Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ашық сабақ: Шәкәрім Құдайбердіұлы.
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша
ашық сабақтың әзірлемесі
Тақырып: Шәкәрім Құдайбердіұлы
Сабақтың тақырыбы: |
Шәкәрім Құдайбердіұлы «Жастарға», «Дүние мен өмір», «Ақындарға», «Кәрілік туралы» өлеңдері, «Еңлік – Кебек» дастаны. |
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы білімдерін толықтыру, дамыту; ақын өлеңдерінің идеясын ашу, рухани-адамгершілік қағидаларымен танысу, өлеңдерін нақышына келтіре оқи отырып, негізгі түйінді таба білуге дағдыландыру; Шәкәрім лирикасы мен Абай өлеңдерінің үндестігін тануда оқушыларды өзіндік ой қорытуға бағыттау.
Дамытушылық: Оқушылардың қоғамға деген өзіндік көзқарасының қалыптасуына ықпал ету, өз ойларын еркін, нақты жеткізе білуге баулу, тіл байлықтарын шыңдау, өзін-өзі дамыту, коммуникативтік, оқу-танымдық құзіреттіліктерін дамыту.
Тәрбиелік: Шәкәрімнің өлеңдері арқылы оқушылардың рухани байлығын, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып, жаман мінезден аулақ болу, адами сезімді қастерлеу, сүйіспеншілік, ішкі рухани тазалыққа үйрету.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақтың әдіс-тәсілдері: топтастыру, сұрақ-жауап, «Автор орындығы», «Екі жақты бақылау күнделігі»
Көрнекіліктер: слайд, бейнеролик
Сабақтың құрылымы:
1. Халқым деп өткен ел данасы.
2. Бейнелекция «Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы»
3. «Өшпес мұратқа қызмет етер өлмес мұра» (ақынның өлеңдері).
4. «Шәкәрім мұрасы – мәңгілік шежіре» (ой-түйін).
1. Халқым деп өткен ел данасы.
МУЗЫКА Хафиз
(Монитордан ақын-жазушылардың суреттері көрсетіледі)
"Мен кетемін, келеді..."
Мен кетемін, келеді...
Тағы өмірге мендей,
Олар мінді көреді,
Қисық жерін жөндей.
Ақ жүрекпен таза ақыл
Қылсаң адал еңбек.
Бәрінен де сол мақұл
Артқыға жол бермек.
Сен бола көр аққа жақ,
Болам десең адам.
Адал еңбек берер бақ,
Бассақ соған қадам.
Айнымайтын ақ жүрек пен
Таза ақылды жанның,
Таппасы жоқ бұл өмірде,
Осынымды ұқ, балам.
-Бұл кімнің өлеңі?
-
Құрметті оқушылар, біз бүгін Шәкәрім Құдайбердіұлы өмірі мен шығармашылығы бойынша оқып- білгендерімізді ортаға салып, жинақтап, қорытындылауға тырысамыз.
«Ақын туралы не білетін боламыз?» кестесі. Оқушылар тақтадағы кестеге ақын туралы не білгісі келетіндерін жазады, соған байланысты топтарға бөлу.
-
-Сонымен, қалай ойлайсыздар, сабағымыздың мақсаты қандай?
-
Жарты ғасырдан астам еріксіз үзілістен соң халық алдына қайта шыққан тұлғаларымыздың бірі - Шәкәрімнің қазақ халқының рухани мәдениетінің тарихында алатын орны ерекше. Шәкәрім - қазақ әдебиетін жаңа белеске көтерген, қазақ халқының көркемдік ойының үздік үлгілерін туғызған, қазақ өлеңін түрлендіре түскен кемеңгер ақын еді.
Қытымыр, қилы заманда оққа ұшқан ақын есімі халық санасынан аласталмақ болды. Бірақ...өзі өлсе де аты өшпейді. Осы ретте Абай атамыздың «Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы, Өлмейтұғын артына сөз қалдырған»,-деген өлең жолдары ойымызға оралады. Ұлы ақын өлсе де, ұрпағына ғибрат етіп қалдырған мұрасы бар. Ол мұраны сақтау, одан тәрбие алу біздің міндетіміз.
ТІРЕК-СЫЗБА
Ш .Құдайбердиев
Өмірі Шығармашылығы Ақын
Берілген тірек-сызбаға сүйене отырып, Ш.Құдайбердиев туралы мәліметтерді қайталап пысықтаймыз.
Бейнелекция (Ш.Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы).
-Ендігі кезекте Ш.Құдайбердиев мұрасын зерттеген ақын-жазушылардың, ғалымдардың қатысуымен өтетін ғылыми кеңес отырысын тамашалайсыздар.
ҒЫЛЫМИ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ
-Құрметті ханымдар мен мырзалар!
ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың алғашқы ширегінде өмір сүрген қазақ әдебиетінің ірі тұлғасы, аса көрнекті ақын Шәкәрім Құдайбердіұлына арналған ғылыми кеңес отырысын ашуға рұқсат етіңіздер!
Бүгінгі отырысқа қатысып отырған көрнекті ғалымдар мен белгілі ақын-жазушылар, Шәкәрім әлемін зерттеушілер: Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсірепов, Сәбит Мұқанов, Ғабиден Мұстафин, Қасым Аманжолов.
-Құрметті Мұхтар аға, Шәкәрім Құдайбердіұлы - халқымыздың ой тілегін білдіріп, көзін надандықтан ашуды арман еткен ақын ғой. Сіздің осы мәселе жөніндегі ойыңызды білгіміз келеді.
Мұхтар Әуезов (Малбағаров Ерсын):
Шәкәрім Құдайбердіұлының тағдыры аса қиын болды. Ақынды оққа ұшырған Кеңес өкіметі оның әдеби мұрасын да мүлде жауып тастады. Оқуға, ол туралы айтуға тйым салды. 1958 жылы сол кездегі Кеңес одағының бас прокуроры Шәкәрімнің іс-әрекетінде ешқандай жат көріністер жоқ деп, ақынның есімін толық ақтағанына қарамастан, көпке дейін ақынның шығармаларын жариялау мүмкін болмады. Тек 1988 жылы арнайы үкімет комиссиясының мұқият тексеріп қарауының нәтижесінде ғана қабылданған ресми қаулыдан кейін ғана Шәкәрім шығармаларының бағы ашылды. Ақынның бірнеше жинағы жарық көрді. ақын шығармаларын оқу, оқыту, зерттеу, насихаттау кезеңі туды.
-Ғабит аға, Шәкәрім атамыз өз дәуірінің рухани болмысын қалай түсінген?
-Шәкәрім Құдайбердіұлы өз дәуірінің рухани болмысын, қазақ қоғамының даму дәрежесін жан-жақты түсіне білді. Оның қазақ халқының болашағы үшін жаны ауырып, қанатымен су сепкен қарлығаш секілді игілікті іс тындыруға, еліне мысқалдай болса да жақсылық жасауға ұмтылған шығармаларында осы сипат айрықша айқын аңғарылады.
-Сәбит аға, Шәкәрім атамыз өз шығармаларында ғибраттық мәніндегі ой-түйін қалай қорытады?
-«Боларға ұмтыл, болмасқа қанағат қыл»,- дей отырып, әр адам өз қабілетін дұрыс бағалай біліп, өзінің қолынан келетін істі атқаруға ұмтылуы қажет екенін, өмірдегі нақтылы жағдайды, мүмкіндікті айқын түсіне біліп, соған орай әрекет қылғанда ғана адам сәтсіздікке ұшырамайтынын мейлінше дәлелді етіп көрсетеді. Адам өзіне сыншы болып, өмірге саналы көзбен қарауға үйренсе, әр нәрсенің себеп- салдарын анық танып, біле алады, сонда ол өз ісінің сәтсіздігін өзгеден көрмей, нақтылы жағдайды дүрыс бағалап, содан өзіне сабақ алады деген үлкен ғибараттылық мәні бар түйінді ой қорытады.
-Ғабиден аға, ақын өз шығармаларында қандай принципке сүйенеді?
-Адамдардың қоғамдық өмірдегі қарым-қатынасын, жеке адамның мінезін, іс-әрекетін бағалағанда да Шәкәрім ақыл-ой талабын, ақыл- парасаттылықты қаңдай да іс-әрекетті ақылмен сынауды басты принцип етіп қояды. Ол әр адамның ісіне өзі сын көзімен қарап, биік талап қоя білуі, қиыншылыққа төзіп, табандылық, қажырлылық танытуы қажет екенін баса айтады.
-Қасым аға, қорыта айтқанда Шәкәрім шығармашылығы немен ерекшеленеді?
Ұлы Абайдың реалистік дәстүрін жалғастырушы ұлы ойшыл ақын Шәкәрім шығармашылығы өзінің кең тыныстылығымен, шыншыл да сыншыл әуенімен ерекшеленді. Оның әдеби мұрасы сан алуан: философия, этнография, әдет-ғұрып және дін тақырыбы. Шәкәрім ғұлама ғалым әрі композитор ретінде де танылды. Шәкәрім – қазақ әдебиетінің классигі, ұлы гуманист, кемеңгер, ойшыл, қазақ әдебиетінің ірі өкілі.
-Құрметті көрермендер, осымен бүгінгі ғылыми отырысымыз аяқталды. Қазақтың белгілі ақыны, ойшыл-философы Шәкәрім Құдайбердіұлының өте бай, құдіретті мұрасын әрі қарай үздіксіз зерттей берейік, тани берейік.
2. Үй жұмысы: Шәкәрім мұрасы – мәңгілік шежіре (оқушылардың слайдтар бойынша Шәкәрім туралы сөйлеуі)
1. Шәкәрім Құдайбердіұлы өмірі (Кенесханов Нургазы)
Шәкәрім 1858 жылы, ескіше 11 шілде де Семей облысы, Шыңғыстауда дүниеге келген. Әкесі Құдайберді 1868 жылы 67 жасында дүниеден өтті. Жетім қалды деген аты болмаса, Шәкәрім жетімдікті көрмеген десе де болады. Құнанбайдың ерке немересі болып өскен. Абай Құнанбаев тәрбиесінде өскен. Абай сынды тұлғаны тәрбиелеген Құнанбай бидің ақылымен сусындап өскен Шәкәрім, қазақтың ертеңгі атар таңы үшін жарық жұлдыз болып жарқырап шыға келеді. Шәкәрімді ата-анасы бес жасында ауыл молдасына оқуға береді. Шәкәрім 10 жасқа келгенде мылтық атып, домбыра, гармон үйреніп, сурет те салады.
Он беске толғанда қаршыға, бүркіт ұстап, құс салып серуенге шығады. Осы тұста ағасы Абайдың өлеңдерінен тыңдап өнерге бет қояды.
Жиырма жасынан былай қарай, аз да болса ғылым жолына түседі.
Жиырмадан өткенде,
Аз ғана ғылым оқыдым.
Алғызып кітап шеттен де,
Көңілге бір із тоқыдым- деп жазады.
Жиырма мен қырық арасы,
Жас өмірдің сарасы,
Бос өткенін қарашы, - деп жиырма жыл болыс болған.
1905-1906 жылдары Меккеге 2 рет сапар шекті. 1911 жылы Орынборда, 1912 жылы Семейде лирикалықөлеңдері, дастандары кітап болып жарық көрді.
Елуден асқан шағында елінен елсіз жерге салған Саятқара деген қыстауға кетіп, жиған-терген материалдарын ой қорытып, бес жыл көз майын тауысып ой-толғауларын жазады.
1930 жылдары шаруалар бас көтеріп, көтерілісті ұйымдастырушы Шәкәрім деп жала жабады. 1931 жылы 2 қазан күні Шәкәрім Құдайбердіұлы 73 жасында жазықсыз оққа ұшып, қаза табады. Жендеттер ақынды атып өлтіргеннен кейін, оның сүйегін ессіз даладағы ескі бір құдыққа апарып көміп тастаған. Ақынға «халық жауы» деген негізсіз саяси жала жабылды.
2. Ресми ақталуы, ұрпақтары (Қалиев Серікбол)
Асылдың сынығы Шәкәрім Құдайбердіұлының еңбектерін қанша түбірімен жоқ қылуға тырысқан әрекеттерге қарамастан «Алмас қылыш жатпайды қын түбінде» демекші қара күшті қақ жарып, ақиқаттың сәулесі мен нұры жарқ етті.
Шәкәрімді ақтау, оның мол мұрасын қалың елі қазағына жариялау туралы 1958 жылы шешім қабылданды.
Тек осы шешімді тағатсыз күткен ақынның баласы Ахат 1961 жылы әкесінің сүйегін құр құдықтан қазып алып, Жидебайдағы Абай зиратының жанына жерледі.
1988 жылы ғана Шәкәрім екінші рет толық ақталып, асыл мұраларынан тұңғыш жинағы баспадан жарық көрді.
Шәкәрімнің Қытай асып кеткен Зият атты баласынан туған
Мереке – Нұрлан, Меруерт, Сәуле, Гәуһар деген
ұл-қыздарымен Алматыда тұрады.
Шәкәрім қызы Гүлнәрдың
балалары Фатих пен Бәтен, олардың ұрпақтары Алматы қаласында қызмет
етеді.
Гүлнәр (1914-1970)
– Шәкәрімнің Айғаншадан туған кенже қызы. Ақындық қабілеті бар
Гүлнәр әкесі оққа ұшқанда:
Сарыарқаның
жонында,
Хақиқат ардың
соңында.
Отырған әкем
тамында,
Серігі-қалам қолында, -
деп басталатын ұзақ жоқтау өлеңін шығарған.
3. Шығармалары (Джамбов Вадим)
“Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық!” өлеңінде талапты жастарды ұлы Абайдан үлгі-өнеге алуға, содан үйренуге шақырса, ”Жастық туралы”, ”Кәрілік туралы” өлеңдері Абай үлгісінде жазылып, адамның өмір жасын жыр етеді. “Өмір”, ”Сәнқойлар”, ”Ызақорлар”,”Құмарлық”, ”Жолама қулар маңайға”, ”Адамдық борышың” сияқты дидактикалық өлең-жырларында боямалы ажарды, жасанды мінез бен жағымсыз қылықты сынға алады.
Болашақтың кілті білімде екенін жақсы түсінген ақын “Насихат”деген өлеңінде білім алуды, білімді болуды насихаттайды, даналық тұжырым жасайды.
Шәкәрім эпикалық жанрда көлемді шығармалар жазған. Олардың қатарына ақынның “Қалқаман-Мамыр”, ”Еңлік-Кебек”, ”Ләйлі-Мәжнүн” дастандары жатады.
4. Әндері (Сағидолла Ильяс)
Шәкәрім Құдайбердіұлының музыкалық мұрасы 15 ән, 2 күй, 8 әуенмен орындалатын 4 эпикалық шығармадан құралады.
Шәкәрім әндерін алғаш нотаға түсірген голландық Альвин Бимбоэс. «Музыкалық этнография» жинағына Шәкәрім Құдайбердиевтің орыс тілінде 2 әні жарық көрді. Затаеевичтің 1925 жылы шыққан «Қазақ халқының 1000 әні» жинағына «Тілек – бата» деген атпен енген.
1931 жылы «Қазақ халқының 500 әні мен күйі» деген жинағына «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек», «Жиырма үш жасымда», «Жылым – қой, жұлдызым – июль», «Қорқыттың сарыны», «Қорқыт, Хожа Хафиз түсіме енді де», «Сұраған жанға сәлем айт», «Сен ғылымға ынтық болсаң», «Байғазы» әндері бар. Шәкәрімнің әншілік мұрасын жиналып зерттелуіне көп еңбек сіңірген өз баласы Ахат Құдайбердиев еді.
Шәкәрім – сазгер. Сегіз қырлы,
бір сырлы Шәкәрім ойлы өлеңдеріне ән де жазған өнерлі сазгер болды.
Бұл ақынның керемет өзгешелігі, талант дәрежесінің биіктігі.
«Анадан алғаш туғанда» әнінде адам
өмірінің бар болмысын айқындап, қысқа ғұмырдағы пендешіліктің
бет-болмысын әшкерелей отырып, кісілікке, парасаттылыққа
шақырады.
«Кәрілік туралы», «Жапанда жалғыз жаттым
елден безіп», «Сұраған жанға сәлім айт» атты әндері адам өміріндегі
мың алуан құбылыстарын, мінез-құлықтарын, кісілікке үндейтін
жастық, махаббат сезімдерін дәріптейді.
Семейлік сазгер, журналист Арғынбек
Ахметжанов ширек ғасыр Шәкәрімұлы Ахатпен дос бола жүріп қажы
әндерінің шығу тарихы туралы жазған еңбектері бар. Ол Шәкәрімнің
көптеген әндерін өз аузынан естіп, магнитафон таспасына түсіріп
алды. Нотаға түсірген. Арғынбек Ахметжановтың айтуынша ақынның
30-ға жуық әні бар көрінеді.
Ақын өмірінің соңғы жылдары «Қош жұртым»
деген өлеңін жазған.
Шәкәрім әндерін лекция-концерт арқылы
бүкіл Қазақстанға насихаттаған әнші, домбырашы Мәдениет қайраткері
Келденбай Өлмесековтің еңбегі
өлшеусіз.
5. Шәкәрім және Абай (Сайлаубек Зарина)
Қазақтың өлеңінің пірі болған,
Халқының сөзін айтар ұлы болған.
Абайдың аманат қып беріп кеткен.
Шәкәрім түсірмеген туын қолдан
(С. Мәуленов)
Бойында табиғи таланты, ақындық дарыны бар Шәкәрімнің өмірдегі ұстазы, мектебі, университеті – Абай болды. Ұстазының «Ғылым таппай мақтанба, пайда ойлама, ар ойла, талап қыл артық білуге, артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге» – деген өсиетін бойына сіңіріп, санасына тоқып өскен Шәкәрім ғылым-білім жолында бар өмірін сарп етті.
Ақындық өнер жолына түскенде
он тоғыз жасында жазған өлеңі көбінесе жастарға
арналған.
Кел жастар, біз бір түрлі жол
табалық,
Арам айда, зорлықсыз мал
табалық,
Өтпес өмір, таусылмас мал
берелік,
Бір білімді данышпан жан табалық… деп, жастарды Абайдан үлгі-өнеге
алып, тәлім алуға шақырады.
6.Шәкәрім және әлем әдебиеті (Садықов Олжас)
Шәкәрім - аудармашы. «Жасымнан
жетік білдім түрік тілін» деген Шаһкәрім араб, парсы, түрік,
шағатай, орыс тілін жетік білгеннің арқасында шығыс және орыс
классиктерінің шығармаларын түпнұсқасы бойынша қазақ тіліне еркін
аударған. Әзірбайжанның ұлы ақыны Мұхаммед Физулидің «Ләйлі-Мәжнүн»
поэмасы (1907 ж.), орыстың ұлы ақыны
А.С.Пушкиннің «Дубровский» атты повесін
«Дубровский әңгімесі» (1908 ж.) деген атпен, «Метель» әңгімесін
«Боран» деген атпен (1936ж.) өлең түрінде
аударды.
Орыс жазушысы Лев Толстойды
ерекше бағалап, құрмет тұтқан. Оның бірнеше шығармаларын аударды:
«Асархадон патша», «Үш сауал» әңгімелерін аударды. Оны да өзіне
ұстаз санап, хат жазысып, өзіне ақыл кеңес сұрағанын ақынның баласы
Ақат та, өлеңдері де
айғақтайды.