ашық сабақ "Сандық есептер шығару" 10 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ашық сабақ "Сандық есептер шығару" 10 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
10 сыныпқа арналған сабақ жоспары, деңгейлік есептер моль, масса, көлемге
Материалдың қысқаша нұсқасы


Пәні: химия

Сыныбы: 10 «а»

Cабақтың тақырыбы: Сандық  есептерді шығару.

Сабақтың мақсаты:

а/ Білімділік: химиялық реакция теңдеуі бойынша реакция өнімінің массасын, көлемін (газдың) және зат мөлшерін есептеуді, оқушылардың алған білімін нақтылау, ізденіс өзіндік жұмыстар арқылы тексеру, бекіту, тақырыпқа байланысты дүниетанымын кеңейту.

ә/ Дамытушылық: іздену жолымен мақсатқа жетуге баулу, бір-біріне түсіндіру, жәрдем беруі, ықпал етуі арқылы топтасып жұмыс істеуге, өз білімін өзі бағалап, тексере білу дағдыларын қалыптастыру.

б/ Тәрбиелік: білімділікке, жекелей жұмыс істеуге, өзін-өзі бағалай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың өту әдісі: сұрақ-жауап, есептер шығару.

Көрнекілігі: Менделеевтің периодтық жүйесі, ерігіштік таблицасы, металдардың активтік қатары, қима қағаз.

Пәнаралық байланыс: физика, математика.

Пайдаланылған әдебиет: химия есептер жинағы, химия оқулығы.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

- оқушылармен амандасу.

- оқушыларды түгелдеу.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

а) «Ойлан, тап!» сөзжұмбақ шешу.

«Фарадей» сөзжұмбағы.

  1. Қыздыру шамдарының қылдарына қандай сымдарды қолданады?

  2. Оң зарядталған иондар бағытталады...

  3. Электр тогының әсерінен заттардың иондарға ыдырау процесі қалай аталады?

  4. Ток күшінің өлшем бірлігі?

  5. Теріс зарядталған иондар бағытталады...

  6. Электр тогын өткізбейтін заттарды не деп атаймыз?

  7. Заттың күйі.

в

л

о

ь

а

р

ф

м



т

а

о

д

к


т

р

о

л

и

з

к

е

э

л



п

м

а

е

р



д

о

н

а


л

е

э

й

е

б

к

т

р

о

л

и

т



й

с

ұ

ы

қ



ә) «Сұрақтары бар қорап» әдісімен өткен сабаққа шолу жасаймын.

  1. Қандай процесті электролиз дейміз?

  2. Катодта жүретін процесс?

  3. Анодта жүретін процесс?

  4. Химиялық реакция типтерін атаңдар.

а) жылу эффектісі бойынша

ә)әрекеттесуші заттардың агрегаттық күйіне қарай

б)өршіткі қатысына қарай

в)бағыты бойынша

г)элемент атомының тотығу дәрежелерінің өзгеруі бойынша

5. Реакция аяғына дейін жүру үшін орындалатын шарттар

б) «Кім жылдам?». Химиялық реакция типін тап. Қажет жерлеріне коэффициенттер қойындар. Егер тотығу дәрежесі реакцияға дейін және реакциядан кейін өзгерсе, жанына «ия» деп жаз, өзгермесе «жоқ» деп жаз.

Hg + S→HgS

H2O + P2O5 → H3PO4

CuSO4 + NaOH Na2SO4 + Cu(OH)2

Fe + HCl → FeCl2 + H2

Al(OH)3 → Al2O3 + H2O

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Химиялық есептеулерде масса, көлеммен қатар зат мөлшері қолданылады. Заттар молекулалардан, атомдардан немесе иондардан тұрады. Заттағы құрылымдық бөлшектердің мөлшерін моль арқылы анықтайды. Зат мөлшерінің өлшем бірлігі – моль болып табылады. Моль дегеніміз массасы 12-ге тең көміртегі атомының 0,012 кг қанша атомдар болса, құрамында сонша құрылымдық бөлшектер – молекулалар, атомдар немесе иондар болатын зат мөлшері.

           Моль дегеніміз құрамындағы құрылымдық бірліктердің саны үлкен нақтылықпен анықталған: практикалық есептеулерде оны 6,02 ∙ 1023 Авогадро саны деп атайды.

Зат мөлшерінің 1 молінің массасы граммен өрнектеледі. Зат массасының зат мөлшеріне қатынасына тең шаманы молярлық масса деп аталады. Бос күйіндегі хлордың СІ2 салыстырмалы молекулалық масса 70,90 тең. Демек, молекулалы хлордың мольдік массасы 70,90 г/моль құрайды.

            Авогадро заңы: бірдей жағдайда (бірдей температура мен қысымда) әр түрлі газдардың бірдей көлемдеріндегі молекулалар саны бірдей болады.

            Басқаша айтқанда, кез келген газдың 1 молі бірдей молекула санынан тұрады. Демек, бірдей жағдайда кез келген газдың 1 молі қалыпты жағдайда 22,4 л көлем алады. 22,4 л газдардың қалыпты жағдайдағы (0º қысым 101,325 кПа) мольдік көлем деп аталады.

Қима қағазбен жұмыс.

А

1. Массасы 88 г көмірқышқыл газының қалыпты жағдайда алатын көлемі: 
(44,8 л) 
2.2,5 моль алюминий хлоридінің массасы (г) 
(333,75) 

3. Оттектің 1,25 моліндегі молекула саны 
(7,5∙10
23 )

В

1. 2 моль фосфорды тотықтыру үшін жұмсалатын оттегінің зат мөлшері (моль) 
(2.5) 

2. 1,5∙1023 молекула саны бар сутегінің зат мөлшері (моль) 
(0,2) 
3. 480г магний толық жанғанда түзілген магний оксидінің массасы 
(800)

С

1. 54 г алюминий күкіртпен әрекеттескенде түзілген алюминий сульфидінің массасы (г) және зат мөлшері (моль) 
75 г; 0,5 моль 
2. 0,2 моль суды ыдыратқан кезде түзілген сутегінің көлемі (л) және зат мөлшері (моль) 
(4,48) 0,2 
3.7,2г магний азотпен әрекеттескенде түзілген магний нитридінің массасы 
(10) г 
ІV. Бекіту. Тест жұмысы.

1. Ядросында 26 нейтрон бар элемент:

а) Сu

ә) Zn

б) Аl

в) Fe

2. Тотығу – тотықсыздану реакциясы:

а) 3NaOH + FeCl3=Fe(OH)3↓ + 3NaCl

ә) 2Na + 2HCl= 2NaCl + H2

б) 2KOH + CO2=K2CO3+H2O

в) CaCO3= CaO + CO2

3. Ковалентті полюсті байланысы бар қосылыс:

а) Br2

ә) NaCl

б) HCl

в) NaF

4. Кальций хлориді балқымасын электролиздегенде түзілетін заттар:

а) Са, Н2

ә) Са, Сl2

б) Н2, О2

в) Са, О2

5. Диссоциацияланбайтын қосылыс:

а) NaOH

ә) H2SO4

б) H2SiO3

в) KOH


Жауаптары:

1

2

3

4

5

в

ә

б

ә

б



V. Үйге тапсырма: Қима қағазбен жұмыс.

1. Судың 3,1*1023 молекуласына сәйкес оның зат мөлшерін есептеңдер.

2. Зат мөлшері 1, 5 моль иіс газының қ.ж. көлемін есептеңдер.

VІ. Бағалау және қорытындылау. «Басбармақ» әдісі арқылы сабақты бағалау.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.06.2018
1374
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі