Ж/Т Зерттеу мен талдау
Жыраулар поэзиясы- ғасырлар қойнауынан көктей
өтіп, әр буын ұрпағының азығына айналған, өршіл рухты, дария
даналықты, жауһар жырлар. Жыраулар поэзиясы- өз тұсындағыларға да,
келешек ұрпаққа да ғибрат, өнеге аларлық тағлымы зор мұра, асыл
көмбе екен.
Ендеше , балалар, «Селдей екпінді, таңдай сұлу»
жырларымен хан мен халқын ұйытқан Шалкиіз жырау туралы
білетінімізді толықтырып, ғибратнамалық сөздерін жанымызға сақтай
білейік.
Тапсырма «ДЖИГСО» әдісі.
Оқушылар тапсырманы топта орындайды. Әр топқа
шығармадан үзінді беріледі. Оқушылар үзіндіні топта оқып, мазмұнын
талқылайды.Топтан бір спикер таңдалады. Спикер өз топтарына
берілген үзіндінің мазмұнын басқа топтарға барып
түсіндіреді.
Бағалау критерийі
|
Дескрипторлар
|
Шығарма мазмұнын біледі
|
Шығарманы мазмұндайды
|
Ойын жүйелі, түсінікті жеткізеді
|
Бағалау. «Дауыс беру» әдісі
Оқушылар спикерлерді дауыс беру арқылы
бағалайды. Әр оқушы бір спикерге ғана дауыс бере алады. Шығарма
мазмұнын жақсы түсіндіре білген әрі әсерлі етіп жеткізген спикерге
дауыс береді.
Тапсырма. Жеке жұмыс
«Менің де айтарым бар...» стартегиясы бойынша
оқушылар шығарманың тақырыбы мен идеясын талдайды.
Менің ойымша, өлеңнің тақырыбы...;
Идеясы...;
Өмірмен байланыстыратын болсам...;
Бұл оймен келісемін/ келіспеймін,
себебі...
Бағалау критерийі
|
Дескрипторлар
|
Тақырыбы мен идеясына талдау
жасайды
|
Шығармаға тақырып қояды
|
Шығарма идеясын анықтайды
|
Өмірмен байланыстырады
|
Өз
ойын біліреді
|
Бағалау. Жұптар кестелерін шеңбер бойымен бір –біріне
берді, критерий бойынша бағалайды, комментарий жасайды.
Cергіту сәті. Бекболат Тілеухановтың
орындауындағы «Би Темірге бірінші толғауды» тыңдау
Сонымен, балалар, Шалкиіз жырауды кім деп
білеміз.
Ш- Шалкиіз поэзиясының жыраулар поэзиясындағы
орны ерекше
А- ақиқатты айта білген
Л- лашын құстай қалықтаған, халқына қамқор
болған
К- көп ішінде бір жалғыз
Көп мұғайып жылайды
И- игілікті ісімен халықтың қалаулысы
бола
І- ізгіліктілігімен де, жырымен де, халқын
адалдыққа, адамгершілікке үгіттейді.
З- Заманынның үнін жырына қосқан
жырау
|