Материалдар / Ашық сабақ. Қазақстандағы экологиялық проблемалар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ. Қазақстандағы экологиялық проблемалар

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылар бойында Қазақстандағы экологиялық проблемалар тақырыбында білім, білік дағдыларын дамыту
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Мамыр 2018
631
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Орунбаева Гульнур тарих пәні мұғалімі


Күні: 26-28.02.2015 сабақ № 46

Қазақстан тарихы

Сыныбы: 9а,ә,б,в


Сабақтың тақырыбы

Қазақстандағы экологиялық проблемалар

Сабақтың мақсаты

Оқушылар бойында Қазақстандағы экологиялық проблемалар тақырыбында білім, білік дағдыларын дамыту

Енгізілген модульдер

Сыни тұрғыдан ойлау, оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

Күтілетін нәтижелер

Қазақстандағы экологиялық проблемалар тақырыбындағы білімді меңгереді, «Болжамға алу стратегиясы» арқылы білім, білік қабілеттері артады

Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер

Дөңгелек үстел, болжамға алу стратегиясы, сергіту сәті, топтық жұмыс, «Графити» әдісі, кері байланыс: екі жұлдыз, бір тілек

Сабақ-тың барысы

Уақы-ты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іc-әрекеті

Ресурстар, көрнекі құралдар

І. Кіріспе




Топқа бөлу

2 минут




2 минут

Психологиялық дайындық: көздерін жұмғызып, сабақта отырғандарын сезіндіру, жақсы нәрсе ойлау

Оқушыларға Балқаш, Арал, Демография, Экология атты жазулары бар жасырын қағаздарды алуды ұсыну, сәйкес келген жазулар негізінде 4 топқа бөлінуді айту

Бүгінгі күннің жағымды сәттерін еске түсіреді



Қолдарындағы бірдей жазулар бойынша 4 топқа бөлінеді

Глоссарий





Түрлі-түсті қағаздар

Үй тапсыр-масын сұрау



7 минут

Болжамға алу стратегиясы: болған оқиғаның басын жазып, оны ары қарай жалғастыруды сұрау (термин сөздер және әдеби тұлғалар» тақырыбы негізінде)

  1. Қазақстан Ғылым академиясының алғашқы президенті .....

  2. 1950 жылға қарай республикада жалпы білім беретін ......

  3. 1951 жылы «бірқатар жат ұғымдарды баяндайтын ......» бұйрық берілді.

  4. Интеллигенция өкілдерінің кейбіреулері ғана ақталды. Олар:

  5. 1947 жылы М.Әуезов өзінің «Абай» роман-

  6. Ә.Нұрпейісовтың «Қан мен тер» трилогиясына ....

Болып өткен оқиғалардың жалғасын А 3 парағына толықтырып орындайды


  • 1946 жылы Қаныш Сәтбаев болды

- 9088 мектептер жұмыс істеп, оларда 1 млн 439 мың оқушы білім алды

- қазақ әдебиеті оқулықтарының барлық басылымдарын алып тастауға

- І.Жансүгіров, С.Сейфуллин, Б.Майлин, Т.Жүргенов, Ж.Аймауытов, С.Асфендияров

- эпопеясының екінші кітабын аяқтады

- 1974 жылы Мемлекеттік сыйлық берілді

А 3 парағы

Сергіту сәті

2 минут

Би терапиясы: "Біз билейміз" тақырыбындағы мультфильмдік бейнероликті интерактивті тақтада қойылым ретінде ұйымдастыру

Іс - қимылдарды орындайды


Интербелсенді тақта

ІІ. Жаңа сабаққа кіріспе

5 минут

«Дөңгелек үстел» әдісін пайдалана отырып «Апатты жерлер» сөзі туралы ойларын А 4 парағына жаздыру

Апатты жерлер деп қирайын деп тұрған үйлер немесе экологияға, құлдырауға ұшыраған жерлер, дамуы мен болашағы жоқ аймақтарды айтады

А 4 парағына «Апатты жерлер» сөзі туралы не ойлайтындарын жазады

Қазақстан аумағында апатты аймақтарға Арал теңізі аймағы, Балқаш көлі, Семей сынақ алаңы, Капустин Яр сынақ алаңы және т.б. жерлер жататындығын жазады

А 4 парағы


17

Топтағы оқушыларға «Қазақстандағы экологиялық проблемалар» тақырыбы ішінен тақырыпшаларды бөліп бере отырып, постерде жұмыс жасауын түсіндіру. Жеңіл және күрделі тапсырмалар бойынша жұмыс жасауды тапсыру

1 топ: Балқаш тобы. Балқаштың жай-күйі туралы жазып, география пәнімен байланыстырады

2 топ: Арал тобы. Арал апаты атты тақырыпша негізінде жұмыс жасайды

3 топ: Демография тобы. Демографиялық үдерістер тақырыпшасы негізінде жұмыс жасауды

4 топ: Экология тобы. Экологиялық проблемалардың асқынуы атты тақырыпша негізінде жұмыс жасайды.

«Қазақстандағы экологиялық проблемалар» тақырыбы ішінен тақырыпшаларды бөліп ала отырып, түсінгендерін флипчартқа жазады және оны қорғайды. Жас ерекшеліктеріне қарай жұмыстар атқарады

-Балқаш алабын тиімсіз игеруден 1970-1985 жылдары көлге құятын өзендер суының көлемі азайды

- Соңғы 40 жылда суармалы жер көлемінің ұлғаюы, суды қажет ететін кәсіпорындардың көбеюі,жасанды су қоймаларының салынуы Арал апатын қалыптастырды

- Ұлт-азаттық қозғалыс, азамат соғысы, Екінші дүниежүзілік соғыс қазақ халқының азаюына әкеліп соқты

- Семей, Капустин Яр, Сарышаған полигондарындағы сынақтар экологиялық апаттарға алып келді

Флипчарт, маркер,

ІІІ. Қорытынды

5 минут

«Графити» әдісі. Оқушыларға «Экологиялық аймақтар» тақырыбында тапсырма орындадату.


Тапсырманы орындайды, постерлерін кейінгі топтарға ұсынады, өз кезегінде басқа топтар қамтымай кеткен мәселелерді жазады

Флипчарт, маркер

IV. Кері байланыс

2 минут

Екі жұлдыз, бір тілек жазуларын өтіну

Бүгінгі сабақтан алған білімдері мен көңіл күйлерін стикерге жазып, смайликті постерге іледі

Стикер, смайликті постер

Үйге тапсырма

1 минут

Эссе туралы түсіндіру және эссе жазып келуді тапсыру

Эссе туралы біліп, жазып келу керектігін дәптерлеріне түртіп

алады

Глосссарий

Бағалау кезеңі

2 минут

Формативтік бағалау жүргізіп, жиынтық бағаны қоямын

Өз білімін алған бағаларымен теңестіріп отырады

Бағалау парағы




2


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!