Материалдар / Ашық сабақ Қазақстанға халықтарды депортациялаудың негізгі кезеңдері 11 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Қазақстанға халықтарды депортациялаудың негізгі кезеңдері 11 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
жас мамандарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Қазан 2020
786
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Қазақстанға халықтарды депортациялаудың негізгі кезеңдері

Мектеп: Х.Доспанова атындағы №30 ОЖББМ

Күні: 14.02.2020жыл

Мұғалім: Нысанова.Н.М.

Сынып: 11 «А» сынып

Қатысқандар саны: 14

Қатыспағандар саны:0

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

КСРО тұсындағы тоталитарлық жүйе, геноцидтің жалғасуы, халықтарды туған жерінен күштеп көшіру, соғыс жылдарында не себепті кейбір ұлттардың күштеп қоныс аударғаны және қазақ халқының күштеп жер аударылғандарға көмегі туралы түсінік қалыптастыру, адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеу, шығармашылық пен ізденіске, топпен жұмыс жасауға дағдыландыру

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар:

Тақырыпты  меңгере отырып  елімізге КСРО кезінде Қазақстанға эвакуацияланған және депортацияланған халықтар, соғыс  кезінде  күштеп  көшірілген  басқа ұлт  өкілдерін  қазақ халқының жанашырлықпен  жылы қабылдап, көмек бергенін  және бүгінгі күні көп ұлтты  елімізде халықтар достығының  тереңдігін  мемлекетіміздің  беріктігінің  нығаюындағы  ролін  көреді, «Мәңгілік ел» идеясы, Рухани жаңғыру, Қазақстан Халқы Ассамблеясының жұмысы туралы  білімдерін жетілдіріп, тереңдетеді

Оқушылардың басым бөлігі:

Қазақстанға күштеп қоныс аударылған ұлттар туралы толық мәліметтер біледі, терминдермен танысады, төзімділікке, толеранттылыққа, достықты құрметтеуге тәрбиеленеді.

Кейбір оқушылар:

Тақырыппен таныса отырып өзіндік ой- пікірлерін, тұжырымдарын, көзқарастарын, қорытындыларын жасауға үйренеді

Тілдік мақсат

Оқушылар: Оқушылар тақырып бойынша кездесетін термин сөздермен танысады, шығармашылық тапсырмалар орындау барысында депортацияланған неміс,азербайджан халқының танымал тұлғалармен, қоғам қайраткерлерімен танысады, үш тілде сөйлейді, Г. Бельгер, А.Осман

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Депортация, эвакуация, «саяси сенімсіз» халықтар, «жапон шпионы» ҚР Ассамблеясы

Сыныптағы диалог/ тыңдалым, айтылым, жазылым дағдыларын қамтамасыз етуде :

Мәтінмен жұмыс барысында тірек сөздерді анықтайды,дәптерге жазады,ойлайды,көзқарасын білдіреді:



Алдыңғы оқу

ГУЛАГ жүйесіндегі - Қазақстан

Жоспар

Уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы


2 минут

5 минут











5 минут





5 минут

«Атом, молекула» тренингі арқылы сыныпта ынтымақтастық атмосфераны қалыптастыру

«Лездік сұрақтар» әдісі

Үй тапсырмасына шолу жасау.

Карлаг, Алжир, Степлаг туралы мәлімет сұрау, картамен жұмыс.

  1. Алжирде қанша бөлімше болған? 22

  2. Алжир қай жылы салынды? 1937ж

  3. «Жаппай саяси қуғын- сүргін құрбандарын ақтау туралы» ҚР ның Заңы қашан қабылданды? 1993 ж14 сәуір

  4. 31 мамыр - саяси қуғын- сүргін құрбандарын еске алу күні болып ресми бекітілген жыл? 1997 ж

  5. Степлаг неше негізгі бөлімшеден тұрды? 3- ке Кеңгір, Жезқазған,Қарсақбай

  6. Степлагтағы 1954 ж 16 мамырдағы көтеріліс неше күнге созылды? 40 күн

  7. Степлагтағы тұтқындардың ең басты міндеті не болды? Жезқазған мыс комбинатын салып бітіру.

  8. Карлаг қай жылы құрылды? 1931 жылы 19 желтоқсанда


Бейне баяннан үзінді көрсету арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу. «Стоп кадр» әдісі

Оқушылар көрген бейнебаянға комментарий айтады.


Бейнебаян, слайд, карта

Ортасы

7 минут







5 минут









5 минут



3 минут

«Бағытталған оқу» стратегиясы

І-топ.  Соғыс жылдарындағы  ұлтаралық қатынастар туралы,  көшірілген  халықтардың   жағдайы  туралы  және  олардың  көңіл-күйі, бастарына  түскен ауыртпалықтары мен қазақ халқының  оларды қалай  қарсы  алып, қабылдағандары жайлы  айтады.

ІІ- топ.  Қазіргі кездегі  басқа ұлт өкілдерінің  өмірінен, тыныс-тіршілігінен мағлұмат  береді.

«Мәтіндермен жұмыс»

Соғыс  қарсаңында  Қазақстанға  102 мың поляк  айдап әкелінді,  Еділ бойындағы  Неміс  автономиялық  республикасын таратып, 360 мыңнан астам  неміс  Қазақстанға  әкімшілік жолмен  көшірілді.  Қалмақтар, қарашайлар, ингуштар, шешендер , балқарлар, қырым татарлары, месхет түріктері  соғыс  кезінде  күштеп  Қазақстанға  көшірілді.  Олар әр  қазақ отбасына  бөліп  берілді, қазақ халқының қамқорлығын  көрді.

Ой толғау

1.Халықтарды күштеп  депортациялау неліктен  жүзеге  асырылды?

2.Депортацияланған халықтардың  сол кездегі  жағдайы  қандай  болды?

3.Қазақ халқының  бойындағы  мейірімділік, төзімділік, қонақжайлық  қасиеттердің  қазіргі  күндегі  көрінісі  қандай?

«Сандар сөйлейді» әдісімен пысықтау

  1. 1920-1949жж КСРО-да қанша адам депортацияға ұшырады? 3, 2 млн адам

  2. 1940-1941жж Ақмола, Қостанай, Ақтөбе,Павлодар,Солтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарына қанша мың поляк қоныстандырылды? 200 мың

  3. Қарашай Автономиялық Республикасы қай жылы жойылды?1943жылы

  4. Оңтүстік Қазақстан мен Жамбыл облысына қанша мың қарашай депортацияланды? 45, 5 адам

  5. Шешен Ингуш АКСР і жойылды? 1944 жылы

  6. 1945 ж соңына қарай Қазақстанға қанша неміс отбасы орналастырылды? 9 мың

  7. Ұлы Отан соғысы жылдарында қазақ жеріне эвакуацияланған және депортацияланған халықтар саны? 1,5 млн

Бағалау / бір-бірін бағалау/

Үйге тапсырма Эссе жазу «Ұлттар достығы», «Қазақстан – татулық мекені»


Мәтін, суреттер, слайд

бейнебаян


















Бағалау парағы

Аяқталуы


3 минут

Рефлексия

Білемін

Білдім

Білгім келеді





Рефлексия: Оқушылар сабақ бойынша пікірлерін ортаға салады, ой бөліседі.


Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз қабілеті

жоғары оқушыларға

тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді қалай

жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс

Дүниежүзі тарихы

АКT-мен байланыс

Интерактив тақта, ұялы телефон

Құндылықтардағы

байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.



Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!