Материалдар / Ашық сабақ: Құстар- қанатты достар мектепалды даярлық тобы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ: Құстар- қанатты достар мектепалды даярлық тобы

Материал туралы қысқаша түсінік
Материялдың барлық тәрбиешілерге пайдасы бар. Құстар туралы қызықты мәліметтер бар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қаңтар 2019
1952
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

45 бейімделген орта мектебі









тәрбие сағаты «Құстар- қанатты достар»

0 «В» мектепалды даярлық тобының

тәрбиешісі: Катишева А.К.









Өскемен қаласы: 2017-2018 жыл

Тақырыбы: Құстар- қанатты достар.

Мақсаты: Оқушылырдың құстар туралы білімдерін кеңейту. Құстар- бау- бақшаның сәні, әні, емшілері екенін ұғындыру. Оқушыларды табиғатты сүйіп, құстарға қамқорлық жасай білуге, оларды қорғауға үйрету, баулу. Құстар туралы тақпақтар айту, жұмбақтар шешкізу. Өлең, жырларды мәнерлеп, нақышына келтіріп айтуға үйрету.

Көрнелігі: құстар суреттері, слайд, жұмбақтар, құстың ұясы, торғай макеті.

Сабақтың барысы:

Ι Ұйымдастыру бөлімі

Балалармен сәлемдесу.

Оқушыларды топқа бөлу: Балаларды сопақша жұмыртқа тәрізді фигураларды таңдау арқылы үш топқа бөлемін. Әр сопақшаның артында топ аттары жазылған. Балалар өздері қай топта екендігін тауып орындарына отырады.

ΙΙ Кіріспе сөз

Ой, балалар, балалар,

Жылы, жылы жел соқты

Жылғалардан су ақты.

Ал балалар айтыңдаршы

Бұл қай кезде болады?

  • Көктемде (көктем жайлы слайттар көрсетемін)

  • Көктемде нелер келеді? (Құстар)

Бүгінігі тақырыбымыз не жайлы болмақ деп ойлайсыңдар? (құстар жайлы)

  • Қандай құстарды білесіңдер?(қарға, торғай, тоқылдақ, қарлығаш, аққу, бүркіт)

  • Жыл құстары дегеніміз қандай құстар? (аққу, қараторғай, тырна, шымшық т.б)

Құстардың пайдасы:

- Табиғатты зиянкестерден тазалайды.

- Орманның сәнін келтіреді.

Құстарға байланысты тиым сөздер:

  • Құстарды атуға болмайды

  • Ұясын бұзуға болмайды

  • Жұмыртқасын ұстауға болмайды

  • Таспен атуға болмайды

Жаңа құстармен таныстыру: - Елімізде 500-ге жуық құстың түрі бар. Жыл құстары дегеніміз- салқын түссе жылы жаққа ұшып кетіп, көктемде қайта ұшып келетін құстар. Құстардың екі қанаты, екі аяғы бар. Денесі мамықпен жабылған. Қанаттары қауырсыннан тұрады. Мамықтары суықтан, ыстықтан және зақымдануынан қорғайды.

Оларды үй құстары, жыл құстары, қыстайтын құстар деп бөлуге болады. Жыл құстары ұшып кететін құстар, қыстайтын құстар қалып қоятын құстар. Ал балалар үй құстары не үшін керек, олар не жейді? (балалар өз білгендерін айтады)

Бүгін біз ерекше құстармен танысамыз.

Күн көзіне тура қарайтын құс- бүркіт. Бүркіт- жыртқыш құс. Қырын құс біздің көк байрағымызда бейнеленген.

Түйеқұс- ең үлкен құс. Қанаты болғанмен ұша алмайды. Қанатын жайған кезде 3,7 метрдей болады, салмағы 115-140кг. Олар 70 жылдай өмір сүреді екен.

Колибр- ең кішкене құс, ол 10 минут сайын тамақтанады екен. Артқа ұша алатын жалғыз құс.

Бірқазан- тұмсығы ең үлкен құс. Балапандарға азығын тамағына жинап әкеледі.

Тауыс- (павлин) патшалықтың, биліктің құсы деп атайды екен, ол құйрығы ең әдемі құс. Оның бірнеше түрі бар.

Үкі, ақ тырна, бүркіт, безгелдек т.б. ол құстардың түрлері жойылып бара жатқандықтан қорғауға алынған.

Сергіту сәті:

Күнде аспанға қараймыз,

Қайтқан құсты санаймыз

Үшбұрыш болып тырналар

Көк жүзінде сырғанар

Балаларға құстың ұясын көрсетіп, балалар қараңдаршы мына ұядан балапан құлап қалған екен, оған ұясына оралуға көмектесейік пе? Олай болса біз қазір топ бойынша әртүрлі тапсырмаларды орындаймыз. Тапсырма дұрыс орындалса топқа бір балапаннан беріліп отырылады.

  1. Тапсырма: Санды сөзжұмбақ шештірті:

3 топқа 3 түрлі сөзжұмбақ беремін.

  1. Топқа (қарлығаш)

  2. л

    а

    а

    ғ

    қ

    ы

    р

    ш

    4

    7

    2

    6

    1

    5

    3

    8

  3. Топқа (көгершін)

  4. е

    і

    ө

    ш

    к

    р

    г

    н

    4

    7

    2

    6

    1

    5

    3

    8

  5. Топқа (бүркіт)

т

ү

і

б

к

р

6

2

5

1

4

3

Әр жауапты сурет арқылы тақтаға іліп отырамын.

  1. Тапсырма: Топтарға бөлу. Құстардың суреттерін беремін, олар құстарды қай түріне жатса соған жабыстырып қояды.

  2. Үй құстары

    Жыл құстары

    Қыстап қалатын құ




  3. Тапсырма: Жұмбақтар шешейік: (шешімі ретінде суреттерін жабыстырып отырады)

1.Шарлап келіп даланы,

Үйіме, үйін салады. Қарлығаш

2.Су бетін сүзіп,

Ақ құман жүр жүзіп. Аққу

3.Түнде жортады,

Жарықтан қорқады. Жарқанат

4.Тақылдатып, мазаны ап,

Ағаштарды тазалап,

Ормандарды емдейді,

Зиянкесті тазалап. Тоқылдақ

5.Күндіз соқыр недеген

Түнде қандай көреген? Үкі

6.Өзі сақ, өзі ұсақ

Шықылықтап болмайды

Құйрығы ұзын, өзі ала

Бұл қандай құс? Сауысқан

Жинаған балапандарын санап жеңген топтың баласына балапанды ұясына шығатрқызамын.

Тақпақтар: Балалар құстар жайында қандай тақпақтар білесіңдер?

Адлет

Қос қанатын иіп ап

Жарға келіп қонады.

Қара киім киіп ап

Балшықтан үй соғады

Адина

Үйге кірші торғайым

Мен суықтан қорғайын

Жем шашамын, жегейсің

Үйшік жасап берейін

Анель

Құртты іздеп інінен

Қарағайды үңгіген,

Тоқылдақ құс- дәрігер

Қашанда ол әбігер

Мөлдір

Құс сұлуы аққумын.

Табиғат көркін сыйлаған. Мылтығын кезеп еш мерген

Атуға көз қимаған

Ерсайын

Қарлығашпын мен,

Адамның тұрағымын мен,

Мекен етіп тұрамын.

Тазалаймын үй ішін

Амина

Сұлулыққа паш етіп

Жырлаған талай ақындар.

Нәзік үнді көл көркі,

Құс патшасы мен болам

Би: «Павлин биі» қыздар биі

Қорытынды: Аққудың суретін іліп, балалар қараңдаршы аққуға не жетіспей тұр? (қанаты) Олай болса мына ақ беттерге тез қолымызды бастырып, қиып алып оған бүгінгі сабақтан не үйрендіңдер немесе тағы не білгілерің келеді соны жазып аққудың қанатын құрайық. Балаларға жылы лебіз тілектер айтамын.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!