Материалдар / Ашық сабақ: Рухани жаңғыру

Ашық сабақ: Рухани жаңғыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге пайдалы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Сәуір 2021
283
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілетін «Ән жырым саған, туған ел!» атты концерттік бағдарламаның сценарийі.

Мақсаты: Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қоғамдық сананы асыру, Отанды сүюге туған жерін, еліне деген сүйіспеншілігін арттыруға, халқымыздың салт дәстүрін сақтап, әрі қарай жалғастыруға тәрбиелеу. Отанға деген патриоттық сезімін ән жыр арқылы ашу.

Фан-фар

Жүргізуші:

Біздің елдей көркем ел,

Табылмайды іздесең.

Ән айтамыз туған ел,

Саған арнап, байтақ жер.

Армысыздар құрметті қонақтар, ұстаздар мен оқушылар! ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 1-4 сыныптар арасында өткізілгелі отырған «Ән жырым саған, туған ел!» атты концерттік бағдарламаға қош келіпсіздер!

(ҚР мемлекеттік гимн орындалады)

1-сынып оқушыларының орындауында би

Жүргізуші:

Дархан дала самалы,

Сазды әуенге салады ,

Қазағымның аспанын

Әсем әндер шалады.

1-сынып оқушылары Мұхаммедқали Мәриям мен Сағымбай Кәусардың орындауында « Қазақ деген халқым» әнін қабыл алыңыздар.

(1-сынып оқушылары өлең жолдарын оқиды )



«Әнұран мен Елтаңба» әні, орындайтындар: 2-сынып оқушылары

Інжу, Іңкәр, Назым

Жүргізуші:

Біздің елдей көркем ел ,

Табылмайды іздесең .

Ән айтамыз,туған ел

Саған арнап,байтақ жер - деп 4сынып оқушыларын « Туған жер» әнімен қарсы алайық.

(1-сынып оқушылары өлең жолдарын оқиды )

Жүргізуші:

Тәуелсіздік мәңгілікке сақталсын,

Алдымызда барлық үміт ақталсын.

Тату-тәтті бірлік болып, қашанда,

Бейбіт өмір, бар халықпен сақталсын.

«Тәуелсіз ел ұланы» әнімен 4-сынып оқушыларын қарсы алыңыздар.

Жүргізуші:

Құрметті ұстаздар, оқушылар, «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілген «Ән-жырым, саған туған ел»! атты концерттік бағдарламамыз осымен аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға көп рахмет! Келесі кездескенше сау болыңыздар!







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ