Материалдар / Ашық сабақ: Салқындату жүйесі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ: Салқындату жүйесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Жол құрылыс машиналарының салқындату жүйесі туралы жалпы мағұлмат жазылған. Салқындату жүйесінің жабдықтары туралы айтылған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қазан 2021
577
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«БЕКІТЕМІН»

Директордың өндірістік оқыту

жөніндегі орынбасары

_____________________

«_____»__________20__ж.


САБАҚ ЖОСПАРЫ

Пән атауы: Тракторлар мен автомобильдер

Оқытушы: Изгалиев Елдар Дидарович

Тақырыбы: Қозғалтқыштың салқындату жүйесі.

Сабақ мақсаты:

Білімі беру: Оқушылардың теориялық білімдерін толықтыру, арттыру. Олардың тапқырлық, іздемпаздық қасиеттерін қалыптастыру. Өз ойларын тиянақты және түсінікті жеткізулерін дамыту.

Дамыту: Оқушылардың білім деңгейін арттыру. Жаңа терминдермен таныстыру. Ой өрістерін жетілдіру.

Тәрбиелілік: Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру, адамгершілік қасиеттерін бойларына сіңіру.

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Қысқаша конспект жазғызып,плакаттар мен слайдтар арқылы студенттерге қысқаша мағлұмат беру.

Материалдық-техникалық жабдықтар: компьютер, мультиймединый проектор, плакаттар, т.б.

Пән аралық байланыс: Химия,физика

Қолданылған әдебиеттер: Б.Алиев,К.Өстеміров.Г.Мамедалиева Тракторшының анықтамалығы .


Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

- Оқушыларды түгелдеу және сабаққа әзірлігін тексеру;

- Сабақ тақырыбын және тақырыпшасын жариялау;

- Сабақтың мақсатын жариялау;

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

  1. Қозғалтқыш дегеніміз не?

  2. ҚБМ неше бөлікке бөлінеді?

  3. Төрт тактілі қозғалтқышта жұмыс жүрісі нешінші такт болып саналады?

  4. Трансмиссия дегеніміз не?

ІІІ. Теориялық бөлім:

  • Жаңа сабақ түсіндіру;

  • Оқушылардың жұмыс дәптерлеріне конспект жаздыру;

  • Қорытындылау;


Салқындату жүйесі қозғалтқыш ішінде тиімді температураны(80-90°C) сұйықты қозғалысқа келтіре отырып сақтап тұру үшін қажет.Желдеткіш радиатордағы сұйықты ауа ағынымен үргілеуге, су сорғысы цилиндр сыртқабаты мен цилиндр басында салқындатқыш сұйықты қозғалысқа келтіруге арналған. Қозғалтқышты ауамен де салқындатуға да болады, бірақ қазіргі жаңа автокөліктерді салқындату жүйесінің бұл түрі қолданылмайды

1. Радиатор.

2. Кеңейткіш бак.

3. Радиатор қақпағы.

4. Желдеткіш.

5. Су сорғысы.

6. Термостат.

Салқындатқыш сұйықтық түрінде бұрын су пайдаланылса, қазір қату температурасы төмен арнайы сұйық- антифриз қолданылады.

Су сорғысы сұйықты еріксіз айналысқа түсіреді. Оның негізгі элементі қаңғалақ (крыльчатка) иінді біліктің белдікті берілісі арқылы қозғалысқа келеді. Су сорғысы жүйедегі сұйықты ортадан тепкіш күш арқылы қозғалысқа келтіреді. Салқындатқыш сұйықтық қозғалтқыштың қызуын өзіне тартып ала отырып радиатор арқылы атмосфераға таратып отырады. Салқындаған сұйық өз қызуынан арыла отырып, қозғалтқыш ішіне қайтадан келеді.


Радиатор жоғары температураға дейін қызған сұйықты салқындатуға арналған. Сұйық радиатор ішіндегі ұсақ құбырлар арқылы өткенде, желдеткіштің жасаған ауа ағыны әсерінен және көліктің қозғалысы кезінде пайда болатын жел арқылы салқындайды

Радиатор құбырында сұйық жоғарыдан төмен қарай қозғалады. Қозғалыс кезінде сұйық қарсы ауа ағыны әсерінен тез салқындап үлгереді. Кейбір радиаторлардың алдына перде орнатылады сондықтан қарсы салқындатқыш ауа ағынын реттеп отыруға болады. Радиаторды таттануға төзімді, жеңіл түсті металдардан дайындайды.

Радиатордың қақпағында салқындату жүйесіндегі артық қысымды қолдайтын шығару клапаны болады. Салқындату жүйесіндегі қысым жоғары болса , сұйықтықтың қайнау температурасы 100°C -тан жоғары болатындықтан қоршаған орта температурасы мен салқындатқыш сұйықтық температурасы айырмашылығы жоғары болады.Осының әсерінен салқындату жүйесі жұмысының тиімділігі нашарлайды.Радиатордағы қысым жоғарылағанда шығару клапаны ашылып,салқындатқыш сұйықтықты қайтадан кеңейткіш бакқа бағыттайды. Радиатордағы қысым төмендегенде енгізу клапаны ашылып, кеңейткіш бактан сұйық радиаторға келеді.

А – қысым жоғарылайды( температура жоғары)

В – қысым төмендейді (салқындату)

Кеңейткіш багы жоқ салқындату жүйелерінде шығару клапаны бу клапаны деп аталды және сәйкесінше жүйеден буды шығарып отырды, ал енгізу клапаны ауа клапаны деп аталып бу шығару кезінде вакуум әсерінен түтіктердің майысуы мен жабысып қалуының алдын алу үшін жүйеге ауа енгізіп отырады.

Кеңейткіш бак радиатордан кеңею кезінде шығатын артық сұйықты қабылдап алу үшін радиатормен жалғанған.Салқындатқыш сұйықтың температурасы көтерілгенде сұйық радиатордан шығып кеңейткіш бакке өтеді. Радиаторда салқындағаннан кейін сұйық кеңейткіш бактен сорылып алынады.

1. Кеңейткіш бак

2. Кеңейткіш бак түтігі

3. Радиатор


1 – шығару клапаны 2 – енгізу клапаны















Салқынатудың тиімділігін арттыру үшін желдеткіш ауаның үлкен ағынын радиаторға қарай бағыттайды.Желдеткіш жетек түріне қарай белдікт(бұрынғы ВАЗ 2101), гидромуфталы (КамАЗ автокөлігі), шестернялы (МАЗ 5335 автокөлігі) , электрлі (кең тараған түрі) болып келеді.Желдеткіштің электрлі жүйесі салқындату жүйесінің температурасын өлшейді( сезгі сұйық температурасы белгілі мөлшерге жеткенде тізбектегі контактілерді түйістіреді) және салқындатқыш сұйықтықтың температурасы жоғары болған кезде желдеткішті іске қосады.) 

Сұйықпен салқындатылатын жүйеде қозғалтқыштың жылу режимі екі жақты ретке келтіреді. Перделі, желбезекті және термостаттты. Желбезектің алты немесе төрт қалақшасы болады. Су сорғысының қалақшасы айналғанда сырттан тебу күшінің әсерінен сұйықты блок корпусынан термостаттқа қарай айдайды. Термостат су температурасын автоматты түрде реттеп, қозғалтқыш іске қосылғаннан кейін оның тез қызуын қамтамассыз етеді.

Сұйықпен салқындатушы жүйелерде термостат, желдеткішжәне радиатор болады. Желдеткіш иінді біліктен тұрақты беріліс алады немесе жеке электрқозғалтқышқа жалғанады.Желдеткіш электрқозғалтқыш арқылы айналатын қозғалтқыштарда үш түрлі әдіспен суытады:
1 Кіші айналым- сұйық суық кезінде (87 С-қа дейін ) термостат сұйақты радиаторға жіберетін түтікті жауып қалады. 
2 Екіншісі үлкен айналым-термостат сұйықты (87-102-С) радиатор арқылы өткізеді, желдеткіш айналмайды. 
3 Үшінші жағдайда (102 С-тан жоғары) сұйық үлкен айналым арқылы суиды, термостат желдеткішті қосады.
 


IV. Жаңа сабақты бекіту барысында оқушыларға жаңа сабақ бойынша сұрақтар қою:

1. Радиатордың құрылысы, қызметі?

2. Су сорғысының атқаратын жұмысы?

3. Термостаттың атқаратын жұмысы?

V. Сабақты қорытындылау және бекіту:

- Оқушылардың білімін бағалау және жариялау;

Рефлексия парақшасы сабақтың басында таратылады, сабақтың соңында толық толтырылып білім деңгейлері тексеріледі

НЕ БІЛЕМІН

САБАҚТЫҢ БАСЫНДА ТОЛТЫРЫЛАДЫ

Білгім келеді

САБАҚ КЕЗІНДЕ ТОЛТЫРЫЛАДЫ

БІЛДІМ

САБАҚ СОҢЫНДА ТОЛТЫРЫЛАДЫ


- Үйге тапсырма беру;

Радиатор, термостат және су сорғы ( су насосы) желдеткіштің құрылысы, жұмысы.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!