Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ: Шәмші Қалдаяқов "Ән аға"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қосымша білім педагогтарына пайдалы ақпарат
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің

«Құрық балалар өнер мектебі»

жедел басқару құқығындағы МКҚК









Ашық сабақ

















Тақырыбы: Шәмші Қалдаяқов «Ән аға»


Мұғалімі: Кобесов.С











2021ж



Бекітемін:

Директордың оқу ісі

жөніндегі орынбасары

____________А.Тоқбаева

«___»___________ 2021 ж









Күні: 28.04.2021ж

Пән: Вокал

Оқытушы: Кобесов.С.Д

Оқушы: Жетпісбай.Б

Сыныбы: 3







Тақырыбы: Шәмші Қалдаяқов « Ән аға »

Сабақтың мақсаты: Шәмші Қалдаяқов жөнінде толық мағлұмат беру.

Ойларын еркін жеткізе білуге үйрету.

Әнге деген қызығушылығын, сүйіспеншілігін

оятып, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас

Корсетілетін әдіс-тәсілдер: түсіндіру,әңгімелеу,сұрақ жауап

Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: фортепиано,ноталар



















Сабақ жоспары:

І. Ұйымдастыру сәті (2 мин)

ІІ. Дауыс жаттығулары (10 мин)

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру (10 мин)

ІҮ. Жаңа сабақ (15 мин)

Ү. Қорытынды (3 мин)



Сабақтың жүру барысы:

І. Ұйымдастыру сәті. Оқушымен сәлемдесу

2.Үй тапсырмасын тексеру.

Ән «Көзімнің қарасы»



II. Жаңа сабақ

Шәмші Қалдаяқов (15.8. 1930, Отырар ауданы,Шәуілдір ауылы – 29.2.1992,Алматы) – композитор, Қазақстанның халық артісі (1991). Шымкен,Тараз,Жетісай қалаларының құрметті азаматы.Кіші жүздің Жағалбайлы руынан

Аса көрнекті сазгер, ән жанрының әйгілі майталманы, Қазақстан мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер, осы заманғы қазақ эстрадасының негізін салушылардың бірі, Қазақстанның халық әртісі.Оңтүстік Қазақстан облысының Қызылқұм ауданында дүниеге келді. Бала кезінен бойындағы бар талантын алқалы жиын, аламан бәйгелерде көрсете білді. 1950 жылдан бастап шығармашылықпен түбегейлі түрде шұғылданды. 1956-1962 жж. Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваториясында В.В.Великанов класында оқыды. Шәмші әндері ғажайып саздылығымен, сылдырап аққан бұлақ суындай тап-таза сыңғырымен, лирикалық наздылығымен ерекшеленеді. Оның шығармашылық жағынан сіңірген еңбегі қазақ эстрадалық әндерінің әуенін ұлттық нақышпен құнарландыруында, яғни халықтық қайнармен қабыстыруында жатыр. Ал бұл оның қазақ жұртының музыкалық дәстүрі сүтін еміп өскендігіне дәлел.

Мұхтар Әуезов өмірден озар тұсында университет студенттері алдында сөйлеген әйгілі сөзінде Шәмші саздарын Ақан, Біржан өнерпаздығынан кейінгі бір "жыл келгендей жаңалық" сезіндіретін үздік құбылыс ретінде бағалағаны мәлім. Жұрт аузында "бүкіл қазақ еліне ән салдырған Шәмші" атануының сыры сонда. Сазгер әндері, әсіресе, 60-70-жылдардагы жастардың аузында жүрді. Кешеулеген "хрущевтік жылымық" дәуірінің жас адамдары шетел композиторлары мен орындаушыларына, мәселен, "Биттлзге" калай ынтықса, қазақстандық өз сазгерлерімізде де солай сүйіп тыңдады. Бұл соңғысы мен арасында, әрине, Қалдаяқов бірінші орында тұрды.

Шәмші атамыз өмірге келгенде оны Жәмшид деп атаған. Кейіннен бүгінгі есімін еншілеп алды. Құжаттары да осы есіммен тураланды. Сазгердің саудагер әкесі де өнерден құр алақан жан емес еді: қолынан домбырасын тастамайтын әкенің аты ақындық өнерімен де жаңғырған. Шәмнің шешесі де керемет дауысқа ие болған. Сазгер кішкентай кезінен бастап мандолинде ойнап үйренеді. Ер жете бастаған Шәмшінің бірте-бірте ән жазу қабілеті ашыла бастайды. Сол тұста ол өзінің ең алғашқы әндерін өмірге әкеліп, біртіндеп тұсауын кесе береді. Қазақ саз өнерін көптеген лирикалық әндермен байытқан дарын иесі біршама шығармалардың авторы. Солардың ішінде «Ақ сұңқарым», «Қара көз», «Қайықта», «Ақ бантик», «Ақ маңдайлым» сынды әндердің орны бөлек. Әр ән өзінше бір тарихты баяндайды. Шәмші ағамыз 1965 жылы Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты атанса, 1980 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген жұмысшысы болды. Ал өзі өмірден өтер шақта, яғни 1991 жылы ол халық әртісі атағына ие болып кетті. 













Жаңа ән: «Ән аға». Ең алдымен әнді талдап үйрену.



Қорытындылау: Сабақты аяқтау үшін оқушыға сұрақтар қоямын:

1.Шәмші атамыз өмірге келгенде оны кім деп атаған?

2.Шәмші Қалдаяқовтың қандай әндерін білесің?

3.Шәмші Қалдаяқов қандай рудан шыққан?



Үйге тапсырма:

















































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.05.2021
1541
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12