Қазақстан Республикасының
білім және ғылым министірлігі
«Қостанай қаласы әкімдігінің
білім бөлімінің
№13 негізгі жалпы білім беретін
мектебі» ММ
Қазақ тілі пәнінен ашық
сабағының әзірлемесі
Тақырыбы:
«Құрманғазы Сағырбайұлы.
Омонимдер. Синонимдер».
Дайындаған: мұғалім Сәбитова
Ә.Ә.
ӘБ отырысында
қарастырылған
2016-2017 оқу
жылы
Сабақ
тақырыбы: «Құрманғазы Сағырбайұлы.
Омонимдер. Синонимдер».
Сабақ
мақсаты:
1.Құрманғазы Сағырбайұлы ұлы
халық композиторы, домбырашысы, әншісі туралы жалпы мағлұмат беру,
өмірбаяны және еңбектерімен таныстыру және омоним,синонимді
қайталап, алған білімдерін зерделеу.
2. Сөйлеу қабілеттерін дамыту,
практикалық тапсырмаларды орындау тәртібін
қалыптастыру.
3. Білім алушылардың өнерге
деген қызығушылығын арттыру, халықтың ұлы ұлдары үшін мақтаныш
сезімдерін ояту.
Сабақтың
түрі: аралас.
Оқыту
әдістері: сұрақ-жауап арқылы, ауызша
сөйлеу, мәтінді оқу-аудару, ізденушілік.
Көрнекі-құралдар: компьютер, интерактивті тақта,
презентация, тест.
Пәнаралық
байланыс: орыс тілі, әдебиет, тарих,
математика.
Сабақтың
барысы:
Ұйымдастыру
кезеңі: Сәлеметсіздер ме,
балалар?
Бүгін наурыздың
нешесі?
Аптаның қай
күні?
Үй тапсырмасына барлығыңыз
дайынсыздар ма?
Үй тапсырмасын
тесеру:
-
Балалар, үйге не
берілді?
-
Дина Нүрпейісова дегеніміз
кім?
-
Дина Нүрпейісова нешінші жылы
дүниеге келген?
-
Дина Нүрпейісова қай жерде
дүниеге келген?
-
Дина Нүрпейісова неше жасынан
домбыра тарта бастаған?
-
Дина Нүрпейісованың еңбектерін
атаңыздар?
-
Антоним дегеніміз
не?
-
Антонимге мысал
келтіру
-
Талдау.
Жаңа
тақырып: Балалар, бүгінгі өтетін
сабағымыздың тақырыбы:
«Құрманғазы
Сағырбайұлы».
Құрманғазы атамыздың
өмірбаянымен, еңбектерімен танысамыз.
Сабақтың
мақсаты:
1.Құрманғазы Сағырбайұлы
туралы жалпы мағлұмат беру.
2. Құрманғазы Сағырбайұлының
өмірбаянымен, еңбектерімен танысу.
3.Синоним, омонимдерді
қайталап, алған білімімізді зерделеу.
Кіріспе
әңгіме:
Сағырбайұлы Құрманғазы 1806
жылы дүниеге келіп,1879 жылы дүниеден өткен. Қазақтың ұлы
күйші-композиторы, домбырашы, халық аспаптар
музыкасының
алыбы,күй атасы.Туып-өскен
жері Бөкей хандығы, қазіргі Орал облысының Жаңақала ауданына
қарасты Жиделі деген жер. Топырақ бұйырған орыны – Астрахань
(Ресей) облысының бұрынғы «Шайтани батага», қазіргі «Құрманғазы
төбе» деп аталатын жер. Құрманғазының музыкалық мұрасы өте бай.
Құрманғазыны күй өнеріне баулыған және оның ұстазы болған Ұзақ
күйші еді.
Сөздікпен
жұмыс:
-
алыбы
–гений
-
аспаптар
–инструменты
-
атақты-знаменитый
-
мұра-наследие
-
ұстаз-учитель
Мәтінмен
жұмыс: Мәтінді орыс тіліне аудару,
талдау.
Сергіту
сәті: «Сарыарқа» күйі. Бейне таспаны
тамашалау. (Ұзақтығы: 1.50 минут).
Сұрақтарға
жауап:
Құрманғазы Сағырбаев кім? Ол
қай жылы туған? Туған жерін атаңыздар? Құрманғазы Сағырбаевтың неші
күйі бізге белгілі? Бүгін біз қандай күйімен
таныстық?
Ал балалар, енді біз синоним,
омонимді еске түсірейік
Синоним дегеніміз - айтылуы
бөлек, мағыналары бір сөздер.
Мысалы: әдемі - сұлу, көрікті,
келбетті, ажарлы.
Омоним дегеніміз - айтылуы бір,
мағынасы бөлек сөздер.
Мысалы: Мен ағашты арамен
араладым. Менің қолымды ара шақты. Бірінші сөйлемдегі ара сөзі затты
білдірсе, екінші сөйлемде жәндікті білдіріп тұр.
Сұлба көрсету арқылы білім
алушылардың білімін пысықтап,
зерделеу.
Мысалы:
Синонимге арналған
сұлба.
Мысалы:
Омонимге арналған
сұлба.
Мәтінде асты сызылып тұрған
сөздердің синонимін табыңыздар.
Сағырбайұлы Құрманғазы 1806
жылы дүниеге келіп,1879 жылы дүниеден
өткен.
Қазақтың
ұлы күйші-композиторы, домбырашы,
халық аспаптар музыкасының алыбы, күй атасы.
Туып-өскен жері Бөкей хандығы, қазіргі Орал облысының Жаңақала
ауданына қарасты Жиделі деген жер. Топырақ бұйырған
орыны – Астрахань (Ресей) облысының
бұрынғы «Шайтани батага», қазіргі «Құрманғазы төбе» деп аталатын
жер. Құрманғазының музыкалық мұрасы өте бай. Құрманғазыны күй
өнеріне баулыған және оның ұстазы болған Ұзақ
күйші еді.
Суретпен жұмыс
жасау. Мамандықтары бойынша әңгіме
құрастыру.
Әңгіме құрастыра отырып,
синоним, омонимдерді табу.
Тапсырмалар: Интерактивті тақтамен
жұмыс
1) Синонимді тауып, орнына
қойыңыз
Сымбатты
бала
..............................................бала
2) Үлкен
аула
..............................................аула
3) Алғыр
оқушы
.............................................оқушы
4) Білімді
адам
...............................................адам
Керекті
сөздер: келбетті, кең, сауатты,
зерек.
2) Омонимді тауып, орнына
қойыңыз
1)Көлдің
жағасы
............................................жағасы
2)Адамның
қасы
............................................қасы
3) Көйлектің
етегі
...........................................етегі
Керекті
сөздер: көйлектің, таудың,
үйдің.
3)Антонимді тауып, орнына
қойыңыз
1)Үлкен
әйнек
............................................әйнек
2)Биік
үй
............................................үй
3) Ақ
аққу
..........................................аққу
4)Ұзын
жол
.........................................жол
Керекті
сөздер: төмен, қара, қысқа,
кішкентай.
«Антонимдер»,
«Синонимдер»
тақырыптары бойынша
кроссворд
-
Сұлу сөзінің
синонимі
-
Жақсылық сөзінің
антонимі
-
Ақ сөзінің
антонимі
-
Береке сөзінің
синонимі
5) Суық сөзінің
антонимі
6) Анық сөзінің
синонимі
Жауаптары:
1.
ажарлы
2.
жамандық
3.
қара
4.ырыс
5.жылы
6.
айқын
Тест
жұмысы:
1.Құрманғазы Сағырбаев
кім?
а)
саясаткер
ә)
күйші
б)
дәрігер
2.Құрманғазы Сағырбаевтың
туған жылы?
а)
1806ж
ә)
1860ж
б)1803ж
3. Құрманғазы Сағырбаевтың
біздің заманымызға дейін неше күйі сақталынып
келді?
а) 45
ә)60
б)16
4. «Ұзақ» сөзінің антонимін
табыңыз
а)
аласа
ә)
жіңішке
б)
қысқа
5. «Шыдамды» сөзінің
синонимін табыңыз
а)
зерек
ә)
төзімді
б)
шапшаң
6. Омоним
дегеніміз.................
а)
айтылуы бөлек, мағыналары бір
сөздер
ә)
айтылуы бір, мағынасы бөлек
сөздер
б) мағыналары
қарама-қарсы
Жауабы:
1.ә
2.а
3.ә
4.б
5.ә
6.ә
Бекіту: Құрманғазы Сағырбаев
кім?
Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты
бекіту.
Үйге
тапсырма: мәтіннің
мазмұны.
Синоним,
омонимге 2 сөйлем
құрастыру.