жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ "Қазақтың домбырасы" 7-сынып ҚМЖ
Ашық сабақ "Қазақтың домбырасы" 7-сынып ҚМЖ
|
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Музыка. Қазақтың киелі домбырасы Мектеп: Ахмет Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназия Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Жакипова Г.Е. Сынып: 7 «З» Қатысқандар: Қатыспағандар: |
||||||||||||||||||||
|
Сабақтың тақырыбы |
Қазақтың домбырасы |
|||||||||||||||||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары |
7.3.4.1. Мәтіндердің идеясын, мақсатты аудиториясын салыстырып, талдау жасау 7.4.2.1. Эссе құрылымы мен дамуын сақтап, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу |
|||||||||||||||||||
|
Сабақтың мақсаты |
Барлық оқушылар орындай алады: Мәтіндерді оқиды, мазмұны бойынша сұрақтарға жауап бере алады. Эссе құрылымын біледі, дамуын сақтап жазуға тырысады. |
|||||||||||||||||||
|
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Мәтіндердің идеясын, мақсатты аудиториясын салыстырады. Эссе құрылымы мен дамуын сақтап, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін көрсетіп жазуға талпынады. |
||||||||||||||||||||
|
Кейбір оқушылар орындай алады: Мәтіндердің идеясын, мақсатты аудиториясын салыстырумен қатар, талдау жасайды. Эссе құрылымы мен дамуын сақтап, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазады. |
||||||||||||||||||||
|
Тілдік мақсаттар |
Оқушылар орындай алады: Мәтіндердің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, идеясын, мақсатты аудиториясын салыстырады, талдау жасайды. Эссе құрылымы мен дамуын сақтап, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазады. |
|||||||||||||||||||
|
Пəнге қатысты сөздік қор мен терминдер: науқан, өкіл, растайтын куәлік, долдану, буырқану т.б. |
||||||||||||||||||||
|
Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер: күй орындау, үкілердің тербелісі, ұйымдастырушы алқа, күнделікті эфир, киелі, қалқан, сабасына түсу, тереңдігі ат тобығындай, құрық тастам т.б. |
||||||||||||||||||||
|
Талқылауға арналған сұрақтар:
|
||||||||||||||||||||
|
Бағалау критерийі |
7.3.4.1.
7.4.2.1.
|
|||||||||||||||||||
|
Құндылықтарға баулу |
Халықтың киелі домбырасын қастерлеуге баулу |
|||||||||||||||||||
|
Пəнаралық байланыс |
музыка |
|||||||||||||||||||
|
Тақырып бойынша алдыңғы білім |
Домбыраның құрылысын таниды, шығу тарихынан хабардар. |
|||||||||||||||||||
|
Сабақ барысы |
||||||||||||||||||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
||||||||||||||||||
|
Сабақтың басы |
Оқушылармен амандасу, түгелдеу. Ынтымақтастық атмосферасын орнату. 1-тапсырма. Сөздікпен жұмыс. Науқан, өкіл, растайтын куәлік, долдану, буырқану, күй орындау, үкілердің тербелісі, ұйымдастырушы алқа, күнделікті эфир, киелі, қалқан, сабасына түсу, тереңдігі ат тобығындай, құрық тастам т.б. |
|
||||||||||||||||||
|
Сабақтың ортасы |
2-тапсырма. Мәтіндерді «Джиксо» әдісін пайдаланып оқыңыздар, бір-бірлеріңе мазмұнын түсіндіріңіздер. Мақсатты аудиториясын, идеясын, стилін салыстырыңыздар. Қазақтың қара домбырасы Гиннестің рекордтар кітабына енді Толы аудандық мәдениет мекемесінің бастығы Гүлістан Хамитқызының айтуынша, қара домбыраны рекордтар кітабына тіркеуге дайындық шамамен екі жыл бұрын басталыпты. Науқанға аймақтағы ең мықты деген домбырашылар тартылған. Ұйымдастырушылар ақылдаса келе қазақ халқының «Кеңес» күйін таңдап алыпты. Күйді таңдап алған соң ұйымдастырушылар алқасы рекорд тіркеу үшін 10 мың адамдық күйшілер қосын жинау қажет деп шешіпті. Бізге қарасты жеті ауыл бар. Сол ауылдардағы мектептерден 160-тан астам домбырашы таңдап алынды. Он мықты домбырашы осы оқушыларға «Кеңес» күйін тарту тәртібін үйретті. 160 домбырашы әрі қарай өз шәкірттерін тәрбиелеуі керек болды. Біз оны қадағалап отырдық, – дейді Гүлістан Хамитқызы. Оның айтуынша, домбырашылар қосынын құру жоспары аясында орта мектептерде аптасына бір сағат домбыра үйрену сабағына арналған. Бұған қоса, аудандық телеарна арқылы «Домбыра үйренейік» бағдарламасы ашылып, бес минуттық хабар күнделікті эфирден беріліп отырған. Хабарда «Кеңес» күйі үйретілген. – Біздің жұмысымыздың нәтижесі көрінді. Бұрын домбыра шерте алмайтындардың ұлттық аспапқа деген қызығушылығы оянды. Егіншілер, малшылар осы науқанға ат салысты. Қазір қарасаңыз, біздің ауданда бір шаңырақта 8-9 домбыраға дейін алғандарын кездестіруге болады. Қонаққа барсаң үйдегілердің бәрі «Кеңес» күйін шертіп жатады, көшеде жүрсең де күйдің үні естіледі. Бұл тамаша науқан болды. Домбыраны ұмытып бара жатқан біздің ұрпақтарымыз үшін бұл үлкен үйрену негізі болды, – дейді Гүлістан Хамитқызы. 2010 жылы мамырдың 30-күні қазақтың ұлттық киімін киген 10450 домбырашы аудандық орта мектептің үлкен спорттық алаңына жиналды. Олардың ішінде 28 ұлттың өкілдері болған, әйткенмен дені қазақтар екендігі хабарланып отыр. – Кері уақыт саналып, бәрі бір сәтте бастады. Дәл сол сәттегі жағдайды тілмен сипаттап жеткізу қиын: домбыраға тағылған үкілердің тербелісі, әуенде қалықтаған саз... Гиннестің рекордтар кітабына тіркеуге келген адамдардың өздері сондай тебірентерлік сәттің куәсі болғандықтарын айтып жатыр. 10 мың домбырашының күй орындау сәтін жоғарыдан қарағанда керемет көріністі тамашалауға болар еді, – дейді Гүлістан Хамитқызы. «Кеңес» күйі орындалған соң Гиннес рекордтар кітабының өкілдері рекорд тіркелгендігін растайтын куәлікті табыс етті. Домбыра! -Есің ауысқан ба! Садақ тартатын қол жетпей
тұрғанда күй шалып қай адасқаның!-деп қолбасы ұрысқан
екен. Домбыра үні баяулап басылғанда, өзен
байырқалап сабасына түсіпті дейді. Сел тоқтап, күн ашылыпты. Қара
жартас қақ айырылып, жол беріпті
дейді. (С.Сматаев «Елім-ай» трилогиясынан) «Венн диаграммасы» әдісі арқылы екі мәтінді салыстырады
Десриптор
4-тапсырма. Төмендегі жазылым тақырыптарының бірін таңдаңыз; Келісу/келіспеу себептерін көрсетіп, құрылымы мен дамуын сақтай отырып, эссе жазыңыз. 1. «Домбырада адамдарды өзіне тартатын ерекше қасиет бар. Ол күш (энергия) жоғарғы әлемдегі (космология) ата-балалар рухынан тарайды», - деген пікірмен келісесіз бе? Себебін жазыңыз. 2. «Қазіргі жаңа технологиялар заманында домбыраға деген көзқарас өзгерді. Жастардың домбыра туралы білгісі де келмейді». Бұл туралы сіз не ойлайсыз? Дескриптор - көтерілген мәселе туралы ойланады; - келісу/келіспеу себептерін көрсетіп жазады; - эссенің құрылымы мен дамуын сақтайды. |
https://www.azattyq.org/a/Kazakhstan_china_music_dombra_guinness_world_records/2059637.html
http://kerekinfo.kz/blog/1839.html |
||||||||||||||||||
|
Сабақтың соңы
|
4-тапсырма. Синквейн жазыңыз. 1 зат есім 2 сын есім 3 етістік 4 сөзден тұратын сөйлем синоним |
|
||||||||||||||||||
|
Қосымша ақпараттар |
||||||||||||||||||||
|
Саралау – Сіз қандай тəсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? |
Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? |
Денсаулық жəне қауіпсіздік техникасын сақтау |
||||||||||||||||||
|
Қабілетті оқушылармен жұмыс: Қ.Мырзаәлінің «Білгің келсе біздің жайды, содан сұра тек қана: Одан асқан жоқ шежіре, одан асқан жоқ дана» сөзіне ребус құрастыру. Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс: Эйлер шеңберімен жұмыс. (шеңбердің ішіне тақырыпқа қатысты ақпаратты, қатысы жоғын сыртына жазады)
|
Ауызша кері байланыс пен «Индекс карточкалары» әдісі арқылы қалыптастырушы бағалауды сабақтың өн бойында жүргізу Мұғалім оқушыларға карточкаларды таратады. 1-беті: өтілген материал бойынша негізгі идеяларды атап өтіп, оларды жинақтайды. 2-беті: өтілген материал (тақырып, тарау) бойынша нені түсінбегеніңді анықтап, сұрақтарыңды жазады. Сосын түсінбеген мәселе бойынша қойылған сұрақтарды талқылайды. |
|
||||||||||||||||||
|
Рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді ма? Оқушылар бүгін не үйренді? Сабақтағы ахуал қандай болды? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? Уақыт есебінен ауытқу болды ма? Жоспарға қандай өзгеріс енгізілді? |
|
|||||||||||||||||||
|
Жалпы бағалау Ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты) 1. 2. 2. Түрткі сұрақтардың санын көбейткенде Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім? 1. 2。 |
||||||||||||||||||||
шағым қалдыра аласыз













