400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Сабақ жоспары Ғафу Қайырбеков «Жуалы» өлеңі. . ҚМЖ 6-сынып.

Материал туралы қысқаша түсінік
6. 1.1.1 әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтау; 6.2.2.1 эпикалық,поэзиялық шығармалардағы автор бейнесін анықтау
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқамерзімді жоспар

Бөлім:

Мен балаң жарық күнде сәуле қуған...

Педагогтің аты-жөні:


Күні:



Сыныбы:

6

Сабақтың тақырыбы:

Менің туған өлкем өлеңдер мен прозада

Ғ. Қайырбеков «Жуалы»

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

6. 1.1.1 әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтау;

6.2.2.1 эпикалық,поэзиялық шығармалардағы автор бейнесін анықтау

Сабақтың мақсаты

- әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтайды;

- эпикалық,поэзиялық шығармалардағы автор бейнесін анықтайды

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Қызығушылықты ояту


Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық ахуал




Үй тапсырмасын сұрау

Мұғалім тақтаға «Қарым-қатынас қандай болу керек?» деген сұрақты жазып қояды. Оқушылар кезекпен-кезек шығып бір сөзбен ойын жазып кетеді.

Мысалы:  - Сыйластықта  - Жақсы  - Бір-бірін қорғау керек 

- Жақсылық жасау керек  - Дос болу керек 

- Қайырымды болу керек  Жазғандарын сынып оқушылары оқып болғаннан кейін мұғалім қойған сұраққа жұпта сөйлеседі


Тиімділігі:оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады




Сабақтың басы


«Ойқозғау»

Жуалы ауданынан шыққан атақты тұлғалар туралы не білесіңдер?

Қандай жазушылар шыққан?

Жуалы атауының шығу тарихы туралы не білесіңдер?




Жаңа білім



1-тапсырма

Жұптық жұмыс














Сынып



























2-тапсырма

«Кезбе шолу»әдісі


Өлең мазмұнымен жұмыс

Ғафу Қайырбековтың өмірі және шығармашылығымен танысу.

Бейнеролик көрсетіледі.

«Түртіп алу» әдісі бойынша ролик көре отырып маңызды ақпаратты түртіп алып отырады.

Жуалы туралды өлеңді мәнерлеп оқиды.


ЖУАЛЫ

Бауыржан
Момышұлына


Қарапайым қазақтың,
Бір мекені Жуалы.
– Ұлы едің, деп, қай жақтың? –
Бір қария сұрады.


– Інісі едім Баукеңнің, –
– Онда өзіміз екенсің.
Жаз жайлауға дəл келдің,
Аунап-қунап кетерсің.


Болғанменен бұл жердің,
Аты жəй бір Жуалы.
Сондай-сондай ерлердің,
Талайы əлі туады.


«Қара, шалдың мықтысын!»
Деймін іштей от алып.
Құй түсінбе, құй түсін –
Шалдың сөзі ап-а
нық.


Мені-дағы сенімен,
Күнде өсіріп жатқан күш.
Осындай бір сенім мен,
Осындай бір мақтаныш!


«Кезбе шолу» әдісі арқылы бір-бірімен пікірлеседі. Пікірлесу барысында төмендегі кестені пайдаланады:

Тірек сөздерді атайық

Өлең мазмұнын түсіндірейік

Өз тарапымыздан ой түйіп, шешім ойластырайық








Жұптар бірін-бірі бағалайды













Үздік жауапқа ынталандырушы стикерлер беріледі



























Дескриптор :

- өлеңнің жанрын, фабуласын, сюжетін анықтайды;

https://youtu.be/VdnglAomoew?si=e5tZPeGAWiWmfPrh


Сергіту сәті

«Айнаға сурет салу» тәсілі


Балаға 3 жапырақша бересіз. Бұл – «айна». Артында жазылған сөздерге сай өзін салуы керек. Ол сөздер мыналар: «Мен ата-анамның көзімен», «Мен өзімді қалай көремін», «Мен достарымның көзімен».




Сабақтың ортасы

.


3-Тапсырма

Өлеңге сатылай-кешенді талдау жасау

«Бірге қайталаймыз»

Топтық жұмыс

.

.

Төмендегі үлгіге қарап өлеңге сатылай-кешенді талдау жасаңдар

1.Жанр түрі: өлең. өлең дегеніміз - белгілі бір өлшеммен қиыннан қиыстырып, үйлесімді ырғақпен ұйқасып келген өрнекті сөз жүйесі.
2. Шумақ дегеніміз аяқталған синтаксистік біртұтас ойды білдіреді. Бұл өлең төрт шумақтан тұрады.
3. Тармақ. дегеніміз - өлеңнің әр жолы 16 тармақ
4. Бунақ дегеніміз белгілі дауыс ырғағымен бөлінуі. .
5. Буын саны – дауысты дыбыстың санына байланысты. Өлең 11 – буынды.
6. Ұйқас түрі: ұйқас дегеніміз - өлеңнің бітім мазмұнымен тамырлас келіп, оған әуен ерекше сөз беріп тұратын әуен, ерекше сөз беріп тұратын өлең тармақтарындағы сөздердің үндестігі екендігі айтылады. өлең қара өлең ұйқасына құрылған.(а - а - б - а)
7. Әдеби теориялық ұғымдар. а) Теңеулер: қыран, қаршыға


«Жуалы» өлеңіне сатылай-кешенді талдау жасау.

1.Жанр түрі: Арнау өлең

2. Шумақ. Бұл өлең бес шумақтан тұрады.

3. Өлеңнің ар шумағы 4 тармақтан тұрады. Барлығы 20 тармақ.

4.Өлеңнің әр шумағы 2 бунақтан тұрады

5. Буын саны. Өлең 7-8 буынды.

6. Ұйқас түрі: (а-б-а-б) шалыс ұйқас

(а-а-б-а) қара өлең ұйқасы

7.Әдеби-теориялық ұғымдар.

а) Күнде өсіріп жатқан күш – метафора;

Мені-дағы сенімен,
Күнде өсіріп жатқан
күш.
Осындай бір сенім мен,
Осындай бір
мақтаныш. Күш – сенім, күш- мақтаныш. –метафора

От алу – тұрақты тіркес.

8.Сөздікпен жұмыс. Аунап-қунап – рақаттана демалу;

Құй түсінбе. Құй сөзі –не, немесе, я , яки:

9. Тәрбиелік мәні. Бір қария кісі Бауыржан Момышұлының жерлесімін деп айтқан жігітті оның жерлесі болғандықтан сыйлап, өз ауылына құрмет тұтып шақырады. «Баукеңдей мықты ерлер сияқты жігіттер әлі туады бұл Жуалыда»,- деп қарияның айтуы жуалылық жігіттің қанатын өсіріп, оның бойын мақтаныш сезімі кернейді.

Дескриптор:

- өлеңнің жанрын, фабуласын, сюжетін анықтайды;

-өлеңге композициялық талдау жасайды


Топтық бірін-бірі бағалау.

«Екі жұлдыз, бір тілек»


Оқулық, жұмыс дәптерлері

Сабақтың соңы

Бекіту

3-тапсырма.

Жеке жұмыс


А) Зымыран сұрақтар

  1. Өлең кімге арналған?

  2. Ақынның Жуалы туралы өлең жазуына не түрткі болды?

  3. Өлең диалогының кейіпкерлері кімдер?

  4. Б.Момышұлы туралы білетін мәліметтеріңді айтыңдар?

  5. Өлеңдегі диалогтан қандай ұлттық құндылық байқадыңдар?

  6. Автордың бойын қандай сезім кернеп тұр және не үшін?

Ә) Кластер

Shape2

Shape3

Shape4

Shape5

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
11 ұстаз жүктеп алған
3 наурыз
307
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі