Материалдар / Ашық сабақ "Қыс қызығы" әлеуметтік еңбекке оқыту
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Қыс қызығы" әлеуметтік еңбекке оқыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Дамуында ауытқуы бар балалар үшін өтілген сабақтың мақсаты: олардың зейіндерін тұрақтандыру, есте сақтау, қабылдау, көру, сезіну, затты іс-әрекетте қолдана білу дағдыларын қалыптастыру және қызығушылықтарын арттыру. Мнемокестенің қарапайым түрлерін пайдалана білуге үйрету. Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істейтін педагогтарға көмегі тиері сөзсіз.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қаңтар 2018
523
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ашық сабақ тақырыбы: Қыс қызығы

Пәні: Қоршаған ортамен таныстыру

Тобы: Әлеуметтік еңбекке оқыту


Мақсаты:

Түзете-білімділік: Қыс туралы білімдерін кеңейту. Қысқы ойындар туралы түсінік беру.

Түзете-дамытушылық: Балалардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту, қызығушылықтарын арттыру. Сөздік қорларын көбейту, ауызекі сөйлеулерін дамыту.

Түзете-тәрбиелік: Қысқы табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін ояту, өзара достыққа, қамқорлыққа баулу.

Дидактикалық материалдар мен көрнекі құралдар: «Қысқы ойын» мазмұнды сурет, қысқы ойындар туралы жеке суреттер, «Бұл қай кезде болады?», «Қатырмақ», «Қысқы ойын түрлері» ойындары, мнемокесте.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдістері: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, сипаттау, жұппен, жеке жұмыс, қайталау.

Сөздік жұмыс: шана, шаңғы, аққала, коньки, сырғанақ.


Сабақ барысы


Ұйымдастыру кезеңі:

Балалармен амандасу, сабаққа дайындық.


Тілек білдіру кезеңі:

Амансың ба, Нұрлы күн! 
Амансың ба, Қысқы күн! 
Аман-есен болайық! 
Бейбітшілік қалайық!


Табиғат бұрышы: 
- Балалар, бір сәт өзімізді сыртта, таза ауада тұрғандай елестетейік. Қыста ауа райында қандай өзгерістер болады? 

  • Жерді қар басады. Өзенді мұз басады. 

  • Айнала қандай? 

  • Қыс қандай болады? (қарлы, боранды, аязды) 

  • Қар қандай? 

  • Терезелерде не бар? 

  • Мұның барлығы қай кезде болады? (балалардың жауабы) 


«Қысқы ойын» мазмұнды суретпен жұмыс:

  • Қазір қыстың нағыз ортасы. Бұл мезгілді сықырлауық қыс немесе

жалтыр қыс деп те атайды. Біз болсақ, қыстан, аяздан қорықпаймыз. Жылы киініп, шанамен сырғанап, шаңғы тебеміз. Адамдар қалың киінеді.

Қар неге ұқсайды? 


  • Қар ақ болса оны жеуге болатын шығар. 

  • Жоқ, жеуге болмайды. Қарда көп микробтар болады, тамағың ауырып

қалады. Микробтар болатынын қайдан білеміз?

  • Қар ерігенде суға айналады, содан көруге болады. Оны сабақтың со-

ңында сарамандық жұмыс арқылы көреміз. Енді суретке назар аударыңдар.

  • Суреттен не көріп отырсыңдар?

  • Балалар ойындарын атайықшы: шана, шаңғы, аққала, коньки тебу, қар

лақтырысып ойнау.

  • Айзере, Айжан аққаланың жанында тұр. Айзере аққаланың мұрнын

жасап жатыр, ал Айжан қолына сыпырғыш беріп жатыр. Бір топ бала қар атысып ойнауда. Уалихан шанамен сырғанауда. Алишер үлкен қар домалақтауда. Аман шаңғы теуіп жүр. Сымбат мұз айдынында коньки тебуде.

  • Балалар, бір сөзбен айтқанда, балалар далада ойнап жүр. Ойын көңілді.

«Қысқы ойын түрлері» құрамақ ойыны.

Шарты: Балалардың есте сақтау, көрнекі-бейнелік, көрнекі-әрекеттік ойлау қабілеттерін дамыту, қызығушылықтарын ояту.

Мақсаты: Берілген қысқы ойын түрлерінен тұтас бейне жасау, олардың атауларын білу, бір-бірінен ажырата білуге үйрету.


Сергіту сәті: «Қатырмақ» қимылды ойыны

Балалар шеңбер құра тұру, бастауыш бала «Аяз» аталған дене мүшесіне таяқшасын тигізуге тырысады. Балалар аталған дене мүшелерін (қол, мұрын, ауыз, құлақ) жасырады. «Аяздың» таяқшасы тиген бала қатып қалады. Осылайша ойын жалғасады, «қатып» қалған балалар өнерлерін көрсетеді.


Келесі тапсырма: Нүктелерді қосып, сызып шығу.

Шарты: Ұсақ моториканы дамыту, көзбен көру, көрнекі-әрекеттік ойлау қабілеттерін дамыту.


Алған білімдерін бекіту: Тәжірибелік жұмыстың қорытындысын көру.

  • Балалар, сабақтың басында жүргізген сарамандық жұмыстың

нәтижесін көрейік. Қараңдар, мына ыдыста не болып еді? (қар)

  • Дұрыс, қар неге айналған? (суға)

  • Суды көрейік. Су таза ма? (кір, лас)

  • Дұрыс айтасыңдар, еріген қардың суы кір, ішінде микробтар бар. Ол

ауру тудырады. Сондықтан қарды жеуге болмайды!

Қорытынды: Тақтада мнемокесте құру тапсырмасы

  • Балалар, бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

  • Қазір жылдың қай мезгілі?

  • Ауа райы қандай болады?

  • Күн суық болғанда адамдар қалай киінеді?

  • Тақтадағы суретке көз салыңдар. Не көріп тұрсыңдар?

  • Қыс екенін қайдан білдіңдер?

  • Дұрыс, далада қар жауып тұр. Үйдің шатыры қар басқан, жерде де қар

жатыр. Адамдар үйде пеш жағады.

  • Біз ойынның түрлерін өттік. Қазір үстел үстінде жатқан суреттердің

ішінен сабақта өткен қысқы ойын түрін үйдің жанына қойыңдар.


Үстел үстінде бірнеше суреттер болады. Сол суреттердің ішінен тек

қысқы ойындарды теріп алады.


  • Осы кесте арқылы сабағымызды қорытындылайықшы. Қыс мезгілі.

Қыста айнала аппақ қар болады. Балалар қыста шанамен сырғанайды, коньки, шаңғы тебеді, аққала жасайды. Қыс өте көңілді.

Балаларды мадақтау.

- Дұрыс, өте жақсы жауап бердіңдер. Сыйлыққа смайлик алқа беремін. Осымен сабақ аяқталды. Сау болыңдар.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!