Материалдар / Ашық сабақ "Қысым" 7 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Қысым" 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға жалпы қысым туралы және оның белгіленуі, өлшем бірлігі жөнінде түсінік беру;
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Желтоқсан 2017
1712
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


7 - сынып

Ашық сабақтың тақырыбы:«Қысым»


Сабақтың  мақсаты: Білімділігі: оқушыларға жалпы қысым туралы және оның белгіленуі,

өлшем бірлігі жөнінде түсінік беру;

Дамытушылығы: күнделікті өмірден түрлі мысалдар ала отырып, оқушылардың қысым

туралы түсінігін арттыру, түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып,

оқушының ойлау қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік:   Оқушыларды жүйелі білім алуға, тез ойлауға, тез есептеуге,

шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу;

Сабақтың әдісі: оқытудың жаңа инновациялық технологияларын пайдалану
Сабақтың түрі: жаңа сабақты түсіну
Пән аралық байланыс: математика, информатика, қазақ тілі, еңбек, әдебиет

Пайдаланылған әдебиеттер: «Физика және Астрономия» 7-сынып.

Р.Башарұлы, У.Тоқбергенова, Д.Қазақбаева; Есептер жинағы
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, оқулық, таратпа материалдар, интернет мәліметтері
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі:(2 мин) амандасу,орындарына отырғызу,

оқушыларды түгендеу, сынып тазалығын

тексеру, сынып оқушыларын топқа бөлу

II. Үй жұмысын тексеру: (10 мин) а) берілген есепті тексере отырып,

сұрақ – жауап алу(слайд)

ә) Сәйкестендіру кестесі (слайд)


III. Жаңа сабақ: (20 мин)а) мұғалім сөзі, №433 есеп мысалы(слайд)

ә) «Ойлан тап» себебін түсіндіру (слайд)

б) ауызша есепте (слайд)

в) есептер шығару есептер жинағы №432, 434,435,436,437; әр топтан

бір оқушыдан шығып тақтаға жазады)(слайд)

IV. Сергіту сәті(3 мин)

V. Қорытынды: (6 мин)Деңгейлік жарыс «Кім бірінші?»

(әр оқушы өз деңгейі бойынша берілген тапсырмаларға жауап береді:

I.деңгей карточка-ситуациялық сұрақтар

II. деңгей карточка-сұрақ – жауаптар

  1. Үйге тапсырма(2 мин)(слайд)

  2. Бағалау(2 мин)(слайд)


I. Ұйымдастыру кезеңі: амандасу,орындарына отырғызу,

оқушыларды түгендеу, сынып тазалығын

тексеру, сынып оқушыларын топқа бөлу

II. Үй жұмысын тексеру:
Теориялық және практикалық білімдерін

ҮЙ ЖҰМЫСЫН ПЫСЫҚТАУ СҰРАҚТАРЫ:

  1. Қандай күшті үйкеліс күші деп атаймыз?

  1. Үйкеліс не себептен пайда болады?

  1. Сендер үйкелістің қандай түрлерін білесіңдер?

4. Үйкелісті қалай азайтуға болады?

  1. Үйкеліс күшін қалай өлшеуге болады?

  2. Үйкеліс күші дегеніміз не?

  3. Күнделікті өмірде өздеріңе үйкелістің қандай түрлері жиі кездеседі?

  4. Неге тірі балықты қолда ұстап тұру қиын?

  5. Үйкелістің пайдасымен зияны қандай?


III. Жаңа сабақ: Жаңа сабақты түсіну үшін «Оқытудың жаңа инновациялық технологиялары» әдісін қолданғалы отырмын. Бұл әдіс арқылы жаңа сабақты түсініп, талдау жасап, есеп шығару барысында формула қолдану,түрлендіру, қорытынды жасай аламыз.


а) Мұғалім сөзі: Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Қысым».

Олай болса сабағымызды мынадай өлең шумағынан бастайық.


«Қансонарда бүркітші шығады аңға»
Сегіз найза қолында, көз аудармай,
Батыр да аял қылмай ерте таңға.
Қанат құйрық суылдап, ысқырады,
Көктен қыран сорғалап құйылғанда. А. Құнанбаев


Осы жерде сегіз найза деп отырғанымыз бүркіттің тырнақтары. Бұл жыртқыш құстың тырнақтары мен тұмсықтары қатты өткір жылтыр болып келеді. Аудандары кішкентай болғандықтан, тіпті болымсыз ғана күшпен зор қысым жасап, аң аулауға шамасы келеді.

Күнделікті тұрмыста біз пышақ, қайшы, ине сияқты алуан түрлі құралдарды пайдаланамыз.

Мысалы: бір денені өткір пышаққа қарағанда, өтпейтін пышақпен кесу қиын, сол себепті құралдардың жүзінің ауданын кішірейтіп, мұқият қайрауға тырысамыз. Матаны доғал инеге қарағанда, үшкір инемен тесу оңай, немесе ұлдар жағы білеміз қалың шегеге қарағанда жіңішке шегені ағашқа қақсақ тезірек, әрі жеңіл қағылатынын, сол себепті құралдардың кесетін жүзінің ауданын кішірейтуге тырысатынбыз.

Алайда олардың әсері осы күш түскен беттің ауданына тәуелді болатынын байқай бермейміз. Сондықтан, құралдардың әсерін есептегенде бір дененің басқа бір денеге түсіретін күшінің мәнін ғана емес, күш түсірілетін беттің ауданында білу қажет.

Енді оқушылар мынадай тәжірибелік суретті қарастырайық. Ол үшін назарымызды бәріміз слайдқа аударайық. Көріп отырғанымыздай бізге бірінші құмның үстіне жіңішке төрт аяғы бар үстелше төңкеріліп үстіне, 5кг гір таспен бастырылған, батпады, себебі неде? Екінші, құмның үстіне үстелшені жоғары қаратып, үстіне сондай гір тас қойған, батып кетті, себебі неде?

Келесі слайдқа назар аударып қараймыз, сол сияқты адамның қармен жүруі қиын, себебі ол қадам басқан сайын қарға омбылайды. Ал аяғына шаңғы байлаған адам қар үстімен жеңіл жүре алады. Мұның себебі не? Шаңғымен де, шаңғысыз да адам қарды өзінің салмағына тең бірдей күшпен басады. Бірақ ол күштің бұл екі жағдайдағы әрекеті бірдей емес. Себебі шаңғы бетінің ауданы адамның табанының ауданынан жиырма еседей үлкен. Сондықтан ол шаңғымен тұрғанда қар бетінің әрбір шаршы сантиметр ауданын шаңғысыз тұрғандағыдан гөрі жиырма еседей аз күшпен басады.

Қысым деп белгілі бір бетке түсетін күш әрекетінің нәтижесін сипаттайтын шаманы айтамыз.

Қысым бетке перпендикуляр бағытта әрекет ететін күштің осы беттің ауданына қатынасымен анықталады:

Мұндағы P-қысым;  F -бетке перпендикуляр бағытта әрекет ететін  күш немесе қысым күші; S -күш түсетін беттің ауданы.Енді жоғарыдағы формуланы түрлендірсек: немесе SI жүйесінде қысымның өлшем бірлігі:  Паскаль (қысқаша Па).

1Паскаль - 1Н күштің 1м2 ауданға түсіретін қысымы: 1Па=1Н/м2
Тәжірибеде қысымның үлкен бірліктерін пайдаланамыз:
1гПа =100Па=10
2Па
1кПа =1000Па=10
3Па
1МПа =1 000 000 Па=10
6Па

(433К)Есеп шығару мысалы: Күйтабақты ойнатқанда инесі оған 0,27 Н күш түсіреді. Егер ине ұшының ауданы 0,0003 болса, оның қысымы қандай болар еді?

Берілгені: Формуласы: Шешуі:

F=0,27 Н P= 0,0003 = 3*

S=0,0003 Р=

P=? Жауабы:

ә) «Ойлан тап » себебін түсіндіру
№1. Әжеміз пердені ертеде қолмен тіккен. Тігін тігуде ұшы доғал немесе үшкір инелерді қолданудың қайсысы оңай?

2. Тортты кесуге жүзі өткір пышақ пен күнделікті қолданып жүрген пышақтың қайсысы кесуге оңай?

3. Қалың шегеге мен жіңішке шегені ағашқа қағудың қайсысы оңай?

4. Жұқа мұз жапқан өзеннің ортасында жүзіп жүрген балыққа жету үшін түлкі мұздың үстімен жүрді. Сол кезде мұз түлкіні көтермейді. Оны білген қу түлкі, мұздың үстіне жатып жайлап жылжиды
Сұрақ: Түлкі мұзда төрт аяғымен жүргенде бата ма? Әлде жайлап жылжығанда батама?

б) Ауызша есепте.

2гПа=………………..Па                             3000Па=……………………..кПа

5кПа=………………..Па                             500Па=………………………гПа   

4МПа=……………….Па                             2000000Па=………………..мПа
в) Есептер шығару «Кім бірінші?»

434 К (50000 Па)

F = 3 000 Н күш S=0,06 м2 ауданға бірқалыпты әрекет етеді. Сондағы қысымды Р есепте.

435 К (2,3,1)

Төменде санмен берілген қысымдардың қайсысы ең үлкен және ең кіші:

6 кН/ м2 ; 60 Н/см2 ; 600 Па

436 К (50 м2)

Бетке 50 кН күш түсіріп 1 кПа қысымды қалай алуға болады?

437 К (0,02 м2)

1 кН күшпен әрекет етіп 50 кН/ м2 қысымды қалай жасауға болады?

IV. Сергіту сәті«Жаңбыр туралы»(видеоролик)

V.Сабақты бекіту, қорытындылау бөлімі:Деңгейлік жарыс «Кім жылдам?»

Ситуация кезінде сенің ақылың (А деңгейінің тапсырмасы)

1
1. Егер лезде атмосфера жоғалып кетсе, жер бетінде не болады ?

2.(462) Қатты дененің өз пішінін сақтап , ал сұйықтықтың құйылған ыдыстың пішінін алатыны неліктен?

3. Жылдамдықтың өлшем бірлігі не?

2

1. Жер аудару кезінде қандай күрек (төртбұрышты, үштік) алуға кеңес бересің?

2.(463) Құрғақ отын жанғанда неге сатыр-сұтыр дыбыс шығады?

3. Күштің өлшем бірлігі не?

3

1. Оқушы өзінің креслоға отырғандағы қысымын анықтамақ болып, барлық уақытын ауданға өзінің күшін бөлумен кетіреді. Сенің ақылың
А) Әрі қарай жалғастыр. Б)Күшті ауданға бөл. В)Креслоны мазалағанды қой

2. (464) Лимонад пен минералды су жабық шөлмекте неге тыныш тұрады , ал тығынын алса болды «қайнай» бастайды?

3. Ұзындықтың өлшем бірлігі не?

4
1. Қысымның қандай бірлікпен өлшенетінінен ақыл бер.
А) Ньютонмен Б) Паскальмен В) килограмммен

2. (465) Үстел теннисі добының қабысуын қалай оңай қалпына келтіруге болады ?

3. Уақыттың өлшем бірлігі не?

5
1. Қысымды қалай өзгертуге болады?
А) Дененің аудан беті мен күшін ауыстыр. Б) Бетін әр түрлі маймен майла.
В) Дененің түсін өзгерт.

2. (466) Электр лампасы баллонын неге айналасындағы ауаның қысымынан кемірек қысымды газбен толтырады?

3. Қысым күшінің өлшем бірлігі не?

6
1. Екінші сынып оқушысы мектеп табалдырығына үлкен қысыммен әсер еткісі келеді.Қандай ақыл бересің?
А) Биік өкше туфли кию. Б) Шаңғы кию. В) Босқа уақытыңды кетірме.

2. (467) Баллон ауа кірмейтіндей саңылаусыз жабық (герметикалық) болса, температура көтерілгенде баллондағы газдың қысымы өзгере ме? Неге? Қысымы үлкен газы бар баллонды неге күн көзінде ұзақ ұстауға болмайды?

3. Ауданның өлшем бірлігі не?

7
1. Суға батқан адамды құтқарушыға қандай ақыл бересің?
А) Жұқа мұздың үстімен жалаң аяқ жүгір.

Б) Жұқа мұздың үстімен ақырын бар.

В) Жұқа мұздың үстімен ішіңмен жылжы.

2. (468) Газды неге беті ашық ыдыста сақтауға болмайды?

3. Көлемнің өлшем бірлігі не?

8

1. (469) Су астында жарылған снаряд неге суда өмір сүретін ағзалар үшін қауіпті?

2. (470) Жабық ыдыстағы газ молекулаларының саны қыздырудан көбеймейді. Ал осы молекулалардың ыдыс қабырғасына түсіретін қысымы қыздырғанда неге артады?

3. Массаның өлшем бірлігі не?

9

1. (410) Тік таудан түскенде арбаның бір доңғалағын кейде дөңгелемеу үшін неге жіппен таңып тастайды?

2. (455) Айдағы сұйықтық ыдыстың түбіне және қабырғасына қысым түсіре ме?

3. Тығыздықтың өлшем бірлігі не?


«Кім жылдам?» сұрақ - жауап: (В деңгейінің тапсырмасы)

1. Қысым деп нені атайды?
2. Қысым неге тәуелді?
3. Қысымды арттырып немесе кемітуге бола ма?
4. Қолмен іс тіккен кезде неліктен бармаққа оймақ киеді?
5. Жүк машиналарының артқы доңғалақтары қос - қостан болатыны неліктен?

6. Белгілі бір бетке түсетін күш әрекетінің нәтижесін сипаттайтын шама

7. Қысымды қалай анықтайды?

8. Қысымның қандай бірліктерін білесіңдер?

9. 1000 Па неше кПа бар?

10. 3 МПа неше Па бар?

Жауаптары:

1. Қысым деп белгілі бір бетке түсетін күш әрекетінің нәтижесін сипаттайтын шаманы айтамыз. 2. Ауданға 3. Ия.

4. Ине ұшының ауданы кішкентай болғандықтан қолға тез кіреді.

5.Жүк машинасы ауыр болатындықтан доңғалаққа күш көп беріледі, сол күшті қысыммен тепе-теңдікте ұстау үшін жүк машинасының доңғалақтары қос-қостан болады.

6. Қысым. 7. p=F/S 8. Па, гПа, кПа, МПа 9. 1кПа 10. 3000000 Па

VI. Үйге тапсырма:§33 Қысым. 15-жаттығу

VII. Бағалау


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!