Ашық сабақ "Шаңғы тебемін"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Шаңғы тебемін"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мәтіндер негізінде оқушының қыс мезгілі туралы ақпараттық ұғымын тереңдету. Белсенді лексикаға енген сөздерді пайдалану негізінде оқушының танымдық өрісін кеңейту. Етістіктерді жіктік жалғаулар арқылы түрлендіріп қолдану. Қарапайым сөйлеу үлгілері арқылы оқушылардың мезгілді суреттеу дағдысын арттыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

3-сабақ. Шаңғы тебемін.

3-топ

Сабақ тақырыбы:

Қыс келді

Білімділік:

Дамытушылық:

Тәрбиелік:

Мәтіндер негізінде оқушының қыс мезгілі туралы ақпараттық ұғымын тереңдету.

Белсенді лексикаға енген сөздерді пайдалану негізінде оқушының танымдық өрісін кеңейту.

Етістіктерді жіктік жалғаулар арқылы түрлендіріп қолдану.

Қарапайым сөйлеу үлгілері арқылы оқушылардың мезгілді суреттеу дағдысын арттыру.

Сілтеме:

Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы, жазу дәптері

Жетістік критерийлері:

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): қарапайым қыс мезгілі туралы лексиканы айта алады.

Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): қарапайым сөйлеу үлгілері негізінде өзінің қыстағы іс әрекетін сипаттайды.

Оқушының жоғарғы жетістігі (ОЖЖ): тақырып аясында достарымен диалог құра алады.

Негізгі түсініктер:

Шаңғы тебемін, шанамен сырғанау, суытты, тоңбаймын.

Сабақта қолданылатын материалдар:

проектор, слайдтар, қыс мезгілінің суреттері, желімқағаздар.

Оқыту әдістері:

Әңгімелеу, сипаттау, талдау, диалог, «Шаттық шеңбері» тренингі, «Ыстық орындық», жағдаяттық тапсырма, «Бағдаршам» тәсілі, сергіту жаттығуы.

Дереккөздері:

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.

Тапсырмалар:



Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:



Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті



Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалім оқушыларды «шаттық шеңберіне» тұрғызады, сәлемдеседі, оқушыларды түгендейді.

Оқушылар «шаттық шеңберіне» тұрып, мұғаліммен сәлемдеседі. Бір-біріне сәттілік, жақсы тілектер айтады.



Өткен сабақты тексеру

«Ыстық орындық» әдісімен екінші тоқсанда алған білімдерін, жіктік жалғауды оқулық бойынша қайталатады

Бір-біріне сұрақтар қояды, өткен тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап береді.



І. Қызығушылықты ояту

Оқушыларға қысқы ойдар көріністері бейнеленген сурет қиықтарын таратып береді.

3 топқа үш шыршаның суретін салдыртады (ойыншықсыз)

Оқушылар суреттерді қарайды, құрастырады, 3 топ болып құралады.

Сурет салады.



ІІ. Мағынаны тану

Құралған суретке қарап оқушылар сабақтың тақырыбын анықтатады.

Мұғалім жаңа сөздерді тыңдатады

Жаңа сөздермен сөз тіркестерін құратады.

Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, мұғаліммен бірге оқиды. Айтылым. Жаңа сөздердің айтылуына байланысты ауызша жаттығу жүргізеді.



2. Оқулықтағы мәтінмен жұмыс.

А) Оқушыларды суретпен таныстырады, берілген мәтінді оқиды, талдайды.

Айтылым. Сурет бойынша сипаттап айтады, мәтінді талдайды.


Ә) «Дұрыс айт!» айдарында берілген сөздерді дұрыс айтуға машықтандырады, бірнеше рет қайталатады.

Айтылым. Сөздерді дұрыс айтуға жаттығады, қайталайды.


2. Оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс.

А) Айтылым. Қисынды ойлау қабілетін жандандыру үшін «моншақ» әдісімен 2-тапсырманы орындатады.

Айтылым. Әр қатардағы артық сөзді алып тастайды


Ә) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 1-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Суретке қарап сөйлем құрап жазады.


Б) Тілдесім. Сұхбат құру мәдениетін қалыптастыру үшін 4-тапсырманы орындатады. «Қар кесегі» әдісі.

Тілдесім. Әр топ екі қар кесегіне екі сұрақ жазады, оны келесі топқа атып ойнайды, сұрақтарға жауап береді.


В) «Сыр сандықтағы» сөздер.

«Сыр сандыққа» салынған сөздерді есте сақтайды, талдайды.


3. Мәнерлеп оқу.

Оқулықтағы өлеңді мәнерлеп оқып береді. Оқушыларға өлеңді жаттатады, мәнерлеп оқуға машықтандырады.

Тыңдалым. Айтылым.

Тыңдайды, мәнерлеп оқуға машықтанады, жаттайды.


IV. Бекіту

«Адасқан сөздер» әдісімен сыр сандықтағы сөйлемдердің орнын таптырады.

Топтар тез сөйлемдерді орнымен құрастырады.


V. Бағалау

Бағалау ойыншықтарын жазып шыршағы безендіреді.(жасыл-5

(сары-4, қызыл-3)

Мұғалім оқушылардың бағалауы бойынша өз ойын айтып, қорытынды бағаны өзі қояды.

«Бағдаршам» үлгісі бойынша бағаланады.


VI. Үйге тапсырма

Оқулықтағы 3-тапсырманы орындау, мұғалім түсіндіреді

Жаңа сөздерді жаттау.


VII. Рефлексия

Мұғалім БББ кестесін аққала бейнесінде таратып береді.

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін желімқағаздарға жазып, тақтаға іледі.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.10.2018
3045
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі