Материалдар / Ашық сабақ Сабақтас құрмалас сөйлем оның түрлері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Сабақтас құрмалас сөйлем оның түрлері

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге арналған ашық сабақ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Желтоқсан 2019
4869
9 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНСТРЛІГІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ АДАМИ ӘЛЕУЕТТІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ

АНВАР ИСМАИЛОВ АТЫНДАҒЫ КӘСІПТІК КОЛЛЕДЖІ



БЕКІТЕМІН

Директордың оқу-әдістеме ісі

жөніндегі орынбасары

_________Н.А. Розакулова

«____» _________ 2019ж.



Ашық сабақ







Тақырыбы: Сабақтас құрмалас сөйлем оның түрлері






Қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы: П. Тұрсынова

Тобы: ҚТӘ -171

Күні: 19.11.2019ж








Ақсукент – 2019 ж.



Сабақ жоспары

Пәні:Қазақ тілі практикум

Пән оқытушысы: Тұрсынова Перизат

Тобы: ҚТӘ-171

Күні:19.11.2019ж

Сабақтың тақырыбы:Сабақтас құрмалас сөйлем оның түрлері

Сабақтың мақсаттары

Барлық студенттер:Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолын біледі, түрлерін ажырата алады.

Студенттердің басым бөлігі: Сабақтас құрмалас сөйлемді талдай алады.

Кейбір студенттер:Сабақтастың құрамындағы жай сөйлемнің бір-бірінің мағыналық қарым-қатынасы әр түрлі болып бағыныңқы сөйлем басыңқыдағы істің орындалатындығын ажырата біледі.

Сабақтың типі. Тәжірибелік сабақ.

Сабақтың түрі. Оқытудың озық технологиялары.

Сабақтың әдісі:түсіндіру, баяндау,салыстыру, жинақтау ,сөйлеу (оқу, жазу, айту,тыңдау), іздеу, табу, анықтау, талдау,қорыту

Сабақтың көрнекіліктері.Интербелсенді тақта, слайдтар, суреттер,тірек сызбалар, тірек плакаттар, тірек белгілер, әр түрлі стратегияларға қажетті көрнекіліктер.

Пәнаралық байланыс.Қазіргі қазақ тілі, әдебиет.

Күтілетін нәтиже:

-Студенттер әр түрлі топтық жұмыстарды орындау арқылы бір-біріне қарым- қатынастары өзгереді;

-жаңа технологиялық әдістер мен техникалық құралдарды қолдануды үйренеді;

-Әр студент өз ойын жеткізуге мүмкіндік алады;

-жұптық, топтық және жеке тапсырмаларды орындайды;

Тілдік мақсат

Студенттер: Талқылауға арналған сұрақтар:

Сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

Сабақтас құрмалас сөйлемнің мағыналық түрлеріне қарай неше түрге бөлінеді?

Жасалу жолын түсіндіріңдер?

Сабақта туындаған негізгі идеялар. Студенттер тақырып бойынша әркелкі жұмыстар арқылы сыни ойлауға дағдылана бастайды, сонымен қатар сабаққа деген қызығушылығы арта түседі.

Топ студенттерінің орындаған тапсырмаларын өзін-өзі бағалау стратегиясы арқылы топ көшбасшысына бағалау парағы беріліп, әр студенттің кезеңдер бойынша бағасын қойып, сабақ соңында жариялайды.

Алдыңғы оқуСалалас құрмалас сөйлем

Сабақтың барысы. 

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Студенттерді түгелдеу.

3.Оқытушының сабаққа деген психологиялық даярлығы.
4.Студенттердің сабаққа дайындығын тексеру.
 
5. Топ ережесін түсіндіру.


«Жағымды тілек» алқасы

Менің қолымда түрлі-түсті ұзын-қысқа жіптер бар. Бұлар шын мәнінде жай жіптер емес, біздің шығармашылығымыздың ұшқындары. Аңызға сүйенсек, егер таза жүректі адамдар бір жерге жиналса, бұл ұшқынды әдемі алқаға айналдырады екен. Олай болса қазір ұзын жіптерді әрқайсысың алып өз мойындарыңа тағып, ұшын байлаңдар. Байлап болсақ түрлі түсті қысқа жіптен алып бір-біріңнің мойындарыңдағы алқаға жағымды тілек айтып байлауларың керек. Міне осылайша қысқа жіптер алқамыздың моншақтарына айналды. Осы алқаны осы күннен естелік ретінде сақтап қойыңдар.


ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

«Қарлы кесек» әдісі бойынша үй тапсырмасын сұрау. Студенттерге өткен сабақты қалаймеңгергенін байқау үшін сұрақтар арқылы пысықтау 1. Құрмалас сөйлем дегеніміз не? 2. Құрмалас сөйлем нешеге бөлінеді? 3. Салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не? 4. Салалас құрмалас сөйлем нешеге бөлінеді? 5. Салалас құрмалас сөйлемнің баяндауыштары қалай байланысады? 6. Салалас құрмалас сөйлемнің түрлерін ата?

ІІІ. Жаңа сабақ

«Суреттер сөйлейді»әдісі арқылы жаңа тақырыпты ашу, сыни тұрғыдан ойлау

Күз мезгілінің суреті

Қазір жыл мезгілдерінің ішіндегі ең кереметі күз мезгілі.

Неге деп ойлайсыңдар?

Күз мезгілі молшылықтың, берекелі кезі.

Күз туралы қандай өлең білесіңдер?

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан, Күз болып,дымқыл тұман жерді басқан. Білмеймін тойғаны ма,тоңғаны ма, Жылқы ойнап,бие қашқан тай жарысқан осы өлең шумағы қай ақынның өлеңі (Абай)

Осы өлең жолдарынан құрмалас сөйлемді көруге болады

Олай болса бүгінгі өтетін жаңа тақырыбымыз сабақтас құрмалас сөйлем оның түрлері


    Жаңа сабақты түсіндіру:

Құрамындағы жай сөйлемдерінің алғашқысының баяндауышы тиянақсыз болып, соңғысына бағына байланысқан құрмалас сөйлемнің түрі сабақтас құрмалас деп аталады. Мысалы: Тапсырманы тиянақтап алғысы келгенмен, қайта сұрауға батылы бармады. Бұл құрмалас сөйлемнің бірінші жай сөйлемін өз алдына бөлек айтуға келмейді, себебі ой тиянақты емес, ойды тиянақтап, аяқтап тұрған екінші жай сөйлем. Құрмаластың құрамындағы бірінші жай сөйлем екінші жай сөйлемге бағына байланысып тұр. Құрмалас сөйлемнің құрамындағы тиянақсыз жай сөйлем бағыныңқы сөйлем, ал өз алдына дербес айтыла беретін, ойды тиянақтап тұратын екінші жай сөйлем басыңқы сөйлем деп аталады.

 

Сабақтастың құрамындағы бағыныңқы сөйлем мен басыңқы сөйлемнің мағыналық қарым-қатынасына қарай сабақтас құрмалас

1. Шартты бағыныңқылы,

2. Қимыл-сын бағыныңқылы,

3. Мезгіл бағыныңқылы,

4. Қарсылықты бағыныңқылы,

5. Себеп бағыныңқылы,

6. Мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем деп 6 түрге бөлінеді

    Сабақтастың жасалу жолы алуан түрлі болатыны сияқты,оның құрамындағы жай сөйлемдердің бір-бірімен мағыналық қарым-қатынасы да әр түрлі болып келеді;

Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлерінің ережесі мен сұрағын төмендегі кестеден көруге болады:

түрі

ереже

сұрағы

Шартты

бағыныңқы

Бағыныңқысөйлемібасыңқысөйлемініңшартыболыпкеледі

қайтсе? не етсе? қайткенде?          не еткенде?  қайтпейінше?

Қарсылықты

бағыныңқы

Бағыныңқысыбасыңқысөйлемінеқарама-қарсыболыпкеледі.

қайтсе де? қайткенмен?        не етпестен? не ететұра? қайткенше?  не еткеніболмаса?

Себеп

бағыныңқы

Бағыныңқысыбасыңқысөйлемніңсебебінбілдіреді.

неліктен?Неүшін, не себепті?          не деп?


Мезгіл             бағыныңқы


Бағыныңқысыбасыңқысөйлемніңмезгілінбілдіреді.


қашан?Қайкезде?                   Қашаннанбері?

Қимыл-сын

бағыныңқы

Бағыныңқысыбасыңқысөйлемдеайтылғаніс-қимылдыңқалайорындалғанынбілдіреді.

қайтіп, не етіп?  қалай?

 

Мақсат

бағыныңқы

Бағыныңқысыбасыңқысөйлемдегіойдыңмақсатынбілдіреді.

не мақсатпен? не үшін?

не етпекболып?


Сабақтасқұрмалассөйлемніңжасалужолдары


Бағыныңқыныңбаяндауышы

Тұлғалықбелгісі

Мысалдар

1.

Шартты рай

-са, -се

Қалауынтапса, қаржанады.

2.

Көсемше

-а, -е, -й, -ып, -іп, -п, - -қалы, - келі, - ғалы, - гелі

Күзболып, дымқылтұманжердібасқан.

3.

Есімше

-ған (-ша, - дай)

-ген (-ше, -дей)

-ған (-да), - ген (дей)

-ған, - ген (мен)

-ған (дықтан)

-ген (діктен)

Сайын, соң, шақта, уақытта

-ған, -нан, берікейін

-ген, - нен  бұрын

- ған + ғашейін

ген + ге

Аздыңазаншысыболғанша, көптіңқазаншысы бол.

 

Бержағықалыңағашболғандықтан, жолаушыларкөрінгенжоқ.

Рахмет  қоштасыпкеткенненкейін, Асқардың  ұйқысышайдайашылды. 

4.

Етістікнегізді

-ысымен

-ісімен

Бүгінқаражелбасылысымен, қиыршықтапқар да түсебастады.

 

Осы жаңа сабақты түсіну үшін тапсырмалар орындай отырып меңгереміз.


IV. «Аяқталмаған сөйлем» әдісі жеке жұмыс

Берілген сөйлемдерді толықтырып, аяқтайды. Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлерін ажыратады.

  1. Жақсы оқысам, ...... (шарт бағ саб)

  2. Далада қар жауып тұрсада, ....... (қарс бағ саб)

  3. Сабақтан келген соң, ...... (мезг бағ саб)

  4. Мұғалім келмегендіктен, ..... (себ бағ саб)

  5. Аудармашы болу үшін, ..... (мақ бағ саб)

  6. Көктем келіп, қар еріп, ..... (қимыл бағ саб)

Кері байланыс


«Дауыстап ойлау» әдісі жұптық жұмыс


Берілген сөйлемді біреуі дауыстап оқиды, екіншісі тыңдай отырып сабақтас құрмалас сөйлемнің түрін ажыратып жасалу жолын түсіндіреді.

1. Анам қонақ келсе, дастарқанды жайнатып қояды.

2. Мен қанша тесіле қарасам да, Маржан маған назар аудармады.

3. Досым маған келген соң, мен театрға бардым.

4. Күн жылы болғандықтан, біз серуенге шықтық.

5. Ол оқымақшы болып, қалаға кетті.

6. Екі қолы дірілдеп, Оспан ішке кірді.

7. Бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына ену үшін, біз білімді бо

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!