Материалдар / Ашық сабақ С-Ш дыбыстарын ажырату
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ С-Ш дыбыстарын ажырату

Материал туралы қысқаша түсінік
Логопедиялық сабақтың тақырыбы: «С-Ш» дыбыстарын ажырату Логопед:Алиева А.Б. Сабақтың мақсаты: С-Ш дыбыстарының артикуляциясын нақтылау, дыбыстарды буында, сөзде, сөйлем ішінде ажырату, дыбыстарды дұрыс айтуға машықтандыру, фонематикалық қабылдауын, байланыстырып сөйлеуін, сөздік қорын арттыру, ойлау, зейін, есте сақтау қабілетін, қолдың ұсақ моторикасын дамыту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Желтоқсан 2021
1811
8 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Логопедиялық сабақтың тақырыбы: «С-Ш» дыбыстарын ажырату

Логопед:Алиева А.Б.


Сабақтың мақсаты: С-Ш дыбыстарының артикуляциясын нақтылау, дыбыстарды буында, сөзде, сөйлем ішінде ажырату, дыбыстарды дұрыс айтуға машықтандыру, фонематикалық қабылдауын, байланыстырып сөйлеуін, сөздік қорын арттыру, ойлау, зейін, есте сақтау қабілетін, қолдың ұсақ моторикасын дамыту.


Сабақтың міндеттері:

1. С-Ш дыбыстарын буында, сөзде, сөйлемде ажырату.

2. Балалардың ұсақ қол моторикасын, тыныс алуын, сөйлеу мүшелерінің қимыл-қозғалысын дамыту.

3. Фонематикалық естуін арттыру.

4. Ойлау қабілеттерін жетілдіру.

5. Байланыстырып сөйлеуін дамыту.

6. Түстерді ажыратып үйрету.



Сабақтың көрнекілігі: айна, артикуляциялық жаттығулардың суреті,смайликтер суреті,С-Ш дыбыстары бар суреттер, шарлар,жылан мен желдің суреті,қызыл және көк тісті белгілер,жапсырмалы смайликтер

 

Сабақтың барысы.

І Ұйымдастыру бөлімі.

-Балалар, бүгін біз сабаққа сендерге сыйлық алып келдік.Қанекей қоржында қандай сыйлық бар көрейікші.Балалар қоржындағы бұлар не?

-жел мен жылан

Ал біріншіден еске түсірейік, жел қандай дыбыс шығарады? (ш-ш-ш), ал жыланше? (с-с-с).


ІІ Негізгі бөлім.

1.1. Ұсақ қол моторикасын дамыту

«Саусақтар сәлемдеседі»

Орындалу тәсілі: Бас бармаққа қалған сасақтарды сәлемдестіріп, түйістіру. Екі қолдың саусақтарына орындау.

«Жұдырық, тақтай, алақан»

Орындалу тәсілі: Алақандарды алдымен жұдырыққа түйіп, одан соң тігінен ұстап,сосын алақанды үстел үстіне қою. Осы қимылдарды кезектестіре, тез орындау.

1.2. Артикуляциялық жаттығулар орындау.

С-Ш дыбыстарының артикуляциясы


С дыбысы

Ерінжымиыптұрады;

Тістердің арасы шамамен 1 мм ашық;

Тілдің ұшы төменгі тістерге тіреліп тұрады;

Тілдің ортасы көтеріңкі, ортасындажырашықпайдаболады, соныменауажолыжүреді;

Тілдің бүйір жақтаулары жоғарғы азу тістерге тиіп тұрады;

Жұмсақ таңдай көтеріліп, мұрынға баратын ауа жолын жабады, дыбыс перделері ашылады;



Ш дыбысы

Ерін аздап дөңгеленеді;

Тістер не қысылған, не жақындаған, арасындажіңішке саңылау1-2 мм болады;

Тіл таңдайға ожауланып көтеріледі, оның бүйірлері жоғарғы азуларға тиеді.

Алдыңғы ұшы альвеол артындағы таңдайға тиіп, ортасында жарты ай қуысынжасайды;

Жұмсақ таңдай көтеріліп, мұрын жолын бітейді;

Тілге арналған жаттығулар.

Саңырауқұлақ

Мақсаты: тілді жоғары ұстауын үйрету, тіл асты желбезегін созу.

Қысқаша сипаттамасы: ауыз кең ашып, тілдің ұшын таңдайға жапсырып 10-15 секунд ұстап тұру керек.(тіл сағырауқұлақтың қалпағына, ал керілген тіл асты сіңірі оның түбіртегіне ұқсайды).

Тәттітосап

Мақсаты: жалпақ тілдің ұшының жоғары көтерілуін және тілді кесе тәрізді қалыпта ұстауын үйрету.

Қысқаша сипаттамасы: Жалпақ тілмен жоғары, төменгі ерінді және сағат тілімен айналдыра жалау. Жаттығуды 5-6 рет орындау керек.


Сылақшы

Мақсаты: тілді жоғары көтеріп үйрету, елгезектігін жаттықтыру.

Қысқаша сипаттамасы: жымиып, аузынашып, тілді алға-артқа жылжыта отырып, тілдің ұшымен қатты таңдайды сылау керек.



2. Дидактикалық ойын.

2.1.Слайд

С-ш дыбыстары бар суреттер көрсетіледі.

Шеколад,ұшақ,моншақ,шар,мысық,сағат

Осы с,ш дыбыстары бар сөздерді бөліп конверттерге бөліп салу.



2.2. Сергіту.

Жалпы моторика және қол моторикасын дамытуға арналған жаттығулар.

1) Күн шықты, жерді жылытты

2) Ағаш өседі -балалар ақырындап тұрады

3) Жел ағашты тербетеді. –қолдарды тербетеміз

4) Ағаштың тамыры мықты, -аяқ басынан өкшеге дейін дөңгелету

5) Бұтақтары күнге тартылады -қолымызды жоғарыға көтереміз

6) Бұтақтарда жапырақ көп -саусақты сілкеміз

7) Орманда ағаш көп -жан-жақты көрсетеміз.

2.3. Смайликтер ойыны
балалар мен сендерге смайликтер айтамын сендер сол смайликті маған тауып бересіздер





2.4«Бағдаршам» ойыны

-Мен әр түрлі сөздер айтамын.Егер дұрыс сөз айтсам-көк түсті,ал бұрыс айтсам- қызыл түсті белгілерді көтересіңдер.

Шар,сағат,шана,мысық,Автобуш,сөмке,секолад,шахмат,ананаш,шұлық,ұшақ,монсақ,шар,мышық,сағат,авотобуш,сөмке


ІV.Бағалау.

Балаларды смайликтер арқылы бағалау

Әр баланың белсенділігіне қарай мақтап, мадақтау.



V.Үйге тапсырма беру.

- С-Ш дыбыстары дыбыстары бар заттарды қайталап келу.




.Қорытынды бөлім.

 – Бүгін қандай дыбыстарды дұрыс айтып, қайталадық?

- С-Ш дыбыстары.

Балалар, сендерге бүгінгі сабақ ұнадыма?

Бүгін қандай сабақ өттік?

С және Ш дыбыстарымен таныстыңдар, солайма?

Ендеше балалар, сабағымызды қорытындылайық.

Сендерге ән қоямын, сол әнге барлығымыз билеп, қоштасайық.

Сауболыңдар, балалар!











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!