Сабақтың тақырыбы:
Р
дыбысы
Сабақтың
мақсаты:
Білімділігі: Р дыбысын сөзде,сөйлемде айыра
білу.
Оқушылардың фонематикалық
түсінігін дамыту.
Сөйлеу мүшелерін
жаттықтыру.
Сөйлемнің грамматикалық
құрылысын жетілдіру;
Дамытушылығы: Ойлау қабілетін,ынтасын,есте
сақтау қабілетін дамыту;
Тәрбиелігі: Оқушыларды
ұқыптылыққа,ұйымшылдыққа тәрбиелеу;
Көрнекілігі: Суреттер, «сөзжұмбақ» ойын
«Саяхат»;профиль,айналар.
Сабақтың
түрі: Дыбысты сөз,сөйлемде
бекіту.
Сабақтың
әдісі:Сұрақ-жауап,баяндау,ойын
элементтері.
Сабақтың
жоспары:
1.Ұйымдастыру.
2.Артикуляциялық
гимнастика
3.Жаңа
сабақ.
4.Терме
диктант
5.Ертегі-ойын
«Саяхат»
6.Сергіту
сәті.
7.«Көркем
жазу»дәптермен жұмыс.
8.Қорытынды.
Сабақтың
жүрісі.
1.Ұйымдастыру.
Қазір логопедия сабағын
бастаймыз.
Кім алдарындағы
буындардан сөзді дұрыс құраса,сол оқушы орнына
отырады.
Та-ры, пар-та,са-ры,ба-тыр,қа-ра
2.Дауыс,тыныс
алу,тіл мүшелеріне жаттығулар:
Тіл туралы ертегі.
Бір тентек тіл болыпты. Ол далаға шықты.Ол үйін
тазалады.Төбенің шаңын сүртті(жаттығу).Сосын атқа мініп орманға
келді(жаттығу-«Ат шауып келеді).Ғажап! Саңырауқұлақтар көп екен.Тіл
саңырауқұлақ терді(жаттығу«Саңырауқұлақ)айнала хош иісті гүлдер
екен.Тіл оларды иіскеді(дем алу жаттығуы). Құстардың әндеткен әсем
дауысы естіледі(а-о-у-и). Тіл атына мініп үйіне
қайтты.
3. Жаңа
сабақ.
Қырда құр
Жайылып жүр
Біреуі қарауыл
Қарап-ақ тұр.
Сұрақтар:1. Қандай дауыссыз дыбыс жиі
естіледі?
2. Р дыбысы бар қандай сөздер
естідіңдер?
Енді бәріміз тақпақты бірге
қайталайық.
Бүгін Р дыбысын жеке сөздерде,сөйлемде дұрыс, анық айтуға
жаттығамыз.
а) Р дыбысын айтқанда тіл мүшелері қандай қалыпта тұрғанын
анықтау
(профиль бойынша).
б) Р дыбысына мінездеме беру.
Р-дауыссыз дыбыс
Дауыстың қатысына қарай-үнді.
Жасалу орнына қарай-тіл алды.
Айтылу жолына қарай-діріл.
Оқы, айт:
Р-, р
ра,ро,ру,ри
ар,ор,др ир , ра ла ра ла-ра-ла.
Оқы,көрсет:
Ара,торғай,ірімшік,дағыра,қияр,сиыр.
Жұмбақ
Өзі сары
домалық
Ортасында дәні
бар.
Жерге түссе
обал-ақ,
Балдай тіпті дәмі
бар.(-------)
4.Терме диктанты
(ауызша)
Сөздерден р дыбысы бар сөздерді іріктеп
айту:
Мақта,шана,қар,қасық,арба,
тор,қайшы,бор,тақта,күн,түн,дәптер,ай.
5. Ертегі –ойын.
Саяхат.
Ертеде бір заманда бүкіл аңдар ,құстар жиналып,«Осы бізге
неге басқа жерді аралап көрмейміз
деп»-саяхатқа шығуға келіседі.Ол
заманда поезд ,ұшақ деген көліктер болмаған.Сондықтан аң-құстар
түйені жегіп,саяхаттқа керуенмен шығады. Аң-құстар да табиғаттың
бір бөлігі.Оларды біз аялап.қорғауымыз керек. Енді түйеге аңдарды
отырғызайық.Саяхатқа тек атында р дыбысы бар аңдар
шығады.Кәне,балалар,қайсысын
отырғызамыз?(арқар,арыстан,торай,құрбақа,барыс,қасқыр,тырна)
-Басқа аңдар неге мінбеді?
-Түйеде бір ғана құс отыр.Ол қандай
құс?(тырна)
-Тырна деген сөзді талдайық.
Дыбыстық талдау (текшемен жұмыс)
Сөзде неше дыбыс,әріп бар?
Дауысты дыбыс нешеу?
Дауыссыз дыбыс нешеу?
Неше буын бар?
Бірінші буынды ата.
Екінші буынды ата.
Әрбір дыбысты талда.
Жүріп келе жатқан көштің алдынан бір мезгілде саршұнақ
деген шөлейт аңы шығады.Аңдардың саяхатқа шыққанын
естіп,саршұнақ:
-Меніде өздеріңмен бірге ала кетіңдерші,-деп
жалынады.
-Егер біздің талабымызды орындасаң,алып кетеміз,-дейді
аңдар.
Сен аңдардың қалай дыбыс беретінін
айт.
-Қасқыр қалай дыбыстайды
-Барыс ақырады.
-Торай қорсылдайды.
-Арыстан ақырады.
-Тырна тыраулайды.
Саршұнақта түйеге мініп,көшпен бірге жүріп кетті.Көш күн
жүреді, түн жүреді. Бірнеше күн жүреді.Бір кезде көш жайқалып өскен
орманға жетеді.Алаңда хош иісті,әдемі гүлдер өсіп тұрады.Аңдар
түйеден түсіп, гүлдерді жинайды.Балалар сендерде гүл жинаңдар.Әрбір
гүлде сөздер жазылған.Сол сөздерден дұрыс сөйлем
құрайық.
Сөйлемдерді дұрыс
құрастыр:
Тырна -----
Орманда ---------
Қасқыр ------------
Қарға -------------
Ит -----------
(аңдар көп,тыраулайды,торда
тұрады,үреді,қарқылдайды)
6.Сергіту сәті
Орнымыздан тұрайық
Алақанды ұрайық.
Бір отырып бір тұрып,
Біз тынығып алайық,
Алға қарай бір адым,
Артқа қарай бір адым,
Жоғары-төмен қарайық,
Орнымызды табайық.
7. Көркем жазу.
Дәптерге тақтадағы жазылған сөйлемдерді көркем етіп,көшіріп
жазайық.
Аяз боран,қары бар,
Жылдың басы ....(қаңтар)
Рая,Роза,Нұрлан,Динара,Нұрболат барлығы орманға
барды.
8.Қорытынды.
-Бізбүгін қандай дыбыспен жұмыс
жасадық?
-Қандай сөздерді айтып жаттықтық?
-Қандай сөйлем құрадыңдар?
-Қандай сөзді талдадық?
-Р дыбысының айтылу анықтамасын
қайтала.
Сабақ аяқталды.
Жаңа
сабақ.
Қырда
құр,
Жайылып
жүр.
Біреуі
қарауыл
Қарап-ақ
тұр.
Сұрақтар:
1.Қандай дауыссыз дыбыс жиі естіледі.
2.Р дыбысы бар
қандай сөздер естідіңдер?
Енді бәріміз
тақпақты бірге қайталайық.
ІV Терме
диктанты (ауызша)
Сөздерден р
дыбысы бар сөздерді іріктеп айту:
мақта,шана,қар,қасық,арба,тор,қайшы,бор,тақта,күн,түн,дәптер,ай.
« Р»-дауыссыз дыбыс.
Дауыстың қатысына қарай-үнді.
Жасалу орнына қарай тіл алды.
Айтылу жолына қарай-діріл.
Оқы,айт:Р-,р ра,ро,ру,ри,ар ор ур ир ра ла ра
–ла-рала
Оқы, көрсет Ара,торғай,
ірімшік,дағыра,қияр,сиыр.