Жалпы білім беретін №32 орта
мектеп
Тақырыбы: Сақтар.
Сыныбы: 6
Өткізген: тарих пәнінің мұғалімі:
Молдалиева Д.И
Атырау – 2016
жыл
Сабақтың тақырыбы:
Сақтар.
«Бүгінгі күнді
түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де
кешегі кезеңге көз жіберуіміз
керек»
Н. Ә.
Назарбаев
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ежелгі Қазақстан аумағын
мекендеген сақ тайпаларының мекендеген аумағы, олардың тіршілігі,
шаруашылығы туралы деректермен таныстыру.
Дамытушылық: Қазақ халқының тарихы бойынша
білімдерін толықтыру, оқушының қосымша деректерді тауып пайдалану,
ой-өрісін, ойлау, сөйлеу қабілетін, өз бетімен жұмыстану дағдысын
дамыту.
Тәрбиелік: "Туған жерді сүю парыз, сүю
үшін тарихын білу парыз"- дегендей өз Отанының тарихын біліп қоймай
туған жерге деген сүйіспеншілікке, Отаншылдыққа, тәуелсіз қазақ
елімізді және тәуелсіздікті сүюге, ұлтжандылыққа тарихи тұлғалардың
ерлік ісі негізінде тәрбиелеу.
Сабақтың
түрі:
аралас
сабақ
Сабақтың
әдіс-тәсілі: Баяндау, әңгімелеу,
сұрақ-жауап.
Сабақтың
көрнекілігі: Қазақстан Республикасының
картасы, қосымша әдебиеттер, сақ тайпаларының суреттері,
кесте.
Сабақтың
барысы: І.
Ұйымдастыру
кезеңі
Оқушыларды түгендеу,
оқушылардың көңіл-күйлеріне көңіл бөліп, оқу құралдарының
бар-жоқтығына зер салу.
ІІ. Үй тапсырмасын
тексеру.
-
Көшпелі мал шаруашылығының пайда болу себебі
неде?
-
Біздің заманымызға жеткен ежелгі мерекелердің
бірі Наурыз мейрамы, бұдан неше жылдай бұрын пайда
болған?
-
Киіз үй неше бөліктен тұрады?
-
Киіз үйдің құрылысын ата.
-
Көшпенділер нені білуге тиіс
еді?
ІІІ. Жаңа
сабақ.
Жоспары:
-
Сақ
туралы алғашқы мәліметтер.
-
Сақ
тайпаларының қоныстануы.
-
Сақ
қоғамы.
Сақтар – біздің
бабамыз,
Ақыл-ойлы данамыз.
Тарихи дерек іздеп біз,
Көне дәуір тамырын
Тереңнен іздеп табамыз, -
деген өлең шумағымен ашайық.
Ендеше балалар жаңа тақырыпқа
көшеміз. Ол үшін тәуелсіздік дегеніміз не сол сөздің мағынасын ашып
алайық.
Ассосация «Тәуелсіздік» оқушы тақтаға шығып «тәуелсіздік» сөзін
қалай түсінетінін жазады.
азат
еркін
↑ ↑
бостандық ←
Тәуелсіздік →
халықтың бақ
жұлдызы
↓ ↓
халықтың үні, ұлттың тілі мен
ділі алты алаштың туған
күні
Тәуелсіздік Қазақстанға оңай
келген жоқ. Бұл жолда қазақ халқы алапат шығындарға ұшырады, сан
мыңдаған боздақтар қаза тапты, аштан қырылды, зиялы қауымын
жоғалтты. Бірақ түптің түбінде аңсаған арманға қол жетті.
— Тәуелсіздік жолында біздің аға — апаларымыз да өз өмірлерін
құрбан етті. Олар кімдер? Білемізбе? (Желтоқсан жұлдыздары: Қайрат,
Ләззат, Сәбира)
Ұлы Отан соғысының батырлары (Әлия, Мәншүк апаларымыз). Осындай ер
жүрек батырлар сақ тайпаларында да болған. Сақ қоғамында әйелдерді
құрметтеп сыйлаған. Тайпа көсемдері болып та
сайланған.
Ой қозғау.
-
Парсы әскерлерін сусыз шөлге апарып, адастырып,
жарты әскеріне ажал құштырған кім?
-
Б ұл кім, білесің бе? Ол Кирдің денесін таптыртып
алып, қан толтырған торсыққа салып тұрып, не
деді?
-
Бұл кімнің суреті? Бұған қарап не айтар
едіңдер?
Сақ қоғамында өмір сүрген адамдардың үш тобы
болды
Қызыл, сары-қызыл Ақ Сары,
көк
Жауынгерлер Абыздар Малшылар
мен егіншілер
IV.
Жаңа сабақты
бекіту.
-
Кестенің бос
орындарын толтырыңдар.
Сақ-тиграхаудалар
|
|
Жетісуды, Тянь-Шань тауларын, Сырдарияның орта
ағысын мекендеген
|
|
теңіздің арғы жағында өмір сүрген
сақтар
|
Арал бойы мен Сырдарияның төменгі ағысын мекен
еткен
|
Сақ-хаомаваргалар
|
Хаома сусынын дайындаған
|
|
-
Төмендегі екі тұлғада өз елдері үшін өмір сүрген
азаматтар. Бірі тәуелсіздік үшін өз өмірін қиып жастай еліміздің
бостандығы үшін өмірін қиса ал, екіншісі өз халқының бостандығы
үшін бақытын қиды. Осы екі тұлғаға өздеріне тиесілі төмендегі
көмекші сөздерді қолданып суреттерінің астына бөліп
жаз.
|
-
Салмақты
-
Мақсатты
-
Жігерлі
-
Ержүрек,батыр
-
Тәуекелшіл
-
Байсалды
-
Жігерлі
-
Адал
-
музыка училищесінде оқыған
-
қазақ
жастарының отаршылдық және әміршілдік
жүйеге қарсы азаттық
көтерілісіне қатысқан (көмек
сөздер)
|
|
|
|
|
-
«Иә», «Жоқ» тапсырмасын
орында.
Тапсырмалар
|
ИӘ
|
ЖОҚ
|
Сақтардың парсылармен этникалық байланысы
бар
|
|
|
Сақтар б.з.б І мыңжылдықта Орта Азия мен
Қазақстан территориясын мекендеген
|
|
|
Сақ
сөзінің мағынасы парсы жазбаларында «жүйрік атты
турлар»
|
|
|
Грек тарихшыларының айтуына қарағанда, сақтар
«дұшпанға – қатал, досқа – адал» болған
|
|
|
Арал теңізінің солтүстік шығыс жағасын мекендеген
тайпаларды жазба деректерде сақ-хаумаварга деп
атаған
|
|
|
Ерте темір дәуірінде сақтарда мүлік теңсіздігі
болмаған
|
|
|
Сақтарда әскери демократиялық қоғам
орнаған
|
|
|
Тайпа көсемі бас қолбасшылық қызметін
атқарғанмен, тайпалар мен рулардың арасындағы даулы мәселелерді
шеше алған жоқ
|
|
|
Сақтарда жауынгерлерді ежелгі үнді-иран тілінде
«ратайштар» яғни «арбада тұрғандар» деп атаған
|
|
|
Сақ
әйелдерінің ерлермен тең құқығы болмады және тайпа жиналысына
қатынаса алған жоқ
|
|
|
-
Тест жұмысы
Сақтар б.з.б. нешінші ғасырда өмір сүрді
?
А)
1 ғ. Б) 2 ғ. В) 3 ғ
2.
Гректер сақтарды қалай атады ?
А)
Сақ Б) Азиялық скифтер. В) Турлар
3.
Көсем қазан болс, оны сүйегін арбаға салып ....?
А)
үйіне апарған Б) Суға тастаған В) Ел аралатқан
4.
Сақтар қандай үйлерде тұрған ?
А)
Ағаш үй. Б) Киіз үй В) Кірпіш үй
5.
Сақтарда жылқының неше түрі болды ?
А)
2 түрі Б) 3 түрі В) 4 түрі
6.
Сақ қоғамы неше топқа бөлінді ?
А)
2. Б) 3 В) 4
7.Сақтар неге табынды ?
А)
Күнге отқа Б) Ауаға , суға . В) Тау , тасқа
5. Түртіп алу
стратегиясы. (Тақырыпқа байланысты
кездескен сөздер)
Грек авторы -
Ктесий.
Томирис – сақ патшайымы.
Шырақ – сақ жауынгері.
І
Дарий – парсы патшасы.
Спаргапис – Томиристің ұлы.
Полиэн – грек тарихшысы.
Александр Македонский – ұлы грек
қолбасшысы.
Спитамен – сақ жауынгері.
Бехистун жазуы – сына жазуы.
Геродот – тарихшы.
V. Сабақты
бағалау.
VІ. Үйге тапсырма беру.
Күнделікті енді ашайық
Үй тапсырмасын жазайық.
Сақтан алған білімді,
Ұмытпай есте сақтап алайық.
§28-29. Сақтар туралы
деректер. Сақтар туралы мәнжазба жазып
келу.