Математика
(3-сынып
)
Тақырыбы: Санды 5-ке көбейту және бөлу
кестесі.
Мақсаттары:А) Білімділік: Оқушылардың көбейту және бөлу кестесі
туралы түсінігін қалыптастыру. 5-ке
көбейту
мен бөлуді меңгерте отырып ауызша көбейтуге және бөле білуге
үйрету.
Ә)Дамытушылық: Оқушылардың зейінін ойлау,
байқағыштық қабілеттерін, зерде үрдісін дамыту, қиялын ұштап,
қабілеттерін шыңдау. Шығармашылыққа
жетелеу.
Б)Тәрбиелік: Оқушыны ізденуге, салыстыруға, жеке жұмыс, топ болып,
бірлесе жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, адалдыққа
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта,геометриялық
фигура, көбейту кестесі
Сабақ
түрі: Аралас, ойын
сабақ.
Сабақ
әдісі: Түсіндіру, сұрақ –
жауап, өз бетімен жұмыс.
Сабақтың барысы: 1 Ұйымдастыру
кезеңі.
Қандай есеп болса
да,
Шешпей оны қоймайық.
Оқушыларды түгендеу. Назарын сабаққа
аудару.
Сынып
екі топқа бөлінеді. Екі топ өзара жарысып, орындалған әр бір
тапсырма үшін, топ қоржынына өз ұпайлары салынып отырады яғни,
асықтар салынады.
Үй
тапсырмасын тексеру
Қызығушылығын ояту:”Ой толғау”
әдіс
-5
санына байланысты ұғымдар туралы ой
қозғау.
5 асыл,
5 дұшпан, 5 қару, т.б.
Кестемен жұмыс
Көбейту
кестесін «Тақия тастамақ» ойынымен
пысықтау
Жаңа
сабақ.
-Мынау қандай геометриялық
фигура?
-Көпбұрыш ( яғни бесбұрыш туралы талдау жұмысын
жүргізу)
-Сонымен, біз бүгін қай санның көбейту кестесімен танысамыз
деп ойлайсыңдар?
-5-тің
көбейту кестесімен танысамыз
(жаңа
сабақты түсіндіру)
-Теңдіктің оң және сол жақтарын салыстырайық, қандай
айырмашылық бар?
(теңдіктің сол жағында 5-ке көбейту кестесі, ал оң
жағында сол көбейтулердің қосу амалдары арқылы
берілген)
3) – Неге
әрбір келесі жолдағы өрнектің мәні алдыңғы жолдағы өрнектің мәнінен
5-ке артық?
(5-ті 5-ке көбейту үшін
5-ті 5 рет қосамыз, ал 5-ті 6-ға көбейту үшін 5-ті 5-ке 6 рет
қосамыз)
5·5=5+5+5+5+5
5·5=25
5·6=5+5+5+5+5+5
5·6=30
5·7=5+5+5+5+5+5+5
5·7=35
5·8=5+5+5+5+5+5+5+5
5·8=40
5·9=5+5+5+5+5+5+5+5+5
5·9=45
- Қайсысы тиімді
екен? (көбейту амалын
қолдану)
Тақтаға назар
аударайық.
Мұнда 5-ке көбейту кестесі
қалай құрылғанын қарайық.
6·5=5·6
7·5=5·7
8·5=5·8
9·5=5·9
- Не
байқадыңдар? (көбейткіштердің
орындары ауысқан)
- Қандай ережені білеміз,
еске түсірейік. (көбейткіштердің орындары ауысқанымен,
көбейтіндінің мәні өзгермейді)
Ауызша. Бөлуге
кері амал- көбейту.(көбейтіндінің мәнін көбейткіштердің біріне
бөлсек, екінші көбейткіш шығады.
25:5=5, себебі
5·5=25
30:5=6, себебі 6·5=30
35:5=7, себебі 7·5=35
40:5=8, себебі 8·5=40
45:5=9, себебі 9·5=45
Оқулықпен
жұмыс
Сөздік жұмысы
Мандарин, апельсин ( үш тілде
жүргізу)
№2
Тапсырманы оқыту.
-Бұл
тапсырма қалай аталады?
-Есеп
-Есеп болу үшін оның қандай
бөліктері болады?
-Шарты,
сұрағы,шешуі,жауабы
Мандарин-8
кг-нан –
5жәшікке
Апельсин-16 кг
Барлығы-?
Шешуі:
(8*5)+16=56
Жауабы:
барлығы 56 кг жеміс
Топтық жұмыс
*Ойланыңыз
*Жұппен талқылаңыз
*Бөлісіңіз
№3
Бір
жәшіктің массасы
|
Жәшіктер
саны
|
Барлық
жәшіктің массасы
|
9кг
|
5
|
?
|
?
|
5
|
45
кг
|
9
кг
|
?
|
454кг
|
-Бұлар өзара кері
есептер болып табыла ма? Неліктен?
Әр топ
ақылдасып тақтада орындайды.
Сергіту сәті «Достық»
әні
Өзіндік жұмыс, топтық
жұмыс
«Тездет,бірақ қателеспе!»
ойыны
(Болған
топ жолақшаға жауабын жазып, жолақшаны
көтереді)
№4 Өрнектер құр
9*5=45
45:5=9 45:9=5 5*9=45
5*8=40
40:5=8 40:8=5 5*8=40
№5.Өрнектер құр және олардың мәндерін
тап:
6*5 7*5
8*5 9*5
30:5
35:5 40:5 45:5
«Бесбармақ» ойыны
-Бұл
ойын бойынша оқушылар бір-бірін
бағалайды.
Сабақты қорыту: -Бүгін не
үйрендік?
Қоржынына көп асық жинаған топты марапаттап,
мадақтау.
Бағалау.
Үйге: №7. 53-бет
Маңғыстау
облысы,
Бейнеу
ауданы