жер бедерінің ерекшеліктерін еске сақтайды;

Қазақстан жазықтарының географиялық орнын анықтай біледі;

жазықтардың табиғи шекараларын картадан көрсете алады;

әр жазықтың өзіндік ерекшелігің анықтай алады;

жазықтарда қандай тау жыныстары кездесетіндігін картадан тауып, олардың неліктен шөгінді жыныстар екендігін анықтай алады;

Қолданылатын әдістер

СТО технологиясының әдістері, көшбасшылық, жартылай ізденіс, топтап, жұптап оқыту, «Рефлексия»

Сабақтың типі

Жаңа материалды меңгеру сабағы

Сабақты бағдарламалық-дидактикалық қамсыздандыру

Қазақстан және Орта Азияның физикалық картасы, оқушы атласы, бағалау парағы, сабаққа байланысты өлең шумақтары, «Мұғалімге хат» рефлексия парағы, АКТ

Номенклатура

Жазықтар мен ойпаттар: Каспий маңы ойпаты, Тұран ойпаты, Батыс Сібір жазығы (Солтүстік Қазақ жазығы); Үстірттер мен қыраттар: Үстірт, Торғай үстірті, Орал алды (Жем) үстірті, Жалпы Сырт қыраты, Бетпақдала үстірті.


Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

І. Ой қозғау.

































Тұсаукесер





















1. Ұйымдастыру

Саламат па, балалар!

Орнымыздан тұрайық,

Сөзге көңіл бұрайық.

Кім бар, кім жоқ сыныпта?

Кезекшіден сұрайық ...


Топтарға бағалау парағы таратылады. Спикер сайлау ұсынылады. (сынып топқа алдын-ала бөлінген)



2. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Қазақстан – аумақты ел,

Әлемде ол, 9-ыншы санатта.

Жер бедерін таныдық,

Біздер өткен сабақта.

Физикалық картада,

Бар екен биік таулары.

Жазықтары тағы бар,

Көмкерген тау аңғары.

Ерекшелігін ескерсек,

Жер бедері күрделі.

Реттілік қандай ед?

Айтыңдар кім біледі?


2. Жер бедері өзгеред,

Ішкі, сыртқы күштерден.

Жер бедері елімнің,

Айтшы қалай өзгерген?



Мұғалім өлең жолдарын оқып тұрады (жасырын сөз оқылмайды)


Мақтанамын осы Елмен,

Шаттанамын осы Елмен.

Атамекен, тұрағым –

------------- - өз елім! (Қазақстан)

Енді келер кезекте,

Сөз тіркесін құрайық.

Зейін менен көңілді,

Бас әріпке бұрайық.

Географиялық тұрағы,

Өз облыс жеріңде.

Қазақтың ірі өзені

--------- -ты кім біледі? (Жайық)

Әсем қала, жас қала,

Елордамыз – ----------. (Астана)

Ертіс құяд, лайсаң,

Көл атауы ---------- (Зайсан)

Суы жайлы болғанмен,

Аты ыстық барды көл.

Айырқалпақ елінде

Мұның аты – ---------- (Ыстықкөл)

Кіндік қаның тамған жер,

Елді мекен атауы (Қоңыр)

Батысында төбе бар,

Жылан орда болған жер.(Тәтентау)

Батыр ана атында,

Солтүстікте қырат бар.

Аты әйел болса да,

Елі үшін болған Ер. (Айдана)

Белсенділік танытқан,

Барлығыңа үлкен -------- (рахмет)!

Ыстық, ықыласпен ырзамын! (Ы) Ылайым сабақ бойына,

Осылай болсын әрекет.


Кезекші сыныпта кім жоқ екенін айтады.




Спикер бағалау парағын сабақ барысында толтырады.




Қазақстанның жер бедеріндегі төрт ерекшелікті картадан көрсете отырып айтып береді.








Жер бедерінің сыртқы күштердің әсерінен өзгеруін нақты мысалдармен түсіндіріп береді.


Оқушы жасырын сөзді табады.



Тақтаға жасырын сөзді жазады.



Жасырын сөзді тауып, алғашқы әріптерін тақтаға (түртіп алу әдісі бойынша) жазып отырады.


Жаңа сабақтың тақырыбын ашады.

Мағынаны тану

Жаңа тақырып: «Қазақстанның жазықтары»

Мұғалім оқушыларға тапсырмалар береді.

1. Топтық тапсырмалар .

Картамен жұмыс. «Географияның кілті – карта»

Қазақстанның физикалық картасын пайдаланып, жоспар бойынша жазықтар мен ойпаттар және үстірттер мен қыраттарға сипаттама беру ( І, ІІ және ІІІ топтар )

Жоспар

1. Географиялық нысанның атауы

2. Физикалық-географиялық орны

3. Жер бедері

4. Тау жыныстары

5. Ішкі сулары

І топ. Каспий маңы ойпаты. Үстірт. Бетпақдала үстірті

ІІ топ. Тұран ойпаты. Торғай үстірті

ІІІ топ. Батыс Сібір жазығы. Орал алды (Жем) үстірті. Жалпы Сырт қыраты

ІV топ. Оқулық мәтінін пайдаланып әр географиялық нысанның өзіндік ерекшелігін тауып, жарнамалау







2. Жұптық тапсырмалар. «Географиялық диктант» орындау.

Әр жұп жаңа тақырып бойынша екі сөйлемнен тұратын географиялық диктант құрастырып, оны оқиды, қалған оқушылар жаубын табуы керек.






Әр топ берілген тапсырма бойынша географиялық нысандарды жоспарға сай, картаға сүйене отырып сипаттап береді.

Жеке ойланады, топпен талқылайды, сыныпта бөліседі.

Қол шапалақтау арқылы бағаланады.






ІVтоп оқушылары географиялық нысандардың өзіндік ерекшелік-

терін анықтап, жариялайды (оқулықпен жұмыс) (жарнамалау әдісімен)


Жұптар географиялық диктант құрастырып оқиды, қалған оқушылар шешімін табады. Жаңа тақырыпты меңгеруге машықтанады.

Ой- толғаныс













































Рефлексия





















Үйге тапсырма






Бағалау

Жаңа тақырыпты пысықтау үшін берілетін тапсырмалар:

(Интерактивті тақтада орындалады)

1. «Дұрыс оқы» ойыны

АЛПЫЖ ТЫРС –

ПАҚАЛДАТЕБ –

ҒАЙРОТ –

АЛОР ДЫЛА –

ТІРТҮС –


2. Сәйкестендіру тесті

Каспий маңы Қазақстанға

оңтүстік

бөлігі енеді


Тұран тұз күмбезді

қыраттар

кездеседі


Батыс Сібір Сырдария өзені

ойпатты екіге

жарып ағады


3. «Дұрыс», «Бұрыс» арқылы түсінік дәрежесін тексеру

Тік беткейлі жарқабақ,

Батыс Сібірде болары хақ. (бұрыс)

Абсолюттік биіктік,

200 – 300 метрге жуық.

Орал алды үстіртін,

Жем өтеді қиып. (дұрыс)

Каспий маңы ойпаты,

Қызыл құммен шектесед.

Тегіс жазық жерінде,

Тұз күмбезі кездесед. (бұрыс)

Бетпақдала көсіліп,

Солтүстікті алады.

Ойлы-қырлы жерімен,

Шу өзені ағады. (бұрыс)

Батыс Сібір аталды –

Солтүстік Қазақ жазығы.

Бірыңғай тегіс жерінде,

Өзеннің баяу ағысы. (дұрыс)


Мұғалім рефлексия парағын таратады.

«Shape1 Мұғалімге хат»



Егер саған сабақ ұнаса, бүгінгі сабақты жақсы түсінсең және берілген тапсырмалар бойынша жақсы нәтиже көрсетсең онда бос орынға * белгісін қой.

Егер саған сабақта қиын болып, бірақ сен сол қиындықтарды жеңіп, берілген тапсырмаларды дұрыс орындасаң, онда бос орынға + белгісін қой.

Егер сабақта саған қиындық келтірген тапсырмалар болып, сен орындай алмасаң, мұғалімнің көмегі керек болса, онда бос орынға - белгісін қой.


§14, мәтінді түсініп, картамен «беттестіре» отырып оқу, мазмұндау; кескін карта түсіру. (жұмыстың орындалу барысы түсіндіріледі)


Мұғалім қорытынды бағаны қояды.





Дұрыс оқи отырып үстірттер мен қыраттарды естеріне сақтайды.

Тапсырманы дәптерге жазады.



Тапсырманы орындағанда жазықтар туралы білімдерін пысықтайды

(дәптерге жазады)







Оқушылар мұғалімнің айтқанымен келіссе, дөңгелекшенің «ақ» жағын, ал егер мұғалімнің айтқанымен келіспесе, «қара» жағын көрсетеді.













Оқушылар кері байланыс парақшасын толтырып, мұғаліммен кері байланысқа шығады.














Үй тапсырмасын дәптерге жазып алады.




Топ жетекшісі әр тапсырма бойынша критерий арқылы топтағы оқушыларды бағалайды.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
1513
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі