Материалдар / Ашық сабақ. Қолтық ойындысын әдіппен өңдеу, 1 курс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ. Қолтық ойындысын әдіппен өңдеу, 1 курс

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларды қатаң технологиялық реттілікті сақтай отырып қолтық ойындысын әдіппен өндеу дағдысын қалыптастыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Желтоқсан 2018
1619
8 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Инклюзивті топта өндірістік оқыту сабағының жоспары Сабақ жоспары

10 Жеке сұраныс бойынша барлық тігін түрлерін орындау. Сабақ тақырыбы: Қолтық ойындысын әдіппен өңдеу.

Сабақ мақсаты: Білімдік:оқушыларды қатаң технологиялық реттілікті сақтай отырып қолтық ойындысын әдіппен өндеу дағдысын қалыптастыру. Дамытушылық: оқушылардың кәсіби жылдамдық дағдысын дамыту Тәрбиелік:оқушыларды дайындаған бұйымдардың сапалы болуына үлкен жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу, мамандығына шығармашылық қызығушылығын арттыру.


Сабақ нысаны үлгісі:фронталды - топтық (оқушылар бір уақытта бірдей тапсырмаларды орындайды, өндірістік оқыту шеберінің барлық топқа басшылық жасауға мүмкіндігі болады)

Сабақтың түрі: еңбек тәсілдері мен операцияларын орындау сабағы.

Сабақта пайдаланған әдістер:

  1. Ауызша баяндау- әңгімелеу, түсіндіру.

  2. Демонстрациялық- үлгілер мен слайд көрсету.

  3. Репродуктивті- еңбек тәсілдерін көрсету, бейнеролик,

  4. Топшамалармен жұмыс

5.Сабақтың оқыту құралдарымен жабдықталуы:

Интерактивтік тақта

үлгілер

нұсқау картасы

слайдтар

манекен

ине, оймақ,


JUKI, JAKI, 51 кл машиналары

Әр түрлі жилеттердің үлгілері сабақтың мотивациясына

арналған- 5 дана.

Дайын жилеттің үлгісі – 1 дана.

Балалар жилетінің қолтық ойындысын әдіппен өңдеу кезеңдерінің

үлгілері- 6 дана.



Пәнаралық байланыс: тігін өндірісін жабдықтау, киім дайындау технологиясы, тігін өндірісінің материалтануы.



Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру бөлімі: 3 мин

  1. Оқушылармен амандасу.

  2. Сабаққа қатыспаған оқушыларды белгілеу.

  3. Жұмыс орындарын сабаққа дайындау.


II. Кіріспе нұсқау: 40 мин Оқушылардың жаңа тақырыпты қабылдауына дайындық Үй тапсырмасын қайталанған соң, жаңа тақырыпқа көшеміз


1. Қазір біздер қандай бұйым түрін тігіп жатырмыз?

2. Жилет кімдерге арналған?

3. Жилеттерді қандай мата түрлерінен дайындайды?

4. Жилет қандай пішім бөлшектерінен тұрады?

5. Иық тігісі неге екі машиналық тігімімен орындалады?

6. Тік және көлденең орналасқан бүкпелер қалай үтіктеледі?

7. Әдіп деген не?

8. Қатырма не үшін қажет?

«Көз қималына арналған» ойын

Берілген суретке қарап, жауап беріңіз. Қанша сары дөңгелектер, көк үшбұрыштар, қызыл төртбұрыштар және ақ ромбтар көрдіңіз?

Shape1 Shape2

Жаңа материалды түсіндіру.


Жилеттердің түрлері (сурет)

Жилетті әртүрлі вариантта пайдаланады, себебі ол ер адамдардың классикалық костюмі тройканың бір бөлігі.

XX ғасырдан бастап жилет арнайы киім ретінде пайдаланыла бастады, жасақтау(обмундирование)киім ретінде пайдаланды. Әскери адамды жилетсіз, күзетшіні, полицейскийді бронежилетсіз, рафтерді қорғайтын жилетсіз, МАИ қызметкерін сигналдық жилетсіз елестете алмаймыз.

Жағасыз, жеңсіз бұйымдарда мойын ойындысының қиықшасы және қолтық ойындысы шеттіктеу тігісімен өңделеді. Әдіпті мойын ойындысының әлде қолтық ойындысының формасымен пішеді. Жилеттің бағытымен әдіп сәйкес келуі керек.



Технологиялық операциясының атауы

Сурет

Жабдықтау

1




Әдіпке теріс жағынан қатырманы жапсыру.

үтік


2



Әдіпті өңдеу,алдыңғы және артқы бойы иық - бүйір қиықтарын сырып тігу.

Іс машинасы


3


Қосымша сыру тігістерін айырып үтіктеу.

үтік

4

Жилеттің алдыңғы жағына әдіпті өң жағымен салу.


Түйреуіштер

5

Жилет жағынан әдіпті қолтық ойындысына көктеп тігу.

Ине, жіп

6

Бүйірше тігісінен бастап қолтық ойындысын ені 5-7мм жөрмеу тігісімен тігу.


Іс машинасы

7

Қолтық ойынысының оралымдарына кертпе жасау. (кесу)


қайшы

8

Көктеп тіккен жіптерді алып тастау.


қайшы

9

Тігісті әдіп жағына қайырып, қолтық ойындысын жөрмеу және шеттіктеу тігістерімен өңдейді.


Іс машинасы

10

Әдіпті бұйымның теріс жағына қарай қайырып, тігісті дұрыстайды, негізгі матадан дайындалған ені 1-2мм шеттікті әдіпке қарай көктеп тігу.


Ине, жіп


11


Әдіп формасындай етіп үтіктейді.

үтік

12

Әдіптің ішкі қиықтарын торлау.

51 кл







Қауіпсіздік ережелерін қайталау.

Жұмыс кезінде қандай құралдар керек болады?(оймақ, қайшы, іс машинасы, үтік).

Енді қаупсіздік ережелерін қайталайық.

Жұмысты орындаған соң, сіздер топшаманы толтырасыз, өзіңізге және құрбыңызға баға бересіз.

Жұмысыңыз біткен соң, мен сіздерді бағалаймын.





Топшамалармен жұмыс «Орындалған үлгінін сапасын бағалау»

Бағаның критерийі

Өзінің бағасы

досының бағасы

Оқыту шеберінің бағасы


1



Әдіптің ені бүкіл қиықшаның енімен сәйкес болуы керек




2

Шеттік әдіп жағынан орналасады және оның шамасы 1-2 мм болады.






3



Жилеттің ылғылдақ- жылулық жұмысы сапалы орындалған.








III. Ағымдық нұсқау: Жұмыс орнын қарау кезіне 4cағат 30мин

Қызметшілер орнын тексергенде, мынаған назар аударыңыз;

Қауіпсіздік ережелерін сақтау

Жұмыс орнын ұйымдастыру

Еңбек тәсілдерін технологиялық реттілігімен орындау.




IV. Қорытынды нұсқау: 20-25 мин

Өткен материалды бекіту

Тапсырманы қалай орындағанымызды тексерейік.

1. Біз бүгінгі сабақта немен айналыстық?

2. Қолтық ойындысын қалай өңдедік?

3. Қандай қиындықтармен кездестік?

4. Бағалау





Рефлексия

1.Сабақта не үйрендік?

2. Қандай жұмыстарды орындадық?

3. Бір- бірімізге ризашылығымызды білдірейік.



Үй тапсырмасы – Қолтық ойындысын әдіппен өңдеу тақырыбын қайталау



Сабақ аяқталды. Сау болыңыз.









Пайдаланылған әдебиеттер .

1.Силаева М.А. "Жеке тапсырыстар бойынша бұйымды тігу"

Москва- 2002ж.

2.Труханова А.Т. "Әйелдермен балалардың жеңіл киімдері технологиясы"

Москва- 2001 ж.

3.Б. Дүрманов, Х. Өтешова, Г. Байділдаева "Тігінші, пішуші, модельер"

Астана-2011ж. "Фолиант " баспасы

4.Қ. Кучарбаева, Т. Амреева, Г. Чмекеева "Киім пішу мен тігу"

Астана- 2010ж.













Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!