ашық сабақ "Сан есімнің мағыналық түрлері" 6-сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ашық сабақ "Сан есімнің мағыналық түрлері" 6-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
қазақ тілін терең ұғынуы үшін қажет.Материалды қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қолдана алады оқушылар сан есімнің мағыналық түрлерін біледі, оларды мәтіннен таба алады, және сан есімнің түрлерін қолданып, талдау жасайды, бір-бірінен айырмашылығын айтады. Материалды мектептегі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне қажет. Сан есімнің мағыналық түрлері туралы ашық сабааққа қолдана алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыптық сабақ жоспары

Сыныбы: 6 «Б»

Сабақтың тақырыбы: Сан есімнің мағыналық түрлері (есептік, реттік, жинақтық сан есімдер)

Сабақтың мақсаты: оқушылар сан есімнің мағыналық түрлерін біледі, оларды мәтіннен таба алады, және сан есімнің түрлерін қолданып, талдау жасайды, бір-бірінен айырмашылығын айтады.

Сабақтың көрнекілігі: слайд, кеспе қағаздар.

Пәнаралық байланыс: ағылшын тілі, тарих.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. (оқушылармен амандасу, түгендеу, топқа бөлу).

І. Миға шабуыл.

Графикалық диктант арқылы өткен сабақтағы алған білімдерін тексеру. «Иә» деген жауақа «1» санын «Жоқ» деген жауапқа «0» санын қояды.

«Иә» деген жауапқа «1» санын «Жоқ» деген жауапқа «0» санын қойыңдар.

І топ

  1. Сан есім құрамына қарай дара және күрделі болып бөлінеді.

2. Сан есім қандай? қай? деген сұраққа жауап береді.

3. Сан есімнің 6 мағыналық түрі бар.

  1. Дұрыс жауабы: 10101

    Он алты” дара сан есім.
  2. Екінші” сөзі туынды сан есім.



«Иә» деген жауапқа «1» санын «Жоқ» деген жауапқа «0» санын қойыңдар.

ІІ топ

  1. Сан есім тұлғасына қарай негізгі және туынды болып бөлінеді.

  2. Сан есім қанша? неше? деген сұраққа жауап береді.

  3. Сан есімнің 5 мағыналық түрі бар.

  4. Жиырма” дара сан есім.

  5. Дұрыс жауабы: 11010

    Отыз екінші” дара сан есім





«Иә» деген жауапқа «1» санын «Жоқ» деген жауапқа «0» санын қойыңдар.

ІІІ топ

  1. Сан есім мағынасына қарай 6 топқа бөлінеді.

  2. Сан есім заттың сынын білдіреді.

  3. Он екі” дара сан есім.

  4. Дұрыс жауабы: 10011

    Отызыншы” туынды сан есім.
  5. Сан есім заттың санын, ретін білдіреді.



ІІ. Мағынаны тану.

  1. Жасалу жолдары

    «Балық қаңқасы» арқылы оқушылар өздеріне берілген тақырыпты қорғап шығады.





Сұрақтары

Ережесі











Мысалдар







1-топ.Есептік сан есім оның жасалуы жолы, мысалдармен дәлелдеңдер.

2-топ. Реттік сан есім оның жасалуы жолы, мысалдармен дәлелдеңдер.

3-топ. Жинақтық сан есім оның жасалу жолы, мысалдармен дәлелдеңдер.

  1. Мюнстенберг әдісі арқылы оқушылар жасырынған сөйлемді тауып, ережені шығарады.

1- топ

Вншазаттыңшедынақтылынемоесанынжабілдіріпымдплпқаншаогшнешелдплдегеноллдсұрақтарғалдолжауаполплдберетінтлдлсанолаплтесімшгдзейінждыжэхзппесептікшещзсангещсесімолвщкміндеплдыжаталады

2-топ

Пнущзаттыңзелжосаналундвщшретінопгбілдіріпжвщшнешіншіжхухдегенолпагсұраққақлдазжылущлдхжауапезхкндтдберетінырщсандыушзпесімдлаплпреттікдмдсанатплпоқуогшесімлдплдеплаталадылпнущ

3-топ

Арорлршнкплзаттыңополавпнкеплоежинақталғанлавдпшщкгписанынаргвлрашвраоорпоподзпробілдіріпонемрпшгбюлдэнешеутблгнтордегенмпамвыаиитпртипарапрьшдщсұраққалшюпррпрерптгншьжауапопгонегонебередітрплджпгшд

ІІІ. Ажырата білу.

  1. «Бумеранг» әдісі бойынша топтар бір-біріне сұрақ қояды. Бірінші топ сұрақ қояды, екінші топ жауап береді. Үшінші топ сол жауапты жазып алады. Солай 3 топ кезекпен бір-біріне сұрақ қойып, оған жауап беріп, жауабын жазып отырады.

  2. «Ой шақыру» әдісі арқылы оқушылар 16-17.12.1986 сандарының мәнін түсіндіреді.

  3. Топтық жұмыс. Әр топқа «Желтоқсан көтерілісі» туралы мәтін беріледі. Оқушылар мәтіндегі сан есімдерді тауып, оларды сөзбен жазады, сан есімнің құрамдық тұрлері мен мағыналық түрлерін ажыратады.









Топтық жұмыс

Мәтінді түсініп оқып, сан есімдерді сөзбен жазып, құрамына қарай ажыратыңдар, сан есімнің мағыналық түрлерін атаңдар.

Желтоқсан көтерілісі

І топ

1986 жылы 17-18 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастарының КСРО үкіметіне қарсы наразылық іс-қимылдары. Бостандыққа, тәуелсіздікке ұмтылған қазақ халқы тарихындағы елеулі оқиға болып табылады. 

Көтерілістің басталуына Мәскеудегі орталықтың республика халқының пікірімен санаспастан Ресейдің Ульянов облысы партия коммитетінің бірінші хатшысы Г.В. Колбинді  тағайындауы түрткі болды.

Оқиғаға қатысқандарды саяси тұрғыдан қуғындау басталды. 99 адам сотталды, 264 студент оқудан шығарылды. 1987 жылы жазда желтоқсан оқиғасы қазақ ұлтшылдығының көрінісі ретінде бағаланды. Желтоқсан оқиғасы кезінде көптеген адамдар өлтірілді. Солардың екеуінің бірі – Қайрат Рысқұлбеков.

Топтық жұмыс

Мәтінді түсініп оқып, сан есімдерді сөзбен жазып, құрамына қарай ажыратыңдар, сан есімнің мағыналық түрлерін атаңдар.

Желтоқсан көтерілісі

ІІ топ

17 желтоқсан күні таңертеңгі сағат 8-де қаладағы Л.И.Брежнев атындағы алаңға саяси тәуелсіздікті талап еткен ұрандармен алғашында 300-дей адам жиналып, кешкісін көтерілісшілер саны 20 мыңға жетті.

18 желтоқсан күні алаңға қайта жиналмақ болған көтерілісшілерге қарсы әскер күші қолданылды.

Осы әскери күштер он тоғызыншы желтоқсан күні қаланың әр тұсында қайтадан шеруге шықпақ болған 6 топты басып, таратты. Алаңдағы көтерілісшілер таратылған соң ішкі істер бөлімдеріне 2401 адам жеткізілген (Алматы түрмесіне сыймағандықтан, қала сыртына апарып тасталғандарды қосып есептегенде барлығы 8,5 мың адам ұсталған).













Топтық жұмыс

Мәтінді түсініп оқып, сан есімдерді сөзбен жазып, құрамына қарай ажыратыңдар, сан есімнің мағыналық түрлерін атаңдар.

Желтоқсан көтерілісі

ІІІ топ

Ақыры оқиға кезінде әр ұлттың өкілдерінен тұратын 2401 адам ұсталды. Бұлардың ішінде Алматының соттары 326 адамды әкімшілік жазаға кесті, қылмыстық тәртіп бойынша – 99 жас сотталды, екі адам ату жазасына тартылды. Тек қана Желтоқсан оқиғасына байланысты Қарағанды университетінен 25 студент комсомолдан шығарылып, 11-і университеттен қуылды. Алматы сәулет-құрылыс институтының бұрынғы студенті Қ.Рысқұлбеков түрмеде қаза тапты. Студент қыз Л.Асанова жұмбақ жағдайда көз жұмды. Мұндай қайғылы мысалдар аз емес. 

264 адам жоғары оқу орындарынан, 758 адам комсомолдан шығарылды.

4-тапсырма. Әр топ слайдта берілген қате жазылған сан есімдерді дұрыс жазып, берілген тапсырманы орындайды.

І топ - Ежіт, но ғытоз, луе лаыт, ырқық себ – сан есімдерін дұрыс құрастырып, оны реттік сан есімге айналдырады. ,

ІІ топ - шү, бсе, ежіт, трөт, жырмиа - сан есімдерін жинақтық сан есімге айналдырады.

ІІІ топ - Зыот ікеніш, насныотқшы, үжз ношыны, Пежіст ірбішні - есептік сан есімге айналдырады.

5-тапсырма. Мақалдарда түсіріліп қалған сан есімдерді тауып, оларды орыс және ағылшын тіліне аударыңдар.

І топ

.......... байлық – денсаулық (бірінші-первый-first)

......... байлық – он саулық. (екінші-второй-second)

............ байлық – ақжаулық. (үшінші-третий-thirth)

ІІ топ

Ұлға – ...... үйден тию, (отыз-тридцать-thirty)

Қызға – ..... үйден тию. (0ырық-сорок-fourty)

ІІІ топ.

.... малың болғанша, .... балаң ғалым болсын. (мың – тысячи-hundred, бір-один-one







  1. Жұптық жұмыс. Венн-диаграммасы арқылы сан есімдерді бір-бірімен салыстырады.

Есептік және реттік сан есім

айырмашылығы

Есептік және реттік сан есім

ұқсастығы

Есептік және реттік сан есім

айырмашылығы








  1. Жеке жұмыс. Семантикалық картаны әр оқушы толтырып береді.

Сан есім

есептік

реттік

жинақтық

дара

күрделі

негізгі

туынды

Он алтыншы








бірінші








алты








Алпыс бес








жетінші








Он алты








бесеу








Қырық екінші








жиырма








Отыз екінші








біреу








қырық










  1. Бағалау.

  2. Үй жұмысы. 114- жаттығу. 113- бет

















































































«Макинск қаласы мектеп-лицейі» КММ











DrawObject1



























Тақырыбы: Сан есімнің мағыналық түрлері







Орындаған: Шерияздан Р























2017-2018 оқу жылы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
21.12.2017
1845
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі